Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2020 (страница 118)

Годовые архивы: 2020

СЫРТ КЕЛБЕТІ ЖАҢАРДЫ

«2020 жыл – Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы» болып жарияланды. Осыған орай, тарихы тереңде жатқан көне шаһардың көркін жаңғырту бағытында бірқатар игі бастамалар қолға алынды. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қаладағы Республика және Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан 41 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері 12 компанияның демеуімен жөндеуден өтті. Барлық үйлердің сырты заман талабына сай мәрмар тастармен қапталды. Ертеректе салынған үйлердің сыртын ...

Толығырақ »

ТӘРТІП ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Қала аумағындағы «Халық банк», «Каспий банк» және «Қазпочта» филиалдарындағы жағдай қалыпты. Қазір бөлімшелерден келушілерге арналған күту орындары дайындалған. Мәселен, Темірлан тас жолы бойындағы «Халық Банк» бөлімшесі алдынан күтушілерге 50 орындық қойылды. Онда сақтық шаралары сақталып, күтушілер арасында арақашықтық сақталған. Ал, А.Асқаров көшесіндегі банк бөлімшесінде адам көп болуына байланысты, клиенттер көлікпен Д.Қонаев көшесіндегі филиалға жеткізілді. Төтенше жағдайға байланысты пандемияның алдын алу ...

Толығырақ »

БАСШЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы болып Албаев Рустам Қуанышбекұлы тағайындалды. Бүгін жаңа басқарма басшысының м.а. таныстырған қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр біліктілігі жоғары және медицина ғылымдарының кандидаты Рустам Қуанышбекұлының алдағы жұмысына сәттілік тілеп, денсаулық сақтау саласының дамуы бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Рустам Қуанышбекұлы 1978 жылы Көкшетау облысы, Зеренді ауданында туған. Нұр-Сұлтан қаласындағы ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ КӨЛІКТЕР МЕН АЗАМАТТАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫН ТІРКЕЙТІН ПОРТАЛ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов айтты. Мақсұт Пернебайұлының айтуынша, төтенше жағдайға байланысты Шымкентте көліктер мен азаматтардың қозғалысына рұқсат беру рәсімін автоматтандыру бойынша арнайы веб-сайт іске қосылған. — Бекітілген қаулыға сәйкес, қалада жаяу жүргіншілерге және көлік құралдарына анықтама арқылы ғана жүруге рұқсат етілген болатын. Алайда аталған жағдай бойынша, қалада жалған анықтама арқылы жүргендер көбейген, ...

Толығырақ »

ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Түркістан облысында «Біз біргеміз» акциясы жалғасын тапты. Қазіргі таңда еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қиын-қыстау сәтте кәсіподақтар халықпен бірге екендіктерін көрсетуде. «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы» ҚБ-нің Түркістан облыстық кәсіподақ филиалына қарасты Шардара аудандық комитеттің төрайымы Бақытгүл Биманова, өз қолымен дайындап, Жетісай – Шардара, Шардара – Келес блокбекетіне және карантинде күн-түн демей, отбасына жете алмай, қызмет ...

Толығырақ »

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚОЛДАУ

Республикалық #БізБіргеміз акциясы аясында SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Шымкент филиалының құрамындағы 34 мекеменің 130 қызметкеріне 5000 теңгелік купон берілді. Купондарды салалық кәсіподақ төрағасы Ерқозы Батырбеков өзі барып жеке-жеке тапсырды. Бұл купондарға медицина қызметкерлері «METRO» сауда орталығынан өздеріне қажет азық-түлік ала алады. Қиын сәтте адам жанына араша түсіп жатқан ақ халатты абзал жандардың еңбегін ескеріп, қолдау білдірген кәсіподаққа өз ...

Толығырақ »

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ҚАШАН?

Қазақстандық оқушылар әдеттегідей 25 мамыр күні жазғы демалысқа шығады, деп жазады Sputnik Қазақстан. Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 4-8 мамыр аралығында бөлім бойынша жиынтық бағалау, ал 18-22 мамыр аралығында тоқсандық жиынтық бағалау болады. 25 мамыр күні барлық оқушылар жазғы демалысқа шығады. Еске сала кетсек, коронавирус пандемиясына байланысты оқушылар төртінші тоқсанды қашықтықтан оқып жатыр. Соңғы тоқсанда оқушылар бөлім ...

Толығырақ »

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ІЗЕТТІ ІС

«Түркістан облысы, Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында Шымкент қаласында 50 отбасыға азық-түлік пен бетперде үлестірді. Акция аясында көп балалы отбасылардың, жалғыз ілікті аналардың тізімі жасақталып, мұқтаж жандарға бірінші кезекте қажетті өнімдер, атап айтсақ, 5 кг күріш, 4 кг макарон, 4 литр май, 2 кг ұн, 1 кг қант, шай, таратылды. Бұған дейін ...

Толығырақ »

ҚОҒАМДЫҚ МОНИТОРИНГТІҢ ҚҰРАЛЫ

«ANTIKOR.LIVE» жобасы аясындағы онлайн брифинг барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бірінші орынбасары Талғар Серікбаев «Ашық бюджеттердің интерактивті картасын»енгізу туралы айтып берді. Т.Серікбаевтың айтуынша осы ресурс арқылы азаматтар бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауға тікелей қатысу мүмкіндігін алады. «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» алғаш рет халық үшін қолжетімді және түсінікті бюджет шығындары туралы маңызды мәліметтерді және қоғамдық бақылаудың тиімді ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ ТӨРАЙЫМЫ ЛЯЗЗАТ ИБРАГИМОВА фейсбук парақшасында ЖУРНАЛИСТЕРДІ тиімді пайызбен ҮЙ АЛУҒА ШАҚЫРДЫ!!!

  Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің клиенттерге арналған 7 қадамын тегін жариялап, бізге қолдау білдірген БАҚ өкілдеріне алғыс-пост: Жас журналистер, ақпараттық агенттік қызметкерлері, телерадиокомпания операторлары, онлайн-БАҚ тілшілері, сіздерге келесідей мүмкіндік бар: 1. Алматыда үйіңіз жоқ болса, бірақ осы қалада жұмыс істеп жүрсеңіз, жаңа салынған немесе қолданыста болған үйлер нарығынан кез келген пәтерді сатып ала аласыз. Негізгі шарттары: — үй бағасы ...

Толығырақ »

ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ӘР АЙНАЛЫМ САЙЫН ЖАСАЛУДА

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» Жарлығы аясында «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов салалық кәсіподақтар басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеген болатын. Осы орайда, «YNTYMAQ» салалық кәсіподақ орта және шағын бизнес саласының жұмыскерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы бойынша филиалының төрағасы Бауыржан Әлтеев кәсіподақ құрамындағы «Shymkent Bus» ...

Толығырақ »

«Alash Pride grand prix» бәйгесі Түркістан қаласында өтті

Спортсүйер қауым көптен күткен «Alash Pride grand prix» бәйгесі Түркістан қаласында өтті. Аламан додаға қала әкімі Рашид Аюпов та арнайы қатысты. Бәйгені тамашалаған Р. Абатұлы өз сөзінде 66 келі салмақта сайысқа түсіп, Алаш прайдтың үздік спортшысы екендігін сақтап қалған қазақстандық Қаршыға Даутбек пен қарсыласы қырғызстандық Тургунали Абдуллаевқа қала әкімдігі тарапынан қаржылай сыйақы берілетінін және спорт саласы басты назарда екендігін айтты. ...

Толығырақ »

Келестік еріктілер көне жерлерге саяхат жасады

Келес ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және аудандық «Jas-Keles Eriktileri» ұйымының волонтерларымен біргелікте ұйымдастыруымен еріктілікті дамытудың 7 бағыты аясында 5 «Асыл мұра» бағытын жандандыру мақсатында және Елбасының «Болашаққа бағдар Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында көне жерлерге саяхат ұйымдастырылды. Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округіне қарасты «Мыңтөбе, Ақтөбе, Күлтөбе, Қаратөбе, Жуантөбе» деп аталатын үлкен ауылдар бар. Бұлар Төбе деп аталуының себебі-ауылдың дәл ...

Толығырақ »

ВОЛЕЙБОЛДАН ҰЛДАР АРАСЫНДА ӨТКЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫНДА ШАРДАРАЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Ақпан айының 20 – 23 күндері аралығында, Түркістан қаласында Ұлы отан соғысының 75 жылдығына орай волейболдан 2003 – 2004 және 2007 – 2008 жылы туылған жасөспірім ұлдар арасындағы 2020 жылғы Түркістан облысы чемпионаты өтті. Облысымыздың түкпір-түкпірінен спортшылар қатысқан сайыста барлық спортшылар өз деңгейінде өнер көрсетіп, бақтарын  сынады. Аталған сайысқа шардаралық воллейболшыларды жаттықтырушылары Айдаров Абжаппар және Мырзабеков Олжас бастап барған болатын. ...

Толығырақ »

Түркістан қаласының әкімі қаланы аралады

Түркістан қаласы басшылығының бүгінгі қаланы аралау жұмыстары орталық «Азиз» базарымен аяқталды. Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде жауын-шашын зардабынан көлшік пайда болып, ары-бері өтуге тұрғындар тарапынан қолайсыздығы жазылған еді. Осы мәселені назарына алған Р. Абатұлы бүгін арнайы барып, базар маңындағы қоқыстар мен қоқысқа, лайға, суға толған арықшаларды «Түркістан жарық-тазалық» мекемесі қызметкерлері үздіксіз тазалап тұруын қатаң ескертті. ⠀ «Тазалық жинаған жерде емес, ...

Толығырақ »

БИЫЛ 15 НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Түркістанда биыл 15 мәдени-әлеуметтік нысан салынып,ел игілігіне беріледі. Олардың 8-і жаңа әкімшілік іскерлік орталықта орналасқан болса, қалғаны рухани-мәдени аймақта бой тіктейді. Нысандар ішінде басқармалар үйі, Конгресс холл, драмма театр, 8 мың орындық стадион мен Атракционды саябақ бар. Бүгінде барлық ғимаратта құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы журналистермен болған баспасөз мәслихатында облысымыздың сәулетшілері мәлімдеді, деп жазады «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі М.Жарылқасынның материалына ...

Толығырақ »

Келесте «Өзге тілдің бәрін біл-өз тіліңді құрметте» шарасы өтті

Келес ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Қошқарата ауылдық округі Мәдениет үйінде 2020 жыл «Волонтер жылы» аясында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Өзге тілдің бәрін біл-өз тіліңді құрметте» атты өзге ұлт өкілдері жастары арасында Абай өлеңдерін жатқа оқу сайысы өтті. Аталмыш сайыста 14 өзге ұлт өкілдері қатысып 5 кезең бойынша бақ сынасты.Нәтижесінде №43 Болашақ жапы орта мектебінің оқушысы Тұрғанбекова Сапаркүл ...

Толығырақ »

ҰСТАЗДАР ҰЛЫ АҚЫНДЫ ДӘРІПТЕДІ

Түркістан қалалық адами капиталды дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен №22 жалпы орта мектебінде балабақша тәрбиешілері «Дархан халықтың дана Абайы» атты қойылымын сахналады. Ақынның өмір жолын бейнелеген тәрбиешілер сахналық шеберліктерін жоғары дәрежеде жеткізе білді, деп жазады «Түркістан» газетінің тілшісі А.Мейрамханқызының материалына сілтеме жасаған didarbek.kz. Елбасымыз Н. Назарбаев «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы ...

Толығырақ »

ТІЛСІЗ ЖАУМЕН КҮРЕС

Өртті алдын-ала болжап білу мүмкін емес. Күнделікті өмірде өрттен жарақат алған немесе газдан уланған не қаза болғандарды естіп, алаңдайтынымыз рас. Міне, сондықтан өрт қауіпсіздігі мен улы газдан уланудың алдын — алу мақсатында аудан көлемінде «Сенбілік» іс-шарасы өтті. Оған департаменттің эілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты С.Досанұлы, ерікті студенттер, «ҚазТрансГазАймақ», жергілікті полиция ...

Толығырақ »

Бас ақын өлеңдері насихатталды

Президентіміз Қасым – Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы аясында Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебінде «Абайды білмек керек, ойлы жасқа» атты тақырыбында әдеби кеш өтті. Кеште алдымен Ұлы ақын Абай Құнанбаевқа арналған бұрыш ашылып, Абай мен әжесі Зеренің арасындағы диалогтан көрініс қойылды. Буккроссинг бұрышы таныстырылды. Әдеби-сазды кеш шымылдығын тіл маманы Майра Жақыпова Абайдың «Татьянаның Онегинге хаты» ...

Толығырақ »

Тарихи-мәдени мұралар: Көкмардан Қалажұрты

Көкмардан Қалажұрты, Б.З. I — Vii Ғғ. Көкмардан ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 5 км жерде, Арыс өзенінің сол жағасында орналасқан. Географиялық координаттары 42Т444709 UTM 4732986. Отырар қалажұртына дейінгі текелей қашықтығы – 20 км, Арыстың қазіргі арнасы мен Шәуілдір ауылынан 7 км. Төбедегі қазба жұмысын 1977, 1978-83 жылдары Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (К.А.Ақышев, К.М.Байпақов) жүргізді. Көк-Марданның қирандылары екі бөліктен, яғни негізгі ...

Толығырақ »

Тарихи-мәдени мұралар: Жалпақтөбе қалажұрты

Жалпақтөбе қалажұрты Түркістан өңірі тұнып тұрған тарихи жәдігерлерге толы. Соның бірі — аты аңызға айналған ортағасырлық қала орны, ұлылар дүниеге келген қасиетті мекен Отырар қаласы. Қазіргі Отырар ауданының Шәуілдір елді мекенінің жанында орналасқан қала және ондағы тарихи жауһарлар жөнінде оқырмандарға мағлұматтар ұсынуды жөн көріп отырмыз. I-XIII ғғ. (археол.). Қоғам ауылынан солтүстік — батысқа қарай 17 км жерде, Отырар төбеден батысқа қарай ...

Толығырақ »

Тарихи-мәдени мұралар: Алтын төбе қалажұрты

Түркістан өңірі тұнып тұрған тарихи жәдігерлерге толы. Соның бірі — аты аңызға айналған ортағасырлық қала орны, ұлылар дүниеге келген қасиетті мекен Отырар қаласы. Қазіргі Отырар ауданының Шәуілдір елді мекенінің жанында орналасқан қала және ондағы тарихи жауһарлар жөнінде оқырмандарға мағлұматтар ұсынуды жөн көріп отырмыз. Бірінші ғасырлары — 11 ғ. (археол.). Қоғам ауылының солтүстік-батысында, 5,5 км жерде орналасқан. Географиялық координаттары 42Т 437102 UTM ...

Толығырақ »

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ҒҰЛАМАСЫ

Есімі дүние жүзіне мәлім болып, ғылыми және мәдени мұралары ғасырлар бойы ардақталып, ұрпақтан–ұрпаққа өтіп келе жатқан ардагер азаматтар тарихта аса көп емес. Тарих жобасында, халықтың рухани қазынасында айтулылардың айтулысы, жүйріктердің жүйрігі ғана мәңгілік. Мың жылдан артық уақыт өтсе де, аты ауыздан-ауызға жатталып, еңбектері уақыттың, мезгілдің қатыгез сынынан мүдірмей өткен тарих перзенттерінің бірі – Әбу Насыр Әл – Фараби. Ол Отырар ...

Толығырақ »

АБАЙ ӘНДЕРІ ШЫРҚАЛДЫ

Биыл Бас ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орй, еліміздің барлық өңірлерінде түрлі шаралар өткізіліп, ақын мұралары кеінен насихатталуда. Жамбыл атындағы жалпы орта мектепте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ халқының Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толу қарсаңына «Абайды білмек керек, ойлы жасқа » тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің аралығында онкүндік іс-шара өткізілді. Онкүндік барысында «Асыл ...

Толығырақ »