Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Әл-Фараби ауданы «Сәуле» шағынауданындағы №129 мектепте тұрғындармен кездесіп, елді мекендегі және 195, 276 орамның инфрақұрылым жүйелерімен қамту жұмыстарының барысын пысықтады. «Сәуле» шағынауданы инженерлік-инфрақұрылыммен толық қамтылған. 26,1 шақырым көшелердің 23,1 шақырымы (88,5 %) асфальттанған. 2021 жылы Көктөбе, Ж.Жабаев көшесі жарықтандырылды. 195 орам да инженерлік жүйелермен толық қамтамасыз етілді. Электр қуатымен қамту жұмыстары 2019 жылы, ауыз су ...
Толығырақ »Әлеумет
ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА КАРАНТИН РЕЖИМІНІҢ ЖӘНЕ САНИТАРЛЫҚ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫҢ САҚТАЛУЫ ТУРАЛЫ
Шымкент қаласының «қызыл аймаққа» енуіне байланысты COVID-19 індетінің алдын алу және таралуына жол бермеу мақсатында мобильдік топтар күшейтілген режимде жұмыс атқаруда. Еңбекші ауданында COVID-19 індетінің алдын алу және таралуына жол бермеу мақсатында мониторингтік топ жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда 10 мобильдік топ (аудан әкімі аппараты, аудандық полиция қызметкерлері, қалалық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, волонтерлар) карантиндік талаптарды қатаң сақтауға шақыруда. ...
Толығырақ »САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫҢ САҚТАЛУЫ БАҚЫЛАУДА
Әл-Фараби ауданы аумағында санитарлық-эпидемиологиялық жағдай күнделікті тексерілуде. Жыл басынан бері 8 мониторингтік топ аудандағы 141 кәсіпкерлік нысанға (33 тойхана, 97 қоғамдық тамақтану орны, 8 ірі сауда орталығы, 3 базар) мониторинг жүргізген. Тексеру барысында кәсіпкерлік нысан иелеріне қаулы талаптарын қатаң сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Заң бұзушылық анықталған жағдайда, алгоритмге сәйкес дәлелдемелер жинақталып, құзырлы мекемеге жолданып жатыр. Бәріне қойылатын басты талап ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТІҢ БАЛМҰЗДАҒЫ ШАРТАРАПҚА ТАРАМАҚ
Бүгін БАҚ өкілдері баспасөз туры барысында Шымкент қаласындағы сүт өңдеуші кәсіпорындардың бірі «Doni ltd» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Кәсіпорын директоры Жамал Миркамаловтың айтуынша, ірі кәсіпорынды басқарғанға дейін осы саладағы бизнестің талай баспалдақтарынан өткен. Яғни бұл кәсіпті алғашқы кезде өзі көшеде балмұздақ сатудан бастаған. Келе-келе табысқа қол жеткізіп, 2006 жылы жаңа сүт өңдеуші кәсіпорынның іргесін қалапты. — Бүгінде кәсіпорында балмұздақтың 70, ірімшіктің ...
Толығырақ »АБАЙ АУДАНЫНДА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 98 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ
Үшінші мегаполисте инфрақұрылым тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Абай ауданында 2021 жылы 8 елді мекеннің тұрғындары ауыз сумен, сапалы электр жарығымен қамтылған. Ал биылғы ақпан және наурыз айларында табиғи газ беріледі. Бұл туралы Абай адуаны әкімі аппаратының бөлім басшысы Әбілқайыр Оңғар ауданда іске қосылған инфрақұрылымдық жүйелерді таныстыруға арналған баспасөз турында айтты. Әбілқайыр Бақытқалиұлы баспасөз турында «Батыс» және «Ынтымақ-2» елді мекендеріндегі инфрақұрылым ...
Толығырақ »ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов селекторлық режимде өткен Үкімет отырысына қатысты. Онда күн тәртібіне сәйкес еліміздегі эпидемиологиялық жағдай, әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жедел іс-қимыл жоспары, инфляцияның, азық-түлік өнімдері мен мұнай өнімдері бағасының өсуіне жол бермеу шаралары айтылды. Аталған мәселелер бойынша Үкіметте бірқатар нақты шешімдер қабылданды. Осыған орай, Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында М.Әйтенов тұрғындардың вакциналау көрсеткішін 100 пайызға жеткізіп, ...
Толығырақ »ҚАЛА ӘКІМІ «ТҰРАН» ШАҒЫНАУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қаратау ауданы аумағындағы елді мекендерді инфрақұрылым жүйелерімен қамту жұмыстарының барысын тексерді. Шаһар басшысы алдымен «Тұран» шағынауданындағы атқарылған жұмыстарды қадағалап, тұрғындармен кездесті. Елді мекендерді инженерлік желілермен қамтудың Жол картасы бекітілген. Қала шағынаудандары мен тұрғын алаптарында айқындалған өзекті мәселелер осы межеге сәйкес кезең-кезеңімен шешілетін болады. «Тұран» шағынауданында мердігер «StroyGazCompany» ЖШС тарапынан 6,6 шақырым магистралды газ құбыры тартылды. ...
Толығырақ »АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Асар-2 шағынауданындағы №138 мектепте тұрғындармен кездесіп, инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс барысын пысықтады. Елді мекенді ауыз сумен қамту бойынша мердігер «Сарыағаш-аман» ЖШС тарапынан өткен жылы су жүйелерінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. «Ремстрой Алматы» ЖШС тарапынан 87,2 шақырым электр жүйелерінің құрылысы жүргізілді. 50,04 шақырым газ жүйелерінің құрылысы аяқталған. Кәріз жүйесімен қамту бойынша «Монолит дизайн» ЖШС құрылыс жұмыстарын қолға ...
Толығырақ »ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС 420 АДАМНАН АНЫҚТАЛДЫ
Шымкентте өткен тәулікте коронавирустың 420 жағдайы тіркелді. Оның ішіндегі 172 адамда белгілері бар болса, 248-де белгілері жоқ. Індет жұқтырған 55 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 365 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 783 орын бар, төсек орын толымдығы 44%-ды құрайды, 434 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 349 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 122 төсек орын бар, 36 ...
Толығырақ »ҚАЛА ӘКІМІ ҚАРАТӨБЕ АУМАҒЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қаратөбе (Базарқақпа, Абдулабад, Бадам-1, Тұрдыабад, Шаңырақ) аумағының инфрақұрылым жүйелерімен танысып, Е.Юсупов атындағы №104 мектепте тұрғындармен кездесті. Еңбекші ауданы аумағында инфрақұрылым жүйелерін дамыту бойынша 2021-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» нақтыланып, бекітілген. Бүгінде Қаратөбе аумағындағы елді мекендер ауыз су, табиғи газбен толық қамтылған. 104,6 шақырым автомобиль жолдарының 61,3 шақырымы асфальтталған. Базарқақпа, Абдулабад, Бадам-1 тұрғын алаптарына ауыз су ...
Толығырақ »КӨПІР ҚАЙТА ҚАЛЫПҚА КЕЛТІРІЛЕДІ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданы аумағындағы Базарқақпа тұрғын алабына арнайы барып, «Сайрам су» өзені арқылы өтетін апатты жағдайдағы темір көпірді аралап көрді. Базарқақпа тұрғын алабындағы Сайрам-су өзені үстінен өтетін аспалы темір көпір 90 жылдары тұрғындардың өз есебінен салынған болатын. Көпірді қайта-қайта су шайып, 2020 жылы апатты жағдайда болуына байланысты қолданыстан алынып тасталды. Еңбекші ауданына қарасты №12 қалалық аурухана ...
Толығырақ »ГРАНТ АЛЫП, КӘСІБІН ЖАНДАНДЫРДЫ
Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары шағын кәсібін жүргізіп отырған қала тұрғындарын БАҚ өкілдеріне таныстырды. Мемлекет тарапынан қолдау көрген азаматтың бірі – Бекжан Ерназаров. Ол ағаштан бұйымдар жасап, кәсіпкерлікпен айналысады. Ісін дамытпақ болып, 2020 жылдың шілде айында «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздері жобасымен оқып, сертификат алды. Конкурсқа құжат өткізіп, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде грантқа қол жеткізді. Бекжан бүгінде ...
Толығырақ »ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша онлайн режимде қабылдады. Қабылдауға жазылған 11 азамат инфрақұрылым тарту, баспана алу, жол салу, қоғамдық көлік жүргiзу мен аялдама орнату, көшелерді жарықтандыру және жер телiмiн заңдастыру сынды мәселелердi көтердi. Азаматтардың өтініштері мен арыз-шағымдарын жауапты сала басшыларымен бiрге мұқият тыңдаған Мұрат Әйтенов айтылған мәселелер назарға алынып, заң аясында орындалатынын түсiндiрдi. Жауапты тұлғаларға ...
Толығырақ »ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 450 КВИ ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ
Шымкент қаласында эпидемиологиялық ахуал күрделене түсуде. Өткен тәулікте КВИ-дің 450 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 261, белгілері жоқ – 189). 56 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 394 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 783 орын бар, төсек-орын толымдығы 40 %-ды құрайды. Шаһарда егу науқаны басталғалы барлығы 593 766 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 580 732 адам вакцинаның екі ...
Толығырақ »АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ӨКІЛДЕРІ ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАЛАРЫНА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ
Шымкент қаласындағы Азаматтық ресурстық орталықта үкіметтік емес ұйым жетекшілері мен азаматтық қоғам мүшелері «Жаңа Қазақстан» интелектуалды идеялар алаңында жұмылу» тақырыбында арнайы жиын өткізді. Басқосуға Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері басқармасы басшысының орынбасары Бексұлтан Әділханов, Шымкент қаласы бойынша Азаматтық Альянс заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Жұмағали Білісбеков және М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің проректоры, саясаттанушы Сәкен Мәжінбеков қатысты. Жиында Мемлекет басшысының 11 ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕГІ 17 ҚАҢТАРДАҒЫ ЭПИДЖАҒДАЙ БОЙЫНША
Шымкент қаласында 17 қаңтар күнге коронавирустың 310 жағдайы тіркелді. Инфекция анықталған 30 адам инфекциялық стационарға жатқызылса, 280 адам үй бақылауына алынды. Мамандандырылған инфекциялық стационарлардағы төсек орын толымдығы 40 пайызды құрайды, 504 төсек орын бос. Бүгінде инфекциялық стационарда 279 науқас, жансақтау бөлімінде 6 науқас ем қабылдауда. Бір тәулік ішінде қалада 1 067 адам вакцина алды (I компонент- 104, II компонент- 963). ...
Толығырақ »АРНАЙЫ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАР АШЫЛДЫ
Жаңадан ашылған стационар №2 қалалық аурухана базасында ашылған. Мұнда инфекциялық ауруға шалдыққан науқастарды емдеуге арналған 100-төсек орын дайындалған. Коронавирустық инфекция жұқтырған науқастар санының өсуіне байланысты жасақталған бұл стационар жүкті әйелдер мен босанған аналарға арналған. Орталық науқастарды емдеу үшін барлық қажетті медициналық жабдықтармен қамтылған. Мұнда дәрігерлер ковид ауруының орташа және ауыр ағымы бар науқастарды емдейді. «Соңғы екі күннің ішінде стационарда 22 ...
Толығырақ »СУ БАСУ ҚАУПІ БАР АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНҒАН
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Абай ауданы аумағында су басу қаупі бар аумақтарда арнайы кезекші бригадалар жұмыс атқаруда. Атап айтқанда, 112 орамда орналасқан Шынар, Юнатов және Аққараған көшелері, Қатынкөпір, Шұғыла, Тельман, Ақниет шағын аудандарындағы және өзге де елдімекен көшелерінде арнайы су тартатын техникалар жұмыс атқаруда. Бұл жұмыстарға 34 техника және 105 жұмысшы қызметкер жұмылдырылған. Қазіргі таңда көше бойларындағы ирригациялық жүйелер мен ...
Толығырақ »СУ БАСУ ҚАУПІ БАР АУМАҚТАР ТАЗАЛАНУДА
СУ БАСУ ҚАУПІ БАР АУМАҚТАР ТАЗАЛАНУДА Еңбекші ауданы аумағында су басу қауіпі бар және су үймелейтін аумақтарға аудан әкімдігі тарапынан бақылау жұмыстары жүргізілуде. Су басқан көшелерге, атап айтқанда, 1 автожол көшесі (темір жол көпірінің асты), Арғынбеков, Дизельная, Ата заң, Қызғалдақ, Мамбетов көшелеріне арнайы су тартатын 8 дана АС машина, 4 дана Зил-130 көлігінде мотопомпа техникасы және бекітілген ирригациялық арықтарды тазалауға ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ 343 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
Шымкентте 16 қаңтар күні КВИ-дің 343 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 221, белгілері жоқ – 122). 73 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 270 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 783 орын бар, төсек орын толымдығы 35%-ды құрайды. Инфекциялық стационарда 279 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 36 науқас ем қабылдауда. Бір тәулік ішінде қалада 150 адам вакцина алды ...
Толығырақ »ҚАЛА АУМАҒЫНДА СУ СОРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
ҚАЛА АУМАҒЫНДА СУ СОРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ Шымкентте демалыс күндері басталған жауын-шашын әлі толастар емес. Қазіргі таңда қалалық коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп, көшелер мен жолдардағы суды сору жұмыстарын жүргізуде. Мол жауын-шашынның салдарынан жиналған арық-жылғалардағы суды сору жұмыстарына Әл-Фараби ауданында 5 ассенизаторлық машина, 2 мотопомпа құрылғысы және 57 жұмысшы тартылды. Ауданда санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі жүргізу үшін бөлінген 7 секторда ...
Толығырақ »22 ӘЙЕЛ ЕМДЕЛІП ЖАТЫР
«Шымкент қалалық №2 аурухананың COVID орталығында коронавирус жұқтырған 22 әйел емделіп жатыр. Оның жетеуі босанған әйел». Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастырған баспасөз туры барысында айтылды. — Аурухананың COVID орталығы 100 орынға бейімделген. Бүгінде 22 әйел ем қабылдап жатыр. Оның 7-еуі босанған, 15-і жүктіліктің түрлі мерзіміндегі әйелдер. Науқастардың денсаулығы орташа-қалыпты. Емдеу уақыты науқастың жағдайына қарай 5-12 күнге дейін ...
Толығырақ »500-ДЕН АСТАМ ЖҰМЫСШЫ ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ
Шымкентте үш күннен бері толассыз жаңбыр жауып жатыр. Осыған байланысты қаладағы коммуналдық қызметтер тәулік бойы тынымсыз жұмыс істеуде. Олар қаладағы көшелердің бойына, арық-атыздар мен сай-салаларға жиналған суды арнайы техниканың көмегімен сорып, тазалауда. Мәселен, Әл-Фараби ауданында бұл жұмысқа 5 ассенизаторлық машина, 2 мотопомпа құрылғысы және 57 жұмысшы тартылған. Аудан аумағы 7 секторға бөлініп, оның әрқайсысында кезекшілік ұйымдастырылған. Бекітілген мамандар ирригациялық арықтарды ...
Толығырақ »БАТЫС ШАҒЫН АУДАНЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Шымкент қаласының орталығынан шалғайда орналасқан елді мекендерді дамыту мәселесі басты назарда. Бүгін Батыс шағын ауданының тұрғындарымен кездескен қала әкімі Мұрат Әйтенов осылай деді. «Мемлекет басшысы әрдайым бірінші кезекте халықтың жағдайын ойлап, олардың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруын басты назарда ұстайды. Тұрғандардың жайлы өмір сүруі үшін жасалатын жұмыстардың бірі коммуналдық — инфрақұрылымды дамыту. Бұл мәселе Сіздер тұрып жатқан шағын ауданда кезең-кезеңімен шешімін табуда. Өткен ...
Толығырақ »ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданының инфрақұрылыммен қамтылу жағдайымен танысып, ондағы елдімекен тұрғындарымен кездесті. Түркістан облысынан Абай ауданы аумағына 37 мыңнан астам халқы бар 10 елді мекен қосылып, ондағы елді мекендердің инфрақұрылымдық мәселелерін шешу бойынша тиісті жұмыстар атқарылып келеді. Соның бірі — Алтынтөбе тұрғын алабы. Бұл елдімекен 2015 жылы сапалы ауыз сумен толық қамтылған. Ал, өткен жылы 8,1 ...
Толығырақ »