Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы (страница 114)

Қала тынысы

Шымкентте бизнес идеяны іске асыруға мүмкіндік бар

Шымкентте бизнес идеяларды жүзеге асыруға арналған мемлекеттік грантқа құжат қабылдау басталды. Қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Гүлбану Шанаеваның айтуынша, бұл жоба нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. – Бір реттік қайтарымсыз мемлекеттік грант конкурс арқылы үлестіріледі. Қазіргі таңда 18 бен 29 жас аралығындағы еңбекке жарамды жұмыссыз жүрген жастар мен мүмкіндігі ...

Толығырақ »

Шымкентте жұмыс істеп тұрған 21661 кәсіпорынның 1033-де ұжымдық шарт жасалған

Шымкент қаласында жыл басынан бері еңбек қауіпсіздігін сақтау бойынша 586 тексеру жүргізілген. Нәтижесінде 477 еңбек заңдылығын бұзу фактісі анықталып, ескертпелер түзілген. Кәсіподақ ұйымдары 55 еңбек дауын шешуге және 5 жазатайым оқиға орын алған жағдайларды зерттеуге қатысқан. Бұл туралы «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов БАҚ өкілдеріне 6 айда атқарылған жұмыстар жөніндегі брифингте баяндады. Берік Айдарбекұлы еңбек ...

Толығырақ »

Шымкентте «Қалтаңыздағы ХҚО» акциясы басталды

Шымкент қаласының Мамандандырылған ХҚО аумағында, автокөлік базарлары, автокөлік сататын дүкендер және адамдар көп жиналатын орындарда «Қалтаңыздағы ХҚО» акциясы басталды. Шара барысында Egov.kz жаңа мүмкіндіктері таныстырылды. Сонымен қатар шымкенттіктерге Mgov.kz, телеграмдағы EgovKzBot туралы нұсқаулық буклеттер таратылды. Қызығушылық білдірген азаматтарға ЭЦҚ-ны қалай рәсімдеуге болатыны, мобильдік үкіметте тіркелу, сондай-ақ айыппұл мен салықтарды онлайн түрде  қалай төлеу керектігі көрсетілді. Автокөлік иелеріне жүргізуші куәліктерін ауыстыру ...

Толығырақ »

Шымкентте халықтың жұмыспен қамтылуына көмектесетін орталық ашылды

Шымкент қаласында халықтың жұмыспен қамтылуына проактивті көмектесу мақсатында «Атамекен» қолдау орталығы жұмыспен қамтудың мобильді орталығы іске қосылды. Орталықтың тұсаукесер рәсіміне қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова қатысты. – Президент Қ.Тоқаевтың «халықпен кері байланыста болу» тапсырмасына орай мемлекеттік бағдарламаларды халыққа ашық форматта түсіндіру, жаппай кәсіпкерлікпен айналысуға үйрету, халыққа қолжетімді ақпарат ұсыну мақсатында қала әкімдігі «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасымен бірге іс-шаралар жоспарын бекітті. Қаламыздағы ...

Толығырақ »

Шымкентте жаңа автобустар қызмет көрсетуде

Шымкентте 22 шілдеден бастап қала ішінде № 96 автобус бағытында қатынайтын ескі «ГАЗЕЛЬ» көліктерінің орнына жолаушыларға жайлы жаңа автобустар қызмет көрсетуде. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай Іnstagram әлеуметтік желісінде жария етті. — Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! “Shymkent bus” автобус паркіне алынған жаңа автобустар қала ішіндегі бағыттар бойынша қызметтерін бастады. 22 шілдеден бастап № 96 автобус ...

Толығырақ »

Шымкенттен шығатын аяқ киімнің сапасы жоғары

«Қазақстанда жасалған». Ел нарығында отандық таңбамен саудаланатын өнімдерге сұраныс артып келеді. Айталық, Шымкенттен шығатын «Заряның» аяқ киімдері бүгінде Қазақстан ғана емес, көрші ел тұтынушыларына да таныла бастады. Ерлер, әйелдер және балаларға арналған аяқ киімнің түр-түрін тігетін цех таяу күндері жаңа өндіріс ошағын іске қоспақшы. Аяқ киімдер былғары және қолтырауын терілерінен тігіледі. Шымкенттен шыққан өнімнің шетелдің брендтік аяқ киімдерінен еш кемі ...

Толығырақ »

Шымкент – Қазақстандағы ежелгі шаҺарлардың бірі

«Шымкент – Қазақстандағы ежелгі шаҺарлардың бірі. Қаланың іргесі XI-XII ғасырларда Қытайға баратын сауда жолы үстінде қаланды» деген мәлімет бар. Дей тұрғанмен, соңғы 10 жыл көлемінде Шымкенттің тарихы тым тереңде жатқаны жөнінде және қаланың негізі бұдан да ертерек қаланғаны туралы белгілі археологтар мен тарихшы ғалымдар дәлелдер келтіруде. …Шымкент — адам жаны ләззат алатын нағыз құтты мекен. Мұнда демалысқа немесе қонаққа келген ...

Толығырақ »

Шымкентте халықтың спортпен қамтылу көрсеткіші — 27,8 пайыз

Шымкент қаласының денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев 6 айда атқарған жұмыстары туралы брифинг өткізді. Басқарма басшысы спортшылардың жетістіктері, спортты дамытудағы жұмыстар және Олимпиада ойындарына дайындық барысы туралы мәліметтер берді, деп хабарлайды didarbek.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2019 жылдың 6 айында қала аумағында жалпы 222 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 41 мыңнан астам адам қатысты. Қала аумағында спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар ...

Толығырақ »

Шымкенттегі жоғары оқу орнында медиация кабинеті ашылды

Шымкент қаласындағы «Шымкент университетінің»  ішінде медиация кабинеті ашылды, деп хабарлайды didarbek.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл кабинет білім ордасындағы ұстаздар мен студенттер арасындағы түсінбеушілікті шешуге, студенттердің құқықтық санасын көтеруге бағытталған шара болатын. Ашылу рәсіміне Қаратау аудандық сотының төрағасы Е.Рахманберді, «Дана» құқық және медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Д.Кенжеқұлова, Шымкент университетінің ректоры Н.Сейткулов, ұстаздар және БАҚ өкілдері қатысты. Қаратау ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ

Жалпы қабылданған моральдық әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы С.Әсілбектің, психология мамандығының магистрі М.Баймуханбетованың және БАҚ өкілдерінің қатысуымен қалалық әділет департаментінде психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Шара барысында американдық Джанелл Барлоу мен Клаус Меллердің авторлық кітабындағы қызметкерлердің тиімді іскерлік қарым-қатынасқа оңай қол жеткізуі ...

Толығырақ »

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ұйымдастыруымен қаламыздағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық сарапшылардың қатысуымен «Transparency International Kazakhstan» жазғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектебінде семинар-тренинг өткізілді. Іс-шараны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Талғар Серікбаев ашып, шараның маңыздылығына тоқталып өтті. Іс-шараға «Transparency Kazakhstan» ҚҚ атқарушы директоры О.Шиян, Шымкент қаласы әкімі ...

Толығырақ »

Шымкентте «100 жаңа оқулық»: 30 жаңа еңбек таныстырылды

Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры аударып ұсынған кезекті 30 оқулық таныстырылды. Әр кітаптан – 384 дана, барлығы 11520 кітап жеткізілген. «Жаңа гуманитарлық білім: Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында кезекті рет жарық көрген оқулықтармен танысуға «Елбасытану» орталығына университеттің факультеттері мен жоғары мектеп декандары, жетекші оқытушылары жиналып, жаңа оқулықтарды оқу үдерісіне енгізу туралы ...

Толығырақ »

«Қайтпас 1-ге» – жаңа емхана

Шымкенттегі медициналық ұйымдарда маусым айынан бастап 14 382 қызметкердің жалақысы 30 пайызға көбейді. Атап айтқанда медбикенің жалақысы 94 095 теңгеден 122 323 теңгеге дейін өсіп отыр. Ал ең жоғары санаты бар дәрігерлер 159 271 теңге жалақы алады. Бұл туралы Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев мәлімдеді. Басқарма басшысының айтуынша, денсаулық сақтау саласына барлық деңгейдегі бюджет есебінен 2018 жылы ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ЗООБАҒЫНА БАРЫС ӘКЕЛІНДІ

Барыс — биік тауда мекендейтін ерекше сымбатты жыртқыш аң. Ол өте айлакер, күшті әрі шапшаң. Азығын биік тасты жерден, кейде құз арасынан аңдып отырып, 15 метрге дейінгі биіктіктен секіріп, аса ептілікпен ұстай алады. Барыстың дене тұрқы 120-150 см-ге, құйрығының ұзындығы 90 см-ге дейін жетеді, салмағы 23-43 келіге дейін жетеді. Бір қызығы — осындай ірі тұлғалы жыртқыш адамға шабуыл жасамайды. Мысықша ...

Толығырақ »

БҰЛ КӨКЕМ ҚОСПАСЫ ЖОҚ КЕРЕМЕТ ЖАН БОЛАТЫН…

Сейтжанов Дайн – өте елгезек, мейірбан және таза адам еді. Шымкент қаласында дүниеге келіп, Леңгір (қазіргі Төлеби), Шаян (Бәйдібек) аудандарында өсу баспалдақтарынан өтіп, Алматы мен Мәскеуде білімін жоғарылатып, 1968 жылы Арыс қалалық Ішкі істер бөлімінің бастығы қызметін атқарған. Бала кезімде Арыстағы үйіне жиі баратынбыз. Әлі есімде сол көкемнің ерекше басымнан сипайтын сиқырлы сәттері. Бір күні ұлы Мелестің бір ойыншығы қатты ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖАҢА ЕҢБЕКАҚЫ ЖҮЙЕСІ

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Елбасы халықтың қажеттілігіне бағытталған кәсіби мемлекеттік қызметтің қалыптасуына аса мән беріп келе жатқаны бәрімізге мәлім. 2015 жылы «Мемлекеттік қызмет туралы» заң қабылданғанға дейін, елімізде конкурстық іріктеу жүйесі жүзеге асырылған. Аталған іріктеуге кез-келген бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға әрбір қабілетті азаматтардың қатысуына мүмкіндік берілген. Біліктілік талаптары мемлекеттік қызметке кіруге ниеттенген кандидаттардың мемлекеттік қызмет саласында тәжірибесі болмаған жағдайда басқа ...

Толығырақ »

Қуыршақ театрында – маусымашар

Қуыршақ театрының 36-шы маусымы С.Олжабайдың «Адалдық туралы аңыз» қойылымының тұсаукесерімен ашылды. Бұл туралы облыстық қуыршақ театрына сілтеме жасаған didarbek0kz ақпараттық агентігі хабарлайды. Жаңа қойылымның премьерасына жазушы, драматург, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» Халықаралық сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұт, әнші, композитор, Республикалық және Халықаралық байқаулардың лауреаты Құралай Сәтмұқамбетова, «Ұстаз нұры» газетінің рекдакторы, Облыстық ата-аналар комитетінің төрағасы Бейсе Әнуарбек келіп, 35 жыл толып ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында «Қазақстан өңірлерінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру» семинар-тренингі өз жұмысын бастады деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында «Қазақстан өңірлерінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру» семинар-тренингінің ашылу бөлімі өтті. Үш-күндік семинар-тренингтің (12-14 қыркүйек) ашылуына ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ...

Толығырақ »

Қазақстан Президенті Түркістан қаласын дамыту жөнінде кеңес өткізді

Қазақстан Президенті Түркістан қаласын дамыту жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Жиын барысында Мемлекет басшысына Түркістан қаласын дамытудың жоспары мен перспективалары жөнінде мәлімделіп, облыс орталығын Шымкент қаласынан Түркістан қаласына көшіруге қатысты тапсырмалардың орындалуы туралы баяндалды. – Елімізде жаңадан Түркістан облысының пайда болғаны баршаға мәлім. Бұл орынды шешім деп санаймын. Облыс орталығы енді ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ ЕСКЕРТІЛДІ!

Ағымдағы жылдың 7 қыркүйек күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жаңадан құрылған жергілікті және аумақтық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен, персоналды басқару қызметінің өкілдерімен және әдеп жөніндегі уәкілдерімен кездесті. Департамент басшысы Ә.Көмекбаев төрағалық еткен іс-шараға Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Е.Әлімқұлов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлтық бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының ...

Толығырақ »

ЖЕҢІМПАЗ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы департаменттерінің ұйымдастыруымен «Отан отбасынан басталады» атты байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқау жеңімпаздарын марапаттау «Отбасы күніне» орайластырды. Дәл осы тәрбие беру үрдісі адам бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға негіз болып табылады. Бұл орайда басты рөл отбасыға берілген. Әр ата-ана шынайы құндылықтарды таңдауда үлгі болуы ...

Толығырақ »

«ӨЛКЕТАНУ» КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Түркістан қаласында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-7 сыныптарына арналған «Өлкетану курсының оқулығы таныстырылды. Оқулықты жазуда Түркістан облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықова бастаған облыстың және Шымкент қаласының шығармашыл әдіскерлерінен, ұстаздарынан құрылған төмендегі авторлық ұжым жұмыс жасаған: 1. Өмір Шыныбекұлы – Шымкент қаласы №41 мектеп-лицейінің тарих және құқықтану пәнінің мұғалімі. ...

Толығырақ »

КӨМЕКБАЕВҚА СЕНСЕК, КЕЛЕШЕГІМІЗ КЕМЕЛ

2018 жылдың басынан бері Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бастамасы бойынша Астана қаласы, Маңғыстау облысы әкімі аппараттарында, Әділет министрлігінде және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде жалақы төлеудің жаңа жүйесі пилоттық апробиясы іске қосылды. Онда қазіргі таңда факторлы-балдық шкала бойынша жалақы төленуде. Жаңа жүйе екі бөліктен тұратын болады. Ол – факторлы-балдық шкала ...

Толығырақ »

ӨНЕРГЕ ӘРКІМНІҢ-АҚ БАР ТАЛАСЫ

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Түркістан облысы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы «Жастар ресурстық орталығында» облыстық «Talant show» байқауы өткізілді. ІІ кезеңнен тұрған бұл байқауға аудан-қалаларда өткен байқауларда жүйрік атанып, іріктеліп шыққан 18 өнерпаз жас қатысты. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Сарыағаштық өнерпаз қыз Садвакасова Фатима иемденді. Сонымен қатар, 1 ші орын ...

Толығырақ »

Найб мүфти Шымкенттің жаңа өкіл имамын таныстырды

Найб мүфти Шымкент қаласының жаңа өкіл имамын таныстырды, деп хабарлайды Didarbek.kz ақпараттық агенттігі ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметіне  сілетеме жасап. Бүгін, қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасының бірінші орынбасары, найб мүфти Наурызбай қажы Өтпенов Шымкент қаласына арнайы келді. Іс сапары аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің бұйрығымен Бейсенбаев Бақтыбай Қыдырбайұлы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан ...

Толығырақ »