Мемлекет басшысының «Болашақ бағдар: Ррухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру, Астана қаласының 20 жылдығына орай мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «ЖАУҚАЗЫН» қалалық өнер фестивалі мен қылқалам шеберлерінің көрмесі дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келеді. ҚР «Мәдениет қайраткері»,Түркістан қалалық мәдениет үйінің директоры Шәмет Лиза Төлегенқызының басшылығымен ұйымдастырлыған фестивальге қала мен ауылдардан келген өнерпаздарымыз өнерлерін ортаға салып, өз мәресіне жетіп, талантты ...
Толығырақ »Ауыл жаңалықтары
ОҚО МЕН ҚЫЗЫЛ ТЕҢІЗ ПРОВИНЦИЯСЫ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСТІ
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Т.Сәрсембаев Египеттің Қызыл теңіз провинциясының губернаторы Ахмед Абдалламен, Оңтүстік Синай провинциясының губернаторы Халед Фодамен және Мысыр Араб Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Хайсам Ибраһим мырзалармен кездесті. Әңгіме барысында тараптар Қазақстан-Египет арасындағы қарым-қатынастың қарқынды әрі көп қырлы бағытта дамып отырғандығын атап өтті. Осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі дамыту мақсатында және достастық пен бауырластық байланысты ...
Толығырақ »ОҚО-ДА БАҚШАЛЫҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ ӨНІМІ ЖИНАЛУДА
Оңтүстік Қазақстан облысында алғашқы көктемгі егістік өнімі жиналуда. Көктемгі дала жұмыстарына ерте қамданатын Сарыағаш пен Мақтарал ауданының шаруалары ерте егілген қырыққабат өнімдерін жинай бастады. Бүгінде Мақтаарал ауданының Атамекен ауылдық округінің диқандары алғаш өнім берген қырыққабат дақылының 20 тоннасын Атырау қаласына жіберсе, сарыағаштық шаруалар бұл өнімнің 15 тоннадан астамын жинап, Алматы қаласы мен Солтүстік аймақтарға жөнелтуде. Ақпанның басында егіліп, бүгінде өнімін беріп ...
Толығырақ »«ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ 100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖИЫН ӨТТІ
Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық бірыңғай күні аясында облысымызда «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын талқылуға арналған жиын өтті. «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында өткен басқосуға облыстық ассамблея кеңесінің мүшелері, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, ассамблея жанындағы Қоғамдық келісім кеңесі мен «Достық» клубтарының мүшелері қатысты. Іс-шарада Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Үсен Асқаров «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы ...
Толығырақ »ТӨЛЕБИДІҢ ТИЯНАҚТЫ ТІРЛІКТЕРІ
Өткен жыл қорытындысы мен алда атқарылатын жұмыстар туралы Орталық коммуникациялар қызметіне келіп, журналистер алдында толық мәлімет беру кезегі Төлеби ауданына да жетті. Аудан әкімі Бұхарбай Парманов жарты сағат ішінде алдындағы қағаздарына көзінің қиығын да салмастан, аудан тіршілігінен жан-жақты хабардар етті. Газдандыру, ауызсу, туризм, білім, экономика, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, тағысын-тағы. «Аудандағы жалпы ауыл шаруашылық саласының өнім көлемі өткен жылы ...
Толығырақ »ТҮЛКІБАСТЫҢ ТЫНЫМСЫЗ ТІРШІЛІГІ
Түлкібас ауданында 2017 жылдың қорытындысымен жалпы өңірлік өнім көлемі 68 млрд. 800 млн. теңге, жан басына шаққанда 620,0 мың теңге болып, тиісті кезеңмен салыстырғанда 9,9 пайызға артты. Ауыл шаруашылық саласында өткен жылы 31 млрд. 443 млн. 200 мың теңгенің өнімі өндірілді. 2017 жылы алма бау 383,6 гектар жерге отырғызылды. Мал шаруашылығында «Сыбаға» және «Құлан» бағдарламаларымен 475 мал басы алынды, 261 ...
Толығырақ »ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ ҰЛЫ БЕЛЕС
Шымкент қаласында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланғанына 1 жыл толуына орай «Ұлт тарихындағы Ұлы белес» атты республикалық жиын өтті. Жиынға ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары, еліміздегі ғалымдар, қаламгерлер мен журналистер және өңірдегі зиялы қауым өкілдері қатысты. Ұлттың ұйытқысы Оңтүстік Қазақстанда болған басқосуда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өңірде атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы міндеттер мен жоспарлар талқыланды. Сондай-ақ, ...
Толығырақ »ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ АҚИҚАТЫ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Ұлт тарихындағы Орбұлақ шайқасы: Ұлы жеңістің ақиқаты және маңызы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Бұл Қазақ мемлекеттілігінің тұтастығын сақтаудағы айрықша орын алатын Орбұлақ шайқасы жайлы халықаралық деңгейдегі ғылыми жиынның өңірде алғаш рет өтуі. Пленарлық мәжіліске қатысқан модераторлар: Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры З.Қабылдинов пен «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» халықаралық қайырымдылық ...
Толығырақ »ҚАСИЕТТІ ҚАЗЫҒҰРТТЫҢ ТӨРІНДЕ
Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданына қарасты Атбұлақ ауылындағы Ж.Қаппаров атындағы №5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында «Туған жерге тағзым» атты конференциясы өтті. Аталған шараға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев арнайы қатысты. Мектептің материалдық-техникалық оқу базасымен танысудан бастаған аймақ басшысы оқушыларды сапалы білім алып, ел абыройын асқақтататын азамат болуға шақырды. «Елбасымыз еліміздің жастары білімді де, білікті болуы керектігін үнемі айтып келеді. Президент осыған ...
Толығырақ »ҚҰРМАНҒАЗЫ МҮСІР – ЖАЛАҚОР МА?
Тақырыпқа шығарылған сауалға жауапты Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық соты береді деген үмітіміз бар. Өйткені, Құрманғазы Мүсірдің үстінен Баласағұн атындағы мектептің директоры Бейбіткүл Селтанова жеке айыптау шағымын түсіріп, ол шағымды аталған сот өз өндірісіне алған. Істі қарап жатқан судья Еркебұлан Төлешов бірден-ақ тараптарды бейбіт бітімге шақырды. Алайда, шағымданушы Б.Селтанова, «қылмыстық істің ашылуына мектеп директоры Бейбіткүл Селтанованың туған қайнысы Бауыржан Селтанов бөгет жасап жатыр» деген сөзді ресми ...
Толығырақ »«МНОГО ШУМА ИЗ НИЧЕГО?»
ЕЩЕ РАЗ О ШУМЕ Часто люди пишут, а если бы это был ваш ребенок? А если обвиняемый был бы ваш ребенок? Он не виноват! Такого не может быть! Но шум есть, как вы оправдаетесь?! Тут остается только в петлю лезть Журналистам рекомендую обратиться в органы внутренних дел и запросить материалы о насилии. Таких дел будет очень много. Наше общество не ...
Толығырақ »ТОЙ. ТОЙДАН КЕЙІНГІ ОЙ…
Оңтүстік Қазақстан облысы биыл Ұлыстың ұлы күнін сонау Нұқ пайғамбардың кемесі тоқтаған қасиетті Қазығұрт тауының баурайында қарсы алды. Ауқымды ұйымдастырылған шараға 40-тан астам киіз үй тігіліп, 700-ге жуық жәдігерлерден жасақталған арнайы көрме жиналған жұрттың назарына ұсынылды. Көне тарихымыз бен дәстүрімізден сыр шертетін театрландырылған қойылымдар мен мерекелік концерттер тойдың шырайын аша түсті. Барлығы 1500 өнерпаз өнерін ортаға салған қойылымдардың біріне 550 адам мен 500 ...
Толығырақ »ОРДАБАСЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ
Қадірменді жерлестер! Баршаңызды тіршіліктің жаңаратын кезеңі — Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған. Бұл кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен түсіністіктің мерекесі. Күн мен түн теңелген бұл күні біз өткенімізді саралап, жаңа межелер белгілейміз. Өткен жыл айтулы ...
Толығырақ »ТӨЛЕБИ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ
Құрметті төлебиліктер! Сіздерді түркі халықтарының ұлық мерекесі – Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке. Алыс кеткен ағайынды қауыштырған, араз жандарды татуластырып, қайта табыстырған, дін мен тілге бөлмейтін ...
Толығырақ »САРЫАҒАШТА ШЫН МӘНІНДЕ НЕ БОЛҒАН?
Елді дүрліктірген 7 жасар баланың оқиғасы депутаттарды да бей-жай қалдырмады. Сарыағаш ауданындағы №40 округтен сайланған депутат жағдайдың ушығуына себеп болған жағдайды жасырмады. Десе де, Астанада жүргізіліп жатқан сараптаманың қорытындысын күту керек деп есептейді. Жаңабай Ағабеков, облыс мәслихатының депутаты: «Мен оқиға орын алған ауылда болдым. Мектеп директоры мен оқу ісі жөніндегі меңгерушінің арасында текетірес орын алған. Айыпталып жатқан балалардың ата-аналарымен кездестім. ...
Толығырақ »НАДО РАССУЖДАТЬ ХЛАДНОКРОВНО!..
Слава Аллаху, есть еще в нашем обществе люди, способные логически мыслить и здраво рассуждать. Вот что пишет Бауржан Омаров на своей страничке в Facebook (орфография и стилистика автора полностью сохранены): «Фейсбук! Я писаю против ветра! Я встал и писаю против дела Шымкентского мальчика. Как врач и как юрист по второму образованию. Где презумпция невиновности, любители закона вы наши? Вина подростков ещё ...
Толығырақ »КИНО АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ ҚАСИЕТТІ ОТЫРАРДА
«Кино – руханияттың жаңғыру көзі» жобасы Отырар ауданында жалғасты. Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, «Оңтүстікфильм» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Кино – руханияттың жаңғыру көзі» жобасы облыс әкімі Ж.Түймебаевтың тапсырмасымен өңіріміздің аудан, қалаларында Оңтүстікте түсірілген көркем және анимациялық фильмдер апталығымен жүзеге асуда. Салтанатты ашылумен Қазығұрт ауданында шымылдығын түрген кино ...
Толығырақ »ӘЛДИЛЕП, АЯЛАП…
Отырар ауданында көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі салтанатты жағдайда аталып өтті. Салтанатты жиын ән падишасы, жерлесіміз Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнімен басталып, жүрек тебірентер туынды шараға қатысушылардың көзіне жас алдырды. Сонан соң атаулы мерекеге орай аудан әкімі Ерлан Айтаханов ардақты аналар мен аяулы қыз-келіншектерді мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Аудан басшысы өз сөзінде: «Бүгінде көркейген көне ...
Толығырақ »100 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА БАЛАБАҚША
Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылында «Меруерт Ана» балабақшасы пайдалануға берілді. Енді елдің қуанышына айналған ғимаратта 100 бала тәрбиленетін болады. Облыс әкімінің баспасөз қызметі ұйымдастырған кезекті ақпараттық тур аясында ауданның жұмысымен танысуға барған БАҚ өкілдері балабақшаның ашылу рәсіміне қатысып, қуанышқа ортақтасты. Кәсіпкердің өз қаражатымен салынған балабақшаға 50 млн. теңге қаржы жұмсалған. Заманауи технологиямен қамтылған бөбекжайда бүлдіршіндер үшін барлық жағдай ...
Толығырақ »1,5 МИЛЛИОН ТҮП КӨШЕТ
Қазығұрттық «Сайдусман ата» шаруа қожалығы биыл 1,5 млн. түп көшетті өндіретін болады. Аталған кооператив 3 гектар жылыжайда көкөніс өнімдерін өсіріп, бау-бақша көшеттерін дайындаумен айналысып келеді. Облыс әкімінің баспасөз қызметі ұйымдастырған кезекті ақпараттық тур аясында БАҚ өкілдері аудандағы шаруа қожалықтардың жұмыстарымен танысты. Тілшілер алдымен Қазығұрт ауданындағы Тұрбат ауылдық округіндегі бақша өнімдерімен айналысатын «Сайдусман ата» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Жеті бірдей отбасы ...
Толығырақ »ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ 50 МЫҢ ДАНА РАУШАН ГҮЛ
Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданындағы шаруа қожалығы 8-наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында 50 мың дана раушан гүлін сатылымға шығармақ. «Гул Мансур» ЖШС-нің 1 гектар жылыжайында бүгінде «Черная магия» тұқымды раушан гүлі күтіп, бапталуда. Облыс әкімінің баспасөз қызметі өткізген кезекті ақпараттық тур аясында БАҚ өкілдері аталған қожалықтың мереке алдындағы дайындығымен танысты. Гүл өсірумен айналысатын шаруа қожалық 2012 жылы екі жанұяның ...
Толығырақ »ҚАЗЫҒҰРТТАН БЕС ХАБАР
1. «Алғыс айту» күніне орай аудандық мәдениет сарайында «Мың алғыс саған, Қазақ елі!» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шарада аудан әкімі Т.Телғараев, аудандық мәслихаттың хатшысы Ө.Көпеев жиналған көпшілікті «Алғыс айту» күнімен құттықтап, бір топ азаматтарды марапаттап, құрмет көрсетті. Мерекеде өзбек, татар, иран ұлтының өкілдері қазақ халқына деген ризашылықтарын білдірді. Аудандық мәдениет сарайының өнерпаздары мен әншілер Н.Қожатов, Г.Ерменбай өз өнерлерін ортаға салды. 2. Қазығұрттықтар ...
Толығырақ »ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ МЫҢ АЛҒЫС!
Қай кезеңде болмасын кеңпейілдігі және қонақжайлығымен танылған Тәуелсіз Қазақ елі Елбасымыздың Жарлығымен бастау алған Алғыс айту күнін кезекті рет кең көлемде атап өтті. Бір шаңырақтың астында ғибратты ғұмыр кешіп отырған сан ұлттар мен ұлыстардың бірлігі мен берекесін паш етіп, көпке үлгі болған шара бүгін ауданымызда «Қазақ халқына мың алғыс» тақырыбымен айшықталды. Еліміздің кеңдігі мен татулығын айғақтай түскен Алғыс айту күніне ...
Толығырақ »30 ЖЫЛ КҮТТІРГЕН ТАРИХИ ШЕШІМ
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары өңір оңтүстігіндегі екі ауданды бес ауданға айналдыруға жол ашты. Халқы ең тығыз орналасқан Мақтаарал және Сарыағаш аудандарын бөлу туралы мәселе соңғы жылдары жиі қозғалып келгені белгілі. Алтыншы шақырылымындағы облыстық мәслихаттың ХХ сессиясында аталған ұсыныс күн тәртібінде қаралып, депутаттар тарапынан қызу қолдау тапты. Сессияны қорытындылаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев халық күткен тарихи шешімді негіздеу үшін тиісті ауқымда ...
Толығырақ »АУҒАН СОҒЫСЫ – ҚАНДАЙ СОҒЫС?
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына орай Отырар аудандық орталық кітапханасында өткен Ауған соғысы ардагерлерімен «Ауған асуында от кешкендер» атты дөңгелек үстел басында аудандық қорғаныс істер бөлімі мен мәдениет қызметкерлері, жастар, БАҚ өкілдері бас қосты. Алқалы жиын басталар алдын Ауған соғысы туралы деректі фильм көрсетіліп, Отырар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары капитан Шахан Рүстемұлы ел тарихындағы осы бір кезең жөнінде ...
Толығырақ »