Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2018 » Сентябрь (страница 3)

Месячные архивы: Сентябрь 2018

МҮМКІНДІКТЕР ШЕКТЕЛМЕЙТІН БОЛСЫН!

Төлеби ауданында «Біз біргеміз» акциясы аясындағы жұмыстар жалғасын табуда.  Бұл туралы Түркістан облысы, Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес, «Біз біргеміз» акциясы аясында Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің және Леңгір қаласы әкімі аппаратының мамандары тарапынан бірқатар жеке меншіктегі нысандар мен мемлекеттік мекемелердегі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ғимаратқа ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ Б.АСАНОВ «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСТАРДЫҢ ЕҢБЕК ЖАСАҚТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Мақтаарал ауданы жаңадан құрылып, дербес дами бастағандықтан, Мырзакент пен Атакент кенттерінде тұңғыш рет «Жасыл ел» жастардың еңбек жасақтары жұмыс жасай бастады. Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен аудынымыздың студент және жұмыссыз жастарын қосымша жұмыспен қамту, қоғамдық, еңбек белсенділіктерін нығайтуды жүзеге асыру, жастар бойында азаматтық және отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында «Жасыл Ел» еңбек жасақтарын қалыптастырған болатын. Міне, жұмыс бастағандарына 1 айға жуық ...

Толығырақ »

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІ ГЕОГРАФИЯСЫ»

Түркістан облысының ішкі саясат басқармасы Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» бағдарламасына облыс аумағынан енген 24 нысанның тізімін жариялады, деп хабарлайды «ernur.kz» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған didarbek.kz хабарлайды. Олар жеке-жеке: Қазығұрт тау кешені (Қазығұрт тауы, Ақбура әулие, Ғайып Ерен Қырық Шілтен); Жылаған ата бұлағы мен үңгірі; Ақмешіт үңгірі; Отырар қалашығы; Ясcы (Күлтөбе, Түркістан) қалашығы; ...

Толығырақ »

Жетісай ауданының әкімі Абай ауыл округінің тұрғындарымен кездесті

Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев Абай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында округтегі жыл басынан бері атқарылып жатқан жұмыстардың есебі тыңдалып, алдағы жоба-жоспарлар да сараланды. Бүгінде Абай ауыл округінде халық саны 10463-ке жетіп отыр. Оның 9367-сі қазақ, 301-і орыс ұлтының өкілдері. Халықтың негізгі күнкөрісі егіншілік пен мал шаруашылығы. Биыл абайлықтар 724 гектар жерге мақта, 673 гектарға бақша, 369 гектарға көкөніс, ...

Толығырақ »

Coworking – орталығы — кітапхананың жаңа келбеті

2018 жылдың 20 қыркүйегі күні «Нұр Отан» партиясының отандық кітапханаларды заманауи білім орталықтары ретінде қайта құруды, яғни бірыңғай онлайн кітапхана жүйесін қалыптастырып, еліміздегі барлық кітап қорын электронды форматқа көшіруді көздейтін «Қазақстан кітапханалары» жобасы аясында Кентау қалалық орталық кітапханада «Coworking» орталығы ашылды. Бұл туралы Кентау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Іс- шарада Кентау қаласының ...

Толығырақ »

ҮЛГІЛІ ОТБАСЫ — МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Түркістан облысы, Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша «Шығармашыл жастар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен отбасылық байқау болып өтті. 4 кезеңнен тұратын байқауда қатысушылар отбасыларын таныстырып, өздері жасаған ұлттық тағамдарын әділ қазылар алқасына таныстырды. Қазақтың ұлттық нақышындағы киім үлгісімен өнерлерін көрсетіп, ұлттық салт-дәстүрді қамтитын және отбасы татулығы жайлы көріністер көрсетті. Отбасы құндылықтарын негізігі мақсат ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАС АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды. Түркістан облысы, Түлкібас ауданының әкімі Н.Тұрашбековтың 2018 жылғы 20 қыркүйектегі №239 өкіміне сәйкес, Күзембаев Ерлан Бақытжанұлы Түлкібас ауданы Састөбе поселкесі әкімінің қызметінен босатылып, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары қызметіне 2018 жылдың 21 қыркүйегінен бастап тағайындалды. Күзембаев Ерлан Бақытжанұлы 04.09.1984 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Білімі жоғары 2006 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, 2009 жылы Тараз мемлекеттік университеті, ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА «ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ!» АТТЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Бүгін Мақтаарал ауданында «ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол!» атты аудандық конференция болып өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Б.Төребеков, аудандық білім бөлімінің басшысы С.Туребеков және білім ұйымдарының мамандары, ата-аналар комитетінің төрағалары мен мүшелері қатысты. «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оқыс оқиғалардан сақтандыру жолдарын қарастыру – бүгінгі іс-шараның басты ...

Толығырақ »

АЛШАҢДАП БАСАДЫ АЛАШТЫҢ БАЛАЛАРЫ!

Бүгін Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына танымал кәсіпқой боксшы, еліміздің мақтанышы Қанат Ислам қонаққа келді. Атакент кентінің «Алпамыс батыр» стадионына жиналған жұрт қалың қошеметпен қазақ батырын күтіп алды. Ең алдымен құттықтау сөзге шыққан аудан әкімі Бақыт Асанов жаңадан құрылған ауданға танымал боксшының келуі үлкен қуаныш екенін атап өтіп, ізгі тілегін арнады. Ізгі тілегін арнаған аудан әкімі қазақ батырының астына тұлпар мінгізіп, ...

Толығырақ »

Түлкібас ауданының 90 жылдық мерейтойына келіңіздер!

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ! Алатау мен Қаратаудың түйіскен тұсында орын тепкен ауданымызға биыл 90 жыл толып отыр. Осыған орай баршаңызды мерейтойымыздың қадірменді қонағы болуға шақырамыз. Түлкібас ауданының 90-жылдық мерейтойының бағдарламасы 1. 26.09.2018 жылы сағат 11.00-11.30 аралығында Түлкібас темір жол станциясындағы М.Тынышбаев және Т.Рысқұлов ескерткішінің ашылу рәсімі. 2. 26.09.2018 жылы сағат 12.00-12.15 аралығында Т. Рысқұлов ауылының батыс жағында орналасқан көпірдің ашылу ...

Толығырақ »

ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАШЫЛАР БАЙҚАУЫ

Шымкент қаласындағы  «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы мен Созақ ауданының бірлесе ұйымдастыруымен Созақ ауданының 90 жылдығы және Созақ аудандық орталық кітапханасының 75 жылдығына орай «Шын жүректен! Кітапхана мерейіне әріптес ілтипаты» атты облыстық кітапханашылар байқауы өтті. Үш бөлімнен (1:Туылған күніңмен кітапхана! (өзін-өзі таныстыру); 2) Үздік жазушылардың шығармаларынан үзінді оқу; 3) «Өнерлі болу міндетім») тұрған байқауда 14 кітапханашы өнер көрсетті. Төрелік еткен әділ қазылардың ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫН АРАЛАДЫ

Мақтарал ауданының басшысы «Темірболат» шаруа қожалығына барып, қожалықтың жұмысымен танысты. Қожалықтың басшысы Темірболатов Рүстем 50 бас бұқаны бордақылауда. Негізінен өндірген етін ішкі нарыққа сатады. Ірі қараның ерекше тұқымын 3 ай бойы бордақылап, әрбір мал басынан орташа 300-350 келі ет өндіруде. Рүстем Темірболатовтың 4 гектар жері бар. Қауын өсіріп, өнімін шетелге экспорттаған ол қалдықсыз өнім шығару үшін мал бордақылау алаңын ашқан. ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ 80-НЕН АСҚАН

Мақтаарал ауданында жайылым жер жоқтың қасы. Сондықтан, мұнда малды көбейткеннен көрі бордақылаған өте тиімді. Қазірдің өзінде ауданда 80-нен аса мал бордақылау алаңдары жұмыс істеп жатқаны белгілі болды. Бұл туралы аудандағы мал бордақылау алаңдарының жұмыс барысымен танысқан аудан әкімі Бақыт Асанов мәлімдеді, деп хабарлайды Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Өңір басшысы «Исрайлов» шаруа қожалығына атбасын бұрып, ...

Толығырақ »

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – баршамызға ортақ іс

Бүгін, Сарыағаш ауданына арнайы сапар жұмыс сапарымен келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев аудан әкімі аппаратының ғимаратында орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету орынымен танысып, мемлекеттік қызметшілермен арнайы жиын өткізді. Жиын алдында аудан әкімі аппаратының ғимаратында орналасқан өзіне өзі қызмет көрсету орынымен танысты. Жиынға ауданымыздағы мемлекеттік мекемелер мен бөлім басшылары, ...

Толығырақ »

ТҮРКИЯЛЫҚ КОМПАНИЯ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 200 ГЕКТАР АУМАҚҚА ЖЫЛЫЖАЙ САЛАДЫ

Жуырда Анкарада өткен бизнес форумда Түркияның компаниялары мен Түркістан облысы әкімдігі арасында ынтымақтастық жөнінде меморандум жасалған болатын. Осы келісімге сәйкес, Түркістан қаласына Түркияның атақты «Dal Holding Investment CO» компаниясының Қазақстан Республикасы бойынша бірінші басшысы Демирджан Кусе бастаған өкілдері келді. Инвесторларды қабылдаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев компания басшыларының Түркістанды дамыту бағытындағы ұсыныстарына қолдау көрсетуге дайын екенін айтты. Бұл туралы  Түркістан облысы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ИНДОНЕЗИЯ ТУРИЗМДІ БІРЛЕСІП ДАМЫТАДЫ

Түркістан облысы мен Индонезия мемлекеті туризм және сауда-саттық салалары бойынша тығыз байланыс орнатады. Индонезия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рахмат Промономен жүздескен Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев осындай уағдаластыққа қол жеткізді. Түркістан қаласына арнайы келген елшіні қабылдаған өңір басшысы Индонезияның әлеуеті жоғары мемлекет екеніне тоқталды. Өз кезегінде Рахмат Промоно жылы қарсы алған өңір басшысына ризашылығын білдіріп, Түркістан қаласынан ерекше ...

Толығырақ »

ХАБИБ НУРМАГОМЕДОВ – КОНОР МАКГРЕГОР. БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ: Ирландиялық Конор Макгрегор Хабибпен бірге виски ішкісі келді

Тұтастай алғанда, Хабиб өзіне сенімді отырып, сұрақтарға сенімді жауап беріп отырды. – Мен оны шаршатып жіберем деп ойлаймын. Ол шаршаған кезде беріліп қалады. Бокстасқан кезінде де шаршап беріліп қалған. – Ал, сен автобуста беріліп қойғансың, – деп күлді Конор. – Ал, сен 3-4 рет берілгенсің. – Ал, сен автобуста берілгенсің, – деп қайталады Макгрегор. – Ирландияның лепреконы секілді. Ресейлік шебер ...

Толығырақ »

Индонезия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Отырарда болды

Бүгін Отырар ауданына Индонезия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рахмат Прамоно келді. Қасында жұбайы және елшілік қызметкерлері бар. Индонезия Қазақстанмен дипломатиялық қатынасты 1993 жылдың 2 маусымынан орнатты. Осы уақыттан бері екі елдің экономикалық және саяси қатынасы жақсы жолға қойылған. Енді міне, туристік бағытта да барыс-келіс жандана түспек. Р.Прамоно 2017 жылдың мамырынан біздің елде елшілік қызметте. Құрметті қонақтар алдымен ...

Толығырақ »

ЖАҢА КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында, туған жердің қасиетті жерлері мен жәдігерлерін насихаттау мақсатында «Отырар жәдігерлері» атты кітап жарық көрді. Авторлары: мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Айтаханов және этнограф, өлкетанушы Абдулла Жұмашев. Отырар аудандық əкімішілігінің демеушілігімен жарық көріп отырған бұл альбом-кітап Отырар өркениеті қалыптастырған заттық-тұрмыстық жəне рухани мəдениет туралы жинақты сыр шертеді. Онда Əбу Нəсір əл-Фараби жəне оның арғы-бергі ізбасарларының қолжазбалары ...

Толығырақ »

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР МҰРАҒАТТАРМЕН ТАНЫСТЫ

Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығы жəне «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің 40 жылдық мерейтойына орай мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған XXII «Ясауитану – 2018» Халықаралық байқауына қатысушылар Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етіп, музей жәдігерлерімен танысты. Экскурсия барысында Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ішіндегі сарайлар мен тарихи тұлғалар және олардың жәдігерлері, Есім хан және Рәбия Сұлтан Бегім кесенесі, Қылует жерасты мешіті, Жұма ...

Толығырақ »

Жетісай ауданы, Қоғалы ауылы көгілдір отынмен қамтылмақ

Таяу күндері Жетісай ауданы Атамекен ауыл округіне қарасты Қоғалы ауылындағы 136 отбасы көгілдір отынмен қамтылмақ. Бұл мақсатқа 2017 жылы облыстық бюджеттен 87 млн 219 мың теңге бөлініп, ұзындығы 8,69 шақырымды құрайтын газ құбырлары тартылған болатын. Сондай-ақ, әр абономентке жобаға сәйкес газ реттеуіш бекеттері орнатылды. Енді бірер күнде Қоғалы ауылының тұрғындары толығымен көгілдір отынға қол жеткізбек. Аталған нысандағы құрылыс жұмыстарымен Жетісай ...

Толығырақ »

МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ — МӘҢГІЛІК ТІЛІ

Жуырда Отырар ауданында Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесіне орай «Мәңгілік Елдің — Мәңгілік тілі» атты мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Елтай Үмбет сөз алып, жиналған көпшілікті тіл мерекесімен құттықтап, аудан әкімінің жылы лебізін жеткізді.Сонымен қатар, іс-шара барысында ауданда тіл саясатын дамытуға үлес қосып жүрген бір топ азаматтарға аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады. Мерекелік ...

Толығырақ »

АЛИК ШПЕКБАЕВ АУЫЛ ОКРУГ ӘКІМДЕРІН ОҚЫТУ ТУРАЛЫ

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысында болды. Сапар барысында ол облыс әкімі Асқар Мырзахметовпен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалының ашылу салтанатына қатысты. Алик Шпекбаев мемлекеттік басқару Академиясының өңірлердегі филиалдарын ашу мемлекеттік қызметшілердің дамуына елеулі үлес қосатындығын және ел дамуына оң әсерін тигізетінін атап өтті. «Жамбыл облысының ...

Толығырақ »

ТӨЛЕ БИ АУДАНЫНДА 6 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫН ТАЗА АУЫЗСУМЕН ҚАМТЫЛМАҚ

Түркістан облысы Төлеби ауданында су құбырларының құрылысы қарқынды жүруде. Биыл ауданның 2 бірдей ауылы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Атап айқанда, тұрғындары артезиан құдықтардан су ішіп келген Тағайна ауылы мен су құбырлары тозған Зағамбар ауылы. Зағамбар ауылындағы су құбырының құрылысы ағымдағы жылдың сәуір айында бастаса, Тағайнадағы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 332 МЫҢ ТОННА ШИТТІ МАҚТА ЖИНАУ ЖОСПАРЛАНУДА

Түркістан облысы бойынша өткен жылы 134,5 мың гектар мақта дақылы егіліп, 330,5 мың тонна шитті мақта жиналған болатын. Ал ағымдағы жылы 132,7 мың гектар егіліп, болжам бойынша әр гектарынан 25 центнерден 332 мың тонна шитті мақта жинау жоспарлануда. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Ағымдағы жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2018 жылғы 12 ...

Толығырақ »