Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2020 (страница 112)

Годовые архивы: 2020

КАРАНТИНДІК ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қарастырылған қосымша карантиндік төсек орындардың дайындығымен танысты. Қосымша карантиндік орындар қаладағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне қарасты №4, 5 жатақханасында дайындалған. №5 жатақхана «Нұрсат» шағынауданында, ал №4 жатақхана «Отырар» шағынауданында орналасқан. Қала әкімі жатақханалардағы медициналық бекеттердің жабдықталуы мен тұрмыстық жағдайларының мүмкіндігімен танысты. Айта кетейік, ...

Толығырақ »

БҮГІНГІНІҢ БАТЫРЫ

​І санатты дәрігер Гүлжанат Маханбетәл­іқызы Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде меңгеруші қызметін атқарады. Дәрігер-педиатр ел аумағында «COVID 19»​ індетіне байланысты төтенше жағдай енг­ізілгелі өзге әріпте­стері сынды күшейтіл­ген режимде тынымсыз еңбек етіп жүр. ​ Бүгінде қаладағы аур­уханалар дене қызуы бар және жедел респи­раторлық симптомдарм­ен жеткізілген науқа­старды арнайы жабдық­талған фильтрлі каби­неттерде қабылдауда. – Біздің фильтрлі ка­бинетке күніне 40-50 науқас жүгінеді. ...

Толығырақ »

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мемлекет басшысы індеттің кесірінен ісі тұралап, табысынан айырылған қазақстандықтарға қолдау көрсету үшін Үкімет мүшелеріне бірқатар тапсырма жүктеген еді. Соның бірі — төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған жандарға 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем тағайындау болатын. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте қалада 235 мыңнан астам адамға аталған көмектің тағайындалғанын атап өтті. — Бүгінге дейін Шымкент қаласынан 42 ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫНДАРҒА КӨМЕК БЕРУДЕ

ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың игі бастамасымен жүйелі жұмыс істеп келе жатқан «Birgemiz» қоғамдық қоры аса мұқтаж шымкенттіктерге нақты көмектер беруде. Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов айтты. – «Birgemiz» қоры Шымкент қаласында тұратын көмекке аса мұқтаж 21804 отбасыға 50 мың теңгеден қаржы аударды. Бұл бағыттағы жұмыстар мамыр айында жалғасын тауып, 19700 отбасыға қаржылай ...

Толығырақ »

ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЖАСАЛАДЫ

Бұл туралы Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы хабарлады. — Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! «COVID-19» каронавирустың таралуының негізгі тәуекелі адамдар көп жиналатын орындар, оның ішінде — банкоматтар. Коронавирустың таралуын азайту мақсатында Шымкент қаласының әкімдігі келесі қолма-қол ақшасыз есеп айырысу әдістерін қолдануды ұсынады: — банк картасымен төлеу; — мобильді банктік қосымшалар; — төлем операторларының онлайн-сервистері, — делінген басқарманың хабарламасында. Айта ...

Толығырақ »

4 МОБИЛЬДІ ТОП ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бақылайтын 4 мобильді топ құрылған. Олар жергілікті билік бекіткен 9 түрлі әлеуметтік азық-түлік тауарлардың бағасын тұрақты ұстап тұруын бақылайды. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов айтты. — Қалада жалпы 1900-ден астам дүкен бар. Қазір олардың 157-сіне жоғарыда аталған 9 тауар түрін шекті бағамен сату керектігін ескерткен. Бірер күнде ...

Толығырақ »

ОРАЗА КЕСТЕСІ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

ФИДИЯ Ораза ұстауға күші жетпейтін, қуаты кеміп әбден қартайған адамдар мен сауығу үміті жоқ науқастар Рамазан айының әр күні үшін фидия береді. Фидияның құны пітірге ұқсас. Бұл фидияны Рамазан айының басында, ортасында, аяғында беруге болады. Қаласа фидияның бәрін бір кедейге жинап береді немесе бірнеше жағдайы төмен жандарға берсе болады. Мұндай жағдайдағы адамдар фидия беруге дәрмені жетпесе Алладан кешірім сұрайды, ораза ...

Толығырақ »

АВТОБУСТАР ТАСЫМАЛДАУДА

Еліміздегі қалыптасқан жағдайға байланысты коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында 19 сәуірден Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктердің қозғалысы тоқтатылды. — Өйткені автобустар тікелей індеттің таралу ошағы болуы әбден мүмкін. Оған қоса сарапшылардың пікірі де ескерілді. Сондықтан осындай қадамға амалсыздан бардық, — деді қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов брифингте. М.Пернебайұлының мәлімдеуінше қалада арнайы тіркелген 11 такси компаниясы жұмысын жалғастыра береді. Оларда 2 ...

Толығырақ »

ОРАЗА КЕСТЕСІ: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫ

ОРАЗА ТҮРЛЕРІ Оразаның алты түрі бар: 1. Парыз оразалар: Рамазан айында ораза ұстау, рамазанда ұсталмаған оразаның басқа күндерде қазасын ұстау және кәффарат оразалары – парыз. 2. Уәжіп оразалар: Бір нәрсеге аталған (нәзір) оразалар мен бұзылған нәпіл оразалардың қазасын ұстау – уәжіп. 3. Сүннет оразалар: Мұхаррам айының тоғызыншы және оныншы немесе он бірінші күндері ораза ұстау – сүннет. 4. Мұстахаб оразалар: Қамари айлардың (ай күнтізбесі ...

Толығырақ »

9 ЖАҒДАЙ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Ауру жұқтырғандар 1990 ж., 1990 ж., 1983 ж., 1987 ж., 1931 ж., 1990 ж., 2010 ж., 1959 ж., 2014 жылғы Шымкент қаласының тұрғындары. Олар коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, ...

Толығырақ »

ШЕКТІ БАҒАЛАР БЕКІТІЛДІ

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағалары бекітілді: І сұрыпты бидай ұны — 166 тг/кг І сұрыпты ұннан жасалған бидай наны — 146 тг/ кг (73 тг.қалыпты бөлке нан) рожки (өлшеніп салынатын) — 212 тг/кг қарақұмық жармасы (домалақ дәнді, өлшеніп сатылатын) — 272 тг/кг сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі) — 1904 тг/кг тауық жұмыртқасы (І санатты), 10 данасы ...

Толығырақ »

ОРАЗА КЕСТЕСІ: ОБЛЫС ОРТАЛЫҚТАРЫ

СӘРЕСІ МЕН АУЫЗАШАРДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ Сәресіге тұрып, тамақ жеу – мұстахаб. Пайғамбарымыз (с.а.у.): “Сәресінде тамақ жеңдер, өйткені сәресі тамағында береке бар” деген. Сәресі ораза ұстауға күш береді. Дұғалар қабыл болатын уақыттардың бірі – сәресі уақыты. Сәресіге тұрған адам тілектерін айтып, дұға етіп, Алла Тағаладан күнәларының кешірілуін сұрауы керек. Оразасын ұстап, ауызашар уақытына жеткен адам үлкен бақытқа және қуанышқа кенеледі. Қиямет күні ...

Толығырақ »

ОРАЗА КЕСТЕСІ: МЕГАПОЛИСТЕР

ОРАЗАНЫҢ МАҢЫЗЫ Исламның бес шартының үшіншісі – Рамазан айында ораза ұстау. Ораза ұстау, хижреттің екінші жылында парыз болды. Ораза – ниет етіп таң ағара бастағаннан кешке күн батқанша тамақ жемеу, ішпеу және ерлі-зайыптылардың жыныстық қатынаста болмауы дегенді білдіреді. Рамазан айы кей жылдары 29 күн, ал кейбір жылдары 30 күн болады. Рамазан айы 29 күн болған кезде де ораза толық болып есептеледі. ...

Толығырақ »

ЖЕТІСАЙДА МАЛ БАСЫ КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

Жетісай ауданы тек аграрлық өңір ғана емес. Мұнда мал басы саны да жыл санап артып келеді, деп жазады Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Айталық, бүгінде Жетісай ауданы бойынша ірі қара мал басы 60 мыңға жуықтаған. Былтыр бұл көрсеткіш 58424-ке жетсе, билы оның саны 59968 болып отыр. Яғни, өңірде ірі қара мал басы 1544 басқа көбейген. Оның ...

Толығырақ »

БИЫЛ 200-ДЕН АСТАМ КӨШЕ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

Биылғы жылы Жетісай ауданының ішкі көшелеріне жалпы құны 1 млрд 217 млн 869 мың теңге бағытталған. Бұл қаржыға 200 көшеге орта (асфальт) және ағымдағы (тас төсеу) жөндеуден өтетін болады, деп жазады Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Енді жөндеуден өтетін 200 көше жайында айтатын болсақ. Жетісай ауданында 113 елді мекен ,1 қала, 1 кент бар. Аудан бойынша ...

Толығырақ »

ANTIKOR.LIVE: СЫЙЛЫҚТАРДЫ ҚАБЫЛДАУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАТЫНЫ ТУРАЛЫ

«ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаевтың, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің қалалық департаменті басшысының орынбасары А.Шілмановтың қатысуымен онлайн брифинг өтті. Тікелей эфир барысында Талғар Серікбаев мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес сыйлықтарды қабылдау мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекет болып бағаланатындығын жеткізді. Мемлекеттік қызметші білмей келiп түскен, сондай-ақ ол тиiстi функцияларын атқаруына байланысты ...

Толығырақ »

МӘ! МЫНАҒАН НЕ АЙТАЙЫН?..

Менің әріптесім Зәуре Мирзаходжаева күні кеше imho.com.kz ақпараттық порталына «Имамы қандай болса, жамағаты да сондай» («Каков поп, таков и приход») атты мақаласын жариялап, ол туралы Facebook-тағы өз парақшасында біраз көсіліпті. Бұған көңіл аудармай-ақ айналып өтіп кете салуға да болар еді, дегенмен әңгімені менің атымды атап тұрып бастаған соң, жауапсыз қалдыруға дәтім шыдамады. МЕН НЕ ДЕЙМІН, ЗӘУРЕ ДЕГЕН «ДОМБЫРАМ» НЕ ДЕЙДІ? ...

Толығырақ »

ОБЛЫСТА ҚЫЛМЫС САНЫ ЕДӘУІР ТӨМЕНДЕДІ

Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы бері Түркістан облысында қылмыс саны айтарлықтай төмендеген. Облыстық полиция департаментінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру және алдын алу іс-шараларының нәтижесінде ағымдағы жылдың 3 айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жасалған қылмыстар саны 18,2 %-ға азайған, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Қоғамдық орындарда жасалған қылмыс саны 25,7 пайызға, көшелерде жасалған қылмыстар 26,2 пайызға ...

Толығырақ »

ӘСКЕРИЛЕР ЖАСАҒЫНА ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚОСЫЛДЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов пен Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшысы ерікті сарбаздар қатарында сапқа тұрды. Төтенше жағдайға байланысты әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру жөніндегі Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Түркістан облысында аумақтық әскер жасақталды. Негізгі мақсат — халықтың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау және қамтамасыз ету. Әскери жасақ қатарына ең үздіктер таңдалды. Олар бұрынғы десантшылар, мотоатқышлар, жауынгерлік және саяси дайықтық ...

Толығырақ »

ЕГІН НАУҚАНЫ БІР СӘТКЕ ДЕ ТОҚТАҒАН ЖОҚ

Түркістан облысында еліміздегі төтенше жағдайға қарамастан егін егу науқаны бір сәтке де тоқтаған жоқ. Әсіресе оңтүстік аудан саналатын Жетісай ауданының диқандары бір жерге екінші дақыл егу ісіне кірісіп кетті, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Солардың бірі- Ш.Ділдәбеков ауыл округінде тұратын Рамазан Ходжанов өз иелігіндегі 5 гектар егістік жерінің 2 гектарына ақпан айында ерте пісетін ...

Толығырақ »

ҰСТАЗДАР АЛЛЕЯСЫ ПАЙДА БОЛМАҚ

Түркістан облысы, Кентау қаласында ұстаздар аллеясы пайда болмақ, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Кентау қаласы күннен — күнге ажарланып, көркейіп келеді. Көктем шығысымен шағын шаһардың шырайы кіріп, көше бойларында көркі көз тартар бірнеше гүлзарлар орналастырылған. Орталық көше күрделі жөндеуден өтіп, ішкі орам жолдар да қалыпқа келтірілуде. Алдағы уақытта қала тағы бір нысанмен толықпақ. ...

Толығырақ »

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛАТЫНДАР ЖАҢА САНАТПЕН ТОЛЫҚТЫ

Коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай кезінде ҚР Үкіметі тарапынан халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтармен қамтамасыз ету үшін арнайы заң жобасы қабылданды. Аса мұқтаж азаматтар қатарына көп балалы отбасылар, жұмыссыздар, мүгедектер, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар кіреді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру ...

Толығырақ »

РУХАНИЯТ: ИҚАН ҚАЛАШЫҒЫ

Түркістан қаласы, Иқан ауылының орталығында орналасқан. Х-ХҮ ғғ. қамтиды. Төбеге айналып кеткен Иқанның негізі қашан қаланғаны жөнінде нақты дерек жоқ. Хафиз Тыныш өзінің «Абдулланама» атты еңбегінде Бұхар ханы Абдулла 1582 ж. Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы жорық жасаған кезде Иқанға тоқтап өткенін жазады. ХҮІІІ ғ. өмір сүрген белгілі тарихшы П.И. Рычков «Орынбор губерниясының топографиясы» деген еңбегінде Иқанда 300-ге жуық үй ...

Толығырақ »

САЙРАМ-ӨГЕМ

Сайрам-Өгем МҰТП-і Батыс Тянь-Шанның солтүстік — шығыс бөлігіндегі Өгем, Қаржантау, Қазығұрт және Боралдай тау жоталарында орналасқан. Парк Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы №52 қаулысына сәйкес Түлкібас, Төлеби, Өгем орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелердің қосылу жолымен ұйымдастырылған. Парктің жалпы көлемі 149 037,1 гектар. Соның ішінде: — Өгем филиалында — 76 573 га; — Төлеби филиалында – ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

Мақтаарал ауданы, Атакент кентіндегі N14 колледжінде бастау алған “Жаһандану әлеміндегі жастардың психологиялық денсаулығы” тақырыбындағы семинар-тренинг Мырзакент кентіндегі “С.Рахымов” атындағы жалпы орта мектебінде жалғасты. Облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі секторының, аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу, жастарға психологиялық ...

Толығырақ »