Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов «Art Boilers» компаниясының жұмыс барысымен танысты. Аталған компания өкілдері кәсіпорынның атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндап, алдағы уақыттағы жұмыс жоспарларымен бөлісті. Бүгінде бұл мекеме неміс технологияларын қолдана отырып, заманауи қазандықтарды шығаруда. Жалпы кәсіпорын 2.6 Га жерді алып жатыр. Онда жылына 400-ге жуық жылыту қазандықтары өндіріледі. Бұл – Түркістан облысындағы жоғары технологиялық жылыту қазандықтарын өндіретін жалғыз өндіріс ...
Толығырақ »Ауыл жаңалықтары
ТИІМДІ ШАРТПЕН ЖАҢА ТЕХНИКА
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді» деп нақтылап айтты. Шаруашылық өркендесе, ауыл қашанда берекенің бастауы болып қала бермек. Жер анадан несібесін тауып, еңбектенген диқаншылар ауданда да аз емес. Мына заманда техникасыз іс тынбайтынын жақсы түсінетін оларды алқаптың темір тұлпарларын жаңарту мәселесі де мазалап ...
Толығырақ »НЕСИЕ — ЖАСТАРҒА НЕСІБЕ
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес елімізде мемлекеттік бағдарламалар арасында жастардың тегін оқуына, жұмыспен қамтылуына, кәсіппен айналысуына арнайы бағдарламалар биыл молынан қарастырылып отырғаны жасырын емес. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы қыркүйектің 1-індегі Жолдауында да несие ресурстарының жетіспеушілігі отандық бизнес үшін күрделі мәселе болып отырғанын, сондықтан нақты секторды тұрақты және қолжетімді несиелеу мәселесін шешуді тапсырған. — Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек. ...
Толығырақ »САЙРАМ: «АҚСУКЕНТ АУЫЛЫНЫҢ ТАЗАРТҚЫШ ИМАРАТТАРЫ» ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Сайрам ауданы «Ақсукент ауылының тазартқыш имараттары» нысаны (КОС) қайта іске қосылды. Аталған құрылыс 2017 жылы басталса да, мердігер мекеме тарапынан келісім-шартта көрсетілген талаптар орындалмаған. Яғни, жобадан ауытқып жұмыс жүргізгені және техникалық қадағалаушы мекеме қадағалау жұмыстарын сапасыз жүргізген. Салдарынан нысан жұмысы бүгінге дейін пайдалануға берілмей келді. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, аудан басшысы Арман Сәбитов аталған нысандағы сүзгілердің жұмысы, құрылыс ...
Толығырақ »САЙРАМ: «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 2,5% НЕСИЕ БЕРІЛДІ
Елімізде Үкімет «AMANAT» партиясымен бірлесіп, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға және проблемаларын жедел шешуге мүмкіндік беретін «Ауыл аманаты» жобасына жол ашқан болатын. Ал, аудан бойынша 8 жоба қаржыландырылған. Несиені Ақбұлақ, Көлкент, Қайнарбұлақ пен Жібек жолы ауылдарының тұрғындары иеленді. Солардың бірі Сүлейменов Тұрар. Ол 2,5 пайызбен 8 миллион теңге несие алып, алынған қаражатқа 18 сиыр сатып алды. Алдағы уақытта кәсіпкер мал басын ...
Толығырақ »САЙРАМ АУДАНЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ЖОБА ҚАЛАЙ ІСКЕ АСЫП ЖАТЫР?
Өздеріңізге белгілі, шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамыту – еліміздің алға қойған басты міндеттерінің бірі. Осы ретте, ауданда кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 2021 жылы 540 адамға грант берілген болса, былтыр 224 адам меленген. Ал, биыл 110 азаматқа 400 АЕК көлемінде мемлекеттік грант беру жоспарланған. Былтыр ауданда Абдурахманова Мафтуна есімді азаматша комиссия шешімімен мемлекеттен 400 АЕК көлемінде қаражат алды. ...
Толығырақ »ЕСЕПТІК ЖИЫН ҚАРАСУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖАЛҒАСТЫ
Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов Қарасу ауылдық округі тұрғындарымен кездесті. Жиында Қарасулық тұрғындар елді мекендегі ауыз су, жол, электр энергиясы, балалар спорт алаңшасы және қоқыс сынды өзекті мәселелерін жеткізді. Кездесу басында ауыл әкімі Д.Сыдықов II тоқсанда көтерілген сұрақтар мен ұсыныстардың орындалуы бойынша ақпарат берді. Қарасу ауылындағы №74 мектепте өткен кездесуде тұрғындардың дені мемлекеттік органдардың өз уәдесін қағаз бетінде емес, іс-жүзінде ...
Толығырақ »КӘСІБІНЕ ҚАРАЙ НӘСІБІ
Президент Қ. Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында кәсіби маманның қадірін білу керек екенін, еңбекқор адам мемлекетті дамытатынын баса айтты. Бүкіл әлемді жайлаған коронавирус пандемиялық кезеңі еліміз үшін үлкен ауыр кезең болды. Көптеген кәсіпорындардың жұмысы тоқтап, адамдар көшеде емін-еркін жүріп тұрудан қалды. «Басқа түссе баспақшыл» дегендей адамдар үйде отырып кәсіп ашып, қаржы табу жолдарын меңгеріп алды. Осындай ...
Толығырақ »САЙРАМ: ШҰБАЛШАҢ ӨСІРУДІҢ ШЕБЕРІ
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға баса мән бере отырып, «Топырақтың құнарын сақтап, оны жақсарту үшін жүйелі шаралар қабылдану қажет. Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану үшін бақылауды күшейту маңызды. Өнім көлемін арттыруға және оны әртараптандыруға баса мән берген жөн», — деп аатап айтқан болатын. Кәсіп бар жерде нәсіп бар. Қазіргі таңда үкіметке алақан жаймай өз күнін өзі ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ЗАҢСЫЗ МАЛ СОЮ ОРЫНДАРЫ ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТТЫ
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауыл округінде орналасқан мал бордақылау алаңдары мен мал сою бекеттерінің жұмыстары жаппай тексерілуде. Құрылған жұмыс тобы малдың қаны мен сүйегін ретсіз тастаудың жолы кесті. Нәтижесінде 11 мал сою орнының санитарлық талаптар мүлдем сақталмаған үшеуі жабылатын болды. Қалған 8 бекеттің басшыларына мал сою алаңдарын заман талабына сай ретке келтіруге 1 ай уақыт ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР ДА КӘСІБІН ДӨҢГЕЛЕТЕ АЛАДЫ
Өңірде жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға берілетін мемлекеттік грант өз нәтижесін беріп жатыр. Осы орайда, Сайрам ауданындағы Ақсукент тұрғыны, көпбалалы ана Ақжан Әзімбай өткен жылы «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқып, сертификат алған. Биыл сәуір айында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған» бағдарламасы аясында мемлекеттік грантқа кондитер өнімдерін ашуға өтінішін білдірген. ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА АСТЫҚ ОРУ НАУҚАНЫ ҚЫЗА ТҮСТІ
Сайрам ауданында масақты дәнді дақылдардарды ору науқаны басталды. Аудан аумағында жалпы масақты дәнді дақылдар 17800 гектар жерге егілген. Биылғы шілде айының басынан өнім жиналып жатыр. Гектарына орта есеппен 15-17 центнерден өнім беріп отыр. Бүгінгі таңда масақты дәнді дақылдар 26900 тонна, яғни егіс алқабынан 25,8 пайыз көлемінде өнім жиналған. Олардың ішінде масақты дақылдардан 7500 тонна мал азығы, сонымен қатар 2650 га ...
Толығырақ »РЕТСІЗ САУДА ОРЫНДАРЫ – АУДАН КӨРКІНЕ СЫН
Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов аудан орталығын аралау барысында ретсіз сауда орындарына арнайы барды. Ақсу ауылы, Абылай хан көшесі бойындағы заңсыз салынған, қызық сызыққа өтіп кеткен кәсіпкерлік нысандар аз емес. Аталған орындарды бұзу үшін 2017-2018 жылдары соттың шешімі шыққан. Бұл жайында кәсіпкерлердің хабары бар. Алайда, әлі күнге дейін соттың шешімі орындалмай келеді. Соның салдарынан орталық көше бойында күнделікті көлік кептілісі ...
Толығырақ »САЙРАМ: ҚАРАМҰРТТА КӨКЕЙКЕСТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛДЫ
Бүгін Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов Қарамұрт ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Алдымен ауылдық округінің әкімі М.Нажиев тарапынан ағымдағы екінші тоқсанында өткен кездесудің қорытындысы көпшілікке таныстырылды. Кейінгі кезекте бірнеше салаға қатысты маңызды мәселелер көтеріліп, шешу жолдары талқыланды. Айта кетелік, қарамұрттықтар елді мекен тұрғындарын газ және электр жарығымен тұрақты қамтамасыз ету, мектептің тозығы жетуіне байланысты жаңа ғимарат салу, балаларды ыстық тамақпен қамту, ...
Толығырақ »НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР УАҚЫТЫНДА ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен апталық аппараттық мәжіліс өтті. Мәжілістің басталмас бұрын, кадрға қатысты жаңа тағайындауларды таныстырып, алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі. Аудан әкімінің 2023 жылғы 11 шілдедегі тиісті өкімдеріне сәйкес, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы лауазымына Есполай Рысқұл Оспанұлы тағайындалды. Сонымен қатар, Бегалиев Жандос Қалдыбайұлы аудан әкімінің кеңесшісінің міндетін арнайы тексеруден өткенге дейін уақытша атқаратын болады. Күн ...
Толығырақ »САЙРАМ: МАЛ ҚАЛДЫҚТАРЫН ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТТАР САЛЫНАДЫ
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қарабұлақ ауылына арнайы келіп, кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады. Алдағы уақытта аудандағы мал бордақылау алаңдары мен мал сою бекеттерінің жұмыстары қадағаланып, ретке келтірілетін болады. Малдың қаны мен сүйегін ретсіз тастаудың жолы кесіліп, санитарлық талапқа сай болуы бақыланады. Сонымен бірге малдың қанын, сүйегін, ішек-қарнын, терісін терең өңдейтін зауыттар ашылады. Санитарлық салаға жауапты мекемелер мен ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков Сайрам ауданында арнайы іссапарымен болды. Алдымен халық қалаулысы «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға аудан әкімі Арман Сәбитов, аудандық мәслихаттың төрағасы Шамхат Халмурадов, аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев, тиісті дербес бөлім басшылары және ауылдық округтерінің әкімдері қатысты. Ақсукент, Қарабұлақ, Қарасу, Манкент ауылдық округтерінен келген тұрғындар өз өтініштерінде жерді заңдастыру, ...
Толығырақ »ОҢТҮСТІКТЕН — СОЛТҮСТІККЕ
Президент Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 10 ұлттық жобаның ішінде ең маңыздысы-2021-2025 жылдарға арналған «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйверлері» ұлттық жобасы. Ұлттық жоба бұған дейін үш мемлекеттік бағдарламада (өңірлерді дамыту, «Нұрлы жер» тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты дамыту, «нұрлы жол» инфрақұрылымды дмыту) болған бағыттары 7 Ұлттық жоба шеңберінде ерікті түрде қоныс аударуға қатысушылар үшін субсидиялар түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады. Баспана мен тұрақты жұмыстың ...
Толығырақ »САЙРАМДА КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ
Бүгін Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен апталық аппараттық мәжіліс өтті. Күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер қаралып, олардың орындалу барысы пысықталды. Алдымен «Қарызсыз қоғам» жобасының Түркістан облысы бойынша қаржы сарапшысы М.Чингельбаева жобаның мақсатын таныстырды. «Қарызсыз қоғам» жобасы ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығы бойынша құзыреттіліктерін арттыруға бағытталған. Аталған жобаға несие бойынша берешегі бар және борышкерлер тізілімінде тұрған адамдар, ағымдағы несиелері бар және олар ...
Толығырақ »САЙРАМ: АУДАН ӘКІМІ «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНЫҢ САРАПШЫЛАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Бүгін Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов «Қарызсыз қоғам» жобасының Түркістан облысы бойынша қаржы сарапшылары Сағынғал Сая мен Чингельбаева Мақпалды қабылдады. Қабылдауға «AMANAT» партиясы аудандық филиалдың төрағасы А.Әбдіқадіров және аудандық мәслихаттың төрағасы Ш.Халмурадов арнайы қатысты. Сарапшылар жобаның негізгі мақсаты мен жүзеге асырылу барысын таныстырды. Айтуынша, ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап «AMANAT» партиясы ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында Halyk Bank-пен бірге ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН ТРАНСФОРМАТОРЛАР МЕН ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛМАҚ
Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов ауыл округтерді аралау барысында бірқатар шешімін қажет ететін мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар берген болатын. Яғни, бірінші кезекте тұрғындардың көтеріп жүрген мәселелеріне назар аударды. Соның бірі – электр жарығы. Осы орайда, аудан әкімі Арман Сәбитов «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің бас директоры Мұрат Ибрагимовпен кездесті. Мақсат – аудан тұрғындарын электр жарығымен тұрақты қамтамасыз ету бойынша келіссөздер жүргізу. ...
Толығырақ »САЙРАМ: ҚАРАБҰЛАҚТА ТҮЙІНДІ МӘСЕЛЕНІҢ ШЕШІМІ ТАБЫЛУДА
Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі Камилжан Абдилахатов ауылдық округінде жыл басынан бері атқарылып жатқан жұмыстардың барысын баяндады. Сөзіне қарағанда, түйінді мәселенің шешімі табылуда. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне заңсыз құрылыстарды жүргізген азаматтардың тұрғын үйлері мен жер учаскелері заңдастырылып, биылғы жылы құжаттары рәсімделіп, иелеріне табысталуда. Келесі кезекте тұрғындарды табиғи газбен, ауыз су және электр жүйелерімен тұрақты қамтамасыз етуге, сондай-ақ ішкі ...
Толығырақ »САЙРАМ: ЖІБЕК ЖОЛЫ АУЫЛ ОКРУГІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Барлық ауыл округі әкімдігі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттері туралы ауыл әкімі мен қызметкерлері аудан басшысының қабылдауында болып жатыр. Негізінен бюджеттің тиімді жоспарлануы мен өзекті мәселелердің шешілу мәселесіне баса назар аударып жатқан аудан әкімі Арман Сәбитов кезекті Жібек жолы ауыл округіндегі маңызды мәселелерге тоқталып, бірқатар тапсырмалар жүктеді. Әсіресе, «Ауыл аманаты» жобасы аясында жеңілдетілген несие беру бойынша округтегі жұмыстың ...
Толығырақ »ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ауылды дамыту ЭКОБЕЛСЕНДІ ӘРЕКЕТІ
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасы негізінде «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес 2030 жылға қарай қалдықтарды қайта өңдеу үлесі 40%-ға, 2050 жылға қарай 50% -ға дейін жеткізілуі тиіс. Осыған байланысты өңірлердің басшыларына шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тарта отырып, тұрмыстық қатты қалдықтарды заман талабына сай қайта өңдеу шараларын қабылдауды міндеттеді. Ал біздің ауданда тұрмыстық қалдықтарды азық-түлікке айырбастауға болады. Ауданның эко-белсенділері ...
Толығырақ »САЙРАМ: АУДАН ӘКІМІ ЖІБЕК ЖОЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІН ЗЕРДЕЛЕУДІ ТАПСЫРДЫ
Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов Жібек жолы ауылдық округінде болып, өзекті болып отырған ауыз су мәселесімен танысты. Аралауға аудан әкімінің орынбасары Б.Хасанов, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Б.Бейсембаев, «Сайрам тазалық» ЖШС-нің директоры Қ.Бегалиев, ауылдық округінің әкімі А.Тұраров, ауыл билері және тұрғындары қатысты. Ауыз су жүйесіне бөлім мен қызмет көрсетіп отырған «Сайрам тазалық» ЖШС-і тарапынан ...
Толығырақ »