Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары (страница 18)

Облыс жаңалықтары

БАЗАР ІШІНДЕ НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

“Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу қарқынды жүріп жатыр. Жеке кәсіпкер, Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясынан үміткер, «Біргеміз, Қазақстан!» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бұрлыбаев Тасқынбай, жеке кәсіпкер, Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясынан үміткер, “Асыл Әлем” қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нұргүл Қобланова, жеке кәсіпкер, Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясынан үміткер, “Главстройнаб Алматы” ЖШС директоры Нұрдаулет ...

Толығырақ »

46 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Түркістан облысы, Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков, аудандық мәслихат хатшысы Н.Қойбағаров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Шыңғысбаев Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында баспаналы болған отбасыларды құттықтап шаңырақтарына барды. Заң талаптары мен кезектілік сақтала отырып, 46 отбасы тұрғын үймен қамтылды. Оның ішінде 21 – әлеуметтік жағынан осал топтар, 6 – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 9 – көп балалы отбасы және 11 – мемлекеттік ...

Толығырақ »

ТАБИҒАТТЫ ТАМАШАЛАУҒА АРНАЛҒАН АЛАҢ

Тұмса табиғатымен талайларды таңғалдыратын Түркістан облысы, Төлеби ауданының қысы да, жазы да туризм саласын дамытуға сұранып тұрған аймақ екені белгілі. Туризм саласын дамытуға, демалуға келген туристерді жан-жақты қызықтыруға жылдан жылға мән беріліп келеді. Биыл тау бөктеріндегі демалыс аймақтарына баратын Алатау ауылдық округіне кіреберіс жерге табиғатты тамашалауға қолайлы алаң орнатылды. Әсем көріністерді тамашалауға арналған алаңды орнатуға аудандық бюджеттен 14,7 млн теңге ...

Толығырақ »

ГАЗ КІРГІЗІЛЕ БАСТАДЫ

Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Ұзынарық, Диханкөл елді мекендеріне газ құбырын тарту жұмыстары басталды. Газ тарту жұмыстарын «Azia RC» ЖШС мердігер мекемесі қолына алып отыр. Қазіргі таңда Төлеби ауданындағы 55 елді мекеннің 48-і толық табиғи газбен қамтылған. Қалған Диханкөл, Ұзынарық, Алшалы, Қасқасу, Жоғары Қасқасу, Керегетас, Кенесарық елді мекендеріне көгілдір отын кіретін болады. Нәтижесінде Қоғалы ауылдық округінде жалпы 613 абонент, Қасқасу ауылдық ...

Толығырақ »

ӘКІМШІЛІК ҒИМАРАТ ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНДІ

Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Киелітас ауылдық округінде 2000 жылға дейін әкімшілік болған ғимарат қазіргі таңда заманауи мектепке айналып, жаңаша кейіпке енді. Достық елді мекеніндегі №16 мектебінің қайта құру жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар «Жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған. Мердігер мекеме «Аша–А» ЖШС ішкі терезелер мен есіктерін толығымен орнатып, ішкі әрлеу және темір черепицалы шатыр жабуды аяқтады. Сонымен қатар сыртқы әрлеу ...

Толығырақ »

«АБАЙ АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ

Түркістан облысы, Төлеби ауданында Абайдың 175 жылдығына орай Абай аллеясы салтанатты түрде ашылды. Жаңа аллея аудан орталығындағы Әйтеке би көшесінде орналасқан. Демеушілердің қолдауымен саябақта Ұлы ақынның еңселі ескерткіші бой көтерді. Мүсіннің биіктігі – 3 метр, тұғыры – 2 метрді құрайды. Абай аллеясының ашылу салтанатына аудан әкімі Б.Омарбеков, аудандық мәслихат хатшысы Н.Қойбағаров, ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев және Қазақстан Жазушылар одағының ...

Толығырақ »

КЕСЕНЕДЕ КІТАПХАНА БӨЛМЕСІ АШЫЛДЫ

16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің музейлендірілген кітапхана бөлмесі ашылды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған жобаның мақсаты — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында Түркі әлемінің тұлғасы — Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ішіндегі кітапхана бөлмесінің тарихи келбетін жаңғырту, өз мақсатын ...

Толығырақ »

ТУҒАН КҮНІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, СЕРІК ЕЛЕМЕСҰЛЫ!

Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары, «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесхановты 55 жасқа толған туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Серік Елемесұлы тәжірибесі мен адамгершілігі мол, іскер, көпшіліктің сый құрметіне бөленген, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, абыройы биік білікті маман, ел дамуына мол үлес қосып келе жатқан абзал ...

Толығырақ »

МАҢЫЗДЫ МЕМОРАНДУМ

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті департаменті мен Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды Құжат кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету, олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, қызметінің ашықтығы мен тиімділігі бойынша бірлескен іс-шаралар өткізуді көздейді. Меморандум Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры орынбасары, кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкілінің аппарат секторының меңгерушісіИрина Ким және облыстық атомдық және энергетикалық қадағалау ...

Толығырақ »

ОРДАБАСЫ – БЕРЕКЕЛІ МЕКЕН!

Аудан көлемінде 2 бірлік құс етін өңдеу кәсіпорыны, 1 бірлік шұжық цехы және 2 бірлік сүт өңдеу кәсіпорны (1 бірлік ірі қара мал сүтін өңдеу, 1 бірлік ешкі сүт өнімдерін өңдеу) жұмыс жүргізеді. Атап айтқанда, 2020 жылдың 8 айында өндірілген 5456 тонна күрке тауық етінің 4364,8 тоннасы, яғни 80 пайызы, 1004,5 тонна тауық етінің 703,1 тоннасы, яғни 70 пайызы, 180 ...

Толығырақ »

АЯҒЫНАН ТІК ТҰРЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН АУДАН

Ауданның 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасындағы 2020 жылға бектіліп берілген мал шаруашылығы саласын дамыту бойынша жоспарлар орындалуда. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 327 ірі қара мал алынды. «Алтын асық»бағдарламасы бойынша 4089 мал алынып, жоспар (2144 бас) 190,7 пайызға орындалды. «Құлан» бағдарламасы бойынша алынған жылқы саны 97 бас. Аудандағы жалпы мал бордақылау алаңдарының саны — 355 бірлік, оның 2020 жылы 76 бірлік мал ...

Толығырақ »

ОРДАБАСЫДАҒЫ ОҢ ІСТЕР

Ордабасы ауданы экономикасының басты драйвері – ауылшаруашылық саласының өнім көлемі 24 млрд. 277 млн. теңгені құрап, былтырғы жылды тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 млрд. 325 мың теңгеге артты. Жалпы өңірлік өнімнің 53,2 пайызын құрайды. Облыстағы үлесі 7,2%. Егістік жердің игерілуі 65 774 га жер игерілді (жоспар 65 400,) өткен жылмен салыстырғанда 400 гектарға артық. Жаңадан 710 гектар жер айналымға қосылды. Бұл ...

Толығырақ »

ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙЛАРЫ

Түркістан облысында ғимараттар, құрылыстар, жолдар салу кезінде келісілмеген жер жұмыстары салдарынан кабель желілері жиі зақымдалады. Бұл тұрғындардың үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз етуге едәуір кедергісін келтіреді. ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі-Департамент) электр желілері желілерінің күзет аймақтарында жұмыс жүргізу кезінде электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындау қажет екендігін ...

Толығырақ »

ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті ағымдағы жылдың 17 тамызы мен 21 тамызы аралығында, Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Н. Ноғаевтың 06.05.2020 жылғы № 177 «Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің 2020 жылдың 2 жартыжылдығына арналған жартыжылдық тізімдерін бекіту туралы» бұйрығы негізінде, «Кентау сервис» ...

Толығырақ »

ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІНІҢ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА

Түркістан облысы аумағындағы энергетикалық кәсіпорындары кейінгі жылдары үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша электр стансaларының қуатын арттыру, ұлттық және өңірлік электр тораптарын дамыту, электр желілері мен жабдықтарды жөндеу және пайдалануды жүзеге асыру міндеттерін қолға алып отыр. ҚР Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті облыстағы электр желілерінің жөндеу жұмыстарын бақылауға алып отыр. Қазіргі таңға дейін, облыс ...

Толығырақ »

МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

«Мәдениет, ақпарат, спорт және туризм кәсіптік одағы» РҚБ Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бастарбек Пірімбетовтің қатысуымен сала қызметкерлерінің кезектен тыс жиналысы өтті. Жиынға Түркістан өңіріндегі республикалық, облыстық мәдениет және өнер, спорт, туризм саласының қызметкерлері қатысты. Жиын барысында Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы мен ҚР Кәсіподақтар федерациясының XXVI съезінде қаралған кәсіподақ қызметінің басым бағыттары талқыланды. Кәсіподақтың жүзеге асыруы тиіс басым ...

Толығырақ »

КҮЗГІ-ҚЫСҚЫ КЕЗЕҢДЕГІ ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ ҚАНДАЙ?

ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті басшысы Бекжан Алимкулов энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу жөнінде сұхбат берді. Сәлеметсізбе, Бекжан Мухидинулы! Алда күз және қыс айлары келе жатыр. Қазақстанның оңтүстігіндегі ауа райы еліміздің басқа өңірлерімен салыстыралы түрде суық болмағанымен, тұрғындардың электр энергиясынсыз қалу мүмкіндігін жоққа шығара алмаймыз. ...

Толығырақ »

ҰСТАЗ МӘРТЕБЕСІ – ҰЛТ БЕДЕЛІ!

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Бақыт Еркінбек облысымыздың ұстаздарын ҚР Конституция күнімен және 1 қыркүйек – Білім күні мерекесімен құттықтады. Елдегі карантин режиміне байланысты қазір білім саласының қызметкерлері онлайн режимде оқытуға мәжбүр болып отыр. Ұстаздарымыз өздеріне артылған үлкен жауапкершілікті сезіне отырып, ешбір қиындыққа қарамай өздерінің білімі, күш-жігерінің арқасында аянбай еңбек етіп жатқаны белгілі. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ

Түркістан облысындағы жаңартылатын энергия көздері бойынша ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті басшысы Бекжан Алимкулов бізге берген сұхбатында кеңінен айтып берді. Бекжан Мухидинұлы, жаңартылатын энергия көздері дегенді қалай түсінуге болады? Жаңартылатын немесе регенеративті, «жасыл» энергия — адам ауқымында жаңартылатын немесе таусылмайтын энергия ресурстарынан алынған энергия. Жаңартылатын энергияны пайдаланудың негізгі қағидаты оны қоршаған ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ XXVI СЪЕЗІ ӨТТІ

Съезде ҚР Кәсіподақтар федерациясының 5 жылғы жұмысы қорытындыланды және алдағы бес жылға ҚРКФ қызметінің басым бағыттары анықталды. Алғаш рет онлайн режимде өткен съезд жұмысына республиканың барлық салаларын қамтитын 151 делегат, сондай-ақ, әлеуметтік әріптестер, саяси партиялар жетекшілері, ҚР Парламенті депутаттары, шетелдік кәсіподақ және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Съезд делегаттарына құттықтау сөз сөйлеген ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының ...

Толығырақ »

АЙБАРЫ МЫҚТЫ – АТА ЗАҢ!

«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт және ақпарат және туризм қызметкерлері кәсіподағы» Түркістан облыстық және Шымкент қаласы филиалдарының төрағасы Бастарбек Пірімбетов 30 тамыз – Конституция күні қарсаңында мәдениет саласында қалтқысыз қызмет еткен мәдениет қызметкерлерін мерекемен құттықтады. Жиынды «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов ашып беріп, мемлекетіміз аз уақытта айбары асқан қуатты ұлтқа, дәулеті тасыған әлеуметті елге айналғанын, сондай-ақ, ...

Толығырақ »

БІЛГЕНГЕ МАРЖАН

Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі бойынша ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті басшысы Бекжан Алимкуловпен сұхбаттастық. Бекжан Мухидинұлы сұхбатты бастамас бұрын, ең алдымен, ЭКЕАЖ (Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі) дегеніміз не? -Бұл электр энергиясын есепке алу аспабынан, деректерді жинау-беру құрылғысынан және автоматтандырылған жұмыс орнынан тұратын тұтас жүйе, бұл ...

Толығырақ »

ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ КҮЗЕТ АЙМАҚТАРЫН ПАЙДАЛАНУ ҚАҒИДАЛАРЫ

ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті басшысы Бекжан Алимкулов электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын пайдалану туралы қысқаша сұхбат берді. Бекжан Мухидинұлы салеметсізбе! Қазір жаз мезгілі. Осы мезгілде құрылыс жұмыстары көп жүргізілетіні белгілі. Сондықтан электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың қағидаларын еске сала кетсеңіз. Сәлеметсізбе! Электр ...

Толығырақ »

БАРЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов 213 түркістандық ананы ертеректе жазылу келісіміне сай жеке мәселелерімен қабылдады. Жуырда ғана қалалық әкімдікте шаһар басшысы бірнеше азаматты қабылдаған болатын. Дегенмен, уақыт тапшылығы мен карантинге байланысты барлығымен бір сәтте тілдесуге мүмкіндік болмады. Ал, бүгінгі күні қабылдау «Ақжайық» музыкалық мектебінде өтті. Әр тұлғаның басында жария етпеуге тиіс жайттар бар екендігі ескеріле, әрбірі жеке қабылданды. Сауалдардың басым ...

Толығырақ »

ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ

Түркістан облысы, Отырар ауданы Шəмші Қалдаяқов ауылында Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен сазгердің ұлы Мұхтар Қалдаяқов «қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқовқа арналған еліміздегі алғашқы музейдің ашылуына қатысты. Шәмші Қалдаяқовтың туып-өскен үйінің үлгісінде салынған «музей-үйі» демеушілердің есебінен жүзеге асты. Музей құрылысы кезінде даңқты сазгердің көзін көрген азаматтардың естеліктері есепке алынған. «Шәмші Қалдаяқов — ...

Толығырақ »