Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары (страница 55)

Ауыл жаңалықтары

ТҮРКІСТАНДЫҚ МҰҒАЛІМДЕР ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Ұлағатты ұстаздардың кәсіби мерекесі қарсаңында Түркістан қаласында мұғалімдер арасында облыстық спартакиада өтті. Спорттың 4 түрі бойынша өрбіген сайысқа өңір бойынша аудан-қалалардан келген 11 команда қатысты. Спорттық додада 500-ге жуық ұстаз үстел теннисі, волейбол (ерлер және әйелдер), кіші футболдан өзара бақ сынады. Ұстаздар күні қарсаңында алғаш рет ұйымдатырылып отырған спартакиаданың мақсаты – білім саласы қызметкерлерінің спорттық белсенділігін арттыру, бұқаралақ спортты дамыту. Жарыс қорытындысында Түркістан ...

Толығырақ »

МЕКЕМЕАРАЛЫҚ ЖИНАЛЫС ӨТТІ

Бүгін Қазығұрт аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен аудан әкімдігінде мекемеаралық жиналыс өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Жиналыста төрағалық еткен Қазығұрт ауданы прокуроры Қ.Базарбаев, қатысқандар Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Т.Қалымбетов, Қазығұрт ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ә.Лесов, Қазығұрт ауданы прокуратура қызметкерлері, Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, жеке сот орындаушылары, ауыл округі әкімдері мен тиісті сала ...

Толығырақ »

ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК, ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ

«Білім беруді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының басшыларына және педагогтеріне арналған «Білім беру ұйымдарындағы тиімді менеджмент» тақырыбындағы әдістемелік-десанттық іс-шара өтті. «Білім беруді дамыту орталығы» КММ директоры Төлімбет Бақытжан Нұммұхамедұлы Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Оқу-өндірістік комбинат» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тыныс – тіршілігімен танысты. Жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдауы мен кәсіби бағдарларының қалыптасуы, оқушыларға кәсіби бағдар ...

Толығырақ »

БАС ЖҮЛДЕ САЙРАМДА

Түркістан облысында «Turan» интелектуалды сайысында Сайрам ауданының жастар командасы бас жүлде мен арнайы номинацияны иеленді, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен республикалық «TURAN» интеллектуалды ойыны өтті. Аталған сайысқа Алматы, Шымкент қалалары, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарынан келген 44 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Оның ішінде ойынның ...

Толығырақ »

ОРАЛЫМДЫ ІСТЕР КӨП

Қазығұрт ауданы әкімі бекіткен 2021-2025-жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасына сәйкес, Қазығұрт ауылы округі бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Қазығұрт ауылы округі бойынша бір жылға арналған қаржылық жоспар 49 151,0 мың теңге. Бүгінгі күнге дейін нақты түскені 50 154,8 мың теңге, орындалу көрсеткіші 102 % . Ауыл тұрғындарын сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында, Қазығұрт ауылы округі, Жібек-жолы, Табыс, Қазына, Бигельдинов, ...

Толығырақ »

ҚАЗЫҒҰРТ: МАҚСАТ – МАЛ БАСЫН КӨБЕЙТУ

Қазақ халқы әу бастан мал шаруа­шылығы және ауыл шаруашылығы саласымен айналыса бастады. Жаз жайлауда, күз күздеуде, қыс қыстауда жүрсе де төрт түлікті баптап ұстады. Кең байтақ дархан даламыздың қойнауын төрт түлікпен толтыра білген. Шама-шарқынша қой өсірді, жылқы ұстады, түйе бақты, сиыр сауды. Ішсе сусын, жесе азық, мінсе көлік, кисе киім болған төрт түлік адамзат баласымен бірге тіршілік етіп келе жатқанына ...

Толығырақ »

ҚАЗЫҒҰРТ: АГРОӨНДІРІСТЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЕНГІЗІЛУДЕ

Соңғы жылдары ғаламшарымыздың түрлі аймақтарында су тапшылығы орын алуы мүмкіндігі туралы жиі-жиі айтылуда. Тіпті, су ресурстары қазіргі уақытта геосаясаттың құралына да айналып бара жатыр. Өйткені, су – барлық ресурстардың ішіндегі ең маңыздысы, адамзат тіршілігінің кепілі. Су ресурстары дегенде, әрине, біз ең бірінші тұщы сулар жайлы, оның ішінде жылда жаңарып, қалыптасып отыратын өзендер, ағын сулар – жаңғырмалы суларды айтамыз. Әр өңірдің ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: «ЭКОБАЗАРДАҒЫ» ЖӘРМЕҢКЕДЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК АРЗАН БАҒАДА САТЫЛЫП ЖАТЫР

Бүгін Түркістандағы «Экобазарда» ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік жәрмеңкесі басталды. Басты мақсат – әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру, тұрғындарға сапалы өнімдер ұсыну. Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұрбол Бекмұратовтың айтуынша, жәрмеңкеге Түркістан облысының барлық аудан, қаласынан тауарөндірушілер қатысып жатыр. – Жәрмеңкеге облыс диқандары мен тауарөндірушілері 500 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдерін алып келді. Тауарлар 15-20 ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА Қ.А.ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІН ЗЕРДЕЛЕУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕҢЕСІ ӨТТІ

Бүгін Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің сақталуын мониторингтеу және зерделеу жөніндегі жұмыс тобының қорытынды кеңесі өтті. Алқалы басқосуға Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай және облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев қатысты. Кеңес барысында тиісті мемлекеттік мекемелердің ...

Толығырақ »

ҮЛКЕН ТЕННИСТЕН АЛҒАШҚЫ АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ

“Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының” ашылғанына 1 жыл толуына орай “Мәдениет және тілдерді дамыту,дене шынықтыру және спорт бөлімінің» ұйымдастыруымен 22-25 қыркүйек күндері 8 бен 14 жас аралығындағы балалар мен 16 жастан жоғары жасөспірімдер арасында Үлкен теннистен ашық біріншілік өтті. Сайысқа Түркістан, Шымкент, Тараз, Алматы қалаларынан және Түркістан облысынан 68 теннисші қатысты. Олар жас ерекшеліктеріне қарай 4 категория бойынша бақ сынасты. ...

Толығырақ »

«Отбасым менің байлығым әрі бақытым!»

Отбасы – қай заманда болсын мықты мемлекеттің негізі болып есептеледі. Еліміздегі үлгілі отбасыларды анықтау мақсатында ұйымдастырылған Түркістан облыстық «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына Сайрам аудандық «Парасатты отбасы» байқауының I жүлделі орын иегері әріптесіміз Бабанова Айгүл Асанқызы отағасы Бабанов Нұрлан Қадыржанұлы Сайрам ауданының «Үлгілі отбасы» атты мәртебесін жалғастырушы буын қатысып Алғыс хат иеленді. Отбасы қай заманда дені сау қоғамның және мықты мемлекеттің ...

Толығырақ »

КӨКТӨБЕ – ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫНА АЙНАЛАДЫ

Қазығұрт ауданының тумасы, Түлкібас ауданының және Қазығұрт ауданының әкімі, сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан (Түркістан) облысы әкімінің орынбасары сынды лауазымды қызметтер атқарған, 2016-2021 жылдары алтыншы шақырылымдағы Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаты болған Тілләбек Мұсабаев қазіргі уақытта өзінің кәсіпкерлік саласындағы жұмыстарын дөңгелетіп жүргізуде. «Жәннатүл-Фердауси» қорының төрағасы Әбдіжаппар қажы Сманов, «Көктөбе-Ана бұлақ» шипалы суының иесі, жеке кәсіпкер Тасбалта Керімбайұлы және Тіллекең үшеуі бірігіп, Қақпақ ауылынан ...

Толығырақ »

САЙРАМДА ЖЕТІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМЫНДАҒЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 19-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін Сайрам аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Отырысқа аудандық мәслихат хатшысының міндетін уақытша атқарушы Қ.Сыздықов, аудан әкімінің орынбасары Б.Хасанов, аудандық мәслихаттың депутаттары, бөлім, мекеме басшылары мен ауыл әкімдері қатысты. Аталған комиссия отырысын аудандық мәслихаттың мемлекеттік құқық мәселелері және өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы М.Сиддиков жүргізіп отырды. ...

Толығырақ »

САЙРАМ: АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ ҚАРАЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕР ҚАДАҒАЛАНАТЫН БОЛАДЫ

Бүгін Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібековтің төрағалығымен апталық аппараттық мәжіліс өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Мәжілісті бастамас бұрын аудан әкімі ауданда қазақ күресінен «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің жүлдесі үшін 59-шы турнирдің жоғары дәрежеде өткеніне аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиевке аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт, адами әлеуетті дамыту бөлімдерімен бірлесе ...

Толығырақ »

«БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНДАҒЫ ТИІМДІ МЕНЕДЖМЕНТ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӘДІСТЕМЕЛІК ДЕСАНТ КҮНДЕРІ ӨТТІ

2022 жылы 20-22 қыркүйек аралығында Сайрам аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскерлері мен білім беру ұйымдарының басшыларына және педагогтеріне арналған «Білім беру ұйымындағы тиімді менеджмент» тақырыбында «Білім беруді дамыту орталығының» мамандары әдістемелік десант күндерін өткізді. Семинар барысында: 18 дәріс, 4 тәжірибе алмасу, 4 тәжірибелік жұмыс, 9 шебер сынып, 7 диалог алаңы, 10 тренинг, 30 презентация форматтарында жұмыстар жүргізілді. Мектеп директорлары, ...

Толығырақ »

ҚАЗЫҒҰРТТА БАРЛЫҚ САЛА БОЙЫНША ІЛГЕРІЛЕУ БАР

Қазығұрт ауданы экономикасының негізгі бағыттарының бірі ауыл шаруашылығы саласы болып табылады. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар көңіл көншітеді. Ауыл шаруашылығы Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі бүгінгі таңға 11 481,3 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 8023,4 млн. теңгеге өнім көлемі ұлғайды (2021-ж. сәйкес кезеңі 9164,7 млн.тг). Нақты көлем индексі 109,8 пайызды құрады. Оның ішінде 9 958,6 млн. теңге мал шаруашылығы, 1 522,7 ...

Толығырақ »

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТТЫҢ ҚАЙЫРЫМЫ МОЛ

Қазығұрт ауданында мемлекеттен қайтарымсыз қаржы алып, өз кәсібін ашқандардың қатары көбейіп келеді. Биылдың өзінде қаншама жас кәсіп иесі қайтарымсыз 1225200 теңге грантының иегері атанып үлгерді. Соның бірі Хадиша тігінші. Ол арнайы «Бастау бизнес» жобасы бойынша білімін жетілдіріп, сертификат иегері атанып конкурстық негізде қайтарымсыз қаржы иегері атанып, кәсібін бастап кеткен жандардың бірі. Бүгінде өз үйінен бір бөлмесін тігін шеберханасына айналдырып, тігін ...

Толығырақ »

Дін және заман: Ысырапшылдық – исламға жат қылық

Ысырап – иман, сөз және іс-әрекеттерде діннің, ақылдың немесе ғұрыптың белгілеген өлшемдерінің шегінен шығу немесе асыра сілтеу, қолдағы бар мүмкіндікті рұқсат етілмеген мақсатта жұмсап, шашуды білдіреді. Имам Ғазали «Мүмкіндіктерді діннің, ғұрыптың және адамзаттың қажеттілігіне керекті мөлшерде жұмсау – жомарттық, одан төменгі мөлшерде жұмсау – сараңдық, ал осы өлшемдерден асып кету – ысырап»,– деген екен. Сондықтан адам баласы қолындағы барлық мүмкіндіктерді ...

Толығырақ »

Қазығұрт: Тұрбатта атқарылған шаруа көп

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сай жергілікті атқарушы билікке орасан зор міндеттер жүктеліп отыр. Ауылдағы азаматтардың әлеуметтік мұң-мұқтажын тыңдап дер кезінде шешуде аудан басшысы А.Абдуллаев бар күш жігерін салуда. Сонымен қатар ауылдағы түрлі атқарылып отырған жұмыстардың басы қасында жүруде. Тұрбат ауылы округінде ауыл шаруашылығы саласы бойынша егін және мал шаруашылығы қолға алынған. Атап айтар болсақ ауыл округінде жалпы ауыл шаруашылығы ...

Толығырақ »

Түркістанда «Отбасы — тәрбие бастауының қайнар көзі» тақырыбында жиын өтті

Отбасы күні мерекесіне орай, Түркістан қаласындағы Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінде «Отбасы — тәрбие бастауының қайнар көзі» тақырыбында ата — аналар жиналысы өткізілді. Жиналысты коллед директоры Н.А.Калиева сөз алып 1 курс студенттерінің ата-аналарын құттықтап, колледждің мамандықтарына жеке-жеке тоқталып, 2022-2023 жаңа оқу жылына қойылатын талаптар, мақсаты мен міндеттері, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері жайлы айтып өтті. Қазіргі уақытта  қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — ...

Толығырақ »

САЙРАМ: АУДАН ОРТАЛЫҒЫ – АУДАН АЙНАСЫ

Аудан орталығы аудан айнасы болғандықтан, әкімдік тарапынан ең алдымен сыртқы келбеті мен тазалығына назар аударылды. Осыған сәйкес, бүгін Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков Ақсукент ауылдық округінің ауыл әкімшілігінен бастап, Ұлы Жібек жолы даңғылы және Манкент ауылымен шекараласатын жол бөлігін абаттандыру, ондағы жолжиектері мен тазалық жұмыстарының жағдайымен танысты. Аралау барысында аталған аумақта абаттандыру және тазалық жұмыстары өз деңгейінде жүргізілмейтіні сынға алынды. ...

Толығырақ »

Қазығұрт ауданында электр жүйелері жаңғыртылды

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС 2016-2022 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасын биыл жылдың соңында аяқтайды. Бес жылда Түркістан облысындағы аудандардағы елдімекендерде тозығы жеткен қосалқы стансалар, трансформаторлар мен электр желілері мен бағаналар алмастырылды. Қазығұрт аудандық электр жүйесі мекемесі бүгінде 61 елдімекенді электр энергиясымен қамтып отыр. Мекемеге 386 жиынтық трансформатор қосалқы стансасы, 35/10 киловольттық 14 , 100/10 бір киловольттық қоссалқы стансасы, ұзындығы 206 шақырым ...

Толығырақ »

ҮЛГІЛІ ОТБАСЫ

Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Бала өз отбасында ата мен әже, әке мен шешенің, бауырлардың қарым-қатынасын көріп, солардан үлгі алады. «Дәулет есіктен – ақыл бесіктен», – демекші, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі – әлпештеген әке мен аялаған ана. Осындай ынтымағы жарасқан үлгілі отбасы – Жантасовтар отбасы. Қазығұрт елдімекені тұрғыны Жантасов Қамбар Күздешұлы Сарапхана елдімекенінің ...

Толығырақ »

САРАПХАНАДА БІРШАМА ІСТЕР АТҚАРЫЛЫП КЕЛЕДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022-жылғы 11-қаңтардағы Парламент Мәжілісінің отырысында жасаған мәлімдемесі мен ағымдағы жылғы 16-наурыздағы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауына сәйкес, атқарушы билікке біршама мақсаттар жоспарланған. Сарапхана ауылдық округінің тұрғындарымен аудан әкімі А.Абдуллаевтың үш рет кездесуі өтті. Сол кездесуде барша халықтан түскен өтініш талаптарды атқару бойынша төмендегі жұмыстар атқарылуда. Сәуір айында орын алған нөсер ...

Толығырақ »

КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

Қазығұрт ауданында ­жалпы 15 өнеркәсіп кәсіпорын­дарының өнім көлемі ағымдағы жылдың 8 айында 8720,8 млн. теңгеге жетіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 611,0 млн. теңгеге артты. Нақты көлем индексі 105,5%-ға орындалып отыр. Жыл қорытындысымен өнім көлемін 13231,4 млн. теңгеге жеткізу жоспарлап отырмыз. Көптеген кәсіпорындардың өндіріс қарқынының өсуі, жаңа қуаттардың енгізілуі және технологиялық процесті модернизациялау өнеркәсіптік сектордың орнықты дамуына ықпал етеді. Ол үшін ауданымыздағы ...

Толығырақ »