Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары (страница 101)

ОҚО жаңалықтары

АССАМБЛЕЯ ҮШІН СӘТТІ КҮН!

Шымкенттегі «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында облыс әкімі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен «Берекелі бірлікпен рухани жаңғыруға» тақырыбымен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясы өтті. Жиынға өңірімізден 800-ден астам адам қатысты. Олардың ішінде аудан, қала әкімдері, облыстық басқармалар мен аумақтық департаменттердің басшылары, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық ассамблея жанындағы құрылымдардың жетекшілері, этномәдени бірлестіктердің, діни конфессиялардың, саяси партиялардың, үкіметтік емес ...

Толығырақ »

Энергетика ардагерлерінің құрылтайы

Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен Мемлекеттің энергетика саласының көкейкесті мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы энергетика ардагерлерінің форумы өтті. Алқа отырысына  ТМД елдерінің энергетиктері де қатысты. Форум барысында Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев еліміздегі жаңғырмалы энергия көздерінің қазіргі жағдайы және дамыту жолдары жөнінде баяндама жасады. Оның айтуынша қазіргі таңда  елімізде экологиялық қауіпсіз электр энергиясын өндіруші  жаңғырмалы энергия көздерінің 50 ...

Толығырақ »

ҚАЗЫҒҰРТ БОЛАШАҚҚА БАТЫЛ ҚАРАЙДЫ…

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазығұрт ауданының әкімі Т.Телғараевтың Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауындағы  міндеттердің ауданда жүзеге асырылуы бойынша баспасөз-конференциясы өтті. Аудан жетістіктері кеңінен айтылып, алдағы жоспарлардың да ауқымды екені байқатылды. Әсіресе, білім саласындағы жетістіктер ауыз толтырып айтарлықтай-ақ. Білім – ғылымның іргетасы жəне мемлекет дамуының алтын арқауы. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдаған барлық Жолдауында білім беру саласы қызметкерлеріне үлкен ...

Толығырақ »

МЕЖЕ – 125 МЫҢ БАС!

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен етті-майлы ордабасы тұқымын өсірудің және қозы етін өндірудің озық технологияларына арналған баспасөз-конференциясында «Оңтүстік Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Бас директорының мал шаруашылығы бойынша орынбасары Нұрадин Әлібаев мәлім етті.Онда спикер Елбасы Жолдауында айтылған аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек деген тапсырмасына орай, алдағы 4 жылда яғни, 2021 жылға қарай «Ордабасы» қой ...

Толығырақ »

ҚЫЗАНАҚТЫҢ КӨКЕСІН ЖЫЛЫЖАЙДА КӨРЕСІҢ!

Суреттерді түсірген Асхат Әсетұлы Қазығұрт ауданы жылыжайлар бойынша басқа өңірлерден еш қалыспай келе жатыр. Тіпті, алдыңғы қатарда десе де, болатындай. Тұрбат аулында тіршілік жасап келе жатқан «Сайдахмат ата» шаруа қожалығы 2010 жылы құрылған болатын. Онда 3 отбасы мүшелері – барлығы 25 адам еңбек етеді. Төрағасы Сайдрасул Саипов. Қожалық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысады. 5 гектар жерде қызанақ өсіріп келеді. Ә.Ә.

Толығырақ »

АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ІРІ ҚАРА

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен Бәйдібек ауданына ақпараттық тур ұйымдастырылды. Журналистер аудандағы әлеуметтік-экономикалық дамуға өзіндік үлес қосып отырған бірқатар мекемелерді аралады. Алдымен тілшілер Боралдай ауыл әкімдігіндегі «Абердин – Ангус» тұқымды ірі қара мал шаруашылығына барып, өз қаржысына іс бастаған жеке кәсіпкер Мақсат Назарбаевтың жұмыс жүйесімен таныс болды. Тарқатып айтар болсақ, «Абердин – Ангус» тұқымды ірі қара мал шарауашылығы 2015 жылы ...

Толығырақ »

ИНФАРКТ КҮТІП ТҰРМАЙДЫ!

Тұрғындарға миокард инфактісінің белгілерін қандай болатынын көрсету, аурудың алдын алып, қажет жағдайда қандай шара қолдану керектігін түсіндіру – Оңтүстік Қазақстан облыстық кардиологиялық орталық мамандары дәрігерлік кеңестерін беріп, адамдардың қан қысымын тексеріп, ағзадағы холестерин мөлшерін анықтайтын күн Шымкент қаласында орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығында болып һтті. Ол жерде «Тез әрекет ет! Өміріңді сақта! Инфаркт күтіп тұрмайды!» атты ауқымды медициналық акция өткен болатын. Өз ...

Толығырақ »

Отырардағы «Алаш» этноауылы

Отырар ауданындағы Қарақоңыр ауыл округіне қарасты Бестораңғыл елді мекенінде қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін паш еткен «Алаш» этнографиялық ауылының ашылу салтанаты өтті. Жеке кәсіпкер Алмас Сыздықбеков «ЭКСПО – 2017» көрмесіне орай, еліміз бойынша алғашқылардың бірі болып этноауылды ұйымдастырды. Этноауылға АҚШ, Сингапур, Польша, Франция, Германия сияқты әлемнің 20 елінен қонақтар келді. Сәйгүліктерге мінген қос жаршы мәртебелі меймандардың этноауылға келгендерін жар салып хабарлады. Аудан әкімі ...

Толығырақ »

Жер салығы

Бәйдібек ауданында өндіріс кәсіпорындары жоқтың қасы, ал ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру – жергілікті кәсіпкерліктің негізі болып табылады. Сондықтан, шаруа қожалықтарынан түскен салық аудан бюджетінің басым бөлігін құрайды. Осыған орай, Бәйдібек ауданының прокуратурасы 2017 жылы қаңтар айынан бастап кәсіпкерлік қызметіне тексеру жүргізбей, жергілікті атқару және салық органдарының қызметін үйлестіру жолымен шаруашылықтармен жер салығын төлеу жағдайына зерттеу жүргізді. Зерттеудің басты мақсаты – ауыл ...

Толығырақ »

ХАЛІҢ ҚАЛАЙ, ҰБТ?

Шымкент қаласы әкімдігіндегі актив жиналысында қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева ҰБТ туралы толық айтып берді. Биыл қаладағы жалпы орта мектептеріндегі 11-сыныпты 7431 окушы тәмамдайды. Шымкентте жалпы саны 129 мектеп бар болса, солардан 5059 оқушы ҰБТ тапсырып көруге ниет білдіріп отыр. – Биыл 254 оқушы алтын белгіге үміткер, 173 түлек ерекше улгідегі аттестат алуы мүмкін. Айта кетейік, 2017 оқу жылы жаңа форматпен ...

Толығырақ »

ЖЕТІСТІКТЕР ЖЕТЕРЛІК, ЖЕТЕСІЗДІК ЖОҒАЛДЫ!

Ордабасы ауданының әкімі Алмасбек Мамытбеков Өңірлік коммуникация орталығында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, арнайы баспасөз мәслихатын өткізді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының Ордабасы ауданында орындалу барысы туралы кеңінен әңгімелеген аудан басшысы, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен таныстырды. Үстіміздегі жылдың 4 айында инвестиция көлемі 1 миллиард 330 миллион теңгеге жеткен. Өнеркәсіп саласында өндірілген ...

Толығырақ »

«КОМСОМОЛЬСКАЯ ПРАВДА» НАГЛО ВРЕТ?

Всегда с трепетом относился к этому изданию. На его публикациях проходило наше становление. Мне импонировали смелость и неординарность журналистской братии из «КП». Не знаю, что случилось, но подмена понятий и явная ложь, граничащая с клеветой, не красят ни одно издание, тем более «Комсомольскую правду». Вот что пишет ее корреспондент Елена Кривякина в публикации «В Казахстане с Обелиска Славы содрали георгиевскую ...

Толығырақ »

АСТАНАДАН ХАТ КЕЛДІ!

Шымкенттегі Отырар кітапханысының директоры Күлия Смайылханқызы Айдарбекованың атына сонау Елордадан алғыс жаудырған қуаныш-хат келді. Хатқа қол қойған «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Кітапханасы» директорының орынбасары Б.Жұмабеков былай депті: «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Кітапханасы қызметкерлерінің Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны мен қызмет жолына қатысты мәліметтерді жинақтау мақсатында 2017 жылдың 17-21 сәуірі аралығында Шымкент қаласына жасаған ғылыми-іздестіру іссапарына қолдау көрсеткеніңіз ...

Толығырақ »

КӨШ БАСТАУЫ ТИІС

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев: «ОҢТҮСТІК ҚҰС ЕТІН ӨНДІРУДЕ ЕЛІМІЗДЕ КӨШ БАСТАУЫ ТИІС» Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Ордабасы ауданына арнайы іссапармен барып, өңірдегі бірқатар шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты. Өңір басшысы алдымен «Ордабасы құс» ЖШС-нің кешенді күрке тауық фабрикасын аралап көрді. Аталған фабрика жылына 8110 тонна тірі салмақта күркетауық етін өндіруге қауқарлы. Инвестициялық құны 3 млрд. 249 млн.теңгені ...

Толығырақ »

ҚАЗЫҒҰРТТЫҢ ҚОРҒАНЫ – ҚОРҒАНБАЕВ!

Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары Хали Маматаев Қазығұрт ауданының жұртшылығына ауданның жаңа тағайындалған прокуроры Батыр Қорғанбаевты таныстырды. Кеме қалған киелі ауданның қадағалаушы органы жаңа басшысына сәттілік тілеп, аудан халқын шын жүректен құттықтаймыз!.. Өз тілшімізден

Толығырақ »

ОТЫРАР АУДАНЫ – ОТЫРАР КІТАПХАНАСЫНДА!

Шымкент қаласындағы «Отырар кітапханасында» (директоры Күлия Айдарбекова) Оңтүстік Қазақстан облысының 85 жылдығына орай ұйымдастырылған «Аудандар көші – кітапханада» атты жоба аясында ұлы тұлғалар мекені, тұнып тұрған тарихтың алтын кені атанған көне Отырар ауданы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің «Отырар ауданының мәдени күні» атты әдеби-тақырыптық кеші өтті. Бұдан бұрын Арыс қаласы, Бәйдібек, Қазығұрт, Ордабасы аудандары бастап кеткен игі шараны отырарлық ағайындар жалғастыра түсті. Жазушы ...

Толығырақ »

«ОРДАБАСЫДАН» – ОРДАБАСЫҒА ДЕЙІН!

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» алаңынан Ордабасы тауына дейін рухани жаңғырудың бір көрінісіндей «Билерге тағзым» велошеруі өтті. Өткен сенбі күні Оңтүстік Қазақстан облыстық соты мен облыс әкімдігі бірлесіп, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау мақсатында ұйымдастырған «Билерге тағзым» атты дәстүрлі велошеруі өтті. Таңертең Шымкент қаласының «Ордабасы» алаңынан басталған іс-шараны облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр ашып, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани ...

Толығырақ »

Прокуратурадағы ауыс-түйіс

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Бұйрығымен Хали Рысқұлбекұлы Маматаев – Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Бұйрығымен Сұлтан Шатемірұлы Орманов Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуроры қызметіне тағайындалды. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Бұйрығымен Жомарт Нұрғалиұлы Нұрғали Шымкент қаласы Абай ауданының прокуроры қызметіне тағайындалды. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Бұйрығымен Руслан Әлжанұлы Абдраимов Түркістан қаласының прокуроры қызметіне тағайындалды. Жаңа тағайындалған ...

Толығырақ »

ОСЫ ЖҰРТ КЕУРЕКТІ БІЛЕ МЕ ЕКЕН?

Көктем келіп жер беті жасыл желекке оранған шақты жақсы кө­ремін. Туған ауылым Сырдария өзенінің жағасындағы тоғайлы жерде орналасқандықтан табиғаттың әсем де сұлу келбетіне көзім үйреніп те қалған. Даланың иісі аңқыған жусаны, гүлдеген шеңгелі, жер бе­тіне төселген кілемдей толқынданып тұратын қызғалдағы мені шабыттандырып отыратын. Сондықтан болар арманшыл, қиялшыл болып өстім. Әкем менің қиялыма қиял қосып, армандарымды ас­­қақтатып қоятын. Шіркін, балалық шаққа ...

Толығырақ »

Үздік дипломат-елші

Түркістан қаласындағы өтіп жатқан «Түркі әлемі және ақпараттық кеңістік» атты халықаралық журналистер форумында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «2016 жылғы үздік дипломат-елші» атағымен марапатталды. Әлем журналистері ұйымының шешімімен берілген бұл сыйлықты ұйым басшысының орынбасары, белгілі журналист Орxан Селен мырза табыс етті. Ал, осы ретте, аймақ басшысы түркі елдерінің рухани байлығын молайтуға қосқан елеулі үлесі үшін халықаралық Түркі академиясының президенті ...

Толығырақ »

ТҮРКІ ӘЛЕМІ ӘДЕБИЕТШІЛЕРІНІҢ РУХАНИ БАЙЛАНЫСЫ

Түркістан қаласында Түркі әлемі әдебиетінің кітап көрмесі мен ақын-жазушыларының дөңгелек үстелі өтті. Шараға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев,  ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Түркия, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Татарстан, Қазақстанның Астана, Алматы қалаларының және өңіріміздің көрнекті қаламгерлері қатысты. Бүгінгі бас қосу түбі бір түркітілдес елдердің өзара ынтымақтастық, достық қарым-қатынасын нығайтып, бауырлас елдердің ақын-жазушыларының шығармашылық байланысын дамыту мақсатында ұйымдастырылды. ...

Толығырақ »

Түркі халықтары журналистерінің форумы басталды

Түркістан қаласының биыл «Түркі әлемінің мәдени астанасы» деп жарияланғаны белгілі. Осыған байланысты Ұлыстың Ұлы күні – Наурыздан бастап қасиетті қалада түркі халықтарының өнерпаздары мен зиялы қауымының басын қосқан халықаралық шаралар өтуде. Соның бірі – Түркі халықтары журналистерінің форумы басталды. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі және Халықаралық Түркі академиясы ұйымдастырып отырған бұл форум «Түркі әлемі және ақпараттық кеңістік» тақырыбында өтуде. Оған Қазақстан, ...

Толығырақ »

ЛОЖЬ, КАК ТРАДИЦИЯ…

Ложь Бекболаевой становится с каждым годом еще более изощреннее, нежели ранее. В опубликованном на аналитическом интернет-портале Ratel.kz ее материале «Традиция на 9 Мая – танец акима ЮКО» ничем неподкрепленное вранье преподносится с завидной настойчивостью, что диву даешься – неужели этот портал целенаправленно использует недостоверную информацию. Вот полюбуйтесь: «Напомним, что в прошлом году экс-аким ЮКО Бейбут АТАМКУЛОВ (ныне министр оборонной и аэрокосмической ...

Толығырақ »

АРДАГЕРДІҢ ШАҢЫРАҒЫНДА

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған салтанатты шарадан соң Қазығұрт ауданының тұрғыны ҰОС ардагері Иса Телікбаевтың отбасына арнайы барып құттықтап, иығына шапан жапты. Ленинград майданында шайқасқан ардагермен әңгіме барысында әкім ІІ Дүниежүзілік соғыста көрсеткен жанқиярлық ерліктері мен жаужүректілігі елге мұра, ұрпаққа үлгі екенін жеткізді. Сондықтан да Елбасымыз әрдайым соғыс және тыл ардагерлеріне қолдау көрсетіп, олардың хал-ахуалын ...

Толығырақ »