Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары (страница 67)

Ауыл жаңалықтары

ҰОС АРДАГЕРІ: ИСА ТЕЛІКБАЙ

ҰОС Ардагері — Телікбай Иса Телікбайұлы! Телікбайұлы Иса атамыз, 1922 жылы 25 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Жұма ауылында дүниеге келген. Әке — шешеден 7 — 8 жасында жетім қалып, Тұрбат ауылында ашылған жетім балаларды тәрбиелейтін үйде 1933 жылға дейін тәрбиеленді. 1942 жылдың мамырына дейін нағашыларының қолында тәрбиеленіп, Ұлы Отан соғысына өзі қатарлы жолдастарымен аттанды. Қайда кетіп, қайда бара жатқандарын білмейді. ...

Толығырақ »

ЖАҚСЫ БАРЛАУ – ЖЕҢІСТІҢ КЕПІЛІ

Жеңіс. Осы сөздің мәнін, қадірін, қасиетін өмір мен өлімге бетпе-бет тура келіп қан майданға қатысқандардардан артық түсінетін жан болуы мүмкін емес. Мен келін болып түскен әулеттен бір үйден әкесі Бұғышиев Сарсенбай мен баласы Сарсенбаев Айбек екеуі майданға аттанған. Ұлы Жеңісті көздерімен көріп, Берлиннен 1949 жылы екеуі де туған топыраққа аман-есен оралған. Сарсенбай атаны көзім көрген емес, ал Айбек атамыз Катюшаны ...

Толығырақ »

«ЖЕҢІС ЕСІМДЕРІ» АКЦИЯСЫ

АСҚАРОВ ӘБДІҒАПБАР– 1923 жылдың 10 қыркүйегінде ОҚО, Түлкібас ауданы, Қызылжар ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына 1942 жылы маусым айында осы Қызылжар елдімекенінен досы әрі ауылдасы Асайын Рахматуллаев екеуі аттанған. Олар Сталинград майданына түсіп, 34-атқыштар полкінде болған. Сондай-ақ күздің қарасуығында Есенткуи қаласында, Орел-Курскіде шайқасқан. «Дон өзенінің сол жақ жотасында соғыстық. Неміс ұшақтары кезек-кезек бомба тастаумен болды. Окопта қирандылардың үстінде, бомбаның астында ...

Толығырақ »

ЖЕҢІСПЕН ОРАЛҒАН АРДАГЕР

Сарамсаков Ғани — 1922 жылы 3 қыркүйекте дүниеге келген. Майданға 1941 жылдың 17-ші қарашасында аттанып, ІІІ–Украина майданында 519-шы атқыштар полкінде қызмет еткен. Румыня, Венгрия, Югославия елдерін азат етуге қатысып, ІІ-дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орден, медальдарымен марапатталған. Жеңістен кейін халық шаруашылығын қалпына келтіру жұмыстарына белсене араласты. Сталинград, Горкий қалаларында жұмыс істеді. 1961 жылы елге оралып, 1982 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін колхозда ...

Толығырақ »

МҰЗ ЖАСТАНЫП, ОТ КЕШКЕН

Төребаев Бадан – 1926 жылы дүниеге келген. 1944 жылы 15 қазанда әскер қатарына шақырылды. 4 ай әскери дайындықтан өткен соң, Беларусь майданында жорық жолы басталып, ауыр шайқаста ерекше ерлігімен көзге түсті. Сондағы жанқиярлығы ескеріліп, «Ерлігі үшін» медальімен марапатталды. Жорық жолы Берлинге дейін жалғасты. І-ші дәрежелі «Ұлы Отан Соғысы» орденімен, 2 рет «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен ...

Толығырақ »

ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН ХҚО АШЫЛДЫ

Түркістан облысының төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия шешімімен 4 мамырдан бастап Түркістан қаласында заңды түлғаларға қызмет көрсету үшін бір ХҚО ашылды. Естеріңізге сала кетейік, дәл осындай ХҚО Алматы, Павлодар мен Петропавл қалаларында өз жұмысын бастаған, таяу уақытта төтенше жағдай тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі облыстық штабтардың шешімімен заңды тұлғаларға қызмет көрсету үшін Қазақстанның өзге қалаларында да ХҚО ашылатын ...

Толығырақ »

ШАРДАРА МАҚТААРАЛМЕН БІРГЕ

Мақтарал ауданында орын алған төтенше жағдайдан жапа шеккендерге Шардара ауданы көмек көрсетуде, деп жазады Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «DIDARBEK.kz» ақпараттық агенттігі. Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтың тапсырмасы бойынша, су тасқыныннан жапа шеккен тұрғындарды көшіру үшін, Шардара ауданына 5 эвакуациялық орын дайындауға тапсырма берілген. Қазіргі таңда, аудан тарапынан дайындаған 5 эвакуациялық орынның, 4 эвакуациялық орынына тасқыннан жапа шеккен тұрғындар ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛҒА 20 ТОННА АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖЕТКІЗІЛДІ

Су тасқынынан шардап шеккен Мақтаарал ауданына «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры атынан 20 тонна азық-түлік келіп жетті. Аталған қайырымдылық көшін қор мүшесі, Алматы қаласы мәслихатының депутаты, белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайбергеннің өзі бастап келіпті. 20 тонналық көмектің ішінде азық-түліктен бөлек, 18 түрлі жеке бас гигиенасына қажетті заттар мен балаларға арналған тәттілер де бар, деп жазады облыстық әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. ...

Толығырақ »

ҰОС АРДАГЕРІ: ШАМИЛЬ ТАГИЕВ

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ШАМИЛЬ ТАГИЕВ 1943 жылдың соңында 17 жасар Шамиль Тагиев майданға шақырылған. Курс маңында 6 ай соғысқа дайындалған. Алты айдан соң Днепр маңына майданға аттанған. Ол жерде 25-ші гвардиялық атқыштар дивизиясында миномет бөлімінде дәлдеуші болған. 1944 жылдың соңында жарақат алып, Киев қаласында госпитальге түскен. 3 ай емделіп, тағы да майданға аттанған. Бұл жолы Венгрия және Румыния жерлерін ...

Толығырақ »

ҰОС АРДАГЕРІ: МЫРЗАХМЕТ ЖЫЛЫСБАЕВ

Мырзахмет Жылысбаев — 1926 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Қозмолдақ елді-мекенінде дүниеге келген. 1942 жылы жеті жылдық мектепті бітірген соң егінге қарауыл, табельші, сауат ашу мектебінде оқитындарға мұғалім болып істеген. Ұлы Отан соғысына 1944 жылы 92 автоатқыштар полкі құрамында қатысқан. Гитлерлік Германияны талқандауға қосқан үлесі және жауынгерлік қызметі үшін отанымыздың медальімен наградталған. Соғыс аяқталған соң командирлері М. Жылысбаевтың қабілетін ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЕЛГЕ ДЕГЕН АЛҒЫСТАРЫ ШЕКСІЗ

Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан бұған дейін қауіпсіз аймаққа 31 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланған болатын. Дәл қазіргі уақытта 24 эвакуация орындарынан су басу қаупі сейілген Мырзакент, Ақжол ауылдарының 17 мыңнан астам тұрғыны үйлеріне кері қайтарыла бастады, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Ал эвакуация орындарындағы 3500-ге жуық тұрғынның бүгінгі жай-күйі бірқалыпты. Адамдардың барлығы дерлік медициналық тексерістен өткізіліп, жатын ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: 6 АЗАМАТ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Түркістан облысында короновирус инфекциясын жұқтырған 6 азамат туралы ақпарат жарияланды. (04.05.20 жылғы сағат 12:40-тағы мәлімет бойынша) COVID-19 инфекциясын жұқтырған Түркістан қаласының 1974 жылғы, 1980 ж жылғы, 1986 жылғы, 1981 жылғы және 1978 жылғы тұрғындары анықталып, тіркелді. Сонымен қатар, скринингтік зерттеу барысында Кентау қаласының 1981 жылғы тұрғынының да сынамасы оның вирусты жұқтырғанын көрсетті. Қазіргі таңда, аталған азаматтармен жақын байланыста болғандар анықталып, ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫНДАР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

Арыс қаласында ауқымды дезинфекция жұмыстары жалғасуда, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. Бүгін Арыс қаласында адам көп шоғырланған орындарда кестеге сәйкес дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Бұл коронавирустық инфекцияның таралу қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Дезинфекция жұмыстары жаяу да, арнайы машиналардың көмегімен де жүргізілуде. Әлеуметтік нысандарды, базарларды, сауда орталықтарын, тротуарларды, үй іші аумақтарын, кіреберістерді және басқа да адам ...

Толығырақ »

150-ГЕ ЖУЫҚ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ ЖҰМЫЛДЫРЫЛҒАН

Түркістанда азаматтардың денсаулығын бақылау үшін 150-ге жуық медицина қызметкері  жұмылдырылған, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы эвакуациялық бекеттерге орналастырылған барлық азаматтарға тиісті көмектер көрсетілуде. Жалпы 24 эвакопунктке жайғастырылған адамдардың денсаулығын бақылауға алу үшін 147 медицина қызметкері жұмылдырылған. Оның 58-і дәрігерлер 89-ы фельдшер. Олар бекеттегі азаматтарға тәулігіне 24 сағат бойы қызмет көрсетуде. Онда ...

Толығырақ »

ЖЕТІСАЙДА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ

Жетісай ауданында төтенше жағдай кезінде азық-түлік тұрмыстық жиынтықпен 8635 адамның жеке есеп шоттарына жалпы 47 млн 642мың теңге аударылған, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Г.Жарылқасынның материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Мұндай көмек халықтың жекелеген санаттарына ғана төленген. Мәселен көмекке ілінген 7900 адам 1,2,3 топ мүгедегі. Сәуір, мамыр, маусым айларына  Президент тапсырмасына сәйкес халықтың жекелеген санатындағы азаматтарға азық-түлік топтамаларын тарқату тапсырылған болатын. ...

Толығырақ »

БАРЛЫҚ ТЕХНИКАЛАР МАҚТААРАЛҒА ЖҰМЫЛДЫРЫЛУДА

Түркістан облысы ауданы барлық қажетті Мақтааралға жұмылдыруда, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Ағымдағы жылдың 1 мамырында Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты, Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен халықты қауіпсіз аймақтарға эвакуациялау жұмыстарына 30 автобус жұмылдырылды. Атап айтқанда, Мақтаарал ауданынан – 5, Жетісай ауданынан – 5, Сарыағаш ауданынан – 7, Келес ауданынан ...

Толығырақ »

АПАТ АЙТЫП КЕЛМЕЙДІ

Қазіргі таңда Мырзашөл өңіріндегі бауырларымыз су тасқыны салдарынан зардап шегіп отыр. Қасиетті айдағы жағымсыз хабар күллі Қазақ елін алаңдатқаны сөзсіз. Су басқан ауыл, пана іздеген қауым, қорада қалған мал, далаға қалған жан. Осының бәрі судан келген апатта болған жағдайдан көрініс. «Апат айтып келмейді» дейді халқымыз. Жазым дегеніңіз аяқ астында екені белгілі. Ең бастысы бас аман, адам шығыны жоқ. Тәубе. Материалдық ...

Толығырақ »

215 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК СЕБЕТТЕРІ ҮЛЕСТІРІЛДІ

Түркістан облысы Түлкібас ауданында «BIZ BIRGEMIZ» акциясы аясында 215 мұқтаж отбасыға азық — түлік себеттері үлестірілді. Түлкібас ауданында Елбасының бастамасымен елімізде қарқын алған «BIZ BIRGEMIZ» акциясы өз жалғасын табуда. Осыған дейін аудан әкімдігінің және «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының ұйымдастыруымен қарқынды түрде іске асып жатқан акция бұл жолы аудан тұрғындары тарапынан жалғасын тапты. Күні кеше қасиетті Рамазан айының  9-шы күні ...

Толығырақ »

ТАҒЫЛЫМДЫ ТӘРТІП САҚШЫСЫ

Учаскелік полиция инспекторы Еркін Махановтың күнделікті жұмысы өзіне бекітілген аумақтағы көшелерді аралап, халықтың жағдайын білуден басталады. Профилактикалық шаралар атқарып, қылмыстың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүрігізеді. Қоғамның тыныштығын сақтау мақсатында, ел ішіндегі мәселелермен етене танысып шығады. Тәртіп сақшысына бекітіліп берілген аумақта төрт мектеп және төрт елді мекен бар. Күнделікті әдетімен бүгінде инспектор көшелерді аралап, ел жұртпен кездесуге шықты. — Ел ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: 5 ЕЛДІМЕКЕНДЕ ҚАУІП СЕЙІЛДІ

Мақтаарал ауданының 10 елдімекені қауіпті аймақта орналасқан. Оның 5-уі, яғни Жаңатұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас, Достық ауылдары су астында қалса, қалған 5 елдімекенді облыс әкімдігі, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті, ҚазСУШар және ауыл тұрғындарынан құралған волонтерлердің көмегімен су басу қаупінен шығарылды. Соның ішінде атап өтетін стратегиялық маңызы зор 14 мыңнан астам халқы бар Мырзакент елдімекені қызыл су басудан аман қалды. Бұл туралы ...

Толығырақ »

СУ БАСУ ҚАУПІ БАР ЖЕРЛЕРГЕ БӨГЕТТЕР ТҰРҒЫЗЫЛУДА

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су басу қаупі бар елдімекендер айналасына бөгеттер тұрғызылуда, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. Атап айтқанда, Нұрлы жол елдімекені аумағында ұзындығы 2,5 км, биіктігі 1,5 метр болатын бөгет соғылды. Фирдоуси елдімекенінен Мырзакент елдімекеніне қарай 3 коллектор орналастырылды. Өргебас елдімекенінің аумағында ұзындығы 20 метр, биіктігі 1 метр болатын бөгет жасалса, Ырысты елдімекенінде ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛ: 31 000-НАН АСТАМ ТҰРҒЫН ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының су басқан елдімекендерінен 2 мамырдан бастап 31606 адам эвакуацияланған, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. 4 мамыр күнгі ақпарат бойынша Жаңа — Тұрмыс (46 үй), Жеңіс (130 үй), Фирдоуси (250 үй), Өргебас (194 үй), Достық (11 үй) елдімекендерінен жалпы саны 631 үй су астында қалды. 2 мамыр үшін Атакент елдімекенінде 24 эвакуациялық ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛҒА АЛҒАШҚЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ

Жамбыл облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен 30 тоннадан аса азық — түлік тиелген керуен киелі Тараз қаласынан мақталы Мақтаарал ауданына жетіп келді, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. Көне шаһардың жақсыларынан жылу жинап, көмекке асыққан жамбылдық кәсіпкерлер 10 тонна ұн, 10 тонна күріш, 5 тонна қант, 1 тонна гречка, 2 тонна сұйық май, 2 тонна макарон өнімдері мен ...

Толығырақ »

АЛТЫНШЫ ӘКІМ – АЛТЫН ӘКІМ БОЛАДЫ!

  Ордабасы ауданы соңғы бес жылда бес әкімнің жүзін көрді: 2016 жылдың сәуір айында Сайрам ауданының әкімі болып тағайындалған Самат Сапарбаевтан соң, қасиетті Ордабасы өңірін басқаруға Алмасбек Мамытбеков келді (бүгінде – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары). 2017 жылдың тамыз айында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Алмасбектің орнына сенімді інісі Рашид Қайыпжановты тағайындады. Рашид белгілі себептермен қызметімен қош айтысқан соң, аудан тізгіні әкімнің ...

Толығырақ »

Жамбыл облысы Түркістан облысының су басқан ауылдарына гуманитарлық көмек жіберді

Жамбыл облысы Түркістан облысының су басқан ауылдарына гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды DIDARBEK.kz облыс әкімдігінің zhambyl.gov.kz ресми сайтына сілтеме жасап. Жамбыл облысының әкімдігі Түркістан облысының су басқан аймақтарына гуманитарлық көмек көрсетті. Жексенбі, 3 мамыр күні азық — түлік және алғашқы кезектегі қажеттілігі бар тауарлар тиелген жүк көліктері Түркістан облысына аттанды. «Жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен 30 тонна азық — түлік өнімдері жиналды. ...

Толығырақ »