Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары (страница 28)

Облыс жаңалықтары

ТҮРКІСТАНҒА «ЕУРОПА-АЗИЯ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ ШЕРУІ КЕЛДІ

Бүгін Түркі әлемінің рухани астанасы — Түркістан шаһарына «Еуропа-Азия» халықаралық бейбітшілік және келісім шеруі ат басын бұрды. Үш елдің, яғни Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің 16 қаласын аралауға ниетті жандар көне шаһардың көрікті жерлерін аралап, өлкеміздің тарихымен танысты. Алдымен түрлі этнос өкілдерінен жиналған 30-ға жуық марш қатысушысы Түркістандағы Қ. А. Ясауи маңындағы саябақта көк туды көкте желбіретіп, салтанатты түрде жүріп өтті. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ 92,2 ПАЙЫЗЫНА АТТЕСТАТТАУ ЖҮРГІЗІЛГЕН

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті биыл жыл басынан 366 білім беру ұйымының 181-іне аттестаттау жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 106 балабақша, 73 мектеп, 2 колледж бар. Нәтижесінде 14 білім беру ұйымы аттестатталып, талаптарға сәйкес келмегені — 167. Бұл көрсеткіш мемлекеттік аттестаттау жүргізілген білім беру ұйымының 92,2% құрайды. Бұл туралы департамент басшысы Ғалымжан Алматов мәлімдеді. «Жыл басынан бері электрондық ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА 50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Түркістанда 4,8 млн. шаршы метр тұрғын үй салып, 46 мың пәтер пайдалануға беру жоспарлануда. Құрылыс сапасы қатаң бақылауда. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс алаңдарында болды. Тұрғын үй кешені мен әкімшілік ғимараттар бірге орналасқан 20 қабатты екі тұрғын үй құрылысының жұмыс барысымен танысты. Каскадты өру үлгісінде салынған көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды. Құрылысшылармен кездескен облыс басшысы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ЖАҢА НЫСАНДАРМЕН ТҮРЛЕНЕ ТҮСПЕК

Түркістан қаласында заманауи үлгідегі спорт нысандары салынып жатыр. Олардың құрылысы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тікелей бақылауында. Бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортын дамыту бағытында облыс басшысының бастамасымен бірнеше жаңа спорт орталықтары бой көтерген. Спорт саласына үлкен көңіл бөлетін облыс әкімі қаладағы жаңа спорт нысандардың құрылыс алаңдарын аралады. Жауапты сала басшыларымен кездесіп, жұмыстың сапасына баса назар аударуды тапсырды. Түркістанда салынып жатқан ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДЫ ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕРДІҢ ТУРИСТІК АСТАНАСЫ ЕТУ ҰСЫНЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев 2023 жылы Түркістан қаласы түркітілдес елдердің туристік астанасы болуы мүмкін екенін айтты. «Түркістан — еліміздегі туристік қарқыны жоғары өңірлердің бірі. Қаланың инфрақұрылымы жыл санап дамып келе жатыр. Түркістанға көліктің барлық түрі барады. Бүгінде бұл қалада республикалық және халықаралық айтулы іс-шаралар өтіп жатыр. Әзербайжанда өткен түркітілдес елдердің туризмге жауапты министрлерінің кездесуінде Қазақстан 2023 ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҚАЛАДА 16 ЕГІЗ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН

28 жастағы Қымбат Сарыбайқызы, Раяна, Рәзия және Рәбия есімді үшемді дүниеге әкеліп,алты баланың анасы атанды. Бүгін анасының және сәбилердің жағдайы жақсарып, облыстық перинаталды орталықтан шығарылды. — Қазір үш қыздың жағдайы бір қалыпты. Алдағы уақытта да жағдайларын қадағалап, тұрақты түрде бақылап отыратын боламыз- деді перинаталды орталықтың бас дәрігері Гүлбану Жұмағалиқызы. «Керемет сезім, ештеңе айта алмаймын, қатты қобалжып жүрмін. Бүкіл перзентханаға үлкен ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН 218 ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Жыл басынан бері Түркістан облысының жастарына 182 мыңнан аса медициналық қызмет көрсетіліп, оған 431 млн теңгеден астам қаржы жұмсалды. Ал, қазіргі таңда еліміз бойынша қалалық, аудандық емхана мен жекеменшік клиникаларда барлығы 218 денсаулық орталығы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жұмыс істейді. Бұл жөнінде «Әлеуметтік сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев хабарлады. «Орталықта негізінен 12–17 жас аралығындағы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТЕРДІҢ ӨНІМДІЛІГІ 65% ЖЕТТІ

Түркістан қаласы маңындағы «Жасыл белдеу» аймағын алғашында 7 700 гектарға құру жоспарланса, қазір ол меже 13 629 гектарға жетіп, аталған аймақта көшеттер күтіп-бапталуда. Қазіргі таңда Түркістан қаласы мен айналасындағы жасыл екпелердің өнімділігі 65-75 пайызды құрап отыр. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Әбдуәлиев мәлімдеді. «Бүгінде Түркістан қаласының экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында қала ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН:ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУҒА 17 МЫҢ ГРАНТ БӨЛІНДІ

Түркістан облысында 9-сынып түлектерін мектептен кейінгі техникалық біліммен қамтамасыз етуді ұлғайту мақсатында 2022-2023 оқу жылына жалпы саны 17 000 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілді. Бұл туралы бүгінгі брифингте Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы мәлімдеді. «Талапкерлердің өтінімдерін қабылдау колледждердің қабылдау комиссияларында және www.egov.kz веб-порталы арқылы жүргізілуде. Талапкер оқуға түсу кезінде мемлекеттік грант ұтып алуға конкурсқа түсу ...

Толығырақ »

ӨҢІРЛІК ЭКСПОРТАУШЫЛАР КЕҢЕСІ ӨТТІ

Түркістан облысы Инвестиция және экспорт басқармасының ұйымдастыруымен өңірлік экспорттаушылар кеңесі өтті. Кеңеске Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ, «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы АҚ, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қаржы институттарымен жұмыс жөніндегі дирекциясы, сонымен қатар, облыстағы бірнеше ірі инвестициялық жобалардың ресми өкілдері қатысты. Түркістан облысының тауар айналымы 2022 жылдың 4 ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРДІҢ ДЕРБЕС МӘЛІМЕТТЕРІН АНЫҚТАУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ

Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 136 және 137 баптарына сәйкес салық төлеушілерді бағалау және тәуекел дәрежелері бойынша оларды санаттарға бөлу арқылы тәуекел дәрежесін анықтау қарастырылған. Яғни, салық төлеушінің дербес мәліметтерін зерделеу нәтижесінде тәуекелдерді басқару жүйесі ақпараттық бағдарламасымен автоматтандырылған олардың тәуекел дәрежесі «жоғары», «орташа» және «төмен» деп бөлінеді. Бұл туралы бүгінгі брифингте Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Талдау және тәуекелдер басқармасының ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖУРНАЛИСТЕР ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Қарағанды қаласында төрт жылда бір рет өтетін Бұқаралық ақпарат қызметкерлері арасындағы дәстүрлі спартакиада аяқталды. Спорт додасына еліміздің барлық аймақтарынан сала мамандары қатысты. Журналистердің Олимпиадасына баланатын бұл республикалық жарыста Түркістан облысы құрамасы жалпыкомандалық есепте бас жүлдені иеленді. Спорттың бес түрін қамтыған сайыста ақпарат құралдары өкілдері қазақ күресі мен футбол, волейбол және үстел теннисі, бильярд спортынан республика бойынша іріктелген құрамалар бақтарын сынады. ...

Толығырақ »

ТУРКЕСТАН: В ЗОНЕ ЗЕЛЕНОГО ПОЯСА СТАНОВИТСЯ БОЛЬШЕ САЖЕНЦЕВ

Для представителей прессы в зоне зеленого пояса был организован специальный пресс-тур, посвященный улучшению экологической обстановки в Туркестане. В нем приняли участие заместитель акима Туркестанской области Улан Тажибаев, руководитель управления природных ресурсов и регулирования природопользования Туркестанской области Кайрат Абдуалиев, аким Туркестана Нурбол Турашбеков, аксакалы. Изначально под зону зеленого пояса планировалась выделить 7700 гектаров, сейчас же она достигает 13 629 га. В ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ДАҒДАРЫС КЕЗІНДЕГІ КОММУНИКАЦИЯ БОЙЫНША ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ ӨТТІ

23 маусым — Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Түркістан облысы әкімдігінің басқарма басшыларына қоғаммен байланыс және дағдарыс кезеңіндегі коммуникация тақырыбында шеберлік сабағы өтті. Спикер ретінде облыс әкімінің орынбасары Сакен Қалқаманов баяндама жасап, Қазақстан және әлемдегі белгілі тұлғалардың БАҚ тілшілерімен және жұртшылықпен сұхбат барысында жіберген кемшіліктері, елмен кері байланыс жасау бойынша әңгіме өрбітті. — Ақпараттар ағыны секунд сайын жаңарып отыратын XXI ғасырда ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫНДАРҒА БІР ОРТАЛЫҚТАН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕ

Бүгін Ордабасы ауданына іс-сапармен келген өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевке аудан әкімі Бағлан Батыршав жаңадан ашылған Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын таныстырып өтті. Қажымұхан ауыл округі, Темірлан елді мекенінде орналасқан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО) және халықты жұмыспен қамту орталығы түгеледей жаңа технологиялармен жабдықталған. Аудан тұрғындары үшін кедергісіз қызмет ететін орталық ғимаратының жалпы аумағы ауданы – 2 143,5 ш.м. © ...

Толығырақ »

ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласы мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Фракция мәжілісін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары, фракция жетекшісі Тулегенов Бекайдар Мұсаұлы ашып, жүргізді. Фракция отырысына партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Әлібекқызы Бектаева, төрағаның орынбасары Қалмұратов Мұратәлі Оразәліұлы, фракцияға мүше депутаттар және жауапты басқарма басшылары қатысты. Отырыстың күн тәртібінде «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты ...

Толығырақ »

ТӘУЕЛСІЗДІК — ЖАНМЕН ҚҰНДАС ҰЛЫ ҰҒЫМ.

30 жылда ғасырға бергісіз даму жолынан өттік Еліміз Тәуелсіздік алғалы да 30 жыл өтті. Бұл ата тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында Қазақстан экономикасы дамыған және әлем елдері мойындап үлгерген елдердің қатарына қосылды. Тарихқа шегініс жасасақ, елімізде 1990 жылдың 25 қазанында ел қатарлы Егемендік туралы декларация қабылдады. Одан әрі 1991 ...

Толығырақ »

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша әзірленген жол картасындағы негізгі көрсеткіштердің орындалуына бақылау жасау мақсатында Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасовпен бірге Нұрсат м/а және Шаяхметов көшесінің жол құрылысымен таныстық. Шымкентте биыл 182 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Соның ...

Толығырақ »

ОРДАБАСЫДА ОҢДЫ ІСТЕР ЖАЛҒАСУДА

Ордабасы ауданың әкімі Бағлан Батыршаев тілшілердің басын қосып, баспасөз мәлихатын өткізді. Бағлан Данебекұлының мәлімдеуінше, 2021 жылдың 9 айында ет 17 мың тонна, сүт 37 мың тонна, жұмыртқа 8 миллион дана өндіріліп, ірі қара мал басы 78 мың, қой-ешкі 446 мың, жылқы 29 мың, түйе 822, құс 366 мың бірлікті құрады. Ауданда «Сыбаға» бағдарламасы бойынша мал басын 550 басқа жеткізу жоспарланса, ...

Толығырақ »

БІР АЛҚАПТАН ЕКІ РЕТ ӨНІМ АЛУ

Ордабасы ауданына қарасты 9 ауылдық округтегі 201 шаруа қожалық иелері 517 гектар жерге бірінші рет егілген дақылдан 10 мың 379 тонна өнім алса, екінші рет себілген дақылдың өнім көлемі 3 мың 816 тоннаны құрады. Жалпы аудандағы жылыжайлардың көлемі 87 гектар болса, оның 21 гектары өндірістік, 41 гектары фермерлік, 25 гектары үй іргелік жылыжайлар. Бұған қоса, биыл жылыжай алаңдарын 15 га ...

Толығырақ »

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ БІРҚАТАР ӨЗГЕРІСТЕР

Ордабасы ауданы экономикасының жетекші бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығы саласы. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 9 айда 50 миллиард 372 миллион теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14 миллиард 381 миллион теңгеге ұлғайған. Осылайша нақты көлем индексі 101 пайызды құрады. (оның ішінде 21 миллиард 904 миллион теңге мал шаруашылығы, 28 миллион 437 миллион теңге егін шарушылығы). Жыл қортындысымен өнім ...

Толығырақ »

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ БЮДЖЕТІ БОЙЫНША АҚПАРАТ

2021 жылға Ордабасы ауданының бюджеті 22 миллиард 541 миллион теңгеден 30 миллиард 559 миллион теңгеге артты. Бұл туралы Ордабасы ауданының әкімі Бағлан Батыршаев мәлімдеді. Оның ішінде ауданның өзінің кірістері 1 миллиард 807 миллион теңгеден 3 миллиард 39 миллион теңгеге өсті. Жергілікті бюджетке түскен салықтар мен басқа төлемдер 9 айдың қорытындысымен 2 миллиард 139 миллион теңгені құрап, жоспар 105%-ға артығымен орындалды. ...

Толығырақ »

ПІКІРСАЙЫС ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Түркістан-көшбасшылар алаңы» атты Түркістан облысы әкімінің кубогі үшін өткізілген республикалық пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетті. Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Жаңабайұлы турнир жеңімпаздарын құттықтап, қатысушыларға алғыс білдірді. Тартысты да таласты өткен турнир нәтижесі төмендегідей болды: I-орын: «Мұхтар Мағауин» фракциясы (Алматы қаласы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) Мұхаметалиұлы Өркен, Нұрсапа Айым. ...

Толығырақ »

КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ К.ГРИЦИНИНГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Аудан орталығында Кеңес Одағының батыры, жерлесіміз К.Грицининге арналған ескерткіш орнатылып, шымылдығы түрілді. Ескерткіштің ашылу салтанатына батырдың туған-туыстары, жерлестері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, сонымен қатар Майлыкент ауылының әкімі, мәслихат депутаттары мен халық қалаулылары қатысты. Майлыкент ауылының әкімі жиналған көпшілікті батырдың өмірбаянымен таныстырып, арнайы келген туған-туыстарына аудан азаматы ретіндегі өзіндік алғысын жеткізді. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәтбай Қасымбек батырдың өшпес ерлігін айтып, ...

Толығырақ »

ОТБАСЫЛЫҚ ЖАРЫСҚА ҚАТЫСТЫ

«Елбасы Медалі» жобасының қатысушылары «Отбасы күніне» арналған спорттық отбасылық  эстафета жарысына қатысты. 12 қыркүйек “Отбасы күні” мерекесіне орай “Елбасы академиясы” қоғамдық бірлестігі мен “Қазақстан жастар конгресінің” бастамасымен ата- аналар мен жасөспірімдер арасында тығыз қарым – қатынасқа болуға шақыру, отбасылық құндылықтарды сақтау, сонымен қатар қатысушыларды салауатты  өмір салтына бейімдеу және  дене шынықтыру сабағына  қызығушылығын арттыру, шапшаң қимылдауды, жарыса жүгіруді дамыту мақсатында ...

Толығырақ »