Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы (страница 10)

Қала тынысы

ВАКЦИНА ҚАБЫЛДАУ АДАМЗАТТЫ ҚҰТҚАРҒАНМЕН БІРДЕЙ

Абдулхамид Қаттани мешітінде Шымкент қаласының бас имамы Бағдәулет Абдрахманов дін қызметкерлерімен мәжіліс өткізіп, алдағы уақытта имамдар түгел ревакцинациядан өтетінін және барша шымкенттіктерді індет қатерінен қорғану үшін қосымша екпе алуға шақырды. — Шаһарда 88 мешіт бар, онда 259 имам діни қызмет көрсетеді. Бүгінгі таңда Шымкент қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес мегаполистегі мешіттер бес уақыт намаз бен жұма намаздар үшін ...

Толығырақ »

ПРЕЗИДЕНТ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА БОЛДЫ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Алматы қаласында жедел штаб отырысы өтті. Онда Үкіметтік комиссияның төрағасы, премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев және ішкі істер, қорғаныс, төтенше жағдайлар министрлері баяндама жасады. Президентке Алматы қаласына қосымша күштер, соның ішінде ҰҚШҰ бітімгерлік контингентінің күштерін жұмылдыруға қатысты берген тапсырмасының нәтижесінде қала лаңкестерден толық тазартылғаны ...

Толығырақ »

ЗАЛАЛ КЕЛГЕН НЫСАНДАР АШЫЛА БАСТАДЫ

Шымкентте болған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бүлініп, шығындалған кәсіпкерлік нысандарының жұмысы жандана түсті. Қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының өкілдері бүгін БАҚ өкілдеріне осындай нысандардың жұмысымен таныстырды. Солардың бірі – METRO сауда орталығы. Күдіктілер тонап кеткен сауда орталығының өкілдері ғимаратты қалпына келтіріп, қайта қызмет көрсетуді бастап кетті. – Жаппай тәртіпсіздік кезінде сауда орталығына едәуір шығын келді. Тонаушылар ғимараттың кіреберісін толық бұзып, ...

Толығырақ »

ҚАЛАЛЫҚ №5 ЕМХАНАНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкентте эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына, коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың күрт көбеюіне байланысты емханалар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Осыған орай, қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан №5 қалалық емханаға барып, дәрігерлердің жұмысымен танысты. —Қазір Қазақстан бойынша эпидемиологиялық ахуал нашарлап кетті. Бір тәулікте 9 122 адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде Шымкент қаласының 320 тұрғыны бар. Қалада 1 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатса, ...

Толығырақ »

АРДАГЕРЛЕР ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ

Елімізде орын алған қиын жағдайдан соң Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен жүргізілген жүйелі жұмыстар нәтижесінде еліміздің барлық өңірлерінде тұрақты жағдай қалыптасып келеді. Осы орайда Қаратау ауданының ардагерлер кеңесі мүшелері, белсенді ардагерлері аудан аумағындағы саябақтар мен алаңдарға «халық сақшысы» ретінде шығып, аудан жастарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ардагерлер жастарға халқымызды арандатуға және тұғырлы Тәуелсіздігімізге жасалған мұндай шабуыл кезеңінде біздің басты мақсатымыз – бірлік ...

Толығырақ »

366 АЗАМАТ ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

Мемлекет басшысының дер кезінде қабылдаған шешімдері арқасында өңірлердегі ахуал тұрақталып келеді. Оның ішінде бүгінде Шымкентте жағдай тұрақты және қауіпсіздік толығымен бақылауда. Барлық кәсіпкерлік және әлеуметтік нысандар штаттық режимде жұмыс істеуде. Дегенмен, республикада контртеррор іс-шарасы әлі де жалғасуда. 19 қаңтарға дейін республика көлемінде төтенше жағдай режимі енгізілді. Түнгі 23.00-ден таңғы 7.00-ге дейін комменданттық сағат орнауда. Шымкентте жаппай тәртіпсіздік сәтінен бастап полицияға ...

Толығырақ »

МОБИЛЬДІ ТОПТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Шымкент қаласы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша қызыл аймаққа өтуіне байланысты қаладағы мобильді топтардың жұмысы күшейтілді. Абай ауданының әкімі Б.Парманов аудандағы адамдар көп шоғырланатын базарларға мобильдік топпен бірге мониторинг жұмыстарын жүргізді. Мониторинг кезінде санитарлық талаптардың сақталуын қадағалап, азаматтарды ревакцинация алуға шақырды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес базардағы бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу керек екенін жеткізді. Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ТЕКСЕРДІ

Шымкент қаласындағы Тұран шағын ауданында былтырғы жылдан құрылысы өтпелі 41 тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда. Пәтер саны 2432 болатын үй жыл қорытындысымен пайдалануға берілмек. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысын бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов аралап көрді. Өз баяндамасында, қалалық құрылыс басқармасының басшысы Ә.Рабаев құрылыс материалдардың отандық өнім үлесі 91 пайызды құрайтынын мәлімдеді. Мердігерлермен кездескен шаһар басшысы ...

Толығырақ »

12 ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫС АЛДЫ

Бұл туралы Шымкент қалалық Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан ҚАБЫШТАЕВ мәлімдеді. Қазіргі уақытта Шымкент қаласында жалпы 82 оқу орталығы жұмыс істейді. Бағдарлама аясында 2480 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолдама алса, кәсіпорындар мен қауымдастықтар жанындағы 12 оқу орталығы мемлекеттік тапсырыс алған. – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасына қатысуға мүмкіндік беретін оқу орталықтарының ...

Толығырақ »

КӘДЕГЕ ЖАРАТУ ТӨЛЕМІ БОЙЫНША БІРЫҢҒАЙ ОПЕРАТОР ҚҰРЫЛАДЫ

Қазақстанда кәдеге жарату төлемінің коэффициенттері қайта қаралады. Осылайша Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру басталды. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді. – Министрлік қоғам, бизнес және мемлекеттік орган өкілдерімен бірлесіп, жеке мемлекеттік оператор құру, кәдеге жарату коэффициенттерін қайта қарау бойынша мәселені пысықтайды, – деді министр Үкімет отырысында. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке кәдеге жарату ...

Толығырақ »

БАЗАРДА БАҒА ТҰРАҚТЫ, САНИТАРЛЫҚ ТАЛАП ҚАТАҢ

Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов СЭС мамандарымен бірге қаланың бірқатар базарын аралап, азық-түлік бағасын негізсіз өсірмеуге, ковид індетінің алдын алуға және елде орын алған ахуалға байланысты халық ішінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. – Елде болған күрделі жағдай экономикаға кері әсерін тигізді. Бірақ бұл азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне себеп болмау керек. Өйткені қалада азық-түлік қоры жеткілікті. Екінші мәселе, ковид індеті жылдам таралып ...

Толығырақ »

КҮРДЕЛІ НЫСАН ҚҰРЫЛЫСЫНДА ҚАТЕЛІККЕ ЖОЛ БЕРІЛМЕУІ КЕРЕК!

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов автоматтандырылған газ тарату стансасының іске қосу жұмыстары бойынша жүргізіліп жатқан техникалық дайындық жұмыстарымен танысты. Қала әкімі АГРС-З — стратегиялық нысан болғандықтан іске қосу жұмысында қателікке жол берілмеуін ескертті. Сонымен бірге, газбен қамтудың қала тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы жағдай жасаудағы маңыздылығын атап өтті. Өткен жылы АГРС-3 нысанының газ құбырына гидравликалық сығымдау жұмыстары жүргізу барысында орнатылған құрал-жабдықтар ...

Толығырақ »

БАС ДӘРІГЕР ТҰРҒЫНДАРДЫ РЕВАКЦИНАЦИЯҒА ШАҚЫРДЫ

«Шымкент қаласында 2022 жылдың басынан бері коронавирус жұқтырған 933 науқас анықталды. Ал, осы мерзім ішінде 7 науқас коронавирус инфекциясынан қайтыс болды. Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтыру бойынша 221 жағдайы тіркелді. Ауруханадағы науқастардың басым бөлігі вакцина алмаған азаматтар». Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Позилов БАҚ өкілдеріне мәлімдеді. Шымкент қаласы 11 қаңтардан бастап эпидемиологиялық ахуал бойынша қызыл аймаққа өтті. ...

Толығырақ »

«ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ

Шымкент қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы мамандығы бойынша жұмыс іздеп жүрген жастарды «Жастар практикасы» бағдарламасына қатысуға шақырады. ҚР Үкіметінің 2021- 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында ұйымдастырылатын «жастар практикасы» уақытша жұмыс орны ретінде қарастырылған. Бағдарлама талабына сай, қатысушының жасы 29-дан аспауы тиіс және «жұмыссыз» мәртебесі болуы шарт. Сонымен қатар, өз мамандығы бойынша соңғы үш жыл ішінде (2020-2022 ...

Толығырақ »

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ ТАЗАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРІ ҚАЛЫПТЫ РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС АТҚАРУДА

Шымкентте төтенше жағдай кезінде қала тазалығын сақтау және қоқыстан тазарту жұмыстары бойынша ұйымдастыру шаралары тиісті деңгейде онындалуда. Қаладағы тазалық мекемелері жұмыстарын кестеге сай атқаруда. Әл-Фараби ауданы аумағындағы басты көшелердің тазалығын «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-ы қамтамасыз етуде. Бүгінде көшелерді сыпыру, қоқыстан тазарту жұмыстарына 235 жұмысшы және 72 арнайы техника жұмылдырылған. Ал ішкі орамдық көшелер мен көпқабатты үй аулаларының тазалығын «Айдынбек» және «Нұреке ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ СЫН САҒАТТА ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ БОЛДЫ

…Түнгі сағат 11-лерде Президент елде қалыптасқан жағдайды халыққа баяндап, Үндеу арнайтыны белгілі болды. Жұмысқа 10 минутта шұғыл жеттім. Шынын айту керек, Мемлекет басшысы сол жерде компьютерде мәтін теріп отырған хатшысына сөйлейтін сөзін ауызша айтып тұрды. Баспасөз қызметі камераларды қойып, дыбысын реттеп, жылдам ұйымдастырып, Қасым-Жомарт Кемелұлының мәлімдемесін таспаға түсірдік. Президенттің халыққа арнаған сөзін бірден республикалық телеарналарға жолдадық. Сол бірінші Үндеуінде Мемлекет ...

Толығырақ »

ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ҒИМАРАТЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ

Елдегі орын алған жаппай тәртіпсіздік пен лаңкестік әрекеттерден соң «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалы жағдайды тұрақтандыру жұмыстарына кірісіп кетті. Шымкент қалалық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы фракциясы мүшелері тәртіпсіздік кезінде өртенген партия филиалының ғимаратына өздерінің жеке есептерінен ғимаратты жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын қолға алды. Олардың қатарында «Жастарды қолдау» аймақтық қоғамдық кеңес төрағасы, «Отау строй» ЖШС бас директоры Аслан Алимбек, ...

Толығырақ »

КІМДЕР МІНДЕТТІ АУДАРЫМ ЖАСАЙДЫ?

«Қазақстан халқына» қорын жүзеге асыру тетіктерін пысықтау үшін Үкімет жанынан жұмыс тобы құрылмақ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды didarbek.kz тілшісі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап. «Мемлекет басшысының «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құру жөніндегі тапсырмасы бойынша: қолданыстағы заңнамаға сәйкес қоғамдық қор деп жеке тұлғалар немесе заңды тұлғалар – қоғамдық бірлестіктер құрған қор ...

Толығырақ »

«ӨНДІРІС САЛАСЫНДА МҮМКІНДІКТЕР КӨП»

…Әсіресе, соңғы екі жылда пандемия салдарынан көптеген шағын және орта бизнес нысаны зардап шекті. Арасында қызметін іске асыра алмай, жабылып қалғандары да болды. Қазір де карантин режиміне ыңғайланып, жұмысын жалғастыруға мәжбүр. Осындай қиын кезеңде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы билік пен бизнестің ортасында «алтын көпір» рөлін атқарды. 2020-2021 жылдары республика көлемінде, соның ішінде, Шымкент қаласында кәсіпкерлер арасында арнайы сауалнама жүргізілді. Онда ...

Толығырақ »

ӘКІМДІКТЕР МӘСЕЛЕНІ ЖЕКЕ БАҚЫЛАУҒА АЛУЫ ТИІС!

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов халыққа ревакцинация жасау қарқынын барынша арттыруды тапсырды, деп хабарлайды didarbek.kz тілшісі inform.kz порталына сілтеме жасап. «Елорда, Алматы, Шымкент қалаларында және Атырау облысында коронавирус инфекциясымен науқастанудың күрт өскенін көріп отырмын. Олар «қызыл» аймаққа өтті. Алты өңір «сары» аймақта тұр. Біздің негізгі міндетіміз — эпидемиологиялық ахуалды бақылауда ұстау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауы бойынша іс-шараларды күшейту қажет. Денсаулық сақтау ...

Толығырақ »

АВТОХҚО-ЛАР ЖҰМЫСЫН ҚАЙТА БАСТАДЫ

Бүгін, 12 қаңтардан бастап Шымкент қаласының автоХҚО-лары штаттық режимде жұмыс істей бастады. Дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін мамандандырылған ХҚО-да автокөлік иелері өз автокөліктерін қайта тіркеп, жүргізуші куәлігін алып, практикалық емтихан тапсыра алады. Мамандандырылған ХҚО ғимаратына кіру Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. АвтоХҚО-ға барған кезде қашықтықты сақтауды сұраймыз, медициналық маскалардың болуы міндетті. Автокөлікті Kaspi және Halyk Homebank мобильді ...

Толығырақ »

ЕЛ БІРЛІГІН САҚТАЙЫҚ!

Қадірлі Отандастар! Қаңтардың қаһарлы күндері еліміз қаралы күй кешті. Орын алған дүрбелеңде Өздеріңізге үн қатуды азаматтық міндетім деп білемін. Өкінішке орай, осы күндері қаза тапқан азаматтар аз емес. Олардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Имандары жолдас болсын. Өз атымнан жастар мен бейбіт тұрғындарға, Президентіміздің үндеуін қолдайтындығымды жеткізіп, қазіргі қиын сәтте саналы шешім қабылдауға, елдің тыныштығын сақтауға, ел арасына іріткі ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ 2021-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТУРАЛЫ

Даму бағдарламасында білім саласына бір көрсеткіш белгіленген: — АПАТТЫ ЖӘНЕ ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕПТЕР САНЫН АЗАЙТУ. Жоспар – 13 Нақты – 9. Атқарылған жұмыстар: Білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын дамыту жұмыстары төмендегі мәселелерді шешуді қамтыған. Апатты және үш ауысымды мектептерді жою жұмыстары. Есептік кезеңде тіркелген апатты мектептер саны – 1 (№79 жом), үш ауысымды мектептер саны – 14 (№1, 9, 38, 42, ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

1. 2022-2024 жылдарға арналған Шымкент қаласы білім басқармасының бюджеті туралы: Шымкент қаласында 2022 жылы білім беру ұйымдары 803 мекемелерімен 366 мыңнан астам білім алушылармен бастағалы отыр. ➢ мектептер – 202, оқушы саны – 242 525 (мемл. мектеп – 151, оқушы – 224 467, жекем. – 51, оқушы – 21048); ➢ балабақшалар – 545, бала саны – 65 835 (мем. – ...

Толығырақ »

КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫНЫҢ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАР БОЙЫНША ЕСЕБІ

Шымкент қаласы мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы өз жұмысын 2021 жылы қаңтар айынан бастады. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, қала мәслихатының регламентіне және комиссияның жұмыс жоспарын жетекшілікке ала отырып, өз құзіретінің шегінде атқарып келеді. Тұрақты комиссияның 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, қала әкімдігі мен қала мәслихатының сессияларына ұсынылған маңызды мәселелері ...

Толығырақ »