Түркістан облысы полицейлері қонаққа келіп, туысының телефонын жымқырған күдіктіні ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Төлеби АПБ-не Леңгір қаласының жергілікті тұрғыны әйел арызданады. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, үйіне туыстары мен көршілерін қонаққа шақырған. Қонақтар кеткен соң, өзінің «ОРРО» маркалы ұялы телефоны жоқ екенін байқайды. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 170 000-нан астам теңгені құрады. Осылайша ұрланған телефонын ...
Толығырақ »ОҚО жаңалықтары
ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН МЕН АҚША ҰРЛАҒАН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Түркістан облысы полицейлері ұялы телефоны мен ақша ұрлаған күдіктіні ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Бәйдібек АПБ-не жергілікті тұрғын арызданған. Ол арызында өзінің басқаруындағы автокөлігімен үйіне келе жатып, жол бойынша тоқтатқан ауылдасын мінгізіп алып, жеткізіп тастағанын айтады. Әрмен қарай өзі үйіне жеткен уақытта, көліктің ішінде тұрған «ОРРО А5» маркалы ұялы телефоны және ұялы телефон қаптағышында (Чехолда) ...
Толығырақ »КЕСЕНЕ ТАРИХЫМЕН ТАНЫСТЫ
Түркістан облысы полицейлері Қ.А.Ясауи кесенесіне барып, оның тамыры терең тарихымен танысты, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Өздеріңізге белгілі мерекеге толы мамыр айында «Халықаралық музейлер» күні аталып өтіледі. Қиын да қауіпті полиция саласында ҚР ІІО-ның музейлері ерекше орын алады, олардың қызметі полиция қызметкерлерінің бойында қазақстандық патриотизмді, эстетикалық мәдениетті қалыптастыруға, халықтың арасында полиция қызметін насихаттауға бағытталған. Осыған байланысты ...
Толығырақ »АУЫР ҚЫЛМЫС ЖАСАҒАНДАР БАҚЫЛАУДА ТҰРДЫ.
Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция подполковнигі Құрманбек Саховтың айтуынша: «Ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған адамдарды іздестіру бір күнге де тоқтатылмайды және ерекше бақылауда тұрды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Оның үстіне, ол жеке адамға қарсы жасалса. Осы мамыр айында Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция қызметкерлері «өткен жылдар» санатындағы қылмыстарды жасағаны үшін екі қылмыскерді ұстады. ...
Толығырақ »АЛҒАШҚЫ ҮЙДІҢ ҚАБЫРҒАСЫ ҚАЛАНДЫ
Мақтаарал ауданындағы топан су басқан Жаңажол ауыл округіне қарасты Өргебас ауылында алғашқы бір үйдің қабырғасы қаланып, үш баспананың іргетасын құю жұмыстары басталды. Осындағы жұмыстарға үйлестіруші боп бекітілген Аязхан Қалыбеков ауыл округінің әкімі Молдабек Битеміровтің айтуынша, жалпы Өргебас ауылында 189 үй бар. Соның бүгінде 138-інің иесіне үкімет тарапынан 17 млн. теңгенің 50 пайызы яғни, 8,5 млн. теңгесі толық аударылған. Дәл қазіргі ...
Толығырақ »ҚАҒАЗБАСТЫЛЫҚТАН АРЫЛАТЫН БОЛДЫ
Түркістан облысының мектеп мұғалімдері «Педагог мәртебесі туралы» Заң аясында қағазбастылықтан арылып, кәсіптік міндеттеріне кірмейтін жұмыс түрлеріне тартылмайды. Егер де ондай жағдай орын алса, мектеп басшылығын жауапкершілікке тарту қағидаттары қарастырылған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің директоры Бақытжан Мұхамеджанов мәлімдеді. «2019 жылдан бастап «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданды, департамент тарапынан барлық білім ...
Толығырақ »БАУ ІСІ ҚАРҚЫНДЫ ҚОЛҒА АЛЫНҒАН
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев ауданымызда болып, бірқатар кәсіпкерлік нысандарының жұмысымен танысты. Мәртебелі меймандарды ауданымызға кіре беріс жолдан күтіп алған аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов қарқынды бау ісін қолға алып, өз кәсібін өрге сүйреп отырған серіктестіктің шаруашылығымен таныстырды. Қоғам ауыл округі аумағында орналасқан «Отырар-Құрал» ЖШС 2019 жылы құрылған. Жобаның инвестициялық құны бүгінгі таңда 300 млн. теңгені құраған. Серіктестіктің меншігінде 50 ...
Толығырақ »ОРАЛДАН ШЫҚҚАН КЕРУЕН
Бүгін Батыс Қазақстан облысы Орал қаласынан жолға шыққан керуен Мақтаарал ауданына келіп жетті. 12 тонна гуманитарлық көмекті жинауға Батыс Қазақстан облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері мен кәсіпкерлері үлес қосқан. Сондай-ақ, еріктілердің ықпал етуімен керуен көлігіне азық — түліктер мен құрылыс материалдары, киім-кешек және тұрмыстық қажетті құрал-жабдықтар тиелген, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. Су тасқынынан ...
Толығырақ »КӨПБАЛАЛЫ АНАҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ
Түркістан облысы Созақ ауданында 2000 жылғы мектеп бітірген түлектер аз қамтамсыз етілген отбасыға баспана сыйлап етіп, игі іске ұйытқы болып отыр. Ауданда мұндай шара дәстүр болып қалыптасқан. Жыл сайын мектеп түлектері туған жерін көркейтуге үлестерін қосып келеді, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Созақ аудандық мәслихатының депутаты Берік Тұрғанбаевтың және Созақ ауылы әкімі Батырхан Аяповтың ұйымдастыруымен Созақ ...
Толығырақ »ЖҮГЕНСІЗ ЖҮРГІЗУШІНІ ЖАУАПҚА ТАРТТЫ
Түркістан облысы полицейлері жүгенсіз жүргізушіні жауапқа тартты, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Естеріңізге сала кетсек, әлеуметтік желіде жол бойында көлігімен артқа қарай жүріп, жол қауіпсіздігі ережесін бұзған жүргізушінің бейнежазбасы таралған болатын. Аталған құқықбұзушылықты жасаған «VOLKSWAGEN GOLF» маркалы көліктің жүргізушісін анықтау мақсатында Түркістан ҚПБ-ның қызметкерлері шұғыл әрекетке кірісті. Тексеру жұмыстары барысында жиырма жасар жүгенсіз жүргізуші анықталып, ол ...
Толығырақ »ТЕСТІЛЕУГЕ КІРУ МЕРЗІМІ ҚЫСҚАРТЫЛДЫ
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің «ANTIKOR Live» жобасында сұхбат берген Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Н.Шынтаев осылай атап өтті. Агенттік Төрағасының құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтар мен мемлекеттік әкімшілік лауазымға үміткерлерге арналған қағидаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, тестілеуден өту мәндерден төмен тестілеу нәтижелерін алған кандидаттар тестілеу нәтижелері бойынша шағымдарын қарастыру ...
Толығырақ »ДҮКЕНДЕРДЕ ҰРЛЫҚ ЖАСАҒАН КҮДІКТІ
Түркістан облысы полицейлері дүкендерде ұрлық жасаған күдіктіні ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Төлеби АПБ-нің кезекші бөліміне жеке кәсіпкер, жергілікті 2 тұрғын арызданды. Жәбірленушілердің айтуынша, олардың дүкендерінен азық-түлік пен киім-кешектерін белгісіз әйел ұрлап кеткен. Төлебилік полицейлер осы ұрлық жайтын ашу мақсатында оқиға орнына тез арада келіп, қажетті шараларды жүзеге асырды. Камераларды мұқият тексеріп шығып, көрген-білгендерден жауап ...
Толығырақ »ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ
Түркістан облысында төтенше жағдай кезінде жұмысымен ерекше көзге түскен бірқатар ұстаздар марапатталды. Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рахымбек Қуатбекұлы елімізде «Covid-19″ вирусының таралуына байланысты жарияланған карантин уақытында талмай еңбек еткен мектеп мұғалімдерін қабылдап, ұстаздар қауымына алғысын білдірді. «Құрметті ұстаздар, сіздер карантин кезінде өздеріңіздің үздік іс-тәжірбиелеріңізбен біліктіліктеріңізді ұштастыра білдіңіздер. Төтенше жағдайға байланысты қабылданған білім беру әдісін меңгеріп, тиісті деңгейде атқарып ...
Толығырақ »КӨШПЕЛІ ҚЫЗМЕТ ТҮРІ КӨРСЕТІЛДІ
Түркістан облысы Полиция департаменті және оған қарасты қала-аудандық Полиция бөлімдерінде жүйелі жұмыстар атқарылып, халыққа жақын болып, олардың қорғаны екенін көрсетіп, ашықтық орнатуда. Мәселен, Келес АПБ Көші-қон полиция тобының инспекторлары полиция капитаны Сәкен Сәрсенбаев пен Жанболат Рахимовтар аудандағы карантин режимі енгізілген уақытта жеке куәлігінің мерзімі өткен, жүріп-тұруы қиын қарттарымызға көшпелі қызмет түрін көрсетті. Нақтырақ айтсақ, ауданның егде жастағы тұрғындарының үйіне арнайы ...
Толығырақ »АТА-АНАСЫМЕН ҚАУЫШТЫ
Түркістан облысының полицейі базардан 3 жасар қызды тауып, ата-анасына қайтарды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. 27.05.2020 жылы шамамен таңғы сағат 10.30-да Сарыағаш қаласындағы орталық базарлардың бірінде Сарыағаш АПБ ЖПҚ ювеналдық полиция тобының учаскелік инспекторы полиция лейтенанты Майра Елемесова жалғыз өзі адасып, жылап жүрген кішкентай қызды байқаған. Полицей ару 3 жасар қыздан оның ата-анасы қайда екенін сұрай ...
Толығырақ »ЖОҒАЛҒАН МАЛДАР ҚАЙТАРЫЛДЫ
Мақтаарал АПБ-нің кезекші бөліміне Атакент ауылының жергілікті тұрғыны арызданып, белгісіз себептермен үйінің алдындағы көшелердің бірінде жайылып жүрген сиыры мен бұзауы жоғалып кеткенін айтып, табуға көмектесулерін сұрайды. Полицейлер аталған жайтты полиция бөліміне тіркеп, оқиға орнына шықты. Мақтаарал АПБ-нің жедел уәкілдері мен учаскелік полиция инспекторлары бірлесіп, жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде, жоғалған жануарларды жәбірленушінің үйінен шамамен 1 шақырым қашықтықта, жергілікті каналдың жанында жайылып ...
Толығырақ »МІНЕЗГЕ БАЙ, АСЫЛ АЗАМАТ ЕДІ
Аманбайұлы Ерсұлтан 1919 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы), Шәуілдір (қазіргі Отырар) ауданында дүниеге келген. 1930-1936 жылдары «Кеңес» бастауыш және Жамбыл атындағы мектептерінде оқып, 7-жылдық білім алды. 1936 жылы Қызылорда қаласындағы мұғалімдер училищесіне түсіп, 1939 жылы бітірді. Сол жылы Қызылорда қаласынан Кеңес Армиясы қатарына шақырылды. 1939-1941 жылдар аралығында Забайкал әскери округінде Отан алдындағы азаматтық борышын атқарған. 1941 жылғы мамыр ...
Толығырақ »ЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті «Сапалы жол» жобалық кеңсесі аясында Бәйдібек ауданындағы мемлекеттік бюждет қаржысы есебінен салынған облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың сапасына кешенді мониторингтік жұмыстарын жүргізді. Қоғамдық бақылау жұмыстарының негізгі мақсаты — автокөлік жолдарының сапасы мен қауіпсіздігін арттыру және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қадағалау мен жаңа төселген жолдар сапасына қоғамдық бақылауды күшейту. Жолдардың ...
Толығырақ »КЕЛІСІМ МЕН ЖОЛ КАРТАСЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Түркістан облысының әкімдігі мен «Узагротехсаноатхолдинг» АҚ және «Orbis Kazakhstan» компаниялары арасында ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру жобасын жүзеге асыру аясында инвестициялық келісім мен жол картасына қол қойылды. Көрші мемлекет өкілдерін аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев қабылдады. Өзбекстанның «Узагротехсаноатхолдинг» мемлекеттік компаниясы қазақстандық «Orbis Kazakhstan» компаниясымен бірлескен жобаны «Turkistan» индустриалды аймағындағы «Brownfield» өндірістік алаңында жүзеге асыруға ниетті. Жобаны 3 кезеңде іске асыру жоспарланып отыр. ...
Толығырақ »«ХАЛЫҚТЫҚ КЕҢСЕНІҢ» ТИГІЗЕР ҮЛЕСІ ЗОР
Бүгінде еліміз бойынша басқару құрылымдары неғұрлым қарапайым жұмыс үлгісін таңдап, тұрғындарға ашық форматта қызмет көрсететін «Open space» үлгісіне көшуде. Бұл — халық пен билік арасын одан сайын жақындастыра түсетін бірден-бір тиімді бастама. Осыған орай, бүгінгі күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен халықтың билік институттарына деген сенімін арттыру мақсатында ел аумағында жаңа форматтағы халықтық кеңселер жергілікті әкімдіктер мен полиция, ...
Толығырақ »ПАРАСАТТЫ ҚОҒАМ ҚҰРУҒА ШАҚЫРДЫ
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай облысқа қарасты Бәйдібек ауданына жұмыс сапары барысында аудан активімен кездесу өткізді. Өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткізілген келелі басқосуға Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Айкен Темір, бөлім басшылары мен ауыл әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты. Парасатты қоғамды қалыптастырудың негізгі тетіктері ортаға салынған ...
Толығырақ »МАХАББАТ МАҚАМ МАРХАБАТ
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» және «Түркі әлеміне қызмет» сыйлықтарының лауреаты, жазушы публицист Мархабат Байғұттың мерейлі 75 жасқа толуына орай, 2020 жылғы 17 сәуір және 26 мамыр аралығында «Махаббат мақам Мархабат» республикалық жас қаламгерлердің шығармашылық байқауы өткізілді. Республикалық жас қаламгерлердің шығармашылық байқауына республикамыздың басқа да облыстарынан қатысушылар ниет білдіріп, өтініш білдірген. Жалпы байқауға 87 жас қаламгерлер қатысып, топтан жарып ...
Толығырақ »МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТОҚТАУСЫЗ КӨРСЕТІЛУІ КЕРЕК
Елімізде орын алған пандемия көптеген игі бастамалардың аяғын шалды. Дегенмен, карантин талапатарын бұзбай-ақ, біршама жұмыстарды жүзеге асыруға болады. Бұл туралы Департамент басшысы Айбек Шілманов ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалында, «Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалында және Түркістан қаласы әкімі аппараты жанындағы Халықтық кеңсе жұмыстарымен танысу барысында атап өтті. ...
Толығырақ »ЕКІНШІ МӘРТЕ КӨМЕК КЕРУЕНІ ЖЕТТІ
Бүгін Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына Жетісу өңірінен екінші мәрте гуманитарлық көмек келді. Жуырда ғана аса қомақты көлемде гуманитарлық көмек жолдап үлгерген жетісулықтар бұл жолы да жомарттықтарын көрсете білді, деп жазады «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Бұл игі іс «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі А.Баталовтың бастамасымен қолға алынған. Бастамаға партияның белсенді ...
Толығырақ »ҚИРАҒАН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ
Түркістан облысы, Төлеби ауданында нөсерлі жауын салдарынан су шайған үйлер бой көтеруде. Апатты деп танылған 38 баспана толық сүріліп, бүгінде 28-нің іргетасы қаланған. Құрылысшылар бірнеше үйдің қабырғасын қалауға кірісіп кеткен. Жергілікті деңдейдегі төтенше жағдай салдарынан қиындыққа кез болған тұрғындар көп ұзамай баспаналарына қайта оралатын болады. Құрылыс жұмыстарын шілде айына дейін аяқтау жоспарлануда. Құрылыс жұмыстары аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тұрақты бақылауында. ...
Толығырақ »