Құрамында 10 елді мекені бар Төлеби ауданы, Алатау ауылдық округіндегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы–111,08 шақырым болса, аудандық маңызы бар жолдардың қанағаттанарлығы –90,1 % құрайды. Биылғы жылы Біркөлік елді мекеніндегі Боралдай, М.Махатаев көшелері орта жөндеуден өтті. Сондай-ақ, Л.Хамиди, Шалқар, Б.Саттарханов және Ақтоғай көшелерін орта жөндеуден өткізу үшін сметалық құжаттамалар қайта жаңартылып, алдағы болатын бюджетті нақтылауға ұсыныс енгізілді. Округ аумағында табиғи газ ...
Толығырақ »Ауыл жаңалықтары
ТӨЛЕБИ: АҚҚҰМДА ТЫНДЫРЫМДЫ ТІРЛІКТЕР АТҚАРЫЛУДА
ҚР Президентінің 2022 жылғы 03 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында аудан әкімі Төлеген Телғараевтың төртінші тоқсандағы сегізінші кездесуі Аққұм ауылдық округінде өтті. Момынай жалпы орта мектебінің акт залында ұйымдастырылған басқосуда аудан басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 8 айдағы көрсеткіші мен ІІІ тоқсанда өткен кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. Құрамында 3 елді ...
Толығырақ »ҚОҒАЛЫ: ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕСІ ЖАҢАРУДА
Төлеби ауданы әкімінің төртінші тоқсандағы алтыншы кездесуі Қоғалы ауылдық округіндегі Диханкөл ауылдық клубында өтті. Кездесуге аудан әкімі Төлеген Телғараев модераторлық жасап, ауданның әлеуметттік –экономикалық дамуының 8 айлық қорытындысын баяндап, ІІІ тоқсанда өткен кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстарды таныстырды. Диханкөл, Алшалы, Ұзанарық елді мекендеріндегі автомобиль жолдарының ұзындығы– 48,3 ш.қ құраса, ішкі көшелердің жарамдылығы – 91,0 %. Облыстық маңызы ...
Толығырақ »Адами құндылықтар алда жүруі тиіс
Төлеби аудандық қоғамдық кеңесінің бүгінгі қызметі азаматтық қоғамды толғандырған мәселелерді оңтайлы шешуде жұртшылық пен билік арасындағы байланыстырушы буын міндетін атқаруымен ерекшеленеді. Қоғамдық кеңес құрылғалы бері ауданның қаржы-экономикалық дамуы, тұрғындардың әлеуметтік жағдайы туралы өзекті мәселелер көтеріп, білім, мәдениет салаларындағы, жастар арасында сыбайлас жемқорлық сияқты келеңсіз құбылысқа жол бермеу мақсатында тақырыптық жиындар өткізді. Сонымен қатар, аймақтағы діни ахуалға байланысты мәселелерді зерделеп, бұл ...
Толығырақ »Қамкөңіл жандарды бір қуантты
Халықаралық қарттар мен мүгедектер күні қарсаңында Төлеби ауданында жыл сайын сауабы мол бір іс-шара ұйымдастыру әдетке айналған. Мәселен, алғашқы мерекеде аудандағы жалғызілікті қарияларға арнап дастарқан жайылса, екінші мерекеге орай Шымкент қаласындағы «Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне төлебиліктер жерлестерін іздеп барды. Өздерімен бірге тәтті тоқаштар мен дәруменге ...
Толығырақ »САЙРАМ: БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛУЫ БАРЫСЫ ҚАРАЛДЫ
Бүгін Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Аңсар Өсербаевтың төрағалығымен кезекті лездемелік мәжіліс өтті. Күн тәртібінде аудан бюджетінің 9 айдағы қорытындысы және орындалу барысы қаралды. Ағымдағы жылдың 9 айында аудан бюджетінің кірісі 7,1 млрд.теңгені құрап, жоспар 108,0%-ға артық орындалды. Ал аудан бюджетінің шығысы 12 705,6 млн.теңгеге игеріліп, бюджеттің шығыстар жоспары 100%-ға орындалған. Бұл туралы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Айтекеева баяндады. ...
Толығырақ »«Мансап» орталығының қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын жүргізді
Төлеби ауданында «Мансап» орталығының қызметкерлері қала және ауылдық округтерде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2023 жылғы №151 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының» 3 тармағын (атаулы әлеуметтік ...
Толығырақ »Қызметкерлерді жұмысқа қабылдап, мемлекеттен қолдау алу үшін не істеу қажет?
Жұмыс берушілер «Жастар практикасы» жобасына қатысып, түлектер үшін жұмыс орындарын ұйымдастыра алады. Бір жылдан аса уақыт тіркелеген барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарға қатысуға рұқсат беріледі. Басты талап – жұмыс берушінің салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды тұрақты жүргізуі, сонымен қатар жалақы бойынша берешегі болмауы тиіс. Мемлекет «Жастар практикасы» жобасы бойынша жұмыс істейтін қатысушылардың жалақыларын бір жыл бойы 30 АЕК ...
Толығырақ »САЙРАМ: ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУ ЖІБЕК ЖОЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖАЛҒАСТЫ
Бүгін Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов кезекті есепті кездесуін Жібек Жолы ауылдық округінде жалғастырды. Халықпен кездесуге аудандық мәслихат хатшысы Ш. Халмуратов, әкім орынбасары М.Оразалиев және бөлім басшылары қатысты. Сапар барысында А.Сәбитов Жібек жолы ауылының ауыз су жүйелерінің жұмысымен танысты. Бұл ауылдың тұрғындары сапалы ауыз су мәселесін жиі көтеретін. Осы орайда, аудан басшысы мәселе орын алған жерге тұрғындармен бірге барды. Қазір ...
Толығырақ »ТӨЛЕБИ ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН ТӨРТІНШІ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
ҚР Президенті Жарлығына сәйкес, Төлеби ауданы әкімінің төртінші тоқсандағы тұрғындармен төртінші кездесуі Көксәйек ауылдық округінде өтті. Тоғыз жолдың торабында орналасқан Көксәйек ауылдық округіндегі облыстық маңызы бар жолдардың жарамдылығы — 95,0 болса, елді мекеннің ішкі көшелерінің қанағаттанарлығы – 94,0% жеткен. Биылғы жылы округ аумағындағы 10 көше орта жөндеуден өтуде. Баба ата , Жолан, Төлеби өткелі, Досалы би, Әділбеков, Д.Қонаев, Әл-Фараби көшелерінде ...
Толығырақ »ЖОҒАРҒЫ АҚСУДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕЛЕРІ ТОЛЫҒЫМЕН ШЕШІМІН ТАПҚАН
Төлеби ауданы Ақсу өзенінің жағалауынан орын тепкен құрамында екі елді мекені бар Жоғарғы Ақсу ауылдық округінде инженерлік-коммуникация жүйелері толығымен шешімін тапқан. Мәдени және Сарқырама елді мекендеріндегі ішкі көшелерінің жарамдылығы –100 %, яғни барлық жолдар жөндеуден өткен. Округ халқы табиғи газбен толық қамтылған, ауыз су мәселесі де жоқ. Электр жүйелері де жаңартылған. «Жарық жол» МКК тарапынан С.Тлеуов, С.Бастықов және Ақсу Жаға, ...
Толығырақ »АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІ КІМДЕР АЛА АЛАДЫ?
Қазақстан Республикасының 2023 жылдың 1 шілдесінен қолданысқа енген «Әлеуметтік кодекстің» негізінде атаулы әлеуметтік көмек жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы №181 бұйрығымен бекітілген, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидасына сай және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы №167 «Учаскелік комиссиялар ...
Толығырақ »САЙРАМДА МАНГО, АВОКАДО ӨСІРІЛЕДІ
Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданындағы кәсіпорындар мен өндіріс орындарының жұмысымен танысты. Еліміздегі мол көлемде банан өндіретін алғашқы кәсіпорын Сайрам ауданында орналасқан. Түріктің «Gen group Qazaqstan» компаниясы 5,3 га жылыжай кешенін салып, банан отырғызған. Өсірілетін банан сорты арнайы Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімделген. Алғашқы өнімді 6 айдан кейін жинау жоспарлануда. Кәсіпорын басшысы Тимур Утешов алдағы уақытта манго, авокадо сынды ...
Толығырақ »ДАРХАН САТЫБАЛДЫ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданының кәсіпкерлерімен және инвесторларымен бизнес саласын талқылау бойынша кездесу өткізді. Кездесу барысында бизнес саласындағы мәселелер мен ұсыныстар талқыланды. Облыс әкімі Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру, импортқа тәуелділікті барынша азайту, қоғамдық әл-ауқатты арттыру секілді мәселелерді шешу бойынша берген тапсырмаларын тыңғылықты орындау қажеттігін айтты. Бұған дейін облыс әкімі кәсіпкерлік белсенділікті және инвестициялық тартымдылықты күшейту туралы тапсырма берген ...
Толығырақ »МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
27-28 қыркүйек күндері Төлеби аудандық «Мансап орталығы» ғимаратында жаңа биздес-идеяларды іске асыру мақсатында мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз гранттың комиссия отырысы ашық өтті. Комиссияға бақтарын сынап, бизнес жоспарын қорғап, қайтарымсыз грант алуға келген үміткерлер көп болды. Екі күнге созылған комиссия отырысына 172 адамның бизнес жобасы таныстырылды. Үміткерлердің басым бөлігі көп балалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандарболды. Комиссия мүшелері жобаны бағалауда бизнес ...
Толығырақ »САЙРАМ: А.СӘБИТОВ КӘСІПТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Президент Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін көтеріп, халықтың әл-ауқатын арттыру, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік саланы қолдау мәселелеріне баса назар аударып, экономиканың негізгі қозғаушы күші саналатын шағын және орта бизнестің дамуы мен оны әрі қарай жандандыруды айтқан болатын. Экономиканың күре тамыры — кәсіпкерлік. Кәсібі дамыған елде жұмыссыздық мәселесі болмасы анық. Сайрам ауданында кәсібінің нәсібін көріп жүрген жандар аз ...
Толығырақ »ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Жастардың оқу бітіріп, қолға диплом алған соң мамандық бойынша жұмыс іздейтіні белгілі. Бірақ тәжірибесі жоқ, әлі еңбек нарығын көрмеген жас маманға жұмыс жылдам табыла қоймайды. Бұл тығырақтан шығудың бір жолы бар. Ол – жастар практикасы. Жастарға ұсынылып отырған мемлекеттік көмектің бірі. Жастар практикасының мақсаты – университет пен колледж бітірген жастарды мамандығы бойынша жұмысқа орналасып, тәжірибие жинақтауға көмектесу. Жастар практикасының ұзақтығы ...
Толығырақ »ГРАНТ АЛЫП, КӘСІБІН БАСТАҒАНДАР
Бүгінде қазақстандықтардың жеке кəсіппен айналысуына мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдау білдірілуде. Мұндай қолдауды төлебилік кəсіпкерлер де сезінуде. Қолдау демекші, Ленгір қаласындағы аудандық мансап орталығының жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің басшысы Қайырғали Əміртаевтың айтуынша, биылғы жылы ауданымызда 90 адамның кəсіп бастауына мемлекеттік грант беру жоспарланған. Бүгінгі таңға дейін аталмыш грантты 45 адам алыпты. 1 миллион 380 мың теңгені (400 айлық есептік көрсеткіш) құрайтын ...
Толығырақ »А.ӨСЕРБАЕВ: АУДАНДАҒЫ ӘРБІР МӘСЕЛЕ МЕН ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ БІЗ ҮШІН МАҢЫЗДЫ
Бүгін Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Аңсар Өсербаевтың төрағалығымен лездемелік мәжіліс өтті, ддеп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық асгенттігі. Аппараттық мәжілістің күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Бірінші болып 2024 жылға аудан бюджетін қалыптастыру барысы туралы экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Айтекеева баяндады. Белгілі болғандай аудан бюджетінің жобасы аудандық мәслихаттың қарауына 15 қазанға дейін ұсынылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, ...
Толығырақ »Тәлімді таудан алған еңбеккер
Еңбек адамы – ел мақтанышы. Еңбек адамы – әлеуметтік құрылымдардың маңызды бөлшегіне айналуы тиіс. Еңбек идеясы – азаматтық құлшынысты арттырып, қоғамды топтастырушы, идеялық-бағдарлық ұйыстырушыға айнала алады. Қоғамның барлық тобына тән еңбек идеясы адамдарды әлеуметтік мәртебесіне бөліп қарамастан барлығын толық қамтитын әлеуетке ие. Бүгінгі еңбек адамы бейнесіндегі Төлеби ауданындағы Пошан Әбілдаев ақсақалды осы төңіректегілер тегіс таниды, танып қана қоймайды, ерекше сыйлайды десек, ...
Толығырақ »«Еңбек күні» мерекесіне орай бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
Төлеби ауданы Ленгер қаласында аудандық «Мансап орталығы» ғимаратында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің республика деңгейінде «Еңбек күні» мерекесін атап өтуге арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, ауданының жұмыссыз азаматтарына, пробациялық қызметте есепте тұрған азаматтарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға бос жұмыс орны жәрмеңкесі өтті. Ауданда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі жоспар бойынша 3-ші рет өтіп жатыр. Жәрмеңке өткізудің басты мақсаты жұмыссыз ...
Толығырақ »Тірлігі тындырымды НӘЗИПА
Заман дамуы мен қоғам қажеттілігіне байланысты мамандықтар тізбесі үнемі жаңарып, өзгеріп отырса да, ерте заманнан бері келе жатқан көне де қадірлі дәрігер мамандығы қаншама ғасырлардан бері адамзатпен бірге жасасып келеді. Жасай да бермек. Медицина қызметкерлері – адам өмірінің сақшысы. Олар ажалдан қорықпайды, адамға екінші өмір сыйлайды, өз қадір-қасиеті мен ар-ожданын биік ұстайды. Бұл қоғамның оларға деген сенім мен құрметін арттырып, мәртебесін ...
Толығырақ »Тындырымды Тындықыз апа бүкіл аймаққа үлгі еді
– Тұр балам! Фермаға баратын уақыт болды! Колхоздың тауарлы сүт фермасында сауыншы болып істейтін анам күнде сағат төртте тұрады. Қыстың күні таңертең үй азынап суып кетеді. Мұндайда қаз катар жатқан біз көрпеге тығыла түсеміз. Шешем пештің күлін алып, маздатып от жаққан соң бөлмеге жылу кіреді. Жұмысқа кеткенше осылай талай тірлік тындырады. Қазанға сүт пісіреді, шай қайнатады. Мектепке баратын балалардың тамағын ...
Толығырақ »АЙТЫЛҒАН ҰСЫНЫСТАР МЕН ӨТІНІШ-ТІЛЕКТЕР ЕСКЕРІЛЕ ОТЫРЫП, ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ
Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың 2023 жылдың төртінші тоқсандағы тоғызыншы кездесуі Киелітас ауылдық округінде өтті. Достық елді мекенінде ұйымдастырылған басқосуда аудан басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 8 айдағы көрсеткіші мен ІІІ тоқсанда өткен кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар барысын баяндады. Төлеби ауданы мен Шымкент қаласының шекарасында орналасқан округтегі облыстық маңызы бар жолдардың жарамдылығы – 99,5 % құраса, елді ...
Толығырақ »Қажырлы еңбектің арқасы
Мақсат-арманы орындалып, жанына жақын, ұнамды мамандықты меңгеріп, отбасын құрып, өмірін жалғастыратын саналы бала-шаға өсіріп, өз ортасына сыйлы, абыройлы болса, артынан жақсы сөз ерсе – ол кемеліне жеткен нағыз бақытты жан саналады ғой. Сондай жанның бірі – Төлеби ауданының құрметті азаматы, ел ағасы атанған Әуесбек Тұрдалиев еді. Ол 1952 жылы маусым айында Алатау баурайындағы шұрайлы Қаратөбе ауылында туған. Әкесі Тойбек Мәмбетбаев ...
Толығырақ »