Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2018 » Август (страница 2)

Месячные архивы: Август 2018

ШЫМКЕНТТЕ 1560 ОҚУШЫҒА КӨМЕК БЕРІЛДІ 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры бірлесе отырып жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол», «Мектеп сөмкесі» атты қайырымдылық акциясын өткізді, деп хабарлайды ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі. Ресми шара ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай Бейсенбаев, найб имамдар Мұхамеджан Естеміров, Адилхан Сертаев, Иса Яхяев және қалалық «Жастар ісі» бөлімінің жетекшісі Азамат ...

Толығырақ »

Төлеби ауданында күзгі энзоотияға қарсы шаралары жүргізілді

Төлеби ауданда қора-жайлар мен оларға жапсарлас аумақтар,  мал иірімдер мен суаттарды күзгі кенеге қарсы дәрілеу жұмысын жүргізуде, деп хабарлайды  Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz  ақпараттық агенттігі. Дәрілеу жұмыстарын төлеби аудандық ветеринария бөлімі жүргізді. Мұндағы негізгі мақсат – үй малының энзоотиялық ауруларының алдын алу. Төлебиде энзоотиялық іс-шаралар бойынша 80475 (жоспар: 90663) бас ірі қара мен жылқы кенеге қарсы ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЛОГИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНУДА

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Мақтаарал ауданына барған жұмыс сапарында аудандағы Азаттық ауылында орналасқан логистикалық орталыққа аялдады. Аграрлы ауданда шаруалардың өнімін сақтап, әрі қарай сату үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында қолға алынған жобаға 9 гектар жер телімі қарастырылған. Орталықта жаңа үлгідегі жеміс-жидек сақтау және уақытша сұрыптау қоймалары, мұздатқыш камера мен жүк көліктеріне арналған тұрақжай, техникалық қызмет көрсету стансасын ...

Толығырақ »

Түймебаев Мақтааралда 200 орындық мектептің ашылуына қатысты

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев жұмыс сапарымен Мақтаарал ауданына барды, деп хабарлайды Түркістан облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Өңір басшысы ауданға жасаған сапарында Иіржар ауылдық округі Наурыз ауылындағы жаңадан салынған Н.Бекежанов атындағы 200 орындық мектептің ашылуына қатысып, жергілікті жұртты жаңа оқу жылы қарсаңындағы қуанышты жаңалықпен құттықтады. «Түркістан өңірі ең көп халық тығыз орналасқан аймақ. Туу көрсеткіші ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДЫҚ «САРЫН» ТОБЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА БІРІНШІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Орал қаласында  өткен Қазақстан Республикасының Халық әртісі, «Отан» орденінің иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевтің әндерін орындаушылардың Х Халықаралық «Атамекен» ән фестивалінде өңіріміздің талантты әншілерінен құралған «Сарын» тобы жүлделі бірінші орынды иеленді. Фестивальдің мақсаты – танымал композитор  Ескендір Хасанғалиевтің әндерін насихаттаумен бірге қазақ ...

Толығырақ »

Жетісай ауданында 300 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді

Жетісай ауданында 300 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды Түркістан облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпарат агенттігігі. Құзылқұм ауылдық округіне қарасты Ақтөбе елді мекеніндегі білім ұясының ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысты. Ата-аналар мен оқушылардың қуанышымен бөліскен облыс басшысы алдағы жылы өңірде 40-қа жуық білім ұясының құрылысы басталатынын айтты. «Мұндай мектептердің қатары жыл санап арта түсетін ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКСПОРТТАУШЫ КОМПАНИЯЛАРЫНА КЕШЕНДІ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛМЕК

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Е.Тасжүреков облысымыздың 30-дан аса экспорттық әлеуеті бар кәсіпкерлерімен кездесіп, олардың жеке қажеттіліктерімен танысты, деп хабарлайды Түркістан облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпарат агенттігігі. Жиынға Түркістан облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы және кедендік декларацияны бақылау бөлімінің басшылары, сондай-ақ, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, «Атамекен» РКП» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының және «Аграрлық ...

Толығырақ »

МЫРЗАШӨЛ – МОЛШЫЛЫҚ МЕКЕНІ

Жетісайда өткен еңбекші қауымның еңсесін көтеруге бағытталған фестивальдің ашылу салтанатында Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдің ауыл шаруашылығы саласының потенциялы жоғары екеніне тоқталды. «Біз бақша өнімдерін терең өңдеу саласына мән бергеніміз жөн. Осы мақсатта қауын мен қарбыздың отаны саналатын Мақтаарал және Жетісай аудандарында бақша өнімдерін терең өңдеумен айналасытын шағын кәсіпорындар мен цехтарды іске қосуымыз қажет. 2018 жылы Түркістан облысында «Рухани ...

Толығырақ »

ТӘТТІ ҚАУЫН ЕЛІНЕН ҚАЛАЙ ҚАЙТТЫҚ?

Түркістан облысы Мақтаарал және Жетісай аудандарының ұйымдастыруымен ішкі туризмді дамытып, бақша дақылдарынан өндірілетін өнім түрлерін терең өңдеу арқылы кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыру, диқандардың өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау, бақша өнімдеріне сұранысты жоғарылату арқылы бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында облыстық «Қауын фест» фестивалі өтті. Фестивальге Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай, Түркістан облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев, облыстық мәслихат депутаттары, өңір ...

Толығырақ »

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Б.Оспанов Созақ ауданының Сызған ауылында болды

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Берік Серікұлы Оспанов арнайы іссапармен Созақ ауданында болды. Халық қалаулысы Сызған ауылдык округі тұрғындарымен кездесу өткізді. Ауылдық клуб ғимаратына жиналған халықпен кездесу жиынын аудан әкімі С.Полатов ашып, жүргізіп отырды. Мәжілісмен тұрғындарды қазіргі таңда еліміздін заң шығарушы органында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып өтті. Әсіресе, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі ретінде жер реформасы мәселесі ...

Толығырақ »

АРЫСТА ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

Түркістан облысы, Арыс қаласында дәстүрлі тамыз кеңесі өткізілді, деп хабарлайды Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. ХХІ ғасырдың басты капиталы – білім алу екенін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт» ...

Толығырақ »

ОБЛЫС БАСШЫНЫҢ КЕЛЕС АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Келес ауданына барды. Онда әуелі, Ошақты ауылдық округіндегі 600 орындық №105 Қоңыртөбе жалпы орта мектебінің ашылу салтанатына қатысты. Кейін өңір басшысы Қошқарата ауылдық округіндегі «Қайнар» ЖШС-нің тың жобасымен танысты. Жобаның негізгі бағыты — қымыз өндіру және ат спортын дамыту. Бүгінде серіктестік жалпы саны 50 сауынды биеден күніне 150-200 литр қымыз өндіріп отыр. Сондай-ақ, ...

Толығырақ »

ОТЫРАРЛЫҚТАРДЫҢ ҚҰРБАН АЙТТАҒЫ ИГІ ІСІ

Отырарлықтар құрбан айтта игі  іс жасады. Бұл туралы Отырар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпарат агенттігігі хабарлайды. Осыдан біршама уақыт бұрын Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов «Маңғыстау облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» мекемесінің басшысы Мәди Ташовты қабылдаған болатын. Осы қабылдауда М.Ташов отырарлық жаны жайсаң, қолдары ашық, тарыққан жандарға көмек қолын созуға даяр аудандық мәслихат депутаттары мен кәсіпкерлеріне арнайы ...

Толығырақ »

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА – ЖАҢА МЕКТЕП

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Сарыағаш ауданына барды. Жансейіт Қансейітұлы алдымен, Сарыағаш ауданы, Ақжар ауылдық округінде орналасқан 600 орындық орта мектептің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Облыс әкімі мемлекет тарапынан білім саласына көңіл бөлініп жатқанын, білім ұяларының саны артқанын айта келе жаңа мектептің ұстаздары мен оқушыларына сәттілік тіледі. Заман талабына сай жабдықталған мектеп құрылысы 2017 жылдың мамыр айында басталып, ...

Толығырақ »

ЕҢБЕКҚОР ЕЛДІҢ ЫРЫСЫ МОЛ!

Құрметті түркістандықтар! Қадірменді «Қауын фест» облыстық фестивалінің қадірменді қонақтары! Елі еңбекқор, диқаны мырза, жері шүйгін, мақтаның отаны саналған Мырзашөл өңіріне асығыңыздар! 24 тамыз күні Жетісай ауданының орталығы Жетісай қаласында Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен тұңғыш рет облыстық фестиваль бастау алғалы тұр. Аталған шараның мақсаты – бақша дақылдарынан өндірілетін өнім түрлерін дамыту арқылы кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыру. Яғни диқандардың өзара тәжірибе ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАРҒА ЖОО-ҒА ЖОЛДАМА БЕРДІ

Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 39 мектеп бітіруші түлекке жоғары оқу орындарына жолдама берді. Оларға оқуда озат болуды, сапалы білім алып, елге қызмет етуге шақырды, деп хабарлайды Түркістан облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпарат агенттігігі. «Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы елдің болашағы білімді жастардың қолында екенін үнемі айтып келеді. Сондай-ақ, мемлекетіміз өскелең ұрпақтың сапалы білім, ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҰСТАЗДАРЫ МӘСКЕУДЕ ТЕГІН ОҚИДЫ

Түркістан қаласында облыстық Тамыз кеңесі өтті, деп хабарлайды Түркістан облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпарат агенттігігі. Жиында өңір басшысы Жансейіт Түймебаев  ұстаздардың әлеуметтік жағдайын көтеру мәселесіне тоқталды. Ұстаз бедеді — мемлекет беделі екенін атап өткен ол білікті маман, отаншыл азамат тәрбиелеу үшін мұғалімдердің білімі мен қайраты мол болу керектігін айтты. Облыста түлеп ұшып, өзге өңірлерде қызме етіп жүрген білікті мамандар ...

Толығырақ »

Парламент Мәжілісінің депутаты Бәйдібек ауданында болды

Қазақстан Републикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары өңірлерді аралауда. Бүгін Қазақстан Републикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты «Нұр Отан» партиясының фракция мүшесі Берік Серікұлы Оспанов Бәйдібек ауданында болды. Мәжіліс депутаты Бәйдібек ауданы Мыңбұлақ ауыл әкімдігі Мәдениет елді мекенінде ауылшаруашылығы саласы бойынша нысандарды аралап, жергілікті тұрғындардың мұң — мұқтажын тыңдап қабылдау өткізді. Кездесуге Бәйдібек ауданы әкімі орынбасары Айкен Мәкенұлы Темір, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал ...

Толығырақ »

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысы өтті. Күн тәртібінде ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының ағымдағы жылдың алты айында іске асырылуы, жылыту маусымына дайындық барысы және 2018-2019 оқу жылының басталуына дайындық сынды мәселелер қаралды. Аталған салалар бойынша ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев министрлер мен облыс басшыларының баяндамасын тыңдады. Жаңа оқу жылына дайындық бойынша Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев аталған ...

Толығырақ »

Құрбан айтта қайырымдылық шарасын өткізді

Құрбан айт мерекесіне орай Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыстық түрік этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті. Шымкенттегі «Нұр 777» тойханасында өткен іс-шарада 750-ге жуық көмекке мұқтаж жандарға және балалар үйлеріне құрбандық еті таратылды. Сонымен бірге, 100-ден астам әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға мерекелік дастархан жайылды. «Құрбан айт мерекесі адамдардың ұлтына, дініне қарамай өзара сыйластықтың, достық пен бірліктің нығая түсуіне ...

Толығырақ »

ОТЫРАРЛЫҚТАР ҚҰРБАН АЙТТЫ ЕРЕКШЕ ДАЙЫНДЫҚПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

Отырарлықтар Құрбан айтты ерекше дайындықпен қарсы алды. Бұл туралы Отырар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпарат агенттігігі хабарлайды. Сындарлы уақыт сәтінде тосқауылға ұшырап, тыйым салынған Құрбан айт мерекесі Тәуелсіздік таңымен бірге қайта жүзеге асқаны белгілі.  Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев арнайы Жарлықпен Құрбан айттың бірінші күнін ресми демалыс ретінде жариялады. Бұл игі қадам Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі,  имандылығы ...

Толығырақ »

Үздік әлеуметтік жоба жетекшілері марапатталды

Елімізде «Нұр Отан» партиясының бастамасымен «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» республикалық байқауы ұйымдастырылған. Байқаудың Түркістан облыстық аймақтық деңгейдегі жеңімпаздарын марапаттау мақсатында салтанатты шара өтті. Байқау нәтижесі бойнша бірінші орынды Айдана Жораеваның «Әлемді сезіну» жобасы иеленді. Оған бір миллион тенгеге сертификат тапсырылды. Ал, екінші орын және 700 мың теңге «Арманға ұмтыл» жобасының авторы Шалтан Еркінбайға бұйырса, үшінші орынды «АИТВ-позитивті жасөспірімдердің статусын ашып, жасөспірімдерді ...

Толығырақ »

САҒЫНТАЕВ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫ ШЫМКЕНТТЕН ТҮРКІСТАНҒА КӨШІРУ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ — 3

Түркістан облысына жұмыс сапарымен барған Бақытжан Сағынтаев тарихи-мәдени этнографиялық орталықты тексеру барысында Түркістан облысы мәслихаты мен әкімінің аппаратын орналастыру жағдайымен танысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Айта кету керек, бүгінде өңірде 688 мәдениет және өнер мекемесі бар: 390 кітапхана, 249 мәдениет үйі, 25 музей және т. б. Облыстық музейде Қаланы дамытудың бас жоспарының ...

Толығырақ »

САҒЫНТАЕВ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫ ШЫМКЕНТТЕН ТҮРКІСТАНҒА КӨШІРУ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ — 2

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Түркістан облысына жасаған жұмыс сапарында мемлекеттік органдарды көшіру барысымен танысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Түркістан облысының Оңтүстік Қазақ облысы атауымен 10.03.1932 жылы негізі қаланды, кейін 1936 жылы атауы Оңтүстік Қазақстан облысы деп өзгертілді. 03.05.1962 жылдан бастап 06.06.1992 жыл аралығында Шымкент облысы деп аталды, 1992 жылы бұрынғы атауы беріліп, ...

Толығырақ »

САҒЫНТАЕВ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫ ШЫМКЕНТТЕН ТҮРКІСТАНҒА КӨШІРУ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ — 1

Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдарды көшіру барысымен танысу үшін жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. 19 маусымда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тарихи Жарлыққа қол қойды, оған сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан облысы ретінде қайта аталды, ал Түркістан — облыс орталығы болып бекітілді. Облыс басшылығы ...

Толығырақ »