Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары (страница 2)

Ауыл жаңалықтары

САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚАРАБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов Қарабұлақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде тұрғындардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдап, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық жағдайын талқылады. Өз кезегінде, тұрғындар көкейлеріндегі толғандырған мәселелерді ортаға салды. Аудан әкімі ауылдық округ аумағында 11 жаңа ұңғыма қазу жоспарланғанын жеткізді. Бұл шара тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін маңызды қадам екенін айтты. Бұдан бөлек, кездесуде ауылдық округ аумағындағы ...

Толығырақ »

САЙРАМ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІ АРЫС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ӨТТІ

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов Арыс ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізіп, халықтың көкейіндегі мұң-мұқтажын тыңдады. Кездесуде аудан басшысы тұрғындарды алаңдатқан бірқатар түйткілді мәселелерді көтеріп, олардың шешілу жолдарын қарастырды. Азаматтар әлеуметтік, инфрақұрылымдық салалардың қызмет көрсету сапасына қатысты сұрақтарын қойды. Атап айтқанда, Қожақорған ауылы, Ж.Меңлібаев көшесінде электрмен жабдықтау жүйесін жаңарту және оның тиімділігін арттыру мәселесі көтерілді. Тұрғындар электр энергиясының тұрақтылығына және сапасына ...

Толығырақ »

САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ КӨЛКЕНТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов Көлкент ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде аудан басшысы тұрғындарды толғандырған мәселелерді талқылады. Мұнда азаматтардың қозғаған басты мәселесі — Ақсу өзені бойынан қойылған бөгет салдарынан су деңгейінің көтерілуі. Сондықтан бүгінде Ақсу Шатқалы саябағын әрі футбол алаңын су басу қаупі бар. Аудан әкімі өз кезегінде, аталған мәселенің шешімі қарастырылатынын айтты. Тиісті сала басшыларына өзенге қойылған бөгетті ...

Толығырақ »

АРМАН СӘБИТОВ: «ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЗАҢ ШЕҢБЕРІНДЕ ШЕШІМІН ТАБАДЫ»

Тұрғындарды толғандырып жүрген өзекті мәселелердің шешімін табу мақсатында аудан әкімі Арман Сәбитовтің азаматтарды жеке қабылдауы өтті. Қалыпты үрдіске айналған жеке қабылдау барысында азаматтардың қордаланған мәселелері қозғалды. Қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үй алу, аялдама орнату, ауыз су құбырын тарту, жер телімін алу, жол жөндеу жұмыстарына қатысты мәселелерін жеткізді. Әрбір сұрақтарға аудан әкімі мен жауапты сала басшылары тарапынан заң аясында жауаптар берілді. ...

Толығырақ »

САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ БАСШЫСЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов Жібек Жолы ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде аудан басшысы тұрғындар қажеттілігін қамту үшін бірқатар түйткілді мәселеге тоқталды. Атап айтқанда, Рысқұлов және Маликов көшелеріндегі табиғи газдың қысымын арттыру, Жібек жолы ауылы, Жаңақұрылыс аумағындағы табиғи газ жүйелерін, Жібек жолы және Сиқым ауылдарындағы ауыз су мәселесін реттеу, Жібек жолы ауылындағы Бөкейхан мектебінің апатты жағдайда тұрған ауыз су ...

Толығырақ »

САЙРАМДА ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫ, ЖОЛ, ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

«АМАNАТ» партиясы Сайрам аудандық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Акмалжан Исаковтың бастамасымен, ауданға қарасты жол, құрылыс нысандарды ПБК мүшелерімен аралады. Бірінші болып, Сайрам аудандық мәдениет үйіне қарасты, Ақсукент ауылы, Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Бөлім тарапынан 2023 жылы «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында, жобалық сметалық құжаттамаға тапсырыс берілген. Жобалаушы «Корпорация Асыл-Строй» ЖШС, 1 078 486, 08 теңгені ...

Толығырақ »

Сайрам ауданында көші-қон бойынша насихат тобы тұрғындармен кездесті

Бүгін Сайрам ауданында «Өңіраралық қоныс аудару» бойынша Солтүстік Қазақстан облысынан «Қандастар және қоныс аударушылар орталығы» өкілдері аудан халқымен кездесу өткізді. Қоныс аударуға ниетті азаматтарға солтүстіктен келген өкілдер бос жұмыс орындары, тұрғын үй мәселесі, көтерме жәрдемақы сияқты мемлекеттік қолдаулар жайлы толыққанды ақпарат берді. Кездесуге келген көшуге ниетті азаматтардың көкейіндегі сұрақтарға жауап берді. Жиынға қатысқан қоғам белсендісі, «Тәуекел» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бурахан ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ТЫҢ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен аудан, қалалардың даму жоспарын талқылап, бекіту жұмыстары жалғасуда. Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов ауданның 2030 жылға дейінгі даму жоспарын баяндады. Жиында экономика, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, туризм салаларын дамытып, жұмыспен қамту үшін тиісті басқарма басшыларының ұсыныстары қаралды. Облыс әкімі аймақта өндіріс орындарын арттырып, инфрақұрылым жүйелерімен қамтуды, туризмді дамытуды тапсырды. – Алдағы жылдарға арналған әр аудан, ...

Толығырақ »

САЙРАМ: ҚАЙНАРБҰЛАҚТА ЖАРЫҚШАМДАР ЖАҢАРТЫЛДЫ

Сайрам ауданы әкімі А.Сәбитовтің Қайнарбұлақ ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі барысында, Шымкент қаласынан Қасымбек датқа ауылына кіреберістегі КХ-37 «Шымкент-Шаян» бағытындағы облыстық маңызы бар жолға жаңадан орнатылған жарық шамдарды іске қосу мәселесі көтерілген болатын. Осыған орай, жарық шамдарды қосуға рұқсат құжаттар рәсімделіп, бүгін аталған жолдағы жарық шамдар іске қосылды.

Толығырақ »

САЙРАМ: АҚСУКЕНТТЕ СӘУЛЕТІ КЕЛІСКЕН «AKSU PLAZA» САУДА КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

«Республика күні» қарсаңында Сайрам ауданына қарасты Ақсукент ауылында сәулеті келіскен «AKSU PLAZA» сауда орталығы халық игілігіне берілді. Аудан орталығында орналасқан бұл нысан тұрғылықты кәсіпкер Сабыр Төрехановтың жеке қаржысы есебінен салынды. «ЖК ТАРАХАНОВА» сауда ойын-сауық орталығы жобасының жалпы құны 2579,0 млн.теңгені құрап отыр. Қаңқасы 3 қабаттан тұратын сауда нысанының құрылыс жұмыстары былтыр басталып, биыл толыққанды аяқталды. Сауда орталығының ашылу салтанатына аудан ...

Толығырақ »

САЙРАМ: ҚАРАБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ТРАНСФОРМАТОРЛАРДЫ ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Сайрам ауданында аудан, ауылдық округ әкімдерінің тұрғындармен кездесулері тұрақты түрде жалғасын тауып, көтерілген мәселелердің түйіні тарқатылып келеді. Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитовтің Қарабұлақ ауылдық округі тұрғындарымен кездесуінде Қарабұлақ ауылы, Жаңақұрылыс аумақтарындағы бірқатар көшелерге трансформаторлар орнату мәселесі көтерілген болатын. Қазіргі таңда өтініштер назардан тыс қалмай, бекітілген жоспарға сәйкес, ауылдық округ аумағындағы 19 көшенің трансформаторларын жаңарту жұмыстары қолға алынуда. Атап айтқанда, қазіргі ...

Толығырақ »

«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ АҚБҰЛАҚ АУЫЛЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

 Халықтың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасының ауқымы кеңейіп келеді. Биыл «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 750 мың отандасымыз оқыту курсынан өтеді. Күндізгі форматтағы оқыту семинарларынан бөлек, енді кез келген адам qogamfin.kz. онлайн-платформасын пайдалана алады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың қаржылық сауатын арттырудың маңызын атап өтіп, «AMANAT» партиясына Үкіметпен бірлесіп ...

Толығырақ »

САЙРАМ «AGROFEST TURKISTAN — 2024» АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАЙҚАУЫНДА ОЗАТ АУДАН АТАНДЫ

Бүгін Түркістанда облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен облыстық ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай, «AGROFEST TURKISTAN — 2024» мерекелік іс-шарасы салтанатты түрде аталып өтілді. Айтулы мереке барша ауыл шаруашылығы саласы еңбеккерлерінің дәстүрлі мейрамы ретінде жыл сайын тойланып келеді. Мерейлі жиында өңір басшысы ауыл шаруашылығындағы жеткен жетістіктерді атап, аталған сала еңбеккерлерінің толағай табыстарына ерекше тоқталды. Және облыстың агроөнеркәсіптік кешенінде даму көрсеткіштерін орындауда, ...

Толығырақ »

КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ОТЫРЫСЫНДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖАН-ЖАҚТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сайрам ауданының Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының кезектен тыс отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары, аудандық Төтенше жағдайлар комиссиясының төрағасының орынбасары Мадияр Оразалиев төрағалық жасады. Мәжіліс барысында аудан аумағында күзгі-көктемгі су тасқынының алдын алуға бағытталған жұмыстар мен Сайрам ауданы аумағында 2024-2025 жылдары жылыту маусымына дайындық және төтенше жагдайлардың алдын алуға бағытталған жұмыстар туралы мәселелер қаралды. Басқосуда аудандык ...

Толығырақ »

ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТТЕР ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Сайрам ауданы әкімінің аппарат басшысы Айбек Ақылбекұлының төрағалығымен облыс және аудан әкімінің берген хаттамалық тапсырмаларының орындалуы бойынша мәжіліс өтті. Басқосуға салалық бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты. Жиында мемлекеттік органға келіп түскен құжаттар мен тапсырмалардың заңға сәйкес мерзімінде орындалуы талқыланды. Мәжіліс барысында аудан әкімдігінің тиісті бөлімше басшыларының баяндамаларының негізінде тиісті салаға жауапты бөлім басшылары мен ауыл әкімдерінің атқарған жұмыстар ...

Толығырақ »

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АУДАН АУМАҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУ БОЙЫНША БІРҚАТАР НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

Сайрам ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Шухратулла Убайдуллаевтың төрағалығымен лездемелік мәжіліс өтті. Жиынға тиісті сала және дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты. Күн тәртібінде аудан аумағындағы санитарлық тазалық жағдайы жайлы мәселелер көтерілді. Басқосу барысында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Шыңғыс Жаманқұлов аудан аумағындағы абаттандыру-көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарына қатысты атқарылып жатқан жұмыстар барысын баяндады. ...

Толығырақ »

«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСҚАН ОҚЫТУ-СЕМИНАРЫ АҚСУКЕНТТЕ АЯҚТАЛДЫ

Сайрам ауданы, Ақсукент ауылдық округіндегі «Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы аясында қолға алынған 2 апталық оқу семинары сәтті аяқталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасын ерекше атап өткені белгілі. «Жоба бойынша еліміздің 8 аймағында 20 мыңнан астам адам қаржылық сауатын арттырғанын атап өтіп, олардың көпшілігі 10 және одан да ...

Толығырақ »

АРМАН СӘБИТОВ: «ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНА ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУ КЕРЕК»

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен облыс әкімі Дархан Сатыбалдының №118 хаттамалық тапсырмасының орындалуы бойынша жиын өтті. Аталған мәжіліске ауылдық округ әкімдері мен тиісті бөлім басшылары қатысты. Жиын барысында аудан әкімінің орынбасарлары Шухратулла Убайдуллаев пен Мадияр Оразалиев аудан аумағындағы заңсыз құрылыс бойынша баяндама жасады. Атап айтқанда, аудан аумағында нысаналы мақсатына сай пайдаланбай жатқан нысандарға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы ...

Толығырақ »

САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ МАНКЕНТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ СҮТ ӨНІМДЕРІН ӨҢДЕЙТІН ЦЕХТЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов Манкент ауылдық округі тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Кездесу барысында алдымен сүт өнімдерін өндейтін «YUG-GROUP-INVEST» ЖШС цехының жұмысымен танысты. Мұнда қазіргі таңда сүттің жетіспеушілігі жайлы өзекті мәселені талқылады. Бүгінде Надыр Читилов басқаратын бұл кәсіпорын 2024 жылдың наурыз айында 1,0 га аумақта іске қосылған болатын. Аталмыш өндіріс орны аймақ халқының денін «Эль-Дениз» маркасымен дайындалатын чичель, сары май, ...

Толығырақ »

САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ БАСШЫСЫ МАНКЕНТТІК ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУДЕ БІРҚАТАР ТҮЙТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитұлының Манкент ауылдық округі тұрғындармен келесі есептік кездесуі Айнабұлақ жалпы орта мектебінде жалғасты. Кездесуде бүгінгі таңда білім үйінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты. Өз кезегінде, аудан басшысы тұрғындар қажеттілігін қамту үшін түйткілді мәселеге тоқталды. Аталған мектептің маңындағы ескі ғимаратты кәдеге асыру қажеттігін айтты. Тиісті қаржысы қаралған білім ордасы 600 оқушыға арналған. Қабырғасы 2022 жылдың шілде айында ...

Толығырақ »

МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ КІРЕТІН САНАТТАР БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР САРАЛАНДЫ

Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Әліповтің төрағалығымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша кезекті мәжіліс өтті. Жиынға ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары және Сайрам аудандық орталық ауруханасы өкілдері қатысты. Басқосу барысында Сайрам аудандық орталық ауруханасы өкілі «Сайрам аудандық орталық ауруханасына» қарасты ауылдық округтерде МӘМС Д, Е санаттары бойынша тіркелген тұлғалардың тізіміне тоқталды. Бұдан бөлек, тиісті бөлімдер тарапынан бұл бағытта ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ ТЕМІРЖОЛ КӨПІРІ КЕҢЕЙТІЛЕДІ

Сайрам ауданындағы облыстық маңызы бар «Шымкент-Ақсу» бағытындағы автомобиль жолдың 14 шақырымындағы жерүсті теміржол өткелін қайта құрудан өткізу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен жобалаушы мекеме «Sunkar Building-A» ЖШС тарапынан жер үсті теміржол өткелін қайта құруға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын іске асыру 2025-2026 жылдарға жоспарланып отыр. Айта кетейік, биыл Түркістан облысында автомобиль жолдарының құрылыс-жөндеу ...

Толығырақ »

ТИІСТІ МЕКЕМЕЛЕРМЕН КҮЗГІ-ҚЫСҚЫ КЕЗЕҢГЕ ДАЙЫНДЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Сайрам аудандық Төтенше жағдайлар басқармасы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Түркістан облыстық филиалы, Оңтүстік жолдары МКК, Сайрам аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мекемелерінің өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында күзгі-қысқы кезеңге дайындық шаралары және өзара әрекет ету алгоритмі пысықталды.

Толығырақ »

САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТИІМДІ ШЕШІЛУІН ТАПСЫРДЫ

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов Қайнарбұлақ ауылдық округінің тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Кездесу барысында Қасымбек датқа ауылының Жаңақұрылыс аумағындағы 205 га жер телімін инфрақұрылым жүйелерімен қамту бойынша жүргізілген құрылыс жұмыстарын бақылады. Бұдан бөлек, ауылдық округ әкімі Есбол Дүйсебаев пен жауапты тұлғалармен бірге газ құбырын тарту, жол салу жұмыстары туралы тұрғындар үшін түйткілді мәселені талқылады. Қазіргі таңда аталған аумаққа ауыз су ...

Толығырақ »

САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ БАСШЫСЫ ҚАЙНАРБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитовтің келесі кезектегі аралауы Қайнарбұлақ ауыл округі, Сарыарық ауылы, Х.Әдебеков атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебі ғимаратында жалғасты. Аралау аясында 1958 жылы негізі қаланған білім нысанының қазіргі уақытта қордаланған жағдайларына қанықты. Аталмыш оқу ордасында бүгінде 2 ауысыммен оқитын 60-тан аса оқушы 22 мұғалімнен білім алады. Сондай-ақ, оқушылардың білім нәрімен сусындауына жайлы жағдай жасау мақсатында мектеп ғимаратында ...

Толығырақ »