Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2020 » Май (страница 20)

Месячные архивы: Май 2020

ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР САНАТЫНА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» Шымкент қалалық филиалы “2-10-20” бағдарламасы бойынша өтінімдерді 18-30 мамыр аралығында қабылдайды. Қазір бағдарламаға қатысушылар санатына өзгерістер енгізілді. Бұл жөнінде Шымкент қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ғ. Төлепов ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді. Биыл “Бақытты отбасы” тұрғын үй бағдарламасы бойынша баспаналы болатындар саны артатыны белгілі. Себебі, бағдарламаға қатыса алатын азаматтар санаты артып ...

Толығырақ »

28 180 АЗАМАТТАН ӨТІНІМ КЕЛІП ТҮСКЕН

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, карантинге жабылған өңірлерде тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңгеден берілетіні бұған дейін хабарланған болатын. Осыған орай, бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов тұрғындарға берілетін өтемақыға қатысты өзгерістерді мәлімдеді. — Аталған көмекті алу үшін азаматтардан өтінімдерді қабылдау мақсатында «communal-komek.kz» сайты ...

Толығырақ »

ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ

Түркістан облысы Төлеби ауданында тұрғын үйлерге келген залалды анықтау жұмыстары жүргізілуде. Сайрам ауданынан 19  техника, 45 жұмысшы барды. Жұмысшы топқа Сұлтан -Рабат елді мекеніндегі Сауран көшесі бекітілді. Сауран көшесіндегі нысандардың жалпы саны – 203 болса, оның 122-сі тұрғын үй, 80 кәсіпкерлік нысан және 1 мектеп. Онда Сайрам ауданынан барған 45 кісілік жұмысшы топ 19 техниканың көмегімен судан келген залалға тосқауыл ...

Толығырақ »

САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

Көрші отырған Төлеби ауданындағы жағдайға байланысты Сайрам Ауданында жедел жұмысшы тобы құрылды. Түске дейін Төлеби ауданында іс-сапарда болған Сайрам ауданының əкімі Ұласбек Сəдібеков түстен кейін Қарабұлақ, Манкент, Ақсукент, Арыс, Көлкент ауылдық округтерін аралады. Ауа райының қолайсыздығынан 13 мамыр күні сағат 18:50-де Сайрам ауданы бойынша Ақсу, Қарасу, Қарабұлақ және Манкент ауылдық округтерінде су мөлшері артып, арық-атыздан бөлек, көшеге жайылды. Аяқ жолдар мен тұрғын үйлердің ...

Толығырақ »

КАРАНТИНДІК ШАРАЛАРДЫҢ САҚТАЛУ БАРЫСЫ

Бүгін «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында тікелей эфирде карантиндік шаралардың сақталу барысы жөнінде Шымкент қаласы полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция подполковнигі Сүлейменов Ерғали Сыбанқұлұлымен онлайн сұхбат өтті. Елімізде жарияланған төтенше жағдайдан кейін полиция қызметкерлері қатаң тәртіпті сақтай отырып, тәулік бойы қызмет етуде. Жұмыс барысында қызметкерлер арнайы құрал-жабдықтармен, планшеттер және 3 мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.  Осы қызметке жалпы 1961 жеке ...

Толығырақ »

КӨПІРЛЕР БІР ТӘУЛІКТЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Төтенше жағдай жарияланған Төлеби ауылындағы Қасқасу елді мекенінде орналасқан 2 көпірді толық су шайып кеткен, 1 көпірге зақым келген. Жергілікті маңызы бар тағы бір көпірді су шайған. 4 көпірді толық ретке келтіру жұмыстары тынымсыз жүргізілуде. Нәтижесінде, екі өткел толық ретке келтіріліп, ауылдардың байланысы ашылды. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимовтің мәлімдеуінше, қайта қалпына келтіру жұмыстары қысқа мерзімде ...

Толығырақ »

СОТТА БРИФИНГ ӨТТІ

Әлемді алаңдатқан жаңа коронавирус COVID-19 пандемиясын таралуын тежеу, азаматтардың денсаулығын сақтау мақсатында ҚР Президентінің Қасым-Жомарт Тоқаевтың 15.03.2020 жылғы №285 Жарлығымен Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай енгізілді. Қаламызда жедел түрде коронавирусты алдын-алу бойынша арнайы комиссия құрылып, жұмысын бастады. Полиция, медицина және әскери күштерді мобилизацияланып, қаланың кіре-беріс жерлеріне блок-посттар құрылған болатын. Қала аумағында инфекцияның алғашқы ошағы анықталысымен карантиннің күшейтілген түрі мен маскалық ...

Толығырақ »

ҚАУІПТІҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Бүгін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзум Мырзағалиев Өзбекстанның Су шаруашылығы министрі Шавхат Хамраевпен кездесті. Кездесуде екі елдің үкімет мүшелері Мақтаарал ауданында болған су апатынан зақым келген жерлерді қалыпқа келтіру және су қоймаларынан келетін қауіптің алдын алу бойынша келіссөз жүргізуде, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. ҚР Табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың мәлімдеуінше, ...

Толығырақ »

СУ БАСУ САЛДАРЫН ЖОЮҒА ҚАТЫСУДА

Түркістан облысының полицейлері су басу салдарын жоюға қатысуда. 13.05.2020 жылы сағат шамамен 17:00-де қатты жауған жауын-шашынға байланысты Түркістан облысындағы 4 үйді, 376 аула мен іргелес аумақты, сондай-ақ облыстың 5 ауданындағы көпірлерді су басу жайты орын алды. Халықты көшіруге және су басу салдарын жоюға Түркістан облысы Полиция департаментінің 114 қызметкер мен 22 бірлік техника, сондай-ақ Төтенше жағдай департаментінің 242 қызметкері, 16 ...

Толығырақ »

ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДА БІЛІМ БЕРУ

Коронавирис инфекциясының өте қарқынды таралуының нәтижесінде адамзат қауіпсіздігіне үлкен қатер төнді. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін бұрын болып көрмеген шаралар қолға алынды. Елдегі барлық экономикалық-әлеуметтік, білім-ғылым, денсаулықты сақтау салалары карантин жағдайына бейімделе бастады. Карантин жағдайында ел экономикасында болуы мүмкін дағдарыстың алдын алу үшін көптеген іс-шаралар қолға алынды. Білім және ғылым министрлігі Қазақстандағы білім беру ұйымдарында қашықтан оқытуды ұйымдастыру және үйлестіру жұмыстарының ...

Толығырақ »

«МАҚТААРАЛ ТӘЖІРИБЕСІ» ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН БОЛДЫ

Нөсер жауыннан үйлері бүлінген азаматтардың шығыны арнайы сараптау комиссиясының шешімімен анықталады. Жарамсыз болған үйлер мен жөндеуді қажет ететін баспаналарды қайта қалпына келтіру жағы қарастырылуда. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев төтенше жағдай жөніндегі штаб отырысында мәлімдеді, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. «Жергілікті деңгейдегі төтенше жағдайдың салдарын өз күшімізбен жоямыз. Оған тәжірибеміз жеткілікті. ...

Толығырақ »

ҮШ АУДАНДА СЕЛ ТАСҚЫНЫ ОРЫН АЛДЫ

13 мамыр күні Түркістан облысының таулы аудандарында нөсер жауынның көп жаууы салдарынан сел тасқыны орын алды. Жалпы, Төлеби, Қазығұрт, Бәйдібек аудандарында жалпы 522 үй ауласы, 4 үйді су басып, 258 адам эвакуцияланды. 1077 м3 су шығарылды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов өңірлік коммуникация қызметінің алаңында мәлімдеді. Түркістан облыстық төтенше жағдай департаментінің мәліметіне сәйкес, Төлеби ауданындағы Қасқасу өзенінде су ...

Толығырақ »

ӨЗЕНДЕР АРНАСЫНАН АСУДА

Түркістан облысында нөсер жаңбыр салдарынан өзендер арнасынан асуда. Осы жағдайға байланысты жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланып, арнайы штаб құрылды. Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев Төлеби ауданындағы селден зардап шеккен аумақтарды аралады, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Мұнда толассыз жауған нөсер жауынның әсерінен Төлеби ауданындағы өзендердің су деңгейі көтерілді. Соңғы ақпарат бойынша, арық-атыз, қыр-сайлардан жиналып аққан жаңбыр ...

Толығырақ »

ҚАСҚАСУ ӨЗЕНІ СУЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІ КӨТЕРІЛДІ

13 мамыр күні қатты жауған нөсерлі жауын-шашын салдарынан Төлеби ауданы, Қасқасу ауылдық округіндегі Қасқасу өзені суының деңгейі көтеріліп, арнасынан тасыды. Салдарынан 4 көпірді су алып, 8 ірі қара және уақ мал суға батқан. Екпінді ауылында 4 уйді және 15 үй ауласын су басты, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Барлығы 15 текше метр су сорылды. Департаментте ...

Толығырақ »

ӘРУАҚ ТЕПКЕН ЖОҚ ПА ЕКЕН БІЗДІ ОСЫ?

Бұл тақырыпты қозғау – өте ауыр: түсінетін бар, түсінбей лағып кететін бар. Мәселен, Шымкенттегі балалар темір жолын бұзуға аса мүдделі екенін байқатқан қаланың бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымовты әлеуметтік желі арқылы тоқтатпақ ниетте болып, «АСҚАРОВТЫҢ ӘРУАҒЫ ҰРЫП КЕТПЕСІН!» деп, талай дабыл қақтық. Сол кездегі қала әкіміне жағымпаздық жасағысы келді ме, әлде шынымен де халықтың мұң-мұқтажына қырын қарады ма – ол жағы ...

Толығырақ »

ЕРІКТІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Түркістан облысының Мақтаарал ауданына жасаған сапары барысында Атакент ауылында волонтерлармен кездесіп, жастарға осындай қиын кезеңде елмен бірге болып, өз еріктерімен жанкешті еңбек етіп жүргендері үшін алғысын білдірді, деп жазады «Nur Otan» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. «Өткен жылы 700-ден астам жасотандық бірнеше ай бойы Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарына белсене атсалысқан ...

Толығырақ »

БАЙБЕК МАҚТААРАЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге Мырзакент ауылында бой көтерген жаңа ықшам ауданның болашақ қоныс иелерімен кездесіп, Елбасының ақ тілегі мен сәлемін жеткізді, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. «Елбасының тапсырмасымен осында келіп отырмын. Ертең оны баяндайтын боламын. Қай күйде екендеріңізді жақсы түсінемін. Аяқ астынан болған жағдай, аз уақыттың ...

Толығырақ »

БАУЫРЖАН БАЙБЕК МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА

Елбасы, партиямыздың лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Түркістан облысының Мақтаарал ауданына арнайы келіп, апат ауқымын өз көзімен көріп шықты. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz хабарлайды. Сапар барысында ол көршілес Өзбекстандағы су бөгетінің жарылуы салдарынан су астында қалған Достық, Жеңіс, Фирдоуси, Жаңатұрмыс және Өргебас ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Мұнда ...

Толығырақ »

МАС ХАЛДЕ КӨЛІК БАСҚАРУ ТИЫЛМАЙ ТҰР

Түркістан облысы полицейлері мас халде көлік басқарған 10-ға жуық жүргізушілерді анықтады. Ордабасы АПБ-нің қызметкерлері ұдайы жол қауіпсіздік ережесінің сақталуын қатаң бақылауға алған. Қазіргі таңда күнделікті күшейтілген режимде жұмыс атқаруда. Басты мақсат түрлі жол-көлік апаттарын болдырмау, әрбір жолаушының үйіне аман-есен жетуі, сондай-ақ еліміздегі карантинге байланысты шектеулерге сай жұмыстар жасау. Осындай кезекті жұмыс түнінің бірінде, сағат 23:31 шамасында патрульдік полиция тобының инспекторлары ...

Толығырақ »

10 ОТБАСЫН ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛТТІ

Түркістан облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері қолға алған «Біз біргеміз» акциясы өз жалғасын табуда. Бүгін аталған акция сансыз бабтар мекені Сайрам ауданында жалғасып, 10 отбасын қуанышқа кенелтті, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Түркістан облыстық Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері аудан орталығындағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға барып, азық-түлік пен күнделікті тұтыну тауарларын берді. — Елдегі төтенше жағдайды ...

Толығырақ »

ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ

Апат айтып келмейді. Тосыннан болған су тасқыны Мақтаарал ауданының тұрғындарын барынан айырды. Төрт түлігі мен дүние мүлкі су астында қалып, үйлері үйме топыраққа айналды. Дегенмен, мемлекеттік қолдаудың аясында бүгінде ел халқы еңсесін көтеріп келеді. Бүгінде көпшілік ел басынан күн туғанда қолдау білдірген сала мамандарына алғыстарын айтуда. Әсіресе, тәулік бойы қырағы қызметімен көрінген полиция қызметкерлеріне деген жергілікті тұрғындардың ризашылықтары жоғары. — ...

Толығырақ »

КҮНІНЕ 10 000 ТОННАҒА ЖУЫҚ ӨНІМ ӨНДІРІЛУДЕ

Ордабасы ауданының әкімі алдымен ауданына қарасыты Бөржар елді мекенінде орналасқан «Green town south» ЖШС, «Александровский сад» ЖШС — нің жұмысымен толықтай танысты. «Green town south» ЖШС — қарқынды технологияны қолдану әдісімен бау егу арқылы жылына — 1000 тн «Голден Делишес», «Роял Гала» алма өнімдерін өндіре отырып, 18 адамды жұмыспен қамтып отыр. «Александровский сад» ЖШС — 17 гектар жерге жаңа технологиямен ...

Толығырақ »

ҚАЛА ӘКІМІ ЕЛТАЙ ЕЛДІМЕКЕНІНЕ БАРДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатты жауын-шашын салдарынан су басқан Елтай елдімекеніне барып, жағдай барысымен танысты. Су шайған жерлерді аралап көрген қала әкімі тез арада осы салаға жауапты орынбасарының төрағалығымен тасқын зардаптарын жою және алдын алу жұмыстары жөнінде арнайы комиссия құруды тапсырды. Мамандардың пікіріне сүйене алдағы үш күнде толассыз жауын-шашынның болатынын айтқан Мұрат Дүйсенбекұлы, табиғаттың тосын мінез танытуына қарсы шаралар ...

Толығырақ »

ЕЛТАЙ ЕЛДІМЕКЕНІНДЕ ҚАУІП СЕЙІЛДІ

13.05.2020 жылы сағат 19.14-те Шымкент қаласы Еңбекші ауданы, Елтай елді мекеніне қатты жауын-шашын салдарынан Түркістан облысы Төлеби ауданынан секундына 3-5 текше метр су келгені туралы хабарлама келіп түскен. Үйлердің аулаларын су басып, судың деңгейі 20-50 см құрады. Көп мөлшерде келген судан арық жүйесі істен шығып, соның салдарынан тұрғын үйлердің аулаларын су басты. Жалпы 60 тұрғын үй аулаларын су басты және 3 ...

Толығырақ »

150-ДЕН АСТАМ ЖАЙТ АНЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысы полицейлері жыл басынан бері 150-ден астам есірткіге қатысты жайтты анықтады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Түркістан облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері және ПД-нің аудандық құрылымдарының полицейлері 2020 жылдың 4 айдан астам уақыт аралығында 153 есірткіге байланысты жайттарды анықтады. Оның ішінде 63-і есірткі қылмысы болса, 90-ы теріс қылықтар және Қазақстан Республикасы ...

Толығырақ »