Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2020 » Февраль (страница 9)

Месячные архивы: Февраль 2020

ЖЕТІСАЙ: КӨКТӨБЕДЕ ЗАМАНАУИ БАЛАБАҚША БОЙ КӨТЕРДІ

Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев Ж.Ералиев ауылдық округіне қарасты Көктөбе ауылында құрылысы аяқталу алдында тұрған заманауи жаңа балабақшаның дайындық жұмыстарымен танысты, деп жазады Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. 100 балаға есептелген зәулім ғимаратты ауыл ақсақалы Төреқұл Анарбеков өз қаржысына салған. Бүгінде балабақшаға айналып отырған ат шаптырым аймақ бұған дейін ауыл балаларының ойын алаңшасы болған. Оны да Төреқұл ...

Толығырақ »

ЖЕТІСАЙДА БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ АВТОМАТТАНДЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Жетісайда білім беру саласы автоматтандырылып жатыр, деп жазады Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Елдің ертеңгі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны, әлемдік озық ой-пікірлермен ұштастырған сапалы білім мен саналы тәрбие беру қажет. Бұл бағытта Жетісай аудандық білім бөлімінде атқарылып отырған игілікті істер аз емес. Негізгі мақсаты – білім беру ...

Толығырақ »

ЖЕТІСАЙДА ЫҢҒАЙЛАСТЫРЫЛҒАН МЕКТЕП БОЛМАЙДЫ

Жетісайдағы  жалпы орта мектептерде оқитын оқушылардың білім сапасын арттырып, әлемдік деңгейге көтеру мақсатында аудан әкімдігінің бастамасымен бұрынғы ыңғайластырылған ескі ғимараттар типтік үлгідегі заманауи білім ұяларымен алмастырылып жатыр, деп жазады деп жазады Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Бүгінде қолданысқа беріліп жатқан типтік үлгідегі мектептер заман талабына сай құрал-жабдықтармен де толық жабдықталған. Мәселен, жаңа мектептерде оқушылардың сапалы білім алулары ...

Толығырақ »

КӨМЕККЕ МҰҚТАЖ ОТБАСЫ ЕНДІ ЖЫЛЫЖАЙ ІСІМЕН АЙНАЛЫСАТЫН БОЛАДЫ

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, Жетісай ауданы әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев аудан тұрғындарына жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізген болатын. Қабылдауға материалдық көмек сұрай келген Жетісай ауданы, Абай ауылдық округіне қарасты «Халықтар достығы» елді мекенінің тұрғыны Самира Фарзалиева мүгедектігін ІІІ топтан ІІ топқа өткізуге қолұшын созып, жергілікті билік тарапынан әлеуметтік көмек беруін өтінген еді. Аталмыш азаматшаның өтінішіне орай жай-күйімен ...

Толығырақ »

Түркістан қаласында темір жол вокзалы алдындағы аллеяны абаттандыру жұмыстары басталды ⠀

Түркістан қаласының әкімдігі қаладағы теміржол вокзалы алдындағы аллеяға абаттандыру жұмыстарының басталғанын хабарлап, тұрғындар мен қала қонақтарының назарына нысанның болашақ көрінісін ұсынды. Абаттандыру жұмыстарының барысында аяқжол төсеу, жарық көздерін, орындықтар мен қоқыс жәшігін орнату, кіші архитектуралық пішіндер қою жоспарланған. Сонымен қатар, су ұңғымасы қазылып, декоративті ағаш көшеттері отырғызылады және газон егіледі. Алдағы уақытта, темір жол вокзалының ішкі жүйесі де заманауи талапқа ...

Толығырақ »

Түркістан: ауданаралық күре жолдар жөнделеді

Облыс орталығы Түркістанда былтыр 100 көше жолдары абаттандырлса, биыл да 100 ге тарта көшелер жаңаланбақ. Өңірде  аудандаралық  күре жолдары күрделі және орта жөндеуден өтетін болды, , деп жазады  «Отырар» телеарнасының тілшісі Ш.Оразованың материалына сілтеме жасаған didarbek.kz. Былтыр Түркістан облысында республикалық маңызы бар жолдарды жөндеуге 51 млрд. теңге жұмсалған. Ол қаржыға 716 нысан, 1 мың 738 шақырым жол жөнделіпті. Шардара бағытындағы шұрқ ...

Толығырақ »

ЖЕТІСАЙДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ

Жетісай ауданы Жетісай қаласының спорт кешенінде үстел теннисінен 2002 жылы туылған және одан төмен жасөспірімдер арасында Түркістан облысының чемпионаты басталды. Байрақты бәсекенің ашылу салтанатына аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев пен спорт майталмандары қатысты, деп жазады Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. «Спорт – денсаулық кепілі. Бұл салаға бүгінде мемлекет басшысынан бастап үлкен көңіл бөлінуде. Бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір ...

Толығырақ »

СЕМИНАРДЫҢ МАҚСАТЫ – СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ

Жасөспірімдердің арасында өзіне қол жұмсау (суицидтік) әрекеттердің артуы айтарлықтай мәселеге айналып отыр. Осы бағытта Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кәсіби дамыту институты мамандарының ұйымдастыруымен тренинг өтті, деп жазады «Түркістан» газетінің тілшісі А.Мейрамханқызының мақаласына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Ауқымды шараның мақсаты жасөспірімдер арасындағы өзіне қол жұмсау әрекеттерінің алдын алу, психологтарды апробациядан өткізілген тәжірибелік әдістемелермен таныстыру. Университет ректоры Болатбек Абдрасиловтың ...

Толығырақ »

АРЫС ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІН ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, қала әкімдігінің мәжіліс залында, Арыс қаласында 2019 жылдың әлеуметтік — экономикалық дамуының қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстардың есебінің кезекті жиыны өтті, деп жазады Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Жиынды қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаев ашып, жүргізіп отырды. Қала әкімі Қадырбек Мұрат Болатұлы қала тұрғындарының алдында 2019 жылы атқарылған жұмыстардың есебі бойынша баяндама жасап, 2020 жылы ...

Толығырақ »

ЖЕТІСАЙДА «ИНВАТАКСИ» МЕН «ӘЛЕУМЕТТІК ТАКСИ» ҚЫЗМЕТІ ДҰРЫС ЖОЛҒА ҚОЙЫЛҒАН

Жетісай ауданында бүгінде мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мақсатында «Инватакси» және «Әлеуметтік такси» қызметтерінің сапасы жақсарған. Жетісай ауданында қоларбада отыратын мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамдық және емдік-сауықтыру орындарына еркін барып келулері үшін «Инватакси» қызметі дұрыс жолға қойылған. Бүгінгі таңда ауданда 3 инватакси автокөлігі жолға қойылған және онда 2 диспетчерлік кезекші, 1 медициналық дәрігер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың көлікке мініп-түсулеріне ...

Толығырақ »

Көмір жағып қиналған кентаулықтар жуырда көгілдір отынмен қамтылмақ

Көмір жағып қиналған кентаулықтар жуырда көгілдір отынмен қамтылмақ, деп жазады  «Отырар» телеарнасының тілшісі Ш.Оразованың материалына сілтеме жасаған didarbek.kz. «Кентаудағы  тозығы жеткен «ТЭЦ-5»- жылу орталығын  қайта салуға 40 млрд. теңге қажет етеді. Біз  қажетті есепті жүргіздік. Егер де биыл кеншілер қаласы табиғи газбен қамтылатын болса, онда әрбір үйге  жеке шағын қазандықты  орнатуды жоспарлаудамыз. Бұл жоба 9 млрд. теңгені талап етеді. Қалалықтар көгілдір ...

Толығырақ »

ЖЕТІСАЙ: ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА ОҢ НӘТИЖЕЛЕР БАР

Оңалту орталығы сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын өткізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы жан-жақты көмек көрсетуде. Жетісай ауданындағы мүгедек балаларды оңалту орталықтарында бүлдіршіндердің денсаулығында оң өзгерістер бар. Өйткені, «әлеуметтік» ұғымымен қорғау, көмек, қызмет, оңалту, ортаға әсер ету, паналау орны, диагноз, қолдау, педагогика қызметкер секілді қоғам өмірінде болып жатқан мәселелерге атүсті қарамай, мемлекетіміздің әрбір көмекке зәру жандарына қол ұшын ...

Толығырақ »

ЖЕТІСАЙ: БАҚ ӨКІЛДЕРІ БАС ҚОСТЫ

Жетісай ауданы әкімінің идеология жөніндегі орынбасары Мақсат Жанұзақұлы Жолдасбеков аудандағы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті. Кездесуде бүгінде елдің игілігіне атқарылып жатқан ілкімді істердің барысы айтылып, алдағы атқарылар жұмыстардың жоспарлары талқыланды. Жұмыс барысында жіберілген бірқатар кемшіліктер мен қолбайлау болған мәселелер де қаламгерлердің назарынан тыс қалмады. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz хабарлайды. Жиын барысында «7 сыр» Республикалық ...

Толығырақ »

Түркістан облысында электробустар шығаратын зауыт салынбақ

Түркістан облысында электр қуатымен жүретін автобустарды жасайтын зауыт салынбақ. Өңірдегі  жолаушылар тасымалымен айналысатын 44 көлік компаниясының меншігіндегі 1300 қоғамдық көліктің  көпшілігі ескірген, деп жазады  «Отырар» телеарнасының тілшісі Ш.Оразованың материалына сілтеме жасаған didarbek.kz. «Қоғамдық көліктерді жаңалауға тапсырма берілді. Түркістандағы жалғыз тасымалдаушы былтырдың өзінде 20 жаңа  көлік сатып алды, биыл тағы да бірнеше автобустар сатып алмақшы. Бұған қосымшалар біз алматылық  компаниямен келісіп, электр ...

Толығырақ »

ЖЕТІСАЙ: ЖАМАНТАЙ БЕЙСЕНБАЕВТЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

Жұртшылық арасында «Жер жәннаты» атанған Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев жылды қорытындылады. Өткен жылы атқарған жұмыстарының есебін беріп, алдағы атқарылар міндеттерге тоқталды, деп жазады Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Аудан басшысының ел алдындағы қорытынды есептік жиналысына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мырзалиев Мейіржан Иябайұлы мен бірқатар басқармалардың, қаржылық ұйымдардың басшылары, зиялы қауым өкілдері мен жергілікті тұрғындар қатысты. Өткен ...

Толығырақ »

ЖЕТІСАЙ: ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ ҚАМҚОРЛЫҚ КӨРСЕТУДЕ

Бүгінде Түркістан облысының барлық аудан-қалаларында жүргізіліп жатқан “ҚАМҚОРЛЫҚ” шарасы Жетісай ауданына қарасты кент, ауылдық округтерде жалғасын тауып келеді. Бүгін аудандық мәслихат хатшысы Әлихан Утановтың демеушілігімен Асықата кентіндегі әлеуметтік қолдауды қажет ететін аз қамтылған отбасылардың шаңырағына қайырымдылық жасалды, деп жазады Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Негізгі мақсаты елдегі әлжуаз отбасылар санатына жататын әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға қолұшын созып, оларға ...

Толығырақ »

АРДАГЕРГЕ ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Ұлы Отан соғысының ардагері Жұмағұлов Рсметке Ленгір қаласының 1 мөлтек ауданында 2 бөлмелі үйдің кілті табысталды. Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев, аудан әкімі Бауыржан Омарбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев майдангерді жаңа баспанасымен құттықтап, арнайы сыйлықтарды табыстады. 99 жастағы ардагер бұған дейін Ленгір қаласы, С.Сәулембаев ...

Толығырақ »

ЖЕТІСАЙДА ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІ ӨЗ ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ

Жетісайда тұрғын үй мәселесі өз шешімін тауып келеді, деп жазады Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Жетісай ауданының құрылыс саласына 4,8 млрд теңге қаралып, өткен жылы 2 мектеп қолданысқа берілсе, тағы 7 мектеп пен 2 тұрғын үй ағымдағы жылға өтпелі. Аталмыш салаға биылғы жылы тағы 842,4 млн теңге қарастырылып, қосымша 4 тұрғын үйдің құрылысын бастау көзделіп отыр. Сонымен ...

Толығырақ »

Түркістан қаласының әкімі мен жауапты мамандар қалада салынып жатқан біршама нысандарды аралады

Түркістан  қаласының әкімі  мен жауапты мамандар қалада салынып жатқан біршама нысандарды аралады, деп жазады Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Әкімшілік-іскерлік орталықтағы 2019 жылдың тамызында басталған 24 жеті қабатты және осы жылдың қаңтарында басталған 39 он екі қабатты тұрғын үйлердің құрылысын бақылады. 25 шақты мердігерлік мекеменің жұмысына бірқатар ескертпе айтып, құрылысты сапалы әрі уақытылы жасауды тапсырды. Б. Саттарханов ...

Толығырақ »

КЕДЕН БЕКЕТТЕРІНІҢ АУМАҒЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Облыстық Үйлестіру кеңесінің отырысында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында «Жібек жолы» кеден бекетінің маңында құқық қорғау мекеме басшыларының қатысуымен кездесу жиыны өтті, деп жазады Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Жиын барысында аудан басшысы бірқатар мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріп, алдағы уақытта кеден бекеттерінің аумағындағы қоғамдық тәртіп қатаң бақылауда болу қажеттігін ескертті. Сарыағаш ауданы көрші Өзбекстан Республикасымен шекаралас аймақта орналасқандықтан ...

Толығырақ »

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ КӨШ БАСТАДЫ

Түркістан облысы оқушыларының еңбегі ғылыми жобалар сайысының қорытындысы бойынша үздік үштікке енді. Түркістан Алматы мен Павлодар облыстарымен бірге білім саласы бойынша алғашқы үштіктер қатарын толықтырды. Білім додасында Түркістан облысының 46 оқушысы бақ сынап, 22-сі жүлделі орындарға ие болды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz хабарлайды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы Алматы қаласындағы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мемлекет басшысының келісіміне сәйкес, ҚР Бас Прокурорының бұйрығымен Түркістан облысының прокуроры қызметіне Алиханов Марат Тілеуқабылұлы тағайындалды. Өңір активіне Түркістан облысының жаңа прокурорын ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Берік Асылов таныстырды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz хабарлайды. Марат Алиханов бұрынғы Целиноград облысының Есіл қаласында 1965 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. ...

Толығырақ »

АУЫР ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАРҒА ЗАЛАЛ КЕЛТІРУДЕ

Түркістан облысында ауыр салмақты жүк көліктерінің кесірінен тас жолдардың 300 шақырымы жарамсыз күйге түскен. Өңірде облыстық маңызы бар 1067 шақырым жолда жүк көліктеріне жүруге рұқсат етілген. Күн тәртібінде қаралған осы және өзге де мәселелер облыс әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхаметовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде баяндалды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz хабарлайды. Жолға зақым келмеуі үшін ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасында өткен жылы 752 нысанныңқұрылыс-монтаждау жұмыстарын бастауға хабарламалар тіркелген. Оның ішінде 445 нысан бюджет қаражаты есебінен, 307 нысан жеке кәсіпкерлік қаражаты есебінен салынуда. Басқарма өңірдегі құрылыстардың сапасына бақылау жасайды. Әсіресе, облыс орталығы Түркістан қаласындағы барлық жаңа ғимараттардың құрылыс нормаларына сай болуы қатаң бақылауда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖАСӨСПІРІМДЕР СУИЦИДІНІҢ АЛДЫН АЛУДА ОҢ НӘТИЖЕЛЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Облыс басшылығы жасөспірімдер мен балалар арасындағы суицидті азайту бойынша нақты қадамдарға барды. Атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде Түркістан облысында былтыр балалар арасындағы суицид көрсеткіші 32%-ға азайған. Осындай пікірмен білікті мамандар Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-інде басталған 76 сағаттық тәжірибеге бағытталған пилоттық жоба аясында басталған курс барысында бөлісті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz хабарлайды. Жасөспірімдер арасындағы өзіне ...

Толығырақ »