Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Әлеумет (страница 30)

Әлеумет

МАҚТААРАЛДАҒЫ ЖАСТАР ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНА БАРДЫ

2020 жылғы 13 мамыр күні 19:30 сағат шамасында Өрт сөндіру бөлімінің байланыс торабына Алтынтөбе, Жігерген, С.Рақымов ауыл округтері тұрғындарынан үйдің ауласына жаңбыр суы жиналғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына Қазығұрт ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы мен аудан әкімдігі қызметкерлері дер кезінде шығып, Алтынтөбе ауыл округі, Қаржан елді мекенінде 2 үй, 1 емхана, 1 дәріхана, 2 қоражайдың аулаларына су кіргені, Жігерген ...

Толығырақ »

МОБИЛЬДІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫС РЕЖИМІНДЕ

Шымкентте мобильді жұмыспен қамту орталықтары жұмысын бастады. Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты орталықтар бүгінге дейін онлайн режимінде қызмет көрсетіп келді. – Мобильді жұмыспен қамту орталықтарының негізгі мақсаты – жұмыспен қамту, қысқа мерзімді оқыту, жұмысын жоғалтқан және өз мамандығы бойынша жаңа жұмыс орнын таба алмаған халыққа кәсіптік бағдар беру және психологиялық қолдау бойынша қызметтер көрсету. Орталық менеджерлері өтініш білдірушілерді базаға тіркейді, сосын ...

Толығырақ »

СУ ТАСҚЫНЫ ҚАУПІ ТОЛЫҚ БАҚЫЛАУДА

Кеше қатты жауған жауынның салдарынан Бадам мен Сайрам су өзендері арнасынан асып, Шымкенттің бірқатар аумағын су басқан болатын. Қазіргі таңда нөсер жауынға тап болған Елтай және Қарабастау елдімекендерінде дер кезінде тиісті көмек көрсетіліп, қауіптің алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Н.Дербісов мәлімдеді. — 13 мамырда сағат ...

Толығырақ »

ӨТКІР ӨМІРЗАҚ немесе ШАРШАМАЙТЫН ШӨКЕЕВ

Биылғы тышқан жылы Түркістан облысына оңай тиіп жатқан жоқ. Әлемді дүрліктірген індет біраз діңкелетсе, артынша түстік өңірдің шаруалары қыруар тонна қырыққабатын саудалай алмай қиналды. Осы ретте облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Үкіметке дер кезінде мәселемен шығып, түйткілді түйіннің тез тарқатылуына барынша атсалысты. Осылайша бұл қиындықтарды енді еңсердік пе дегенде, Мақтааралдағы 5 ауылды топан су шайып кетті. Мұндайда «Бір айналдырғанды, шыр айналдырады» ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛҒА МЕЙІРІММЕН

«Серпіліс» қоғамдық қоры мен «Жалын» қоғамдық бірлестігі және Шымкент қаласы Ішкі Саясат және дін істері басқармасының қолдауымен психолог мамандар Мақтаарал ауданында орын алған тасқын судың зардабын көзбен көріп, үрейленген азаматтарға психологиялық көмек көрсетті. Мамандардың сөзінше топан судың әсерінен жас балалар шошып қалған. Тәжірибелі психологтар балалармен бірге сазбалшық және тұз терапиясымен суреттер салу арқылы көңіл-күйіне оң ықпалын беретін әртүрлі сабақтар өткізді. Нәтижесінде ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР САНАТЫНА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» Шымкент қалалық филиалы “2-10-20” бағдарламасы бойынша өтінімдерді 18-30 мамыр аралығында қабылдайды. Қазір бағдарламаға қатысушылар санатына өзгерістер енгізілді. Бұл жөнінде Шымкент қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ғ. Төлепов ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді. Биыл “Бақытты отбасы” тұрғын үй бағдарламасы бойынша баспаналы болатындар саны артатыны белгілі. Себебі, бағдарламаға қатыса алатын азаматтар санаты артып ...

Толығырақ »

28 180 АЗАМАТТАН ӨТІНІМ КЕЛІП ТҮСКЕН

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, карантинге жабылған өңірлерде тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңгеден берілетіні бұған дейін хабарланған болатын. Осыған орай, бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов тұрғындарға берілетін өтемақыға қатысты өзгерістерді мәлімдеді. — Аталған көмекті алу үшін азаматтардан өтінімдерді қабылдау мақсатында «communal-komek.kz» сайты ...

Толығырақ »

ӘРУАҚ ТЕПКЕН ЖОҚ ПА ЕКЕН БІЗДІ ОСЫ?

Бұл тақырыпты қозғау – өте ауыр: түсінетін бар, түсінбей лағып кететін бар. Мәселен, Шымкенттегі балалар темір жолын бұзуға аса мүдделі екенін байқатқан қаланың бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымовты әлеуметтік желі арқылы тоқтатпақ ниетте болып, «АСҚАРОВТЫҢ ӘРУАҒЫ ҰРЫП КЕТПЕСІН!» деп, талай дабыл қақтық. Сол кездегі қала әкіміне жағымпаздық жасағысы келді ме, әлде шынымен де халықтың мұң-мұқтажына қырын қарады ма – ол жағы ...

Толығырақ »

ҚАЛА ӘКІМІ ЕЛТАЙ ЕЛДІМЕКЕНІНЕ БАРДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатты жауын-шашын салдарынан су басқан Елтай елдімекеніне барып, жағдай барысымен танысты. Су шайған жерлерді аралап көрген қала әкімі тез арада осы салаға жауапты орынбасарының төрағалығымен тасқын зардаптарын жою және алдын алу жұмыстары жөнінде арнайы комиссия құруды тапсырды. Мамандардың пікіріне сүйене алдағы үш күнде толассыз жауын-шашынның болатынын айтқан Мұрат Дүйсенбекұлы, табиғаттың тосын мінез танытуына қарсы шаралар ...

Толығырақ »

ЕЛТАЙ ЕЛДІМЕКЕНІНДЕ ҚАУІП СЕЙІЛДІ

13.05.2020 жылы сағат 19.14-те Шымкент қаласы Еңбекші ауданы, Елтай елді мекеніне қатты жауын-шашын салдарынан Түркістан облысы Төлеби ауданынан секундына 3-5 текше метр су келгені туралы хабарлама келіп түскен. Үйлердің аулаларын су басып, судың деңгейі 20-50 см құрады. Көп мөлшерде келген судан арық жүйесі істен шығып, соның салдарынан тұрғын үйлердің аулаларын су басты. Жалпы 60 тұрғын үй аулаларын су басты және 3 ...

Толығырақ »

«БҮЙРЕКТЕН СИРАҚ ШЫҒАРУ»

«Жер астынан жік шықты, қос құлағы тік шықты» дегендей, otyrar.kz сайтынан мына бір мақаланы оқып, көптен бері Фарида Шарафутдинованы жақсы танысам да, адами қасиеттерін құрметтесем де, кәдімгідей реніш пайда болды. Бұл не? Адасқандық па, алжығандық па? Соншама өліп-талып Ресейдің «георгий жолағын» мақтайтындай, оны Ұлы дала елі алдында ақтайтындай Фаридаға не көрінді? Бұрынғылар: «Алпыстан асқаннан ақыл сұрама!» – деуші еді, сол ...

Толығырақ »

САРБАЗДАР АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Төтенше жағдай жарияланып, пандемиямен күресте ерікті сарбаздар жарады. Еске салып өтейін, олар қаланы залалсыздандыру жұмыстары мен блок-бекеттерде қауіпсіздікті қамтамасыз етумен айналысты. Аты жаман індеттің таралуын болдырмауда күш салып, оны ауыздықтауда елеулі үлес қосты. Осыны ескерген қала әкімі Мұрат Әйтенов, еңбегі ерен ерікті жүз сарбазды марапаттап, алғыс хат табыстады. Естеріңізде болса, төтенше жағдайға байланысты әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру жөніндегі Мемлекет ...

Толығырақ »

ҮШІНШІ ВИРУСОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ

Түркістан облысында COVID-19 инфекциясын инфекциясын ерте анықтау мақсатында үшінші вирусологиялық зертхана ашылды, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. «Облыстық физиопульмонология орталығында» COVID-19 инфекциясын ерте анықтау мақсатында вирусологиялық зертхана ашылды. Зертхана соңғы үлгідегі аппараттармен жабдықталған. Германияда өндірілген Xpert, БАК-ТЕК, БИОНЕР, Хайн-тест аппараттарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып коронавирус індетін анықтауға болады. Зертханаға өңірдегі ауруханалардан алынған сынамалар жолданады. Сонымен қатар ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛҒА 260 ТОННАЛЫҚ КӨМЕК КЕЛІП ЖЕТТІ

«Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» акциясы аясында Алматы облысынан Мақтаарал ауданына 15 жүк көлігіне тиелген 100 тонна азық-түлік пен 160 тонна құрылыс материалдары келіп жетті. Көмек керуеніндегі азық-түлік пен гигиеналық заттар облыстық штабтың Атакенттегі орталықтандырылған қоймасына, құрылыс материалдары Мырзакент кентіндегі құрылыс базасына түсірілді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Көмек керуенін Алматы облыстық жастар ісі жөніндегі ...

Толығырақ »

ЕҢБЕКТЕРІ ЕРЕН ЕРІКТІЛЕР

2020 жылы 1 мамырда Өзбекстанның Сырдария облысы Сардоба су қоймасындағы дамбаның бір бөлігін су шайып кетуінің салдарынан Қазақстанның Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы шекара маңына жақын бірнеше ауыл су астында қалып, өңірде төтенше жағдай жарияланды. Алғашқы күндері 14 елді мекеннен 31 606 тұрғын эвакуацияланса, нақты 5 елді мекен (Жаңа Тұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас, Достық ауылдары) толығымен су астында қалған болатын. Техногендік ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ТАНЫМАСТАЙ ӨЗГЕРМЕК

Шымкентте жаңа саябақ салынып, аллеялар абаттандырылады. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Instagram әлеуметтік желісінде жазды. – Биыл біздің қала ТМД-ның мәдени астанасы мәртебесін алды. Әрине, қонақтарды наурызда қарсы аламыз деп үміттенген едік, бірақ пандемия әсерінен жоспарлар өзгерді. Дегенмен, қала келбетін көріктендіру бойынша үлкен жұмыстар атқарылуда. Қонаев даңғылы, Иляев көшесі, Қонаев даңғылы, Түркістан көшесі қиылысындағы, Байтұрсынов ескерткіші орналасқан алаң ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛҒА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛДІ

Шымкент қаласынан Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен елдімекендерге қайырымдылық көмек жалғасуда. Осы орайда Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов және қалалық «Зекет» қоры бастаған бір топ еріктілер Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жүк көлігі арқылы гуманитарлық көмек жөнелтілді. Шымкент орталық мешітінде қайырымдылық заттарын жинау, қабылдау орталығын құрылған еді. Осы орталыққа Шымкент қаласындағы барлық мешіт имамдары мен мешіт ...

Толығырақ »

283 177 АЗАМАТ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛАДЫ

Шымкенттік 283 177 азаматқа әлеуметтік көмек тағайындалды, деп жазады Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. 2020 жылғы 12 мамыр, сағат 14:00-дегі мәлімет бойынша Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 535 633 адамнан өтініш түскен. Оның ішінде 283 177 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 248 119 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік ...

Толығырақ »

БҮЛДІРШІНДЕРГЕ АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМДЕР КӨРСЕТІЛДІ

Мақтаарал ауданындағы орын алған төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға жан-жақты қолдаулар көрсетілуде. Бүгін, Түркістан облысы мәдениет басқармасына қарасты «Оңтүстікфильм» КММ-нің ұжымы су басқан аймақтағы тұрғындар уақытша орналасқан эвакуациялық орталықтарға арнайы келді. Тосыннан болған апаттан әбігерге түсіп, күйзеліске ұшыраған тұрғындарды рухани қолдау және балаларға қуаныш сыйлау мақсатында Атакент кентіндегі N5 Мақтаарал мектеп — гимназиясында орналасқан бүлдіршіндерге анимациялық фильмдер көрсетті. Түркістан облысында ...

Толығырақ »

МҮГЕДЕКТІКТІК АНЫҚТАМА МЕРЗІМДЕРІ ҰЗАРТЫЛДЫ

Түркістан облысы бойынша қайта куәландырудан өтуі тиіс 1690 азаматтың мүгедектік анықтамаларының мерзімі орталықтандырылған база бойынша тамыз айына дейін ұзартылды. Барлық жеңілдіктер мен әлеуметтік қорғау шаралары да 3 ай бойы көрсетіледі. Әлеуметтік төлемдер бұрын тағайындалған мүгедектік топ пен еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі бойынша төленеді, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Бұл шара адамдардың көп шоғырлануы мен ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТІК ЖУРНАЛИСТЕР ТЕЛЕДИДАР ТАРТУ ЕТТІ

Қазақстан Журналистер Одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Уәли Қыдыр бастаған бір топ журналистер бүгін арнайы Мақтаарал ауданына барды. Сапар барысында БАҚ өкілдері қашықтан білім алып жатқан балаларға теледидар тарту етті. Сондай-ақ ауыл балаларына 5 мың дана балмұздақ үлестірді. Оған қоса көпбалалы аналарға қаржылай да қолдау білдірді. С.Жанәбіл, Ғ.Зиябек, Ә.Әссанди, Б.Тайжан, Е.Әмірбек, Б.Түйетаев, А.Сүлеева, Қ.Ботабеков, Т.Фазылбек, Д.Әбдіраманов, Т.Балтабаев сынды қаламы қарымды ...

Толығырақ »

ДҮНГЕН МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КӨМЕГІ КЕЛДІ

Бүгін Мақтаарал ауданына Жамбыл облысы, Қордай ауданынан гуманитарлық көмек келіп жетті. Бұл қайырымдылық керуенін Қордай ауданы әкімдігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер ассоциациясының мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. 5 млн. теңгенің гуманитарлық көмегі төтенше жағдай жөніндегі штабтың орталық қоймасына жеткізілді. Оны еріктілер мен жауапты азаматтар қабылдап алды. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН БАҚ – 2020

Құрметті БАҚ өкілдері! «ТҮРКІСТАН БАҚ – 2020» байқауының басталғанын хабарлаймыз. Байқау өңірдегі БАҚ саласын дамытуға ықпал етуге, журналистика мәртебесін көтеруге, БАҚ өкілдерінің азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған. Мақсаты — талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестеріне құрмет көрсету. Байқаудың марапаттау рәсімі 2020 жылғы 1 шілдесінен кешіктірілмей өтеді. Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы 2020 жылғы 15 мамырдан ...

Толығырақ »

300 АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ

Шымкентте жыл басынан бері 57 аула абаттандырылып, ел игілігіне берілді. Оның ішінде 30 жылдан бері балалар алаңшасы болмаған көпқабатты тұрғын үй аулалары да бар. Ондағы аяқжолдар жаңғыртылып, есік алдына орындықтар орнатылып, жарық шамдар қойылған. Ішкі орамдағы жолдар да төселген. Балалар алаңшасына төселетін жұмсақ резеңке төсеніштер мен асфальт бұзылса, мердігер ұйымдар қайта жөндейді. Бір қуанарлығы, құрылысқа қажетті заттардың басым бөлігі — ...

Толығырақ »

КАРАНТИН РЕЖИМІ ӘЛІ ДЕ САҚТАЛАДЫ

Карантин режимі әлі де сақталады. Оның талаптарын бәріміз сақтауға міндеттіміз. Карантин шектеулері әр өңірдің жағдайына байланысты жеке қаралып, оны жеңілдету туралы шешім кезең-кезеңімен шығарылып отырады. Бұл туралы ҚР Үкіметінің алаңында өткен Төтенше жағдай режимінің аяқталуы туралы онлайн-брифингте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті. «Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде 2020 жылғы 16 наурыздан бастап енгізілген төтенше жағдай режимін тоқтатқанын ...

Толығырақ »