Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2020 » Май (страница 12)

Месячные архивы: Май 2020

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

Бүгін «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында тікелей эфирде  Шымкент қаласы ішкі аудит департаментінің басшысының орынбасары Тастемір Ұланбек Қуанышбекұлы онлайн сұхбат берді. Спикер сұхбат барысында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруережелеріне енгізілген өзгерістер жөнінде біршама баяндады. Ережеге 2019 жылдың 5-мамырында өзгерістер енгізіліп, 1-шілдесінен бастап күшіне енді. Атап айтқанда, қаржылық тұрақтылық принципі көрсетіліп отыр. Бұл әлеуметтік өнім беруші мемлекеттік сатып алу конкурсына өз өтінішін ұсыну ...

Толығырақ »

«SHYMKENT» ӘКК АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«SHYMKENT» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Акционерлік Қоғамы басқарма төрағасы тағайындалды. Директорлар кеңесінің шешімімен Басқарма Төрағасы болып Бауыржан Тоқболатұлы Канкин тағайындалды. Канкин Бауыржан 1987 жылы 23 маусым күні Павлодар облысы Екібастұз қаласында дүниеге келген. Экономика бакалавры, «Master of Business Administration» іскерлік әкімшілік магистрі. Еңбек жолын 2007 жылы «ABN AMRO Bank» / «Royal Bank of Scotland» Акционерлік Қоғамы операциялық департаментінің маманы қызметінен бастады. «Deloitte» ...

Толығырақ »

ЕҢБЕК ШАРТЫ — СІЗДІҢ БАСТЫ ҚҰЖАТЫҢЫЗ

Шымкент қаласының еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасына төтенше жағдай кезінде азаматтардан 63 өтініш түскен. Оның ішінде, еңбек қатынасы бойынша – 42, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 19, халықты жұмыспен қамту бойынша – 2 шағым. Мемлекеттік еңбек инспекторлары тарапынан төтенше жағдай және карантин шараларын қамтамасыз ету жөніндегі жедел топ құрылып, бірқатар жұмыстарды атқарды, деп жазады қалалық «Шымкент келбеті» газетінің ...

Толығырақ »

КӨРКЕМ МІНЕЗДІ КӨРКЕМ СӨЗ ШЕБЕРІ

ХХІ ғасыр ақпараттар ағынының толассыз дамып, ғылым мен техниканың асқан жылдамдықпен өсіп-өркендеген ғасыры деп айтып жүргенімізге де біршама уақыт болды. Қазіргі қоғамның, қоғамның ғана емес бүкіл адамзаттың алдында тұрған күрделі мәселе – адами құндылықтардың әлсіреп, материалдық құндылықтардың өсіп бара жатқандығы. Сөз өнерінің қыр-сырын қопара қарастырған академик З.Қабдолов: «Әдебиет адамдарға өмірді танытып қана қоймайды, олардың сол өмірге көзқарасын қалыптастырады, мінез-құлқына ықпал ...

Толығырақ »

ДҰРЫС ДЕРЕККӨЗДЕРДІ ПАЙДАЛАНАЙЫҚ

Бүгінгі таңда әлем халқының екіден бірі Facebook, Twitter, Bkонтакте, Whatsapp сияқты әлеуметтік желілерде түрлі бағыттағы материалдарды пайдаланып отырады. Дінге құштарлығы бар азаматтар діни мәліметтерді үйренемін деп намаз, ораза, басқа да діни мәліметтермен танысу мақсатында қолданып, кейде теріс діни бағыттағы ақпараттарды қабылдап соңында көптеген қиыншылықтарға ұшырайды. Бүкіл әлемнің саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және рухани жағдайына ықпал етіп отырған діни экстремизм мен ...

Толығырақ »

БІЛІМСІЗДІК – ЭКСТРЕМИЗМГЕ БАСТАЙТЫН ЖОЛ

Дін – қай кезде болмасын өзектілігін жоймаған тақырып. Себебі ойлануға қабілетті кез келген адам баласы өмірінің белгілі бір этаптарында өзіне «Мен қайдан келдім?», «Не үшін келдім?», «Қайда барамын?» деген сияқты рухани сұрақтарды қоя бастайды. Яғни адам баласының биологиялық тұрғыда қарны ашқаны секілді рухани да қарны ашады. Демек жоғарыда біз келтірген сұрақтарда тұрған ешқандай проблема жоқ. Адамның өзін-өзі іздеп, рухани кеңістігін ...

Толығырақ »

ДІНДІ ӨЗ МАҚСАТЫНА ПАЙДАЛАНУ

Бүгінгі таңда діни экстремизм мен терроризм сөздерін естімеген адам жоқтың қасы. Жарық көрген еңбектер мен  ғаламтор  беттерінен шет елдердегі және Қазақстандағы діни ахуал соның ішінде діни экстремизм мен терроризм тақырыптарына қатысты мағлұматтар жетерлік. Бұл аталған мәселенің әлемдік деңгейде орын алып отырғандығы белгілі. Қазақстан әлем елдеріне көптеген дін өкілдерінің бейбіт өмір сүріп және конфессияаралық келісім моделін қалыптастырған мемлекет ретінде танылып отыр. ...

Толығырақ »

ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ ДӘРІПТЕУ

Қазақстан мемлекеті егемендігін алып, мемлекеттік рәміздерін айқындаған, шекарасын бекемдеген ел. Қазақ ұлтының дәстүрлі рухани құндылықтарын жас ұрпаққа жеткізу — әр азаматтың қасиетті борышы. Дәстүрлі ислам діні қазақ даласында ең алғаш Қарахан мемлекеті мемлекеттік дін деп жариялаған. Содан бастап ұлан байтақ атырапта ислам дінін  ұстанып келеді. Ислам сөзі «бейбітшілік, тыныштық, амандық» деген мағынаны білдіреді. Қазақ елі үшін ұлттық құндылықтарды салт-сана, тіл ...

Толығырақ »

ҰЛТ ЖӘНЕ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ

Ұлт зиялысының тарихы мен тағдыры, қоғамдағы орны мен міндеті төңірегіндегі алуан пікір, ғылыми зерттеулердегі қилы – қилы байлам тұжырым бар арнаға сыймайтыны бүгінгі күннің ғана ақиқаты емес, ғасырлардан бері желісі үзілмей келе жатқан үдеріс. Ұрпақ тәрбиесі қай уақытта болсын күн тәртібінен түспеген  мәселелердің бірі де бірегейі десек, артық айтқандық болмас еді. Бұл мәселе қазіргі күні де айрықша мәнге ие. XXI ...

Толығырақ »

ОРАЗА АЙТ МЕЙРАМЫНА ҚАТЫСТЫ ҚМДБ МӘЛІМДЕМЕСІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының биылғы төтенше жағдайға байланысты ораза айт мейрамын өткізу туралы МӘЛІМДЕМЕСІ  Аса Рақымды ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймыз! Құрметті отандастар, қадірменді жамағат! Мұсылман қауымының ұлық мерекесі Ораза айт мейрамымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз. Ораза айт мерекесі – бір ай бойы шынайы ықыласпен ораза ұстап, әр күнін жақсылық жасаумен өткізген адамның құрметке, марапатқа ие болатын кезі. Алла Тағала ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ 2 700-ДЕН АСА ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСУДЕ

Шымкент қаласында коронавирус індетімен күресте 26 емдеу мекемесінде жалпы 2 764 медицина қызметкері жұмыс істейді. Білікті мамандардан жасақталған дәрігерлер жұқпалы аурулар ауруханасы, карантиндік стационарлар, жедел жәрдем станциясы, емханалар мен зертханалық орталықтарда тынымсыз еңбек етуде. Медицина мамандары алғашқы күннен бастап науқастарға қолдан келген көмегін жасауда. Тіпті наурыздан бері үйлеріне бармаған дәрігерлер бар. Ақ халатты абзал жандар күнделікті дертпен бетпе-бет келіп, эпидемиялогиялық ...

Толығырақ »

КАРАНТИН МЕРЗІМІНДЕ ЖАЛАҚЫЛАРЫ ТОЛЫҚ ТӨЛЕНУДЕ

Шымкент қалалық білім басқармасы басшысы Жанат Тәжиева БАҚ-мен брифинг өткізді. Тілші қауымы қатысқан жиында басқарма басшысы көптің көкейінде жүрген көптеген сұрақтарға рет-ретімен жауап беруге тырысты. Алдымен мектепке дейінгі ұйымдардың алдағы ахуалы жайында әңгіме өрбіткен Ж.Арысбекқызы ағымдағы жылдың 18-20 мамыр аралығында коронавирустық инфекциясының 485 оқиғасының тіркелуіне байланысты Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің шешіміне сәйкес карантин мерзімі ұзартылуы мүмкін, – деді. Қазақстан Республикасы ...

Толығырақ »

БИЫЛ 6041 БАЛА ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ЛАГЕРЛЕРІНЕ БАРАДЫ

Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиева БАҚм-мен өткізілген брифингте әсіресе, биылғы жылғы демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және оларды жұмыспен қамтылуы аясындағы жұмыстардың жүргізіліп жатқанын ақпарат майталмандарын құлағдар етті. Ж.Арысбекқызының айтуынша, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 21)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 ақпандағы №255 Қаулысынының 1-тармақшасында көрсетілген санаттағы балаларға жазғы демалыс лагерлеріне ...

Толығырақ »

БІЛІКТІЛІК ТЕСТІЛЕУДЕН ӨТКІЗУ ЖОСПАРЛАНУДА

Бүгін БАҚ-мен өткізілген брифингте Педагог қызметкерлердің аттестациясы туралы әңгіме де қалыс қалмады. Басқарма басшысы мұғалімдер аттестациясының әу-жайын қаламгерлерге мейлінше түсіндіріп өтті.  Жанат Тәжиеваның айтуынша, ҚР заңнамасына сәйкес педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар бес жылда бір рет аттестациядан өтуге міндетті дейді. Сонымен қатар, мерзімінен бұрын да аттестациядан өтуге болады. Оған қоса, жалпы орта білім және арнайы білім беру ұйымдарының, техникалық ...

Толығырақ »

ЗАҚЫМДАНҒАН 5 ҮЙ ҚАЙТА САЛЫНАДЫ

Шымкент қаласындағы Елтай тұрғын алабында «Шымкент қайырымды қала» әлеуметтік қорынан 5 үй салынатын болады. Құрылыс жұмыстарына қордан қажетті қаржы бөлініп отыр. Бұл туралы бүгін қала әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев аталған елдімекеннің тұрғындарымен кездесу барысында мәлім етті, деп жазады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. – Әлеуметтік қордан бүгінгі таңда тиісті қаражат бөлінген. Осы аптаның соңында құрылыс жұмыстары басталатын ...

Толығырақ »

ЖАС БУЫН ЕРІКТІЛЕР ЕЛМЕН БІРГЕ

 Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында орын алған су апатында жедел түрде әр өңірден еріктілерден құралған үйсіз — жайсыз қалған тұрғындарға жәрдемдесу мақсатында «Біргеміз Мақтарал» еріктілер штабы құрылған болатын. Қазіргі таңда жағдай тұрақталып, зардап шеккен ауыл тұрғындары қажеттіліктермен толық қамтамасыз етілуде. Төтенше жағдай орын алған күннен бастап, күн-түн демей еңбектенді. Осындай сын сағатта жұмыла еңбектенген волонтер жастар Штаб басшылығының алғыс хаттарымен марапатталуда. ...

Толығырақ »

ӨЗЕН-КӨЛДЕРДЕ ШОМЫЛУ ҚАУІПСІЗ БЕ?

Шомылу маусымы жақындап келеді, алайда қаладағы өзен-көлдерде қауіпсіздік талаптары қаншалықты сақталған Арнайы құтқарушы топ, су айдынына демалуға келген халықты оқыс оқиғалардан құтқаруға қаншалықты дайын? Құтқару тобының маторлы қайықтары жеткілікті ме? Бұл туралы «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Ө.Мырзабектің материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz хабарлайды. Бұл тоғыс су қоймасы, мұнда адамдар шілденің шіліңгір ыстығында келіп суға шомылып демалады. Алайда су қоймасы өте тереңдікте болғасын ...

Толығырақ »

ПАРТИЯ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбектің бұйрығымен Шымкент қалалық филиалы төрағасы М.Әйтеновтің келісімімен Мұратәлі Оразалыұлы Қалмұратов «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Мұратәлі Қалмұратов 1977 жылдың 12 тамызында Сайрам ауданы, Кепе сарай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы: заңгер, экономист. Еңбек жолын 2000 жылы ОҚО ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институтының заңгері болып бастаған. 2004 – 2015 ...

Толығырақ »

ШОМЫЛУ НАУҚАНЫ БАСТАЛЫП КЕЛЕДІ

Шымкент қаласы Қаратау аудандық ТЖД шомылу маусымына орай, және балалардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында сақтық шараларын пысықтады. Шомылу маусымы жақындап келеді, сондықтан азаматтардың қауіпсіздігін алдын-алу мақсатында халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізуіміз қажет, дейді төтеншеліктер. Шомылу науқаны басталып келеді.  Осы орайда әрбір адам жеке басын сақтап өзінеде өзгеге де алғашқы көмек көрсете алғаны абзал. Шара барысында төтеншеліктер суға батып бара жатқан адамдарды қалай ...

Толығырақ »

«ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫНА» ҚАТЫСЫҢЫЗДАР!

Шымкент қаласының Жұмыспен қамту орталығы 29 жасқа дейінгі, техникалық, кәсіби орта арнаулы оқу орындарын бітірген, жоғары білім алған және жоғары білімді жетілдірген, оқу орнын соңғы үш жыл аралығында бітірген жас буын өкілдерін «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында қазіргі таңда еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша алғашқы еңбек тәжірибесінен өтуге шақырады. Бағдарлама аясындағы жұмыс мерзімі 6 айға жалғасады. Аталған бағдарламаны қаржыландыру республикалық ...

Толығырақ »

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

Бүгін Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваның қатысуымен баспасөз брифингі өтті. Аталған басқарманың ғимаратында өткен брифингте коронавирус инфекциясына байланысты түлектердің мектеп бітіру іс-шаралары кезіндегі өзгерістер жайлы айтылды. Одан бөлек, ұлттық бірыңғай тестілеу барысы да сөз болды. Қаламызда биылғы мектеп бітірушілерге аттестат тапсыру салтанаты 3-4 маусым күндері мектеп аумағындағы ашық аспан астында ұйымдастырылады. Бұл рәсімге түлектер мектеп формасында қатысып, өзімен ...

Толығырақ »

ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАНДАР ДАСТАРХАН ЖАЙДЫ

Жетісай ауданының тұрғындары Мақтаарал ауданыңда жұмыс істеп жүрген құрылысшыларға арнайы қайырымдылық дастарханын жайды. Нақтырақ айтқанда, қайырымды жандар Мырзакент кентінде жаңадан бой көтеріп жатқан елдімекенге үлес қосып жатқан 50-ден астам азаматқа арнап палау басты. Ораза кезінде он шақты азамат бірігіп, құрылыс басында жүрген жандардың ризашылығын алуға ниет еткендерін айтады жетісайлық ағайындар. «Мақтаарал мен Жетісай аудандары ауылы аралас, қойлары қоралас аймақтар. Топан ...

Толығырақ »

1000 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ

Бүгін Шымкентте «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында «Nur Otan» партиясының белсенді мүшелерінің демеушілігімен қайырымдылық шарасы өткізілді. Бұл акция Қасиетті Рамазан айындағы Ораза айт мерекесі қарсаңында халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын қолдау мақсатында өткізіліп отыр. Шара аясында Шымкенттегі 1000-ға жуық мұқтаж отбасыға азық-түлік жиынтықтарымен көмек көрсетілді. Көмек аудан әкімдіктері тарапынан жасақталған аз қамтылған отбасылар тізімі бойынша берілуде. Ол тізімде көпбалалы аналар, ...

Толығырақ »

ЗЕРТХАНА ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына қарасты ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық базасындағы зертхана тәулік бойы жұмыс істейді. Мұнда медицина мамандары 24 сағат бойы полимеразды тізбектік реакция әдісімен коронавирус инфекциясына тексеру жүргізеді. Орталықта COVID-19 инфекциясына күдікті науқастарға және олармен байланысты болған азаматтарға, сырттан келген жолаушыларға сынды арнайы топтағы тұлғаларға зертханалық тексеру ұйымдастырылған. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты, халыққа зертханалық ...

Толығырақ »

ҚАЛА ӘКІМІ САУДА ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы базарлардың санитарлық тазалығы мен өртке қарсы талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында бірқатар базарлардың жұмысымен танысты, деп жазады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Қала басшысы ең алдымен автобөлшектер саудалайтын «Шымкент-Тұлпар» базарында болды. Заманауи үлгіде бой көтерген ірі сауда орнында қауіпсіздік жүйесі талапқа сай орнатылған. Тұтынушылар мен сатушыларға таза, ыңғайлы жағдай жасалған ірі сауда орталығының ...

Толығырақ »