Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 12.07.2024

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Табиғаты таңғажайып Түлкібас ауданы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қолайлы аудан. Мәселен, соңғы жылдары ауданға тартылған негізгі инвестицияның басым бөлігі осы салаға тиесілі. Oсы ретте  Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуовтың төрағалығымен ауыл шаруашылығы саласын ілгерілету және саладағы өзекті мәселелердің шешу жолдарын пысықтау мақсатында мәжіліс өтті. Жиынға жауапты бөлім басшысы мен ауылдық округ, кент әкімдері аудандық статистика басқармасының басшысы және жауапты мамандар ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА 1200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ АТСАЛЫСТЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Төлеби ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында сенбілік жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Бүгін тұрғындардың, мемлекеттік мекемелердің, кәсіпкерлік нысан иелері мен қоғам белсенділерінің қатысуымен тазалық шарасы өтті. Экологиялық мәдениетті қалыптастырып, қоршаған ортаның тазалығына сақтауға бағытталған іс-шара ауданның 55 елді мекен, 500-ден астам көшелерінде ұйымдастырылды. Жалпы аудандық тазалық шарасына 1200-ге жуық тұрғын ...

Толығырақ »

«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылықты арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында, Республикалық «AMANAT» партиясы және Шымкент қалалық филиалымен Шымкент қаласы әкімдігі бірлесіп, «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылықты арттыру бағытындағы жұмыстар атқаруда. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында, Шымкент қаласы әкімдігінің «Қарызсыз қоғам» жол картасының іске асырылуда. 2024 жылдың ...

Толығырақ »

ДЕПУТАТТАР АУРУХАНАНЫҢ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қазақстан Парламенті демалыста. Бірақ, депутаттар осы қолайлы сәтті пайдаланып, халықпен жүздесіп жүр. Халық қалаулылары елдің ұсыныс пікірін тыңдап, өзектісін Парламент қабырғасында көтереді. Қазақстан Республикасы Сенатының депутаттары Айгүл Қапбарова мен Әлішер Сатыбалдиев Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында шаһардағы №1 клиникалық ауруханада болып, медицина мекемесінің жұмысымен танысты. Бүгінде аталған медицина мекемесінің кредиторлық берешегі 1,5 миллиард теңге. Шымкентке іссапармен келген Сенат депутаттары қаржы ...

Толығырақ »

Шымкент қаласында дәрілік заттардың бағасы төмен болып табылады

Шымкентте Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалау туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Бүгінгі күні елімізде дәрілік заттар айналымы саласында 19 отандық тауар өндіруші қызмет атқарады. Соның ішінде, Шымкент қаласында 2 ірі отандық тауар өндіруші орналасқан («Химфарм» АҚ, «Dentafill» АҚ). ҚР дәрілік заттарды көтерме саудасындағы субъектілердің саны – 293, қоймалардың саны – 362. Оның ішінде, Алматы қаласында 187 ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: 66 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ТАҢБАЛАУ БОЙЫНША ИНТЕГРАЦИЯЛАНДЫ

Елімізде 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап барлық дәрілік заттарға цифрлық таңбалау басталды. Осыған орай, бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ляззат Қашқымбаева, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы орынбасары Сәуле Дүйсенбаева және отандық тауар өндіруші және дистрибьютор өкілдері қатысқан баспасөз мәжілісі өтті. Дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау фармакологиялық қадағалаудың ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚАЛАНЫ ЖАЯУ АРАЛАП, БІРНЕШЕ НЫСАНДАРДА БОЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков салалық басқарма басшыларымен бірге қаланы жаяу аралады. Азаматтарды қабылдау барысында «Шұғыла» шағынауданы, Қазына көшесінің тұрғыны Сырға Тәжібаева жер қатынастары саласына қатысты мәселесін көтерген болатын. Жауапты мамандарға бұл өтінішті қолданыстағы заңнамаға сәйкес зерделеу тапсырылды. Сонымен қатар, 110/10 кВ «Дендропарк» қосалқы стансасының құрылыс барысымен танысты. Станса салынып жатқан тұрғын үй кешендері мен әлеуметтік нысандарды сапалы энергиямен ...

Толығырақ »

ӘР ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫҢ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТҚАНЫН КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН БАҚЫЛАУҒА БОЛАДЫ

Шымкентте алғаш рет инвестициялық жобалардың интерактивті картасы іске қосылды. Бұл әр инвестициялық жобаның қалай жүзеге асырылып жатқанын кезең-кезеңімен бақылауға мүмкіндік береді. Жобаның Кәсіпкерлер палатасында өткен таныстырылу рәсіміне қалаға жұмыс сапарымен келген «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма мүшесі, Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков, қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов, қала прокурорының бірінші орынбасары Жомарт Нұрғали, Өңірлік кеңес мүшелері қатысты. Инвестициялық жобалардың интерактивті ...

Толығырақ »

“QAZAQ QAZYNASY” КІЛЕМДЕР ЦЕХЫ АШЫЛДЫ

Елімізде ерекше балаларға көп көңіл бөлініп келеді. “Кедергісіз келешек”, “Тең мүмкіндіктер әлемі”, “Арман әлемі” деген қоғамдық қауымдастықтар жоспарлы түрде жұмыс жасауда. Аталған ұйымдар мен инклюзивті білім беруді жүзеге асырып келе жатқан мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарының мақсаты бір. Қамқорлықты қажет ететін балаларды қоғамнан тыс қалдырмау. Дегенмен, сол балаға күтім жасайтын ата-аналарда жұмыссыз қалмауы тиіс. Осы мәселені бірнеше жылдан ...

Толығырақ »

«СОЗАҚ ЖАСТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ӨКІЛДЕРІ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

« Созақ жастары» қоғамдық бірлестігінің өкілдері «Таза Қазақстан» экологиялық акция аясында тазалық жұмыстарын ұйымдастырды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ауданның экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосып, Шолаққорған-Шаян-Шымкент бағытына шығатын жолдың бойы мен аяқ жолдарды ретке келтіруге кірісті. Тазалық жұмыстары кезінде жол бойындағы арам шөптерді отап, тұрмыстық қалдықтарды тазартты. Абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, тазалыққа белсене ...

Толығырақ »

АУДАН БАСШЫСЫ ҚАЛА АУМАҒЫН АРАЛАДЫ

Aудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласын көркейту, абаттандыру, дамыту жоспары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар барысын бақылау үшін аранайы қала аумағын аралады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аралау барысында аудан басшысы Бәйтереков көшесінің бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аумағында жүргізіліп жатқан санитарлық-таззалық жұмыстарын, суғару жүйесін жүргізу мақсатында аталған аумаққа орнатылып жатқан бағаналармен тартылып жатқан кабельдерді, ...

Толығырақ »

ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ТЕМІРЖОЛШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Арыс қаласы — Қазақстанның маңызды теміржол торабы саналатыны белгілі, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгінде қаланы толықтай газдандыруға бағытталған қарқынды жұмыстарды жүргізілуде. Бұл өз кезегінде тұрғындардың өмір сапасын арттырып, экологиялық таза және тиімді энергия көзіне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Осыған байланысты қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың тапсырмасымен құрылған жұмысшы топ өкілдері қаламыздағы ең ірі ...

Толығырақ »

АУДАН ӘКІМІ ҚАРҒАЛЫ АУЫЛ ОКРУГІНДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРМЕН ТАНЫСТЫ

Аудан әкімі Кайрат Жолдыбайұлы түс ауа Қарғалы ауыл округінде болып, өзекті мәселелермен танысты, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Елді мекендегі шаруаларды ағын сумен қамтамасыз ететін Д.Алтынбеков каналының аяқ жағын бетонмен қаптау тұрғындар үшін өзекті мәселенің бірі. Аталған жұмыстар іске асқан жағдайда Отырар ауылындағы қосымша 500 гектар жерді ағын сумен толық қамту мүмкіндігі артады. ...

Толығырақ »

БАДАМ ӨЗЕНІ АУМАҒЫ ТАЗАЛАНДЫ

«Таза Қазақстан» жобасы аясында Тұран ауданы Бадам өзені аумағы тазаланды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Тұран Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сенбілік жұмыстарына қоғам белсенділері, ардагер ақсақалдар, Тұран коммуналдық мекемесі, ШымкентСпецКомплекс мекемелерінің қызметкерлері мен бір топ еріктілер қатысты. Өзен аумағын тазалау жұмысына 10 техника, 300-ге жуық адам қатысып, 50 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. © Didarbek.kz

Толығырақ »

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ БАСТАҒАН КӘСІПКЕРЛЕР ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНДА БОЛЫП, ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған ресми және іскерлік делегациясының Қытайға жұмыс сапары аясында Суйчжоу қаласының мэрі Ке Кемен кездесу өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сондай-ақ облыс делегациясы Суйчжоу қаласы мен Түркістан облысының достық қарым-қатынас және сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі конференциясына қатысты. Бизнес-форумда екі елдің кәсіпкерлері арасында B2B форматында кездесулер өтті. Сапар нәтижесінде ...

Толығырақ »

СЕССИЯДА 2024 – 2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛА БЮДЖЕТІН НАҚТЫЛАУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен сегізінші шақырылымдағы қала мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясы өтті. Күн тәртібінде 2024 – 2026 жылдарға арналған қала бюджетін нақтылау, абаттандыру мәселелері қаралды. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Е.Есқараев бірінші мәселе бойынша баяндама жасады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қала бюджетін нақтылау барысында бюджет көлемін 30 млрд ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛУАН ҚҰДІРЕТ ЕРІМБЕТОВ РЕСЕЙДЕН ЕЛГЕ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

VIII «Азия балалары» халықаралық ойындарының күміс жүлдегері Құдірет Ерімбетовті түркістандықтар құрмет-қошеметпен күтіп алды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркістан темір жол вокзалына жүлдегерді қарсы алуға қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы мен қалалық мәслихат депутаты Жандос Арыстанов қатысып, спортшыны жеңісімен құттықтады. Айта кетейік, Ресей Федерациясының Якутск қаласында өткен дүбірлі жарыста түркістандық балуан 38 келі ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖАҢА ПРОКУРАТУРА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Түлкібас ауданында аудандық прокуратураның жаңа ғимараты ашылды. Аталған ғимараттың ашылуына орай, салтанатты рәсім болып, оған облыс Прокуроры Мұрат Тлеубердиев, облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мекеме басшылары, ауыл ақсақалдары және БАҚ өкілдері қатысты, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ауданда 1997 жылы ашылған аудан прокуратурасының қызметкерлері ...

Толығырақ »

АУДАН ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Халықпен тығыз байланыс орнату, жекелеген азаматтардың өтініштерін, ұсыныс-пікірлерін тыңдау мақсатында Қазығұрт ауданы әкімі Азизхан Исмаилов Қазығұрт ауыл округінің тұрғынымен жеке қабылдау өткізді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жеке қабылдауға аудан әкімінің орынбасары, тиісті бөлім-мекеме басшылары мен мамандары, жоғарыда аталған ауыл округі әкімдері қатысты. Аудан әкімінің қабылдауына келген тұрғын әлеуметтік көмек алу мәселесі бойынша ...

Толығырақ »

ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 11 маусымдағы №189 бұйрығымен «Кәсіптік мерекелер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №258 бұйрығына өзгерістер енгізіліп, 10 шілде «Ветеринария қызметкерлері күні» болып бекітілді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мерекеге орай, аудандық ...

Толығырақ »

БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫМЕН ТАНЫСТЫ

Aудан әкімі Азат Оралбаев Темірлан елді мекенінде жеке кәсіпкер Мақсат Қанапияның балық шаруашылығымен танысты, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кәсіпкер аталған шаруашылықты жүзеге асыру үшін 3 млн.тг.астам өз қаржысын және 6 млн.тг.несие қаржысын жұмсаған. Қазіргі таңда арнайы бассейдерде 14 мыңнан астам фарель балығының шабақтары жіберілген. Шаруашылықты зоотехнигі Бауыржан Көдебектің айтуынша, алдағы уақытта шабақтарды ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 300-ДЕН АСТАМ МОПЕД ПЕН ЭЛЕКТРОСКУТЕР ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Түркістан облысы полиция департаменті қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу және жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізіп келеді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осы жолы алдын алу шараларына қарамастан, жол қозғалысы ережелерін жиі бұзатын, көбінесе жол қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін елемей, қайғылы жағдайға әкелетін мопед, мотороллер және электроскутер ...

Толығырақ »

ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Шымкенттік полицейлер құқық бұзушылықтын алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еңбекші ауданы полиция басқармасының басшылары қоғам арасындағы тыныштықты сақтап, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар өткізді. Іш-шараға қалалық кафе,ресторан иелері қатысты. © Didarbek.kz

Толығырақ »

ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖАДЫНАМАЛАР ТАРАТЫЛДЫ

Шымкент қаласы, Еңбекші ауданында орналасқан «Жеңіс» саябағында Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ЖПҚБ ЮПТ-ның учаскелік полиция инспекторлары тұрғындарға нашақорлықтың алдын-алу, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру мақсатында “Есірткіге жол жоқ!” үндеумен профилактикалық жұмыстарын өткізді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Еңбекші Аудандық Полиция Басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Іс-шара барысында азаматтарға 150-ге жуық ақпараттық жадынамалар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. © Didarbek.kz

Толығырақ »