Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Архив меток: Ә.Ә.

Архив меток: Ә.Ә.

«ДОМАЛАҚ АНА» ОПЕРАСЫ МА, «МАЙРА, САЙРА!» ОПЕРАСЫ МА?

Сөз жоқ, Майра Мұхамедқызы батыл қадам жасады. Қолынан келмесе де, жаңа операны сахналауды мақсат тұтты да, орындап жіберді. Дегенмен, қазақта: «Шымшық сойса да, қасап сойсын!» деген сөз бар. Әрине, Шымкент жұрты операны түсіне бермейді деп, шикі дүниені де паш ете салуға болады. Біз Миландағы Teatro alla Scala немесе Париждегі Grand Opéra көрермені емеспіз ғой. Бізге өз салт-дәстүрлерімізді де бұрмалап ұсынуға ...

Толығырақ »

ОРДАБАСЫ – БЕРЕКЕЛІ МЕКЕН!

Аудан көлемінде 2 бірлік құс етін өңдеу кәсіпорыны, 1 бірлік шұжық цехы және 2 бірлік сүт өңдеу кәсіпорны (1 бірлік ірі қара мал сүтін өңдеу, 1 бірлік ешкі сүт өнімдерін өңдеу) жұмыс жүргізеді. Атап айтқанда, 2020 жылдың 8 айында өндірілген 5456 тонна күрке тауық етінің 4364,8 тоннасы, яғни 80 пайызы, 1004,5 тонна тауық етінің 703,1 тоннасы, яғни 70 пайызы, 180 ...

Толығырақ »

АЯҒЫНАН ТІК ТҰРЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН АУДАН

Ауданның 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасындағы 2020 жылға бектіліп берілген мал шаруашылығы саласын дамыту бойынша жоспарлар орындалуда. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 327 ірі қара мал алынды. «Алтын асық»бағдарламасы бойынша 4089 мал алынып, жоспар (2144 бас) 190,7 пайызға орындалды. «Құлан» бағдарламасы бойынша алынған жылқы саны 97 бас. Аудандағы жалпы мал бордақылау алаңдарының саны — 355 бірлік, оның 2020 жылы 76 бірлік мал ...

Толығырақ »

ОРДАБАСЫДАҒЫ ОҢ ІСТЕР

Ордабасы ауданы экономикасының басты драйвері – ауылшаруашылық саласының өнім көлемі 24 млрд. 277 млн. теңгені құрап, былтырғы жылды тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 млрд. 325 мың теңгеге артты. Жалпы өңірлік өнімнің 53,2 пайызын құрайды. Облыстағы үлесі 7,2%. Егістік жердің игерілуі 65 774 га жер игерілді (жоспар 65 400,) өткен жылмен салыстырғанда 400 гектарға артық. Жаңадан 710 гектар жер айналымға қосылды. Бұл ...

Толығырақ »

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН БҮКІЛ ЕЛ БОЛЫП КҮРЕСЕТІН КЕЗ ЖЕТТІ

Ешқандай пандемия мен карантинге қарамастан көркейіп, жаңарып келе жатқан үшінші мегаполисімізде қарқынды жұмыс бір сәт те тоқтаған емес: жолдар да төселіп келеді, ауруханалар да салынып, абаттандыру да жүріп жатыр. Осы және басқа бағыттардағы ауқымды істер, әрине, шырайлы Шымқаламыздың көркін одан сайын ажарландыра түсетіні күмәнсіз. Десек те, бюджеттен бөлінген миллиардтаған қаражатқа көзін тігіп, ашкөздік пен тойымсыздыққа салынатын пенделерді аракідік көріп, есімдерін ...

Толығырақ »

ҚАТЫГЕЗДІК ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛА ҚАЛДЫ?

Ролик дедік. Ойбайладық. Кінәліні іздедік. Кінәлі еместі кінәлі етіп тағайындап алдық. Енді оны тірідей союға дайынбыз. Сол арқылы бүкіл әкімдікті жұмыстан қуу керек дегенді де айттық. Тағайындалған кінәліміз – Данияр Алан​. Голощекин тілінде сөйлейтіндердің ашуын келтірген осыдан үш жыл бұрын жазған жазбасы. Әлгі «жалған намыс» қуушылар үш жылдан бері неге ауыздарына құм құйылғандай үндерін шығармай отырған? Әлде намыстарына енді тиді ...

Толығырақ »

МЫНА ВИРУС ШАРШАТТЫ-АУ БӘРІМІЗДІ…

Тосқауылдардың бәрі ашылып, қатынау жеңілдеген жаздың алғашқы күні Қазақстан бойынша жаман індетке шалдыққандар саны 11 308 болды. Бұл көрсеткіш бойынша алғашқы екі орынды еліміздің екі мегаполисі – Алматы (2647 адам) мен Нұр-Сұлтан (2207 адам) алып отыр. Шымкент қаласы (867 адам) өңірлер арасында Атырау (1105 адам), Қарағанды (932 адам) облыстарынан кейінгі бесінші орында. Түркістан облысы (379 адам) болса – сегізінші орында. ...

Толығырақ »

МОЛАҒА ҚАРАЙ ЖҮГІРЕ ЖӨНЕЛУГЕ НЕ СЕБЕП?

Сурет: pikabu.ru Қазақ: «Ажалды бала молаға қарай жүгіреді» деген де қойған, неге үйтетінін ашып «айтпаған». Алайда  мұнда … … «ажалды адам» демей, «ажалды бала» деп тұр ғой. Яғни әңгіме ақыл тоқтатқан адам емес, бала туралы. Ал, бүгінде молаға қарай бала ғана емес, аға қазақ, ата қазақ та жүгіре жөнелгіш. Мысал келтірейік. Денсаулық саласы мамандары жұрттың коронарлық вирус сайран сап тұрған елдерге ...

Толығырақ »

КАЛА ӘКІМІ НЕ АЙТТЫ?

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов БАҚ өкілдеріне онлайн-брифинг беріп, оның барысында карантиннің ұзартылуына байланысты бірқатар мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды Шымкент ақпараттық коммуникациялық орталығына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық порталының тілшісі. ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИН МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ Шымкент қаласында бүгінгі эпидемиологиялық ахуалға байланысты бас санитарлық дәрігердің қаулысымен карантиндік шектеулер 8 маусымға дейін ұзартылды. Бұл туралы бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов журналистермен болған баспасөз конференциясында ...

Толығырақ »

ӘРУАҚ ТЕПКЕН ЖОҚ ПА ЕКЕН БІЗДІ ОСЫ?

Бұл тақырыпты қозғау – өте ауыр: түсінетін бар, түсінбей лағып кететін бар. Мәселен, Шымкенттегі балалар темір жолын бұзуға аса мүдделі екенін байқатқан қаланың бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымовты әлеуметтік желі арқылы тоқтатпақ ниетте болып, «АСҚАРОВТЫҢ ӘРУАҒЫ ҰРЫП КЕТПЕСІН!» деп, талай дабыл қақтық. Сол кездегі қала әкіміне жағымпаздық жасағысы келді ме, әлде шынымен де халықтың мұң-мұқтажына қырын қарады ма – ол жағы ...

Толығырақ »

«БҮЙРЕКТЕН СИРАҚ ШЫҒАРУ»

«Жер астынан жік шықты, қос құлағы тік шықты» дегендей, otyrar.kz сайтынан мына бір мақаланы оқып, көптен бері Фарида Шарафутдинованы жақсы танысам да, адами қасиеттерін құрметтесем де, кәдімгідей реніш пайда болды. Бұл не? Адасқандық па, алжығандық па? Соншама өліп-талып Ресейдің «георгий жолағын» мақтайтындай, оны Ұлы дала елі алдында ақтайтындай Фаридаға не көрінді? Бұрынғылар: «Алпыстан асқаннан ақыл сұрама!» – деуші еді, сол ...

Толығырақ »

ТОҚАЕВТЫҢ ТОҚЕТЕРІ

Бүгін Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысы өтті. Жиынға облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының басшылары бейне байланыс режимі арқылы қатысты. Қ.-Ж.Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның отырысында сөз сөйледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында ...

Толығырақ »

ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖЕК КӨРЕТІН ЖАСТАР КӨПТЕП ПАЙДА БОЛУДА

Әсет ӘССАНДИ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласындағы департаменті жанынан құрылған Арнайы мониторингтік топтың жетекшісі: – Әсет Сандыбайұлы, Сіз ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласындағы департаменті жанынан құрылған Арнайы мониторингтік топтың жетекшісі болып сайландыңыз. Алдымен құрылғанына 2 жыл уақыт толған бұл топтың атқарып жүрген жұмыстарына тоқталмас бұрын, оның негізгі міндеті мен мақсаты жөнінде сөз бастасаңыз. – ...

Толығырақ »

АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАП…

Биыл Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 75 жыл толды. Осыған орай, Орташыршық ауданы әкімі Олимжон Нұрматов бастаған сектор басшылары мен жауапты мамандар аудандағы 5 соғыс ардагерінің үйлерінде болды. Аудан әкімі О.Нұрматов Президенттің соғысқа қатысушыларға жолдаған құттықтауын оқып, Мемлекет басшысы тарапынан берілген 10 миллион сумды және Өзбекстан мен Ресей Федерациясының Президенттері жіберген «Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығы» естелік медальдарын табыстады. Мұхиддин ...

Толығырақ »

МЫҢ ТАҒЗЫМ САҒАН, СОҒЫСТЫҢ ҚАЙСАР СОЛДАТЫ!

Түркістан (бұрынғы Оңтүстік Қазақстан) облысы прокуратурасында қалыптасқан жақсы салт-дәстүр бар. Ол – аға ұрпақ өкілі мен бүгінгі ұрпақтың сабақтастығы. Кешегі күндері прокуратура органдарында заңдылық пен әділдіктің орнауына елеулі үлес қосқан ақсақалдарымыз қазіргі таңда сол үрдісті жалғастырып келе жатқан ұрпақ алдында әрқашан да сый-құрметке ие. Прокуратура тарихында Ұлы Отан соғысы жылдары ерекше орынға ие. Ол кезде мемлекет қатаң әскери жағдайға көшті. ...

Толығырақ »

У ЛЮБВИ И ВЕРНОСТИ СРОКА ДАВНОСТИ НЕТ

К 75-летию Великой Победы в узбекском драматическом театре подготовили спектакль, смысл которого будет понятен даже если не знаешь узбекского. «Дерево терпения» пробирает насквозь, вызывая слезы даже у самых стойких. Тема войны, любви и верности – на все времена. Спектакль особенный еще и потому, что в его основу легли настоящие события. История непридуманная. Герои незабытые. И директор театра, председатель Ассоциации узбекских ...

Толығырақ »

ЖОМАРТ ЖАН

Өзбекстанның тумасы, миллиардер Алишер Усманов Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевке Сырдарияда болған апатқа байланысты жанашырлық хатын жолдады. «Құрметті Шавкат Миромонович! Балалығым мен жастық шағым өткен туған жерімдегі аға-інілерім және әпке-қарындастарыммен бірге қазіргі эпидемиологиялық қиыншылыққа серік болады екенмін, Сардоба су қоймасындағы апат туралы хабарды, сондай-ақ оны азаматтар үнжырғасы түспей батылдықпен қарсы алғанын жүрегіммен сезіндім. Қасиетті Рамазан айында Алланың өзі мені Отаныма ...

Толығырақ »

ЕРАСЫЛ КЕТТІ – ЕР КЕЛДІ!

«ШЫМКЕНТ – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ БАСШЫСЫ – ӘКІМНІҢ ШТАТТАН ТЫС КЕҢЕСШІСІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ. «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы болып Жани Қамбар тағайындалды. Қамбар Жани Сайдуллаұлы Шымкент қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. Жобалық кеңсе басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары болған. Сонымен қатар, Ж.Қамбар ...

Толығырақ »

АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОПТЫҢ ЖЕМІСТІ ЖҰМЫСЫ

Осыдан бір-екі күн бұрын елдегі төтенше жағдай мен карантинге байланысты ұлы Абайдың 175-жылдығын атап өте алмай қалған Шымкент тұрғындарының орнына қаттырақ «тойлап» жіберген Абай саябағындағы электр бағаналарды байқап қалдық: бір-екеуі мас болып құлап тұрған, бір-екеуі жанында «пахмель» таппай жылап тұрған… «Мейрамгершілік» қой деп жанымыз ашып кетті де, дереу қала әкімдігіне хабарластық. Ол жақта да азаматтар бар екен, телефон тұтқасын түсірмей ...

Толығырақ »

ЕЛ БОЛУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

«Біз қашан ел боламыз?» – Жуық арада! Ол үшін: 1) Зейнеткерлікке шығу жасын бұрынғы қалпына: яғни, ерлер үшін – 60 жасқа, әйелдер үшін – 55 жасқа, көпбалалы әйелдер үшін – 50 жасқа дейін түсіруді; 2) Айлық есептік көрсеткішін 100 АҚШ долларынан (42 мың 500 теңгеден) төмендетпеуді; 3) Ең төменгі жалақы деңгейін 10 АЕК (425 мың теңге) деңгейіне дейін көтеруді; 4) ...

Толығырақ »

КЕШЕ – ПОЛКОВНИК, БҮГІН – ГЕНЕРАЛ!

Шымкент қаласының полиция департаментін ендігі жерде полиция генерал-майоры басқаратын болады. Мегаполис департаментінің тұңғыш басшысы Ералы Жұмаханбетов мырза ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен полиция генерал-майоры атанды. Ерекеңді шын жүректен құттықтап, қасиетті елдің тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қажымас қайрат пен сарқылмас күш-қуат тілейміз! © DIDARBEK.kz

Толығырақ »

ТОҚАЕВТЫҢ ТАҢДАУЫ ТАМАРАҒА ТҮСТІ

Бұрынғы Президент: «Босымбекқызы! Боссың!» Қазіргі Президент: «Тамара! Тағайындалдың!» Расында да, Нұрсұлтан Назарбаев қызметінен босатқан Тамара Дүйсенова қайта «тірілді». Ол Қазақстан Президентінің көмекшісі болып тағайындалды деп хабарлайды akorda.kz сайтына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық порталының тілшісі. Т.Б.Дүйсенованы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындау туралы №327-ші Жарлыққа ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. ...

Толығырақ »

ТӨРТЕУ ТҮГЕЛ, АЛТАУ АЛА ЕМЕС!

Бүгін үшінші күн. Мақтааралдамыз. Не көрдік, не білдік? Айтайық. Топан су. Толқу. Үрей. Алаңдау. Уайым. Суға батқан үйлер. Суға аққан мал. Кілкіген каналдар. Арнасынан асқан арық-атыздар. Қызыл су құрсауындағы егістік алқаптары. Халықты көшіру. Орналастыру. Жатын орын беру. Көрпе-төсекпен қамту, тамақтандыру. Азық-түлік пен өзге де өмірге қажетті заттармен қамтамасыз ету. Медициналық бақылауға алу, жәрдем беру. Әскер тарту, техника жинап, дамба көтеру. ...

Толығырақ »

ҚАТЕЛІК ПЕ, ӘБЕСТІК ПЕ, ҚАСАҚАНА МА?

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ және ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ НАЗАРЫНА! Бүгін таңертең сағат 9-00 шамасында Түркістан қаласы бойынша дауыс зорайтқыштар арқылы дабыл қағылды. Алғашында күнделікті коронавирусқа қарсы сақтық шаралары туралы деп қабыладық. Бірақ бұл жолғы хабарландыру өте қатқыл, үрейлі шықты. Атақты диктор Левитанның дауысы саңқ-саңқ етеді. «ВНИМАНИЕ! ВНИМАНИЕ! ВОЗДУШНАЯ ТРЕВОГА! ПРОСИМ ВАС СОБРАТЬ ПРОДУКТЫ И УКРЫТЬСЯ В БЕЗОПАСНОМ МЕСТЕ…» Алғашында ...

Толығырақ »