Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары (страница 20)

Облыс жаңалықтары

КЕЛЕСТІК ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Келестік полицейлер Жеңіс саябағында «1-маусым Балаларды қорғау күніне» мерекелік іс-шара ұйымдастырды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі  Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Балалар әрқашан бұл мерекені ерекше сезіммен күтеді, олар өз тілектерінің орындалуына сенім білдіреді. Біздің полиция қызметкерлері жыл сайын балалардың мерекесінде қажетті көмек көрсетеді және сыйлықтармен ықыласпен қуантады, – деп атап өтті полиция полковнигі С.Отыншиев. Сондай-ақ шара соңында ...

Толығырақ »

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Aудан әкімі Нұржан Ізтілеуов Түлкібас ауданының Рысқұлов ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жиынның негізгі мақсаты округтегі өзекті мәселелер мен ауыл тұрғындары арасындағы татулық пен тұрақтылықты нығайту жөнінде атқарылатын жұмыстарды анықтап, тиісті шараларды қабылдау туралы. Кездесуге ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысы бойынша департаменті Түлкібас аудандық бөлімшесінің бастығы — Ғ.Ромашов ...

Толығырақ »

«ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ»: ТҰРҒЫНДАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕСТЕР БЕРІЛДІ

Қазығұрт ауданы орталығында орналасқан кәсіпкерлік мектебінде «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету мақсатында ұйымдастырылған акцияға аудандық кірістер басқармасының мамандары, аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер мен мекемелер, тиісті орган қызметкерлері қатысты. «Халық заңгері» акциясына келген тұрғындар, өз көкейлерінде жүрген ҚР Заңнамалары ...

Толығырақ »

«ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Eліміздің барлық өңірлерінде бір мезгілде «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Акция аудан әкімдігінің бірінші қабатында ұйымдастырылып, тұрғындар әкімдікке қарасты дербес бөлім, мекеме мамандарынан, өңірдің ең үздік заңгерлері мен адвокаттарынан заң, құқық қорғау төңірегінде туындаған барлық сұрақтарына және шешілмеген даулар бойынша тегін кеңес беріп, көмек көрсетті. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру ...

Толығырақ »

БІР КҮНДЕ ҮШ АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ

Қараспан ауылдық округіне қарасты Батыр ата және Бөржар ауылдық округіне қарасты Бірлік пен Жамбыл ауылдарына газ берілді. Көп жылдар бойы көгілдір отынға қол жеткізе алмай жүрген жұртшылықтың қуанышында шек болмады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жергілікті тұрғындардың қуанышымен бөлісуге аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Жұмабеков арнайы келіп, құттықтауларын жеткізді. 1300-ден астам ...

Толығырақ »

ЖАСТАР АРАСЫНДА «АДАЛ АДАМ, АДАЛ ЕҢБЕК, АДАЛ ТАБЫС» АШЫҚ ДИАЛОГ АЛАҢЫ ӨТТІ

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Сарыағаш ауданында жас ұрпақты ізгілікке бағыттайтын мақсатты шара өтті. «Адал адам, Адал еңбек, Адал табыс» тақырыбы аясында өрбіген шараның негізгі мақсаты — ел ертеңінің іргетасын қалайтын жастарды адал, парасатты тұлға болуға тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру. Жастар қауымын рухани кемелдендіруге бастайтын шарада ұйымдастырушылар жастарды ...

Толығырақ »

АУДАН БАСШЫСЫ «БАҚ-НҰРЫ» ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ БЕЛСЕНДІ МҮШЕЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков әр саланың майталман мамандарынан және кәсіпкер әйелдер мен іскер қыз-келіншектерден құралған «Бақ-Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшелерін қабылдады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ұйым мүшелеріне әрбір атқарып келген игі шаралары үшін алғыс айтып, еркін тақырыпта пікір алмасты. «Бақ-Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің 10 жылдық мерейтойымен құттықтап, құрмет көрсетті. «Бақ-Нұры» ...

Толығырақ »

АУДАН БАСШЫСЫ ҚАЛА АУМАҒЫН АРАЛАДЫ

Аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласын көркейту, абаттандыру, дамыту жоспары бойынша сонымен қатар, тазалық жұмыстарын саралау үшін жаяу аралады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қалаға қарасты С.Исмайлов көшесінен бастап Шымкент- Шыназ А-15 тас жолына дейін жаяу аралаған аудан басшысы салаға жауапты орынбасарына, Сарыағаш қаласы әкім аппаратының қызметкерлеріне тазалық жұмыстарының қарқынын күшейтуді, тазалық жұмыстарына жауапты ...

Толығырақ »

АСФАЛЬТ ТӨСЕЛІП, АЯЛДАМА ОРНАТЫЛАДЫ

Шаһар басшысы Гүлжан Құрманбекова кезекті қала көшелерін аралау барысында қаламыздағы денсаулық сақтау нысандарын аралады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алдымен «Торабтық Аурухана» ӨК-не барды. Аталған нысан О.Байдәулетов көшесінде орналасқан, мұнда №2 және №3 автобустары тұрақты түрде жолаушы тасымалдайды. Аурухана алдына асфальт жол салып, заманауи аялдама қойылса деген тұрғындардың көптен бергі тілегі еді. Осыған орай, қала ...

Толығырақ »

ЖАСТАР НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

Түркістан облысы, Қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша «Baglan Group» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу» жобасы аясында жастармен семинар-тренинг өткізілді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде алдымен жергілікті полиция бөлімінің бастығы Төлеген Жұмабек баяндама жасап, жастар арасында орын алған қылмыстар мен нашақорлық деректері мен алдын алу жұмыстары туралы айтып өтті. Семинар-тренингке «Baglan ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 75 МЫҢ ТҰРҒЫН ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Түркістан облысы елді мекендерді газдандыруда елімізде көш бастап тұр, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Халық санымен есептегенде, 1 млн 750 мыңға жуық халық немесе облыс тұрғындарының 81,5% табиғи газбен қамтылған. Бұл еліміздегі жалпы көрсеткіштің 28,4 пайызы. Яғни, газбен қамтылған әрбір үшінші ауыл Түркістан өңірінде орналасқан. Биыл 75 мың халық табиғи газбен қамтылады. Түркістан ...

Толығырақ »

АШЫҚ АЛАҢДА АШЫҚ ӘҢГІМЕ

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков “Яссы” секторындағы О.Тілепов көшесінің тұрғындарымен кездесіп, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. — Мақсатым — атқарылған жұмыстар бойынша пікірлеріңізді тыңдау, кемшіліктер болса — өздеріңізден есіту. Біз таяу уақытта келесі жылдың жоспарын нақтылаймыз. Мәселелердің барлығын саралап, өзектілігіне сәйкес кезектілігін бекітуіміз керек. Айтылған барлық өтініштеріңіз назардан тыс қалмайды, ...

Толығырақ »

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

Аудан әкімі Нұржан Ізтілеуовтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары және мердігер компаниялардың жауапты мамандары қатысты. Ауданның экономикалық және әлеуметтік жағдайы сарапталатын жиында негізгі 3 мәселе қаралды. Бюджеттің игерілуі және индикаторлық көрсеткіштердің орындалу бағытындағы мәселелер төңірегінде аудандық экономика ...

Толығырақ »

АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдап, оларды толғандырған сұрақтарға жауап берді. Қабылдауға келгендер негізінен тұрғын үй, ауыз су, жер мәселелерін көтеріп, инвестиция тарту, кәсіпкерлікті дамытуға қатысты ұсыныстарын айтты, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ленгір қаласы, Новостроевка елді мекенінің тұрғыны Ж.Абдыкадырова коммуналдық пәтерді жекешелендіруге қатысты сұрақтарын қойып, сала мамандарынан кеңес алды. ...

Толығырақ »

АЗАТ ОРАЛБАЕВ: «МАҚСАТСЫЗ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ЖЕРЛЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛУЫ ТИІС!»

Аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Атап айтар болсақ, жер қатынастары бағыты, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атқарылып жатқан жұмыстары, сыртқы көрнекі ақпарат құралдарының жай-күйі кеңінен талқыланды. Бірінші мәселе бойынша аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Берік Алтынбеков баяндама жасап, ...

Толығырақ »

«ЗОРЛЫҚ – ЗОМБЫЛЫҚ, БУЛЛИНГ, КИБЕРБУЛЛИНГ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Арыс аудандық полиция бөлімінің инспекторы А.Мырзахметова,Арыс сүйемелдеу секторының психологы К.Даниярқызы және Қ.Тоқбергеннің қатысуымен Арыс гуманитарлық техникалық колледжі мен 17 кәсіптік колледж студенттеріне «Зорлық-Зомбылық. Буллинг. Кибербуллинг» тақырыбында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған шараның басты мақсаты — студенттерге зорлық – зомбылықтың алдын алу туралы мағлұматтар беру, адамның жаны мен ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК ПАРККЕ 100 МЛРД.ТЕҢГЕГЕ ЖЕКЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ

Түркістан облысында инвестициялық жобаларды арттыру мақсатында Өндірістік парктің құрылысы жүргізілуде, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ондағы өндіріс орындарын аралады. Жауапты басшыларға бірқатар тапсырмалар берді. Өндірістік парк 30 гектар жерде орналасқан және парк аумағында 42 ғимарат салу жоспарланған. Өндіріс аймағына тартылатын жеке инвестиция көлемі 98 млрд теңге құрайтын болады. ...

Толығырақ »

2004 ЖЫЛҒЫ ТҮЛЕКТЕР БІР ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Ауданда әр жылдары мектеп бітірген түлектердің білім ордаларындағы соңғы қоңырау қарсаңында қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға көмектесуі, өз ауылының көркейіп-көріктенуіне үлес қосуы дәстүрге айналып келеді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Ордабасы Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Биыл да бұл дәстүр жалғасып, аудан орталығы Темірландағы Ш.Уалиханов, А.Иманов және Қ.Бектаев мектептерінің 2004 жылғы түлектері мұқтаж отбасыға баспана сыйлады. Олар аталған баспананы тарту ...

Толығырақ »

ҚҰМКЕНТТЕ 25 ЖЫЛДЫҚ ТҮЛЕКТЕР КІШІ ФУТБОЛ АЛАҢЫН ТАРТУ ЕТТІ

Құмкент ауылында Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына орай, Қ. Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясының 25 жылдық түлектері мектеп ауласынан кіші футбол алаңын салып, игі іске ұйытқы болды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Игі шараға қатысқан аудан әкімі Мұхит ...

Толығырақ »

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІНДЕ БІРҚАТАР ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістанда Облыстық білім басқармасының кеңейтілген алқа мәжілісі өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мәжілістің күн тәртібінде 2023-2024 оқу жылының аяқталуы мен атқарылған жұмыстар жайы баяндалып, оқу жылы қорытындыланды. Балалардың жазғы сауықтыру лагерлерін ұйымдастыру мен демалыс орындарының қауіпсіздігі пысықталды. Сонымен қатар «Қауіпсіз мектеп» жобасының іске асырылуы, жаңа оқу жылына дайындық, мектептерді күрделі және ағымдағы ...

Толығырақ »

МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨНЕР МАЙТАЛМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Mәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған мерекелік шара өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қалалық Мәдениет үйінде өткен шараға шаһар басшысы Гүлжан Құрманбекова, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тәңірберген Әсіл, мәдениет және өнер саласының майталмандары, қала тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Айтулы мерекеде сөз сөйлеген қала әкімі Гүлжан Құрманбекова өнер азаматтары ...

Толығырақ »

ҚАРА СӨЗ – ҚАРА ҚАЛАМ

Жарық дүниеге талай-талай тұлғалы ғұлама ғалымдарды, саналуан өнер түрлерінің озық ойлы саңлақтарын әкеліп, ұлылар отаны атанған біздің киелі Отырар өңірі кие мен қасиет қонақтаған құтты мекен, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өңірімізден жарқырай шыққан перзенттерімізді қалай құрметтесек, кейінгі топ жарып шыққан дарынды жастарымызды да мақтаныш етіп жатамыз. Осындай құрметке лайықты перзенттердің бірі белгілі ...

Толығырақ »

САРЫАҒАШТА КӘСІПКЕРЛІК ДАМЫП КЕЛЕДІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сарыағаш ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар нысанды аралады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сапар барысында сарыағаштық кәсіпкерлермен кездесіп, кәсіпкерлік саласындағы мәселелер мен ұсыныстар талқыланды. Ең алдымен өңір басшысы Сарыағаш қаласында орналасқан «Бәйтерек-Шымкент» ЖШС-нің кондитерлік өнімдер өндіретін кәсіпорынның жұмысымен танысты. Кәсіпорын иесі Нұржан Қожамбеков өңір басшысына кәсіпорынның атқарып жатқан ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ПІКІРІ МАҢЫЗДЫ

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков С.Қожанов көшесінде тұрғындармен кездесіп, ауланы абаттандыру жұмысына қатысты пікірлерін сұрады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қала басшысымен өткен кездесулердің бірінде көпқабатты үй ауласына асфальт төсеу жөнінде өтініш түскен болатын. Мәселені зерделей келе аулаға балалар алаңшасын және демалатын орындар орнату келісіліп, тиісті жұмыстар атқарылды. Нұрбол Әбдісаттарұлы аяқталған істің басына барып, ...

Толығырақ »

АУДАН БАСШЫСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ЧЕМПИОНЫ АТАНҒАН КӨКПАРШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Жақында Түлкібас ауданының көкпаршылары республикалық турнирде чемпионы атанып, аудан мерейін асырған болатын, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шымкент қаласында көкпардан ересектер арасында өткен турнирге Жамбыл, Түркістан облыстарынан жасақталған мықты 7 команда қатысқан еді. Финалға шыққан Түлкібастық көкпаршылар Қазығұрт командасын 7:3 есебімен жеңіп, 8 млн теңгені қанжығаларына байлаған болатын. Ауданның абыройын асырып, ешкімнен сескенбеген, ...

Толығырақ »