Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы (страница 111)

Қала тынысы

Шымкент қаласының Полиция департаменті ескертеді!

Шымкент қаласының Полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық – көпшілік орындарда жеке заттарына мұқият болуын ескертеді. Қалта ұрлығының басым бөлігі адамдар көп шоғырланатын жерлерде орын алады (сауда орындар, қоғамдық көліктер, дүкендер, супермаркеттер, ойын — сауық орталықтар және т.б.). Әдетте, қылмыстық қол сұғушылық объектілері ұялы телефондар мен әмияндар болады. Қалта ұрысының құрбаны болмау үшін тқмндегілерді үнемі есте сақтау қажет: • ...

Толығырақ »

Шымкент полицейлері «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясын қорытындылады

Шымкент полицейлері «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясын қорытындылады. Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 2019 жылғы 18-19 қазан күндері таңғы сағат 9-00-ден кешкі сағат 19-00-ге дейінгі уақытта Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері өткізген «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы барысында 1350-ден астам азамат келіп, өз сұрақтарына қажетті жауаптарын алды. Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық ...

Толығырақ »

Шымкент: жоғары оқу орындарының шетелдік студенттерімен кездесу өтті

Шымкент қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері қаладағы жоғары оқу орындарының шетелдік студенттерімен кездесті. Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 2019 жылдың 17-18 қазанында Шымкент қ. ПД көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің, «Silk way» Халықаралық университетінің, Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің, академик А. Қуатбеков атындағы ...

Толығырақ »

ТҰҢҒЫШ САЙЫС ТАРТЫСҚА ТОЛЫ БОЛДЫ

Шымкент қаласында киберспортттың FIFA 19 түрінен БАҚ өкілдері арасында жарыс өткізілді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауындағы “Цифрлық Қазақстан” жобасының аясында дамып жатқан бұл спорт түрі журналистер үшін – үлкен қадам. Себебі киберспорт әлемде жүйелікке ие болып, қарқынды дамып келе жатыр. Жарыста жеңілгендер тек қана оған қатыспағандар болды. Өте тартысты өткен жарыста соңғы турға дейін жеңімпазды анықтау мүмкін болмады. Бір мұңайтарлығы жанкүйерлер ...

Толығырақ »

Шымкенттік полицейлер «Коммуникативтік менеджментті» меңгеріп жатыр

Шымкенттік полицейлер «Коммуникативтік менеджментті» меңгеріп жатыр, деп жазады «Отырар» телеарнасының тілшісі М.Бекееваның материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz». «Коммуникативтік менеджмент» . Development Day аясында, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалы осындай тақырыппен семинар-тренингті қолға алды. Семинар-сабаққа полиция департаментінің көші-қон қызметі және жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері қатысып, білімі мен білігін жетілдірді. Ұйымдастырушылардың сөзіне сенсек, бұл тренинг полиция ...

Толығырақ »

ӘКІМ МЕН АҚЫН КЕЗДЕСТІ

Бүгін қала әкімі Ерлан Айтаханов белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақмарал Леубаеваны 50 жылдық мерейтойымен құттықтап, арнайы қабылдады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Кездесу барысында шаһар басшысы айтыс өнері мен руханият төңірегінде бірқатар мәселелерді айтып, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ақындардың алар орны ерекше екенін атап өтті. Ақмарал Леубаева 1969 жылы 10 қазанда ...

Толығырақ »

Шымкенттіктер мамандандырылған ХҚО-да алдын ала тестілеуден өте алады

Автоәуесқойлар жол қозғалысының теориясы бойынша алдын ала тестілеу емтиханын  мамандандырылған ХҚО-да тапсыра алады.  Жыл басынан бері  үш мыңға жуық шымкенттік осы мүмкіндікті пайдаланып, жол қозғалысы ережелері бойынша білімін тексерген.  Енді әрбір үміткер емтихан тапсырар алдында өз білімін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында ақылы түрде тексере алады. АвтоХҚО-ның практикалық автодромы аптаның алты күнінде де жұмыс істейді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚСТАН-ЧЕХ бизнес-форумы қатысушылар Шымкент қаласын аралады

Шымкентте өткен ҚАЗАҚСТАН-ЧЕХ бизнес-форумынан кейін Шымкентке келген делегаттар Бəйдібек би ескерткішіне барып, Шымкент қаласының көрнісін тамашалады. Мұнан соң қазақ халқының салт-дəстүрі мен тарихынан сыр шертетін тарихи-өлкетану музейіне барды. Одан кейін Дендросаябаққа арнайы барып, ағаш отырғызды. Сондай-ақ, қала көркін еселеген Арбатты аралады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Оған қоса қала қонақтары «Оңтүстік» арнайы ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЗАҚСТАН -ЧЕХИЯ БИЗНЕС-ФОРУМЫ ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласына Чех Республикасы Парламенті депутаттары Палатасының Төрағасы Радек Вондрачек бастаған делегация келді. Құрамында чехиялық 17 компанияның өкілі бар делегацияның қатысуымен «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үйінде ҚАЗАҚСТАН-ЧЕХ бизнес-форумы өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Форумға Чехия Республикасы Парламенті депутаттары Палатасының Төрағасы Радек Вондрачек, ЧР Өнеркәсіп Одағының президенті Ярослав Ганак, ТМД елдері ...

Толығырақ »

ТАБИҒАТ АЯСЫНДАҒЫ ТАНЫМ МӘСЛИХАТЫ

Шымкент қаласының Ішкі саясат және дін істері басқармасы біраздан бері естен шыға бастаған үрдісті қайта жаңғыртып, Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы Қасқасу ауылында қаланың бірқатар журналистері мен блогерлерінің басын қосты. Басқарма басшысы Жанар Бектаеваның жаңа командасы (Сәбит Реметов, Зәуре Оралбаева, Бекен Қоныс, Бибі Айша Нұржанқызы және Айгүл Алишер бастаған қыз-жігіттер) креатив танытып, «Мегаполистегі ақпараттың рөлі» атты семинар-тимбилдинг өткізді. Алқалы жиынды басқарма ...

Толығырақ »

ШЕБЕРДІҢ ҚОЛЫ ОРТАҚ

Шымкентте қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтуде. Шара «Рухани жаңғыру»бағдарламасы және ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орайластырылып отыр. «Дәстүрлі қолөнерді қолдайық» атты жәрмеңкеге қолының қиюы бар 50 шебер қатысып, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеді. Бұл туралы «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі П.Биназарқызының материалына қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Бүгін таң сәріден көрме орталығына ағылған жұрттың қарасы қалың. Келушілер ұлттық нақыштағы бұйымдарды тамашалап қана қоймай, ...

Толығырақ »

МЕГАПОЛИС МУЗЕЙІ және АЙРЫҚША АМФИТЕАТР – 3

Мегаполис музейі және айрықша амфитеатр. – Шымкент қалашығының тарихи, көркемдік құндылығына және сақталуына нұқсан келтірмей, оның қазіргі заманға сай пайдаланылуы үшін жағдай жасауымыз қажет, – деді қала әкімі. Мәселені талқылай келе, ғалымдар Ескі қалашықтың жоғарғы бөлігін реставрациялауды  2019 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлады. Ал келесі жылдың наурыз айына дейін Шымкент қаласының мұражай — экспозициясы әзірленбек. Онда Шымкент қалашығынан табылған экспонаттар ...

Толығырақ »

МЕГАПОЛИС МУЗЕЙІ және АЙРЫҚША АМФИТЕАТР — 2

Шымкент 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасына айналмақ. «Бізде кідіруге уақыт жоқ» деген Үкімет басшысының тапсырмасымен Цитадельді музейлендіру жұмыстарын Шымкент қаласының әкімі бірінші кезекке қойды. Ерлан Қуанышұлының төрағалығымен «Шымкент қалашығы» жобасы аясында ғылыми — әдістемелік кеңес өтті. Әуелі Мәскеу қалалық халықаралық сәулет академиясының профессоры, ҚР монументалды ескерткіш жөніндегі мемлекеттік комиссиясының мүшесі, жоба авторы Сәдуақас Агитаев Шымкент қалашығын қалпына келтіру жұмыстарының ...

Толығырақ »

МЕГАПОЛИС МУЗЕЙІ және АЙРЫҚША АМФИТЕАТР

«Төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтына бір сәт үңіліп көрсек, шынайы прагматизмнің талай жарқын үлгілерін табуға болады» – деді ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасының сөзіне сүйенсек, Ескі қалашықтағы Цитадель мен жуырда ашылатын қалалық музей Шымкенттің 2200 жылдық тарихи және мәдени өмірінен сыр шертпек. ҚР БҒМ Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, академик Бауыржан Байтанаев өткен аптада ҚР Премьер-Министрі ...

Толығырақ »

Шымкент полицейлері «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясының бірінші күнін қорытындылады

Шымкент полицейлері «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясының бірінші күнін қорытындылады. Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Бүгін, 2019 жылғы 18 қазан күні таңғы сағат 9-00-ден кешкі сағат 19-00-ге дейінгі уақытта Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері өткізген «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы барысында 861 адам келіп, өз сұрақтарына қажетті жауаптарын алды. Еске сала кетейік, Шымкент ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ БАСПАСӨЗ-ТУРЫ

Төтенше жағдайлар кезінде ерекше қауіпке балалар ұшырайды, бұл олардың аз өмірлік тәжірибесі мен мұндай жағдайлар кезінде дұрыс әрекет жасай білу бойынша білімдерінің аздығына байланысты болады. Құтқарушылар күніне орай, сондай-ақ өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қызметімен танысу үшін «Отырар» телеарнасының «Ата-анасыз бір сағат» атты бағдарламасының жас журналисі Бекасыл Шымкент қаласындағы мамандандырылған жасақта қонақта болды. Танымдық экскурсияны мамандандырылған жасақтың аға өрт сөндірушісі азаматтық ...

Толығырақ »

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ СҰХБАТ

Өрт- әркез кенеттен болады және қауіпті. Көптеген адамдар бұндай жағдайда абдырап қалады: қажет емес іс-әрекеттер жасайды, өртке оранған үйден шығу жолдарын табалмайды. Көп жағдайда адамдарға тірі қалуға мүмкіндік болмас еді егер ол жер көмекке өрт сөндірушілер келмесе. Ал, өрт сөндірушілер әрдайым көмекке келеді. Бұл жұмыста ұсық-түйек деген жоқ. Өртке шығу жұмысы бір минутта зая кетпестей етіп ұйымдастырылған. Өрт сөндіру бөліміне ...

Толығырақ »

Шымкент қаласының әкімі діни конфессиялардың басшыларын қабылдады

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов діни конфессиялардың басшыларын қабылдады, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Мәжіліс барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы, «Ақмешіт» орталық мешітінің бас имамы Бақтыбай Бейсенбаев 18 қазан — Рухани келісім күні деп атаудың өзі дін өкілдеріне деген үлкен құрмет екенін айтып, мемлекетіміздің салиқалы саясатын жүргізуге, тұрақты діни ахуал, ...

Толығырақ »

Шымкентте аллергияны қайда емдейді?

Шымкентте аллергияны тек Шымкент қалалық №2 ауруханасында ғана емдеуге болады, деп жазады «Отырар» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz». Аллергия маусымы басталды. Түшкірініп, пысқырынатын уақыт келді. Көз қышып, мұрын бітеледі. Мазасы кетіп, дем жетпей жүргендерді жиі көруге болады. Және де жас талғамайды. Түшкірсе болды, кейбіреу өзін «аллергиямын» дейді. Диагноз қоюмен шектелсе жақсы ғой. Өз бетінше ем-шараға кіріседі. Ауырған адам не қолданбайды дейсіз. ...

Толығырақ »

Шымкент қаласының штаттан тыс бас маман дәрігерлерінің басым бөлігі №2 ауруханасында жұмыс істейді

Шымкент қаласының штаттан тыс бас маман дәрігерлерінің басым бөлігі Шымкент қалалық №2 ауруханасында жұмыс жасайды, деп жазады «Отырар» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz». Атап айтқанда қаланың бас нейрохирургі Сәрсен Маханбетұлы, бас аллерголог Сауғабаева Сарсенкүл Қалмахановна, бас пульмонолог Байташов Оразгелді Такешұлы, бас ревмотолог Тен Светлана Владимировна. Бұл аталған 4 дәрігерде №2 аурухана дәрігерлері. Олардың міндеттеріне науқастарды жүргізу тактикасын әзірлеу бойынша жүгінген кезде ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: Көші-қон саласындағы құжаттарды үйде отырып алуға болады

Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары назарына! Азаматтарға арналған үкіметтің www.egov.kz, www.con.gov.kz, www.mvd.gov.kz сайттарында үйден шықпай мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі бар, деп хабарлайды «ernur.kz» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған «didarbek.kz». Атап айтсақ, www.egov.kz порталында көші-қон қызметі саласы бойынша 8 мемлекеттік қызмет түрін үйде отырып-ақ пайдалануға болады. Олар: Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру; Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру; Қазақстан Республикасының халқын ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ «МИЗАМ» ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

Шымкенттік этно-мәдени бірлестік мүшелері ұмыт қалған «Мизам» ұлттық мерекесін тойлады. Бұл туралы «Ońtústik арнасы» телеарнасының тілшісі П.Биназарқызының материалына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Атадан балаға мирас болған салт-дәстүрді дәріптеп, ен даланың рухани байлығын қайта жаңғыртты. Бұл күні «Этностар күні мен мерекесі» аясында «Тілге құрмет – елге құрмет» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Онда қазақ елін мекен еткен өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ

Әкім уәдесінде тұрды! Шымкенттегі Тұран мөлтекауданының тұрғындары осылай деп, қуанып отыр. Осыдан небәрі екі күн бұрын Ерлан Айтаханов тұрғындармен кездесіп, осы маңға қоғамдық көлік жүргізіп беруге уағдаласқан екен. Қала басшысы сөзінде тұрып, бүгін 171-ші бағыттағы автобус жолаушы тасымалдауды бастап кетті. Бұл туралы «Ońtústik арнасы» телеарнасының тілшісі П.Биназарқызының материалына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Тұран мөлтекауданындағы «Әдия» тұрғынүй кешеніне жұрт өткен жылдың ...

Толығырақ »

Шымкент – Қайырымды қала!

Қадірлі ағайын, құрметті жерлестер, ғасырлар бойы тіршілігі үзілмеген, заңғары биік, аңғары көркем ғажайып асқар Алатау сілемдерінің күнгейіндегі Шымкент қаласының тарихын танытып, өзіндік бет-бейнесі мен болмысын байқататын уақыт жетті ғой деп ойлаймын. Өздеріңіз тарихтан білесіздер, қазақтың мәуелі, сауда-саттығы дамыған көне қалалары шоғырланған оңтүстік өңір үшін қаншама кескілескен шайқастар өтті. Бұл өңірлерге табан тіреп қалу үшін біздің елден өзге де жұрттар да ...

Толығырақ »

Шымкентте құтқарушылар күні салтанатты түрде атап өтілді

18 қазан — Құтқарушылар күні қарсаңында «Көрме» орталығында салтанатты іс-шара өтті. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар, іс-шара қонақтары мен ардагерлері қаза тапқан әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды. Мерекелік жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Нұртай, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Г.Құрманбекова, Nur Otan партиясының қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Нарымбетов қатысып, төтеншеліктерді төл мерекелерімен құттықтады. Олардың қажырлы еңбегін, батылдығын және батырлығын ...

Толығырақ »