Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары (страница 104)

ОҚО жаңалықтары

Жас кәсіпкерлермен кім кездесті?

Шымкент қаласындағы Rixos Khadisha қонақ үйінде жас кәсіпкерлер клубының алғашқы отырысы өтті. Жас бизнесмендермен болған кездесуге Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев қатысып, клубтың ашылуы жас кәсіпкерлердің бизнес-бастамаларын іске асырудағы мүмкіндіктерін кеңейте түсетінін атап өтті. «Облыс экономикасын дамыту – баршамыздың жұмыла көтеретін жүгіміз. Ол үшін әрбір азамат мұндай жұмыстарды шағын істерден бастауы қажет. Мәселен, үй алдындағы бақшаңызды көркейтіп, дамытуға болады. Қуантарлығы ...

Толығырақ »

Он өзгеріс – оң өзгеріс!

Прокуратура шұғыл өзгерістерге қадам басты. Бұл Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Ұлы Дала елінің Бас Прокуроры Жақып Қажыманұлы Асановтың тікелей бастамасымен іске асатын ауқымды жоспар болып отыр. Көздеген мақсаты – елге, қалың жұртқа, халқымызға жақындау. Және жақындап қана қоймай, ашықтық жағдайында жұмыс істеп, қазақстандықтардың сенімін ақтау – сол арқылы прокуратура имиджін биіктетіп, жоғары көтеру. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізілгенде Прокуратура органдарының өкілеттіктері қайта белгіленгендігі – құрылым ...

Толығырақ »

Абылаев кетті, құйтырқылар қарқын ала бастады…

Балтабек Абылаевты Оңтүстік Қазақстан облысы Жергілікті полиция қызметінің бастығы лауазымынан босатар кезде, елдегі ахуал жақсарады деп уәде бергендердің үміті ақталмады. Басқа-басқа, жол-патрульдік полициясы қызметкерлерінің кейбір құйтырқы әрекеттері еріксіз жаға ұстатады. Мәселен, Батыс Қытай – Батыс Еуропа тас жолында айдалада жатқан елдімекеннің белгілерін іліп қою арқылы көптеген көлік жүргізушілерін айыппұл төлейтін жағдайға тіреп қойған тәрізді. Ереже бойынша елдімекен ішіндегі жылдамдық сағатына ...

Толығырақ »

Қазіргі қызметтеріне қатар келгендер…

Осыдан тура бір жыл бұрын 1.Оңтүстік Қазақстан облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметін атқарып келген Арман Айдарұлы Абдуллаев – Шардара ауданының әкімі; 2. Оңтүстік Қазақстан облысы Қаржы басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет етіп келген Төлеген Тұртайұлы Телғараев – Қазығұрт ауданының әкімі; 3. Ордабасы ауданының әкімі қызметін абыроймен атқарып келген Самат Айдарханұлы Сапарбаев – Сайрам ауданының әкімі; 4. Оңтүстік Қазақстан облысы ...

Толығырақ »

Алақай! Мыстан ЭКСПО-ға барады!..

Мыстан мыстандығын істеді – оның не екенін мүлдем ұқпаса да, ЭКСПО-ға баратын болды. Онда да өз маңдай терімен тапқан қаражатымен емес, қорқытып-үркітіп қорқауларға алдырған билеттерімен. Иә, «ауру қалса да, әдет қалмайтыны» тағы бір дәлелденді – бар саналы ғұмырын бюджет қаражатын майшелпекке айналдырумен айналысқан жалмауыз, қызметтен шеттетілсе де, өзге біреулердің несібесін жалмап жүретінін еш қояр емес. Есесіне онысына жол беріп қойып ...

Толығырақ »

Поштамызға келген хат еді…

«Уақыт» газетінің редакторына «Уақыт» газетінің 23 наурыз 2017 жылғы санында «Ботабековтың обал-сауабы Бигалиевті ойландырмай ма?» деген мақала жарияланды. Осы мақаланың авторы А.Сатыбалды Ботабековтің 7,6 жылға сотталғаны туралы жариялай келе, оның нақты қандай қылмыстар үшін сотты болғандығын толық ашып жазбай, тек өзіне қажетті немесе оқырманға қажетті ойды қалыптастыру үшін жеткілікті тұсынан үзінді алғандай әсер қалдырады. Өйткені, мақалада: «Егізбаевқа ештеңе болған жоқ. ...

Толығырақ »

Кәсіп бар жерде, нәсіп бар!

Танымал бизнес-жаттықтырушы Ахметбек Нұрсила Оңтүстік Қазақстан облыстық Жастар ресурстық орталығында кәсіпкерлікке қызығушылығы бар, кәсібін дамытуға ниетті жастар мен ересектерге арнап шеберлік сабағын өткізді. «Кәсіп бастауға ең қолайлы уақыт» тақырыбында өз тәжірибесімен бөліскен бизнесмен жас кәсіпкерлерге дұрыс арнаға түсіретін бағыт-бағдар берді. Ешбір арнайы шақыртусыз өткен шараға 650 адам арнайы келіп, төрт сағатқа созылған семинарға тапжылмай қатысуы – жастар арасында қызығушылық тудырған тақырып екенін айқындап берді. ...

Толығырақ »

ОҢТҮСТІГІМ – ӨЛЕҢІМ! СЕНІ ЖЫРЛАП КЕЛЕМІН!..

Алғаш сонау 1988 жылы дақпырты ауданымызға жетіп келген бұл кісінің есімі Бөген ауданы тарап, Арыс қаласына қосылатын болған тұста жеткен болатын. Жаңадан құрылған Арыс ауданының тұңғыш басшысы – сол кездегі Қазақстан Компартиясы Арыс қалалық комитетінің бірінші хатшысы    ҚУАНЫШ АЙТАХАНОВ   десе, бүкіл ел ішкен асын жерге қоятын еді. Ерекше харизмасы бар басшының ауыл тұрғындарының назарын бірден өзіне аударатын ерекше ...

Толығырақ »

ОРДАБАСЫ – МЕКЕНІМ… Бала кезден білген едім, қасиетті екенін!..

Бұл кісінің еңбек стажына кей адамның ғұмыры да жеткіліксіз. Көптеген игілікті істерді атқара жүріп, қарапайымдылығын сақтап қалған   ӘЖИДИН ҚАРАБЕКОВ   бұл күндері тоқсанға толған торқалы тойын да жасап үлгерді. Қазақ даласында көптеген ауқымды істердің басы-қасында жүрсе де, ешқандай марапатсыз-ақ ел құрметіне бөленіп отырған шынайы қаһармандарымыз аз емес. Қит етсе, «мен ондаймын, мен – мұндаймын, менің тірлігімді ешкім лайықты бағалап ...

Толығырақ »

ҚҰРМЕТТІ МЕ, «ҚҰРМЕТТІ» КІРЛЕТТІ МЕ?

Біреу – шынайы құрметке бөленеді. Өйткені, елге жасаған жақсылықтары мол болады. Оған атақ-даңқтың, орден-медальдің еш қажеті жоқ – ел оның атақ-даңқтарын емес, өзін құрметтейді. Екінші біреу – қарақан басының қамымен өмір бойы жүреді де, өзін жасанды құрметпен қоршап алады. Мәселен, міндетті түрде бір ауданның «Құрметті азаматы» атануы керек. Үшінші біреу – «Құрметті азамат» атанса да, құрметінің қосылмағанына көзі әбден жетеді ...

Толығырақ »

Баспана мәселесіне – басты назар!

Биыл облысымызда 524,5 мың шаршы метрді құрайтын 169 тұрғын үй құрылысы жүргізіледі. Сондай- ақ жыл соңына дейін 113 көпқабатты үйдің құрылысын аяқтау  жоспарланып отыр. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен өткен әкімдіктің алқа  мәжілісінде облыстық Құрылыс басқармасының басшысы Салыхан Полатов мәлім етті. Мемлекеттік  «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасының өңірдегі іске асырылу барысын баяндаған  Салыхан Сабырұлы негізгі бес ...

Толығырақ »

Айтыстан кейінгі «айтыс»

Түркі әлемінің астанасы, кеше ғана алты алашқа сауын айтып, жиырмадан астам мемлекеттің басын қосып Наурыз және қала құрметіне дүбірлі той жасаған Түркістанда халықаралық айтыс өтті. Түркістан ежелден рухани астана болып есептеледі. Бұл жолы айтыс қазақ халқының кемеңгер ұлдарының бірі, алаш тағдыры тезге түскенде жанын шүберекке түйіп ел іргесінің сөгілмеуіне өлшеусіз еңбек сіңірген Қазыбек би Келдібекұлының 350 жылдығына арналды. Қожа Ахмет ...

Толығырақ »

БОЛДЫ, БІТТІ…

Ендігі жерде кәсібімді ауыстырамын ба деп отырмын – журналист болу шарт емес, ал жемқор болу парызың сияқты ғой мына заманда. Журналист болсаң, сотталасың, жемқор болсаң, сотқа беріп отырасың – рахат емес пе! Жемқорлардың жемсауы толып, лоқсып, құсқанша жұта берсе де, оларға заң жоқ екен! Осындайды болдырмау үшін күрескен журналистерге қайта күн жоқ! Не деген парадокс!.. Ана шал ана жерде ішкен-жегенімен ...

Толығырақ »

МЕКТЕПТЕРДІ БОПСАЛАУ…

немесе ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ КӨКЕСІ МҰНДА ЖАТЫР… Бұл нашар үрдіс әлі де жаппай жалғасып келеді. Бір қызығы, бопсалап жүргендер – өзін «журналист» атап жүргендер. Жасы бар, кәрісі бар – ешқайсысы ерінбейтін болды: барады да, мектеп басшыларына, балабақша меңгерушілеріне ұялмай, қымсынбай «салық» салып кетеді. Жуырда Ордабасы, Сайрам, Төлеби, Қазығұрт аудандарына барған бір топ «тілшілер» әр мектепке 50 мың мен 100 мың теңгенің арасындағы ...

Толығырақ »

Джазовая дива в Шымкенте!

По случаю празднования Недели Франкофонии – 2017 посольство Франции в Казахстане и казахстанские французские Альянсы пригласили в Казахстан джазовую певицу Элизабет Контоману, которая уже выступила с концертом в Шымкенте и стала специальной гостьей программы торжественного открытия французского Альянса в ЮКО.   Элизабет Контоману — уроженка Франции, в родословной которой переплелись греческие и африканские корни. Её жизнь проходила между Стокгольмом, Парижем ...

Толығырақ »

Ботабековтің обал-сауабы Биғалиевті ойландырмай ма?

Республикалық «Әділет» газетінің бұрынғы басшысы Қуанышбек Ботабеков өзінің заңсыз әрекеттеріне орай істі болып, 7,6 жылға сотталды. «Еркін ой» газеті осы Қуанышбек Тасболатұлына қатысты болған жайды толығымен жария етіп, елге таныстырды. Соның ішінде бүгінде ОҚО денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы, бұған дейін облыстық клиникалық аурухананың бас дәрігері қызметін атқарған Мұқан Егізбаев пен қазіргі таңда Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері ...

Толығырақ »

Ардагер деп кімді жүрміз ардақтап?

Өмір бойы тақтан түспеген, тақтан түссе де, аттан түспеген, бюджет қаражатын майшелпекке айналдыруды меңгерген және қолынан бір сәт майлы жілік түспеген бұрынғы басшыларды әлі де төбелерімізге қойып келеміз. «Ардагер» деп ардақтағымыз келсе, неге қара жұмыстан көз ашпаған, адал да ащы маңдай терімен нәпақасын тауып, отбасын асыраған қарияларды ардақтамаймыз? Неге біз ішкені мен жегенін тоқтатпаған, ашкөздігімен және тойымсыздығымен әбден танылған жемқорларды ...

Толығырақ »

Жәдігерлерімізді жинақтаған…

Оңтүстік Қазақстан облысындағы аудан, қалалар арасында кітап қоры жағынан көш бастап тұрған кітапхана бар. Ол Созақ ауданының орталығы Шолаққорғанда орналасқан аудандық орталық кітапхана. Мұндағы кітап қоры 400 мың данаға жуықтайды. Және аталған мекемеде жиі кезде бермейтін құнды кітаптарды табуға болады екен. Бұл туралы таяуда ОҚО-ның БАҚ өкілдері үшін Созақ ауданына жасалған арнайы пресс-тур кезінде көрсетіліп, айтылды. Шолаққорған аудандық кітапханасында 385 ...

Толығырақ »

БЕЗГРАМОТНОСТЬ? ТАКОЙ БИЧ!..

Это уже становится диагнозом. Если полный грамматических и не только ошибок текст выставляет «напоказ» даже такой уважаемый портал, как Tengrinews.kz. Не знаю, кто здесь более виноват – корреспондент портала или редакция недоглядела, но факт остается фактом: ошибок много!.. Начнем с того, что редакция портала всерьез озаботилась анонимным сообщением. Об этом Tengrinews.kz пишет в своем материале «»Возвращение» провалившего работу шефа МПС ...

Толығырақ »

АБЛАЕВА «ОБЛАЯЛИ»?

Да, конечно, любые неудачи кого бы то ни было автоматически влекут за собой поиски виноватого (точнее, крайнего). И «крайний» был найден! Неудачи Департамента внутренних дел по ЮКО теперь могут быть списаны на Балтабека Аблаева, отставку которого с должности начальника Местной полицейской службы области приняли «народные «избранники». Интересно, улучшится ли криминогенная обстановка с уходом Аблаева? Ну, это уже никого практически не ...

Толығырақ »

ЕСКІЛІКТІҢ БОДАНЫНДА ҚАЛЫП КЕТТІК…

Тәуелсізбіз дейміз… Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеп жүрміз… Айналада не болып жатқанын тек қана көр соқыр көрмей, тас керең естімейтін жағдай емес пе? Бүкіл елді былай қойғанда, Оңтүстік өңірін алайық! Жемқорлар мен жағымпаздар жайлап кетті… Тағы бір «мақтан тұтар» жағдайымыз бар. Өзіміздің құрамы өзгермейтін «Политбюромыз» пайда болды. Оның құрамында жетпіске жетейін деген және жетпістен асып кеткен «данышпандарымыз» ғана бар. Олар барлық ...

Толығырақ »

Жалғанды жалпағынан баса берген…

Оңтүстік Қазақстан облысының Ақсукент ауылында ірі жасырын фабрика жалған темекі шығарып Қырғызстанға жеткізіп отырған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитетінің экономикалық тергеу қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.  МКК ЭТҚ мәліметінше, Қазақстан аумағында мұндай ірі көлемдегі фабриканың жұмысына бірінші рет шектеу қойылған. Бір жыл ішінде олар қолдан жасалған өнімді халықаралық деңгейге жеткізіп отырған. Экономикалық тергеу қызметінің өкілдері 900 000 жалған акциздік марканы, 20 ...

Толығырақ »

КӨРМЕЙІН ДЕСЕМ, КӨЗІМ БАР…

Бүкіл әлемді шарпыған дағдарыс Қазақстанды айналып өтпегендігі баршаға аян. Қалың қазақтың ішінде жұмыссыздар мен баспанасыздар күн санап артуда. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарымызға да лайықты қаражат қарастыра алмай жүрген кезімізде: «Бұл не деген батпан құйрық, айдалада жатқан құйрық!» деп, миллиондаған қаржыны «той тойлап», оңды-солды шашып жүргенімізге жол болсын!.. Күні кеше Түркістанда үлкен айтыс ұйымдастырылды. Екі күнге созылған жыр додасының жеңімпаздары ...

Толығырақ »

ЖАНСЕЙІТ АҒА, АЛДАНБАҢЫЗ!..

Бүгінде бетіне маска киіп ғұмыр кешіп жүрген «зиялылар» көбейіп кетті. Сөзімен жыланды да арбап алатын кейбір пенделер, ісімен адам айтуға ұялатындай тірліктерге бой ұратыны көңілімізді кәдімгідей қынжылтып жүр. Сондай адамдардың бірін орыс жазушылары Илья Ильф пен Евгений Петров өздерінің «Алтын бұзау» мен «Он екі орындық» деп аталатын классикалық шығармаларында барынша бейнелеп кеткен болатын… Ханбибі Есенқарақызы – Остап Бендер емес, әрине! ...

Толығырақ »