Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2018 » Июнь (страница 2)

Месячные архивы: Июнь 2018

Түркістаннан Астанаға азық-түлік жөнелтілді

«Қазақстан Республикасы Агроөнеркәсіптік кешенін 2017-2021 ж.ж дамыту» мемлекеттік бағдарламасы мемлекеттік қолдаулар мен қаржылық құралдары арқылы елдімекендердегі шағын және орта бизнес пен кооперациялар жүйесін дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Бүгінгі күннің өзінде облыста 60 мыңнан астам жеке және қосалқы фермерлік шаруашылықтарды біріктіретін 704 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Түркістан облысының тауарөндірушілері 2018 жылдың маусым айының ...

Толығырақ »

ЖАС ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІ

Облыстық жастар ресурстық орталығында облысымыздағы талантты үздік жас қолөнер, суретші, мүсінші, зергер, сәулетші, дизайнерлерді облыс деңгейінде танымалдығын арттыру, жастар арасында өнерді кеңінен насихаттау, еңбекке деген шығармашылық қызығушылығын артту мақсатында Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған «Ontustik ART fest» жас суретшілер мен мүсіншілер, сәулетшілердің облыстық байқауы өтті. Еркін тақырыптағы «Үй тапсырмасы» мен Елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған өнері сынды ІІ кезеңнен ...

Толығырақ »

«ON START» ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҮШ КҮНДІК ЛАГЕРІ

Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 20-22 маусым күндері аралығында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Сенің жаңа қырың» атты челенджін жастар арасында насихаттау, жастар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбилеу, бұқаралық спортты дамыту, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, жастарды жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту мақсатында «ON START» спорт ойындарының 3 күндік лагері ...

Толығырақ »

СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ

Шымкент қаласының әкімдігі және Білім бөлімінің бастамасымен Қазақстан Республикасының Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің 2016 жылдағы «Балалар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлықтарының алдын алу бойынша 2019 жылға дейінгі жол картасын» жүзеге асыру бағытында бүгінгі күні Шымкент қаласында үстіміздегі жылдың наурыз айынан бастап «Жасөспірімдер арасында денсаулық және өмірлік дағдыларды қалыптастыру және суицидтің алдын алу» бағдарламасы өз жұмысын бастаған болатын. ...

Толығырақ »

Түймебаев түсірілім алаңын аралады

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Төле би ауданына жасаған жұмыс сапарының соңында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында түсіріліп жатқан «Төле би» атты 10 сериялы көркем фильмінің түсірілім алаңын аралады.  Облыс әкімдігінің қолдауымен «Сақ» киностудиясы қолға алған бұл фильм жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейді. Фильмде Төле би және өзге де би-шешендеріміздің қайраткерлігі көрсетілмек. Өңір басшысы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ТӨЛЕ БИ АУДАНЫНДА ТҮЙМЕБАЕВ

Түркістан облысының жаңа әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Төле би ауданында болып, Елбасының тапсырмасы мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын пысықтады. Ең алдымен облыс басшысы Көксәйек ауылдық округіндегі «Гала», «Голден делишес», «Айдаред», «Ред делишес» атты алма сұрыптарының 87500 түп ағашы бар, Озықбай Абзал Мейрамбекұлы басқарып отырған «Keremet agro Group» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің жұмысымен танысты. Ары қарай облыс әкімі Тасарық ауылында орналасқан ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырма бесінші сессиясы өтті. Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы Зұппархан Шалданов жүргізіп отырған басқосуға облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев және аудан әкімдері мен облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының, департамент пен басқарма басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Жансейіт Қансейітұлын жаңадан құрылған Түркістан облысының әкімі болып тағайындалуымен құттықтаудан басталған сессияның күн тәртібінде облыстық құрылыс басқармасының басшысы Қ.Жамашевтың ...

Толығырақ »

«HIGHVILL» ҮЙЛЕРІ ШЫМҚАЛАДА САЛЫНАДЫ

Шымкентте әлемге әйгілі «Highvill» компаниясы тұрғын үйлер салмақ. Шымкент әкімдігі, «Highvill» құрылыс компаниясы және «Шымкент» ӘКК осындай үш жақты меморандумға қол қойды. Көп қабатты үйлер «Shymkent City» аумағына салынады. Құрылыс компаниясы осы мақсатта 160 млрд теңге шамасында инвестиция құймақ. Компания салатын құрылыс алаңының жалпы ауданы 52 гектарды құрайды, ондағы үйлер кешенінде 5500 пәтер мен 6700 орындық көлік тұрағы қаралған. Компанияның өкілдері ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТІҢ ЖАҢА ЕСКІ ӘКІМІ

Шымкент қаласының жаңа әкімі болып Ғабидолла Әбдірахымов тағайындалды. Бұл қызметте ол Нұрлан Сауранбаевты алмастырды. Мегаполистің жаңа әкімін қалалық активке Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков пен Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев таныстырды. Олар Ғабидолла Әбдірахымовқа сәттілік пен ауқымды жобалардың жүзеге асырылуын тіледі.     Айта кетейік, Ғабидолла Әбдірахымов бұған дейін Шымкентті облыс орталығы кезінде басқарған болатын. Қала әкімі қызметіне 40 жасында тағайындалған. Оған дейін ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ӘКІМІ – ТҮЙМЕБАЕВ!

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков жаңадан құрылған Түркістан облыстық мәслихатының сессиясына қатысты. Отырыс барысында Қазақстан Республикасының Премьер — Министрі Бақытжан Сағынтаев Түркістан облысының әкімі лауазымына Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевты тағайындау туралы ұсынысты облыстық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады. Кездесуге қатысқан жергілікті зиялы қауым өкілдері сөз алды. Жазушы Мархабат Байғұт, қоғам қайраткері Ш. ...

Толығырақ »

ШАҒЫН АУДАН «АСТАНА» БЕРДІ БІЗГЕ БАСПАНА!

Жаңа «Астана» шағынауданы тұрғындарына пәтер кілттері тапсырылды. Шымкент қаласында «Астананың 20 жылдығына – 20 нысан» акциясы аясында «Астана» шағынауданы мен «Астана» гүлзары ашылды. Сонымен қатар, тұрғындарға облыстық әкімшілік-іскерлік орталығы аумағында орналасқан осы шағынауданнан жаңа пәтерлердің кілті тапсырылды.Салтанатты іс-шараға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Нұрлан Сауранбаев көпшілікті осы қуанышты сәтпен құттықтады. – Шымкент – елімізде Астана мен Алматы ...

Толығырақ »

ЖҰМЫСҚА КЕЛІҢІЗДЕР!

Шымкент қаласындағы «Көрме орталығында» ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс деңгейінде ОҚО әкімдігімен бірлесе ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, облыстың жергілікті және аумақтық атқарушы органдарының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу тәртібін жан-жақты түсіндіру, облыстағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында бос лауазымдар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге алпысқа жуық мемлекеттік органдар қатысты.  «Бос ...

Толығырақ »

ҚАЛАЛЫҚТАР АҢ-ТАҢ – ҚАРСЫ АЛАДЫ «FONTAN»!

Шымкент қаласында «Fontan» аквапаркі ашылды. Салтанатты жиынға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, қала қонақтары мен тұрғындарын құттықтады. – Міне, баршамыз қуанышты оқиғаның куәсі болып отырмыз. Жаңадан ашылып отырған заманауи аквапарк барлық талапқа сай етіп жасалған. Бүгінде қаламызда халықтың тынығып, демалуына арналған орындар көбейіп келеді. Мәселен, жуырда ғана қаланы қақ жарып ағатын Қошқар ата өзенінің бойын абаттандырылып, суға шомылуға ...

Толығырақ »

ҚОС-ҚОСЫНАН АШЫЛҒАН БАЛАБАҚША

Шымкентте екі балабақша – №17 «Достық» және №37 «Әйгерім» (коррекциялық) бөбекжай-балабақшалары пайдалануға берілді. Ғимараттардың салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Нұрлан Сауранбаев қатысты. Айта кетейік, мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге арналған бөбекжай-балабақшалар заман талабына сай жабдықталған. «Достық» балабақшасы – 50, ал «Айгерім» бөбекжай-балабақшасы 55 орынға лайықталған. Жеке спорт залы және дәрігер бөлмелері бар.     Балабақша ғимаратын «Otau ...

Толығырақ »

ҚАЛА ӘКІМІ ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

Қала әкімі Н.Сауранбаевтың Шымкенттің республикалық дәрежедегі қала атануымен құттықтауы Құрметті шымкенттіктер! Қадірлі жерлестер! Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Шымкентке республикалық қала дәрежесін беру туралы Жарлыққа қол қойғанын баршамыз асқан қуанышпен қарсы алып отырмыз. Осы сәттен бастап елімізде үшінші мегаполис, он жетінші аймақ пайда болды. Шынында да тарихи саналатын бұл сәтке біз ұзақ уақыт жеттік. Енді Астана және Алматы тұрғындарымен бірге ...

Толығырақ »

Көрмеде Түркістан облысының 500-ге жуық жұмыстары қойылды

Еліміздің бас қаласы Астанада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен Астана қаласының 20 жылдығына арналған Түркістан облысының қолөнер және қылқалам шеберлерінің кешенді көрмесі өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өңірде жүзеге асырылған жұмыстарының бір жылдық қорытынды көрмесі елордадағы «Астана» концерт залының фойесінде ұйымдастырылды. Мұндағы көрмеге 500-ге жуық жұмыстар қойылып, Астана жұртшылығына таныстырылды. Кешенді көрмеде келушілер назарына Түркістан облысының қасиетті, киелі ...

Толығырақ »

Елорда төрінде «Асқақтай бер, Астана!» Гала-концерті өтті

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен Астана қаласының 20 жылдығына орай «Ән мен күй әлдилейді Астананы» атты гала-концерт Түркістан облысының Астанадағы мәдени күндері аясында ұйымдастырылып отыр. Тұран елі өнерпаздарының өнерін тамашалауға ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары мен зиялы қауым өкілдері және республикалық бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Түркістан облысы халқын еліміздің елордасы – Астана қаласының 20 жылдық мерейтойын сезіндіру мақсатында «Ел ...

Толығырақ »

МАМАНДАР ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДА ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУҒА ШАҚЫРДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті өңірдегі су айдындарында жалпы саны 400-дан астам рейдтік шара жүргізді. Сондайа-қ, облыстың суға бату оқиғалары жиі орын алатын халық тығыз орналасқан Сарыағаш, Отырар аудандарында уақытша құтқару бекеті ашылды. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Төтенше жағдайлар департаментінің бөлім бастығы Талғат Досалиев мәлімдеді. Оның айтуынша, судағы жазатайым оқиғалар болуы мүмкін қауіпті ...

Толығырақ »

Қалада керамика өндірісі қарқынды

Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» индустриалдық аймағында орналасқан керамикалық гранит шығаратын «Зерде Керамика» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бүгінде іргелі кәсіпорынға айналып отыр. Бұрын соңды елімізде мұндай керамикалық гранит өндіретін зауыт болған емес. Ішкі нарыққа қажетті өнім көлемінің 40 пайызын жауып отыр. Кәсіпорын өнімдерінің бір бөлігін алыс та жақын шетелге экспорттап отыр. Өндірістік қуатын арттыру мақсатында іске қосылған екінші желіні көп көмегі болып отыр. ...

Толығырақ »

Жазғы лагерь жайында

2017-2018 оқу жылында Шымкент қалалық білім бөліміне қарасты –129 жалпы білім беретін мектептерінде – 177 256 оқушы білім алуда. Жазғы маусымда демалыс пен қамтылуы тиіс 1-10 сынып оқушыларының саны – 156 379 оқушы. Бұл көрсеткіш өткен оқу жылымен салыстырғанда 9 785 оқушыға артып отыр. Оның ішінде — көп балалы отбасы балалары — 15 082, аз қамтылған отбасы балалары – 9 ...

Толығырақ »

ЖАРҚЫРАЙ БЕР, ШЫМҚАЛА!

Халық саны 1 миллионды еңсерген Шымкент қаласының даталы мерекесін атап өтуіне орай Наурыз алаңында көпшілік тұрғындардың қатысуымен «Миллионмен бірге жарқырайық!» тақырыбында кең ауқымды флешмоб ұйымдастырылды. Наурыз алаңында өткен шараға шаһар тұрғындарымен бірге қала басшысы Нұрлан Сауранбаев та қатысты. Ауа–райының қолайсыздау болуына қарамастан қызықты шараны тамашалауға келген тұрғындардың қарасы кең әрі миллиондық атанған туған қаласының, шымшаһардың  қуанышына ерекше белсенділік танытты. Іс-шара ...

Толығырақ »

ҚАЛА ӘКІМІНДЕГІ БАСҚОСУ

Шымкент қаласы әкімдігінде қала әкімі Нұрлан Сауранбаев төрағалық еткен арнайы мәжіліс өткізілді. Оған қала әкімінің орынбасарлары Бейсенбек Жанбосынов, Қайрат Нұртай, Ғабит Мәуленқұлов, Әл-Фараби ауданының әкімі Бауыржан Қалжанов, бөлім басшылары, БАҚ өкілдері және «Тұрғын үй Шымкент» серіктестігінің басшылығы қатысты. Күн тәртібіне бір ғана мәселе шығарылды – 1979 жылы пайдалануға берілген Ғани Мұратбаев атындағы балалар темір жолының жұмысын жандандыру тиімділігі. Мәжіліске қатысқан азаматтар ...

Толығырақ »

ШЫМҚАЛАНЫҢ БАСТАМАСЫ

Шымкенттің төрт ауданында қаланың жаңа дәрежесіне байланысты конференциялар өтті. Осыдан біраз бұрын, 17 мамыр күні Мемлекет басшысы Шымкент үшінші миллионды қала атанғаны туралы ресми мәлімдеген болатын. Аудандарда өткен конференцияларға мыңға жуық адам қатысты. Олар – көшелер мен үй төрайымдары, қаланың ақылдастар кеңесінің мүшелері. Конференциялар барысында тұрғындар осынау оқиғаға қатысты өз пікірлерін белсенді түрде білдіріп, Шымкенттің дәрежесі өзгеруіне байланысты бір ауыздан үндеу қабылдау ...

Толығырақ »

ӘЛЕМДІК РЕКОРД ЖАҢАРДЫ

Шымкенттің миллион тұрғыны бар ірі қалалар – мегаполистер қатарына қосылуына орай, облыс орталығының тұрғындары қолдарын жазып бүгу жаттығуын миллион рет орындады. Əл-Фараби алаңында өткен спорттық іс-шараға шаһардың бес мың тұрғыны қатысты. Олардың арасында қала əкімдігінің барлық қызметкері болды. Ерекше флешмобқа Шымкенттің əкімі Нұрлан Сауранбаев та қатысып, спорттық бағдарламаны толық орындап шықты. Спорттық рекордты КИнЭС – 2018 қазақстандық рекордтар кітабының өкілдері тіркеп, қала басшысына ...

Толығырақ »

БАЛАЛАР ТЕМІР ЖОЛЫ – ТУРИСТІК НЫСАН

Қазақстандағы жалғыз балалар темір жолы Шымкентте ғана салынған. Келер жылы оның пайдалануға берілгеніне 40 жыл толады. Ит егесін таппай қалған 90-жылдары балалар темір жолының кенет тоқтап қалғанына шымкенттіктердің басым көпшілігі қынжылғаны рас. Мыңдаған балалардың қуанышына айналған осынау ерекше жолдың қайта «тіріліп», қалалық өмірдің айнымас бір бөлігіне айналғанын бәріміз де іштей тілеп жүретінбіз. Десек те, 2015 жылы «Тұрғын үй Шымкент» серіктестігінің ...

Толығырақ »