Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары (страница 86)

Ауыл жаңалықтары

МИНЕРАЛДЫ СУ ӨНДІРІЛЕДІ

Бүгін Түлкібас ауданының әкімі Н.Байғұт жұмыс жоспарына сәйкес, Кемербастау ауылдық округіне сапарын округке қарасты Күмісбастау ауылында орналасқан «А-СПЕКТР» ЖШС жұмысымен танысумен бастады. 2017 жылы іске қосылған кәсіпорын минералды емдік — сауықтыру ас суын өндіреді. Бүгінгі таңда қуаттылығы сағатына 5 литрлік ыдыстағы су-1000 дана, 1 литрлік ыдыстағы су-3000 дана, 0,5 литрлік ыдыстағы су-3000 дана. Тауар еліміздің барлық өңірлеріне таралады. Бүгінгі таңда ...

Толығырақ »

БІЗ БІРГЕМІЗ, СӨГІЛМЕСІН ІРГЕМІЗ!

Бүгін Түркістан облыстық, аудандық, қалалық мәслихат депутаттарының ұйымдастыруымен Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты гуманитарлық көмек керуені жолға шықты. Аталған кереуен ішінде Арыс қалалық мәслихат депутаттары мен мәслихат аппараты ұжымының атынан көрпе-төсек, 2500 тоннадай азық-түлік пен бақша өнімдері бар. Алдағы кезеңде Мемлекет басшысы тікелей бақылауда ұстап, тұтас Қазақ елі жұмыла көмектесіп жатқан бұл мекен қысқа уақытта қалпына келіп, жаңарған, ...

Толығырақ »

ҰОС АРДАГЕРІ: ЕВСЮКОВ МИХАИЛ ВАСИЛЬЕВИЧ

Соғыстың соңғы солдаты сайрамдық Ұлы Отан Соғысының ардагері — Евсюков Михаил Васильевич. 1927 жылғы қарашаның 21-інде туылған, Белгород облысы, Ровенск ауданы Мартынцы селосының тумасы. Әскери білімі, мамандығы: Түркістан әскери округі офицерлер құрамын жетілдірудің біріккен курсын тәмамдаған, жалпыәскери командир. Әскери шені: полковник. 1944 жылғы желтоқсанның 5-інде Белгород облысы, Ровенск аудандық әскери комиссариатынан әскерге шақырылды.1944 жылғы желтоқсаннан бастап Воронеж әскери округі, 11-інші ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАС АУДАНЫ МАҚТААРАЛДЫҚТАРМЕН БІРГЕ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында орын алған су тасқынын естіген түлкібастықтар қиын сәтті бастарынан өткеріп жатқан бауырларымызға қол ұшын созды. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Бүгін игі істің бастамасы ретінде 6 тоннаға жуық бірінші қажеттіліктегі азық-түлікті 2 газель жүк көлігімен Мақтаарал ауданына жолдады. Аудан кәсіпкерлері мен депутаттары және ерікті тұрғындар тарапынан жиналған бұл көмек, ...

Толығырақ »

«ЖЕҢІС ЕСІМДЕРІ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

МАЩЕНКО АЛЕКСАНДРА ВЛАДИМИРОВНА, 1924 жылы 9-мамырда Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысының ардагері.            Ол 1942 жылы әскер қатарына шақыртылды. 1942-1945 жылы Курск қаласынан Германияға дейін жетіп сол қалада соғысты аяқтаған. 1-ші әскери санитарлық поездте – медбике болған. Әскери шені — сержант. Беларусь, Киев, Польша, Украина, Данецк фронтында болған. Курск қаласынан ...

Толығырақ »

ҰОС АРДАГЕРІ: ӘБІШОВ ХАЛНИЯЗ

Соғыстың соңғы солдаты сайрамдық Ұлы Отан соғысының ардагері Әбішов Халнияз — 1923 жылғы қаңтардың 15-інде Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданындағы Қарабұлақ ауылында дүниеге келді. Әскерге шақырылғанға дейін Ә.Науаи атындағы ұжымшарда жұмыс істеді. 1942 жылғы шілденің 12-сінде Сайрам аудандық әскери комиссариатынан әскерге шақырылып, 1942 жылғы шілдеден қыркүйекке дейін 312-ші атқыштар полкында, 1942 жылғы қыркүйектен 1944 жылғы қаңтарға дейін 364-ші атқыштар полкында ...

Толығырақ »

ҰОС АРДАГЕРІ: АСАТОВ АРТЫҚ

Соғыстың соңғы солдаты сайрамдық Ұлы Отан соғысының ардагері  Асатов Артық — 1926 жылғы мамырдың 5-інде дүниеге келген, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданының Ақсукент ауылының тумасы. Әскери шені: қатардағы жауынгер. Жауынгерлік жолы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам аудандық әскери комиссариатынан 1944 жылғы қазан айында әскерге шақырылып, 195-ші атқыштар полкінің құрамында майданға қатысқан. 1945 жылы Шығыс майданында Жапонияға қарсы ұрысқа қатысты. 1945-1950 жылдар ...

Толығырақ »

ҰОС АРДАГЕРІ: АНАРТАЕВ АХМАДЖАН

ҰОС ардагері Анартаев Ахмаджан — 1926 жылғы қарашаның 10-ында Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданындағы Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. Әскерге шақырылғанға дейін «Жұмысшы» ұжымшарында жұмыс істеді. 1944 жылғы мамырдың 5-інде Сайрам аудандық әскери комиссариатынан әскерге шақырылып, 64-інші атқыштар полкында қызметтен өтті. Әскери шені: қатардағы жауынгер. Польшаны азат ету жолындағы шайқастарға, Германиядағы ұрыстарға қатысты. Жарақаттанбаған. 1949 жылғы сәуірдің 10-ында әскерден қайтты. ІІ дәрежелі ...

Толығырақ »

ҰОС АРДАГЕРІ: ШАЙХУДДИНОВ МУКАРАМ

ҰОС ардагері: Шайхуддинов Мукарам 1924 жылғы ақпанның 10-ында Башқұрт КСР-і Болтачев ауданының Оразаев ауылында дүниеге келген. Қарулы Күштер қатарына шақырылғанға дейін МТС-те тракторшы, жүргізуші болып істеді. 1942 жылғы қыркүйекте Болтачев аудандық әскери комиссариатынан әскерге шақырылып, 1942 жылғы қазаннан 1943 жылғы ақпанға дейін 1-ші Алкино кіші командирлер даярлау бөлімінде оқыды. Оқуын тәмәмдағаннан кейін 17-ші гвардиялық полкқа, 1944 жылы 12-ші гвардиялық атқыштар ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛ: АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ЕЛГЕ ҮНДЕУ ЖАРИЯЛАДЫ

Бүгін Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайға байланысты Түркістан облыстық және Мақтаарал, Жетісай аудандарының ардагерлер кеңесі үндеу жариялады. Бұл үндеу облыс халқына, кәсіпкерлерге, қоғамдық ұйымдар мен еріктілерге де арналған. Атакент кентінде өткен жиынға Түркістан облыстық «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Кенжехан Төлебаев, Мақтаарал ауданының құрметті азаматы, ғалым Ибадулла Үмбетаев қатысып, жиналғандарға үндеудің негізгі мақсаты ...

Толығырақ »

«ҚАМҚОРЛЫҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖАСАЛДЫ

Қайырымдылық – адам баласы бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адами қасиеттердің қадірлісі қайырымдылық болса, ал, оны жасау, қамқорлыққа зәру жандардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске қолынан келгенше көмектесіп, үлесін қосу – адамның адаматтық парызы. Әрине, қамқорлық жасау, өзіңде барды өзгемен бөлісу, мұқтаж, көңілі жарым жандарға қол ұшын беру жомарттықтың белгісі және ондай іс тек жомарт ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: БАРЛЫҚ ҚАЖЕТТІ ТЕХНИКАЛАР МАҚТААРАЛҒА ЖҰМЫЛДЫРЫЛУДА

Таяуда Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты, Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен халықты қауіпсіз аймақтарға эвакуациялау жұмыстарына 30 автобус жұмылдырылды. Атап айтқанда, Мақтаарал ауданынан – 5, Жетісай ауданынан – 5, Сарыағаш ауданынан – 7, Келес ауданынан – 3, Шардара ауданынан – 10 автобус. Қазіргі уақытта, Мақтарал ауданының орталығы Мырзакент елді мекенінде 13 автобус дайын тұр. Қажеттілік ...

Толығырақ »

ОТЫРАР МАҚТААРАЛМЕН БІРГЕ

Мақтаарал ауданындағы орын алған төтенше жағдайға байланысты зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету мақсатында Отырар ауданынан гуманитарлық көмек жолға шықты. Бұл туралы Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Мақтаралдықтардың басына түскен нәубетке бей — жай қарай алмаған отырарлықтар қажетті азық — түліктерді, күріш, шекер, макарон, пісте май, ұн, тұз, картоп, пияз, сәбіз және киім — кешек пен ...

Толығырақ »

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ КЕЗЕҢІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

Арыста шомылу маусымы кезеңінде суда заматардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша брифинг өтті, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Айтмұхаметовтың 2020 жылдың 27 сәуірі күнгі №14/4135 санды хатына сәйкес, Түркістан облысы аумағында жазғы шомылу маусымында су айдындарындағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында іс-шара жоспары бекітілген. Бүгін аталған іс-шара жоспарына сәйкес ішкі саясат бөлімінің ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА СУ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕДІ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында тасқын су деңгейі едәуір төмендей бастады.  Бұл туралы онлайн брифингте облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мәлімдеді. Жалпы 6128 тұрғыны бар 5 елдімекенді су басқан болатын. Олар: Жеңіс, Жаңатұрмыс, Фирдоуси, Өргебас және Достық ауылдары. Қазіргі таңда бұл ауылдарда су басу қаупі төмендеген. Атап айтқанда, 5 мамыр күнгі дерек бойынша Жеңіс елдімекенінде су деңгейі 2 см-ге төмендеген. Жаңатұрмыс ...

Толығырақ »

40 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛЕ ЖАТЫР

Мақтааралдағы су тасқыны күллі қазаққа ауыр тиді. Жанашырлықпен хабарласып, елдің жағдайы жасалса, қауіпсіздігі сақталса деген тілектер айтылып жатыр. Штаб құрылған күннен бастап «Nur Otan» партиясының өкілдері мен «Жас Отан» жастар қанатының жастары Мырзашөлге шұғыл аттанып, қызмет етіп жатыр. Ал бүгін «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің бастамасымен Мақаарал ауданына бірнеше жүк көлігіне тиелген 40 тоннадан астам гуманитарлық көмек ...

Толығырақ »

ТӨРТЕУ ТҮГЕЛ, АЛТАУ АЛА ЕМЕС!

Бүгін үшінші күн. Мақтааралдамыз. Не көрдік, не білдік? Айтайық. Топан су. Толқу. Үрей. Алаңдау. Уайым. Суға батқан үйлер. Суға аққан мал. Кілкіген каналдар. Арнасынан асқан арық-атыздар. Қызыл су құрсауындағы егістік алқаптары. Халықты көшіру. Орналастыру. Жатын орын беру. Көрпе-төсекпен қамту, тамақтандыру. Азық-түлік пен өзге де өмірге қажетті заттармен қамтамасыз ету. Медициналық бақылауға алу, жәрдем беру. Әскер тарту, техника жинап, дамба көтеру. ...

Толығырақ »

ДЕПУТАТТАР 30 ТОННА АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӨНЕЛТТІ

Түркістан облыстық мәслихатының және барлық аудандық, қалалық мәслихаттардың депутаттары «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданының тұрғындарына 7 бірдей жүк көлігіне тиелген гуманитарлық көмек жөнелтті. Бұл қайырымдылық шарасын ұйымдастыруға Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиевтің өзі ұйытқы болғанын айта кету керек. Аталған керуенді шығарып салу шарасына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы қатысып, осындай ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: СУ ТАСҚЫНЫНАН КЕЛГЕН ШЫҒЫН ТОЛЫҚ ӨТЕЛЕДІ

Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты құрылған арнайы комиссия тасқыннан келген шығын көлемін есептеуде. Билік басшылары тасқын су орын алған ауылдардың халқымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов тасқын су астында қалған ауылдардың тұрғындарымен жүздесті. Қауіпсіз аумаққа көшірілген халыққа Үкімет тарапынан нақты көмек көрсетілетінін атап көрсетті. Түркістан облысындағы тасқынға байланысты құрылған мемлекеттік комиссияға топан судан келген ...

Толығырақ »

САРЫАҒАШТЫҚТАР МАҚТААРАЛДЫҚТАРҒА КӨМЕК ЖІБЕРДІ

Тасқын судан зардап шеккен Мақтаарал ауданына сарыағаштықтар да алғашқылардың бірі боп жалпы құны 1 млн 735 мың теңгенің гуманитарлық көмегін көрсетті, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Оның ішінде азық-түлік, ет, су, күріш, ұн, картоп, пияз, май, қанттан бөлек, көрпе-төсек, гигиеналық заттар, балаларға қажетті канцелярлық тауарлар да бар. Аталған заттар Сарыағаш ауданына бекітіліп берілген 5 мектепте ...

Толығырақ »

ШӨКЕЕВ ҮКІМЕТ САҒАТЫНДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ

Түркістан облысының басшысы Үкімет сағатында Мақтааралға қатысты баяндама жасап, төтенше жағдай бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. «Алдын ала жинақталған мәліметтер бойынша көлемі 7639 гектар егістік жерді су басқан. Сонымен қатар, мал шығыны нақтылануда. Қазіргі таңда, осы жоғарыда аталған шығындарды есептеп жатырмыз. Нақты шығын көлемі нақтыланып болған соң, қосымша баяндалатын болады», деді ...

Толығырақ »

БЕЙБІТ ӨМІРІМІЗ ҮШІН АЛҒЫС

100 жасқа толған келестік ғасыр әже, тыл ардагері Махира Сейдахметованы Жеңіс мерекесімен құттықтады, деп жазады Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. Келес ауданында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы «Жеңістің 75 жылдығы» мерекесіне орай соғыс жылдары тылда қажырлы еңбегі үшін және соғыс жылдары тылда кем дегенде алты ай жұмыс істеген 280 ардагерлерге, соғыста қайтыс болған мүгедектерінің қайтадан некеге ...

Толығырақ »

БІРЛІГІМІЗДІ БАЙҚАТАЙЫҚ!

Су тасқынынан зардап шеккен мақтааралдықтарға бәйдібектіктер де көмек қолын созуда, деп жазады Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. Мақтарал ауданында су тасқыны орын алған күннен бастап Бәйдібек аудандық Жастар сарайында гуманитарлық көмек жинау орталығы ашылған болатын. «Біз қиын уақытта өз бірлігімізді көрсетуіміз керекпіз», — деген Бәйдібек ауданының тұрғындары осылайша мақтаралдықтармен бірге екендіктерін білдіруде. Аталған игі шараға ...

Толығырақ »

ҰОС АРДАГЕРІ: ИСА ТЕЛІКБАЙ

ҰОС Ардагері — Телікбай Иса Телікбайұлы! Телікбайұлы Иса атамыз, 1922 жылы 25 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Жұма ауылында дүниеге келген. Әке — шешеден 7 — 8 жасында жетім қалып, Тұрбат ауылында ашылған жетім балаларды тәрбиелейтін үйде 1933 жылға дейін тәрбиеленді. 1942 жылдың мамырына дейін нағашыларының қолында тәрбиеленіп, Ұлы Отан соғысына өзі қатарлы жолдастарымен аттанды. Қайда кетіп, қайда бара жатқандарын білмейді. ...

Толығырақ »

ЖАҚСЫ БАРЛАУ – ЖЕҢІСТІҢ КЕПІЛІ

Жеңіс. Осы сөздің мәнін, қадірін, қасиетін өмір мен өлімге бетпе-бет тура келіп қан майданға қатысқандардардан артық түсінетін жан болуы мүмкін емес. Мен келін болып түскен әулеттен бір үйден әкесі Бұғышиев Сарсенбай мен баласы Сарсенбаев Айбек екеуі майданға аттанған. Ұлы Жеңісті көздерімен көріп, Берлиннен 1949 жылы екеуі де туған топыраққа аман-есен оралған. Сарсенбай атаны көзім көрген емес, ал Айбек атамыз Катюшаны ...

Толығырақ »