Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары (страница 9)

Ауыл жаңалықтары

САЙРАМДА МАНГО, АВОКАДО ӨСІРІЛЕДІ

Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданындағы кәсіпорындар мен өндіріс орындарының жұмысымен танысты. Еліміздегі мол көлемде банан өндіретін алғашқы кәсіпорын Сайрам ауданында орналасқан. Түріктің «Gen group Qazaqstan» компаниясы 5,3 га жылыжай кешенін салып, банан отырғызған. Өсірілетін банан сорты арнайы Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімделген. Алғашқы өнімді 6 айдан кейін жинау жоспарлануда. Кәсіпорын басшысы Тимур Утешов алдағы уақытта манго, авокадо сынды ...

Толығырақ »

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданының кәсіпкерлерімен және инвесторларымен бизнес саласын талқылау бойынша кездесу өткізді. Кездесу барысында бизнес саласындағы мәселелер мен ұсыныстар талқыланды. Облыс әкімі Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру, импортқа тәуелділікті барынша азайту, қоғамдық әл-ауқатты арттыру секілді мәселелерді шешу бойынша берген тапсырмаларын тыңғылықты орындау қажеттігін айтты. Бұған дейін облыс әкімі кәсіпкерлік белсенділікті және инвестициялық тартымдылықты күшейту туралы тапсырма берген ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

27-28 қыркүйек күндері Төлеби аудандық «Мансап орталығы» ғимаратында жаңа биздес-идеяларды іске асыру мақсатында мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз гранттың комиссия отырысы ашық өтті. Комиссияға бақтарын сынап, бизнес жоспарын қорғап, қайтарымсыз грант алуға келген үміткерлер көп болды. Екі күнге созылған комиссия отырысына 172 адамның бизнес жобасы таныстырылды. Үміткерлердің басым бөлігі көп балалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандарболды. Комиссия мүшелері жобаны бағалауда бизнес ...

Толығырақ »

САЙРАМ: А.СӘБИТОВ КӘСІПТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Президент Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін көтеріп, халықтың әл-ауқатын арттыру, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік саланы қолдау мәселелеріне баса назар аударып, экономиканың негізгі қозғаушы күші саналатын шағын және орта бизнестің дамуы мен оны әрі қарай жандандыруды айтқан болатын. Экономиканың күре тамыры — кәсіпкерлік. Кәсібі дамыған елде жұмыссыздық мәселесі болмасы анық. Сайрам ауданында кәсібінің нәсібін көріп жүрген жандар аз ...

Толығырақ »

ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жастардың оқу бітіріп, қолға диплом алған соң мамандық бойынша жұмыс іздейтіні белгілі. Бірақ тәжірибесі жоқ, әлі еңбек нарығын көрмеген жас маманға жұмыс жылдам табыла қоймайды. Бұл тығырақтан шығудың бір жолы бар. Ол – жастар практикасы. Жастарға ұсынылып отырған мемлекеттік көмектің бірі. Жастар практикасының мақсаты – университет пен колледж бітірген жастарды мамандығы бойынша жұмысқа орналасып, тәжірибие жинақтауға көмектесу. Жастар практикасының ұзақтығы ...

Толығырақ »

ГРАНТ АЛЫП, КӘСІБІН БАСТАҒАНДАР

Бүгінде қазақстандықтардың жеке кəсіппен айналысуына мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдау білдірілуде. Мұндай қолдауды төлебилік кəсіпкерлер де сезінуде. Қолдау демекші, Ленгір қаласындағы аудандық мансап орталығының жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің басшысы Қайырғали Əміртаевтың айтуынша, биылғы жылы ауданымызда 90 адамның кəсіп бастауына мемлекеттік грант беру жоспарланған. Бүгінгі таңға дейін аталмыш грантты 45 адам алыпты. 1 миллион 380 мың теңгені (400 айлық есептік көрсеткіш) құрайтын ...

Толығырақ »

А.ӨСЕРБАЕВ: АУДАНДАҒЫ ӘРБІР МӘСЕЛЕ МЕН ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ БІЗ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

Бүгін Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Аңсар Өсербаевтың төрағалығымен лездемелік мәжіліс өтті, ддеп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық асгенттігі. Аппараттық мәжілістің күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Бірінші болып 2024 жылға аудан бюджетін қалыптастыру барысы туралы экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Айтекеева баяндады. Белгілі болғандай аудан бюджетінің жобасы аудандық мәслихаттың қарауына 15 қазанға дейін ұсынылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, ...

Толығырақ »

Тәлімді таудан алған еңбеккер

Еңбек адамы – ел мақтанышы. Еңбек адамы – әлеуметтік құрылымдардың маңызды бөл­шегіне айналуы тиіс. Еңбек идеясы – азаматтық құл­шы­­нысты арттырып, қоғамды топтастырушы, идеялық-бағ­дарлық ұйыстырушыға айнала алады. Қоғамның бар­лық тобына тән еңбек идеясы адамдарды әлеуметтік мәр­­тебесіне бөліп қарамастан барлығын толық қамтитын әле­уетке ие. Бүгінгі еңбек адамы бейнесіндегі Төлеби ауданындағы Пошан Әбілдаев ақсақалды осы төңіректегілер тегіс таниды, танып қана қоймайды, ерекше сыйлайды десек, ...

Толығырақ »

«Еңбек күні» мерекесіне орай бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Төлеби ауданы Ленгер қаласында аудандық «Мансап орталығы» ғимаратында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің республика деңгейінде «Еңбек күні» мерекесін атап өтуге арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, ауданының жұмыссыз азаматтарына, пробациялық қызметте есепте тұрған азаматтарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға бос жұмыс орны жәрмеңкесі өтті. Ауданда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі жоспар бойынша 3-ші рет өтіп жатыр. Жәрмеңке өткізудің басты мақсаты жұмыссыз ...

Толығырақ »

Тірлігі тындырымды НӘЗИПА

Заман дамуы мен қоғам қажеттілігіне байланысты мамандықтар тізбесі үнемі жаңарып, өзгеріп отырса да, ерте заманнан бері келе жатқан көне де қадірлі дәрігер мамандығы қаншама ғасырлардан бері адамзатпен бірге жасасып келеді. Жасай да бермек. Медицина қызметкерлері – адам өмірінің сақшысы. Олар ажалдан қорықпайды, адамға екінші өмір сыйлайды, өз қадір-қасиеті мен ар-ожданын биік ұстайды. Бұл қоғамның оларға деген сенім мен құрметін арттырып,  мәртебесін ...

Толығырақ »

Тындырымды Тындықыз апа бүкіл аймаққа үлгі еді

– Тұр балам! Фермаға баратын уақыт болды! Колхоздың тауарлы сүт фермасында сауыншы болып істейтін анам күнде сағат төртте тұрады. Қыстың күні таңертең үй азынап суып кетеді. Мұндайда қаз катар жатқан біз көрпеге тығыла түсеміз. Шешем пештің күлін алып, маздатып от жаққан соң бөлмеге жылу кіреді. Жұмысқа кеткенше осылай талай тірлік тындырады. Қазанға сүт пісіреді, шай қайнатады. Мектепке баратын балалардың тамағын ...

Толығырақ »

АЙТЫЛҒАН ҰСЫНЫСТАР МЕН ӨТІНІШ-ТІЛЕКТЕР ЕСКЕРІЛЕ ОТЫРЫП, ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың 2023 жылдың төртінші тоқсандағы тоғызыншы кездесуі Киелітас ауылдық округінде өтті. Достық елді мекенінде ұйымдастырылған басқосуда аудан басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 8 айдағы көрсеткіші мен ІІІ тоқсанда өткен кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар барысын баяндады. Төлеби ауданы мен Шымкент қаласының шекарасында орналасқан округтегі облыстық маңызы бар жолдардың жарамдылығы – 99,5 % құраса, елді ...

Толығырақ »

Қажырлы еңбектің арқасы

Мақсат-арманы орындалып, жанына жақын, ұнамды мамандықты меңгеріп, отбасын құрып, өмірін жалғастыратын саналы бала-шаға өсіріп, өз ортасына сыйлы, абыройлы болса, артынан жақсы сөз ерсе – ол кемеліне жеткен нағыз бақытты жан саналады ғой. Сондай жанның бірі – Төлеби ауданының құрметті азаматы, ел ағасы атанған Әуесбек Тұрдалиев еді. Ол 1952 жылы маусым айында Алатау баурайындағы шұрайлы Қаратөбе ауылында туған. Әкесі Тойбек Мәмбетбаев ...

Толығырақ »

СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРГЕ ҚОНЫС АУДАРУ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Мансап орталығында Павлодар облысынан 5 адамнан құралған делегация келіп, «Қуатты өңірлер- ел дамуының драйвері» ұлттық жоба аясында Солтүстік өңірлерге қоныс аудару бойынша Төлеби ауданы тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиынға, Павлодар қаласының Мансап орталықталығының директоры және Баянауыл ауданының әкімі, Тереңкөл ауданы әкімі көші-қон бағдарламасымен таныстырды. Сонымен қатар, бос жұмыс орындарының бар екендігін алға тартып, әсіресе дипломы бар жастарды шақырды. Жиын барысында ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИЛІК ШАРУА ҚИЯР ЕГІП, ЖЕРЛЕСТЕРІН ОТАНДЫҚ КӨКӨНІСПЕН ҚАМТЫП ОТЫР

Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында – келер жылы 100 мың жасты жұмысқа орналастыру. Қазіргі жұмыссыз жүрген жастарды кәсіппен баулып, жұмыспен қамту – ұлттың болашағына жасалып жатқан үлкен қадам. Сондай-ақ, Жолдауда Мемлекет басшысы қарапайым еңбек адамдарына құрмет көрсету туралы айтты. Түркістан өңірінде кәсіптерін дөңгелетіп, диқаншылықпен отырған еңбек адамдары аз емес. Сондай кәсіпкерлің бірі Төлеби ...

Толығырақ »

Бағдарламаның шарапатын көрдім

Қазір жоғары немесе арнаулы оқу орнын бітірген жастардың дипломына сай жұмыс табуы оңай емес. Жергілікті билік тарапынан тиісті қамқорлық көрмеген жас маман кездескен түрлі қиындықтарға шыдай алмай, ауылдық жерде көп тұрақтай алмайды. Сондықтан бірқатары жұмысын тастап кетеді немесе басқа кәсіппен айналысуға мәжбүр болады. Екі қолға бір күрек іздеп, қалаға қоныс аударатындар да аз емес. Алайда, істеймін деген адамға ауылда да ...

Толығырақ »

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛЫП, КӘСІП БАСТАҢЫЗ

Төлеби ауданында жаңа 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында халықты жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында шағын бизнесті дамыту үшін мемлекеттік гранттар берілуде. Жобада жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мен қатар жеке кәсіпті дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау мен дамыту жұмыстары жолға қойылған. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жүргізіледі, ...

Толығырақ »

Ауылдағылардың күбісіз күні жоқ…

Бүгінде ел арасында айран ұйытып, күбі пісетіндер де азайып қалды-ау… Бүгінгі заман – жаңа технологияның заманы. Ауылды жерлерде мұндай жұмыстарды қазір неше түрлі техникамен-ақ атқара беретін болған. Күбілер сұраныстың жоқтығынан көп үйде қаңсып тұр. Ағаштан аспап жасайтын шеберлердің өзі де күбіге арнайы тапсырыс бергендерге жасап бермесе, оны алдын-ала дайындап қоймайтындарын айтады. Өйткені, күбі жасау оңай емес, әрі ұзақ уақыт алады. ...

Толығырақ »

ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ ШАҚЫРАДЫ!

Төлеби ауданына Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданынан арнайы делегация келді. Аудандық мансап орталығының ұйымдастыруымен Ленгер қалалық әкімшілік залында жиналыс өтті. Солтүстік өңірден келген делегаттар аудан тұрғындарына көші-қон бағдарламасы бойынша түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізді. Делегация құрамы қоныс аударуға ниетті азаматтарға бос жұмыс орындары бар екенін, дипломы бар жастарды жұмысқа орналастыру жөнінде және отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектерді атап айтты. Жиынға қатыса ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ АЯСЫНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ГИДРОМАССАЖ БӨЛМЕСІ АШЫЛДЫ

Төлеби ауданында жаңа 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында халықты жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында шағын бизнесті дамыту үшін мемлекеттік гранттар берілуде. Жобада жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мен қатар жеке кәсіпті дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау мен дамыту жұмыстары жолға қойылған. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жүргізіледі, ...

Толығырақ »

Төлеби ауданының әкімі Төлеген ТЕЛҒАРАЕВ: «Нәтиже жұмысты жұмыла істеген жерде болады»

– Төлеген Тұртайұлы, Төлеби ауданын басқарып келе жатқаныңызға үшінші жылға аяқ басты. Аймақтың әлеуеті  қандай? Әңгімемізді өткен бес айдың қорытындысын тілге тиек ете отырып, ауданның экономикалық, әлеуметтік даму барысынан бастасақ. – Біздің аудан аграрлы аймаққа жатады. Экономикамыздың ең басты драйвері – ауыл шаруашылығы саласы. Ал, енді аймақтың ерекшеліктеріне келетін болсақ, өнеркәсіп, шағын және орта бизнес салаларын да дамытуға өте қолайлы. Ауданда ...

Толығырақ »

ТӨЛЕБИЛІК КӘСІПКЕРЛЕР «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ – 2023» ӨҢІРЛІК БАЙҚАУ – КӨРМЕСІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдау мақсатында бірқатар тапсырмалар беріп, дәстүрлі Жолдауларында ерекше пәрмен беріп отыр. «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында Түркістан облысында кәсібін кеңейтіп, жұмысын сәтті жүргізіп жатқан өндіріс орындарының саны артуда. Орта және шағын бизнесті дамыту – өңірдегі жұмыссыздықты жоюда, нарықты халыққа қажетті тауарлармен толтыруда, өңірлердің экономикасын тұрақтандыруда шешуші фактор. Сондықтан да еліміздегі шағын және орта ...

Толығырақ »

САЙРАМДЫҚ КӘСІПКЕР МАУСЫМДА 50 ТОННА ҚИЯР ӨНІМІН АЛДЫ

Сайрам ауданы Қайнарбұлақ ауыл округі Қасымбек-Датқа ауылында орналасқан «Бозінген» шаруа қожалығы 1989 жылдан бері егін және мал шаруашылығын қатар алып жүруде. Аталған шаруа қожалығы 5 гектар аумақты құрайды. Өнім жинау уақытында 15-20 ауыл тұрғыны жұмысқа тартылады. Кәсіпкер Әбілқасым Мустафаевтың айтуынша биыл маусымда 50 тонна қияр өнімін алған. Шаруашылық 2021 жылы жаңбырлатып суғару тәсілімен 20 гектар жерде мал азық-дақылдар егіп бастады. ...

Толығырақ »

МАЛ БОРДАҚЫЛАП, СҮТ ӨНДІРЕДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы ұлықтау рәсімінде «ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ – бәрімізге сын» деген сындарлы сөз айтты. Ауыл шаруашылық саласын дамыту-маңызды міндет. Сансыз баптар жатқан Сайрам ауданы ауыл шаруашылығы көш ілгері дамыған аудан. Қарасу ауылдық округі, Ақбай елді мекенінде орналасқан » Умарали ата» шаруа қожалығы бүгінде ірі қара мал өсіріп отыр. Шаруашылық басшысы Мирзали Усманов Умаралиұлының қазіргі таңда ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ САЛАСЫН ДАМЫТАТЫН ЖАҢА МАМАНДАР ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТЫР

Түркістан өңірінің рухани-мәдени саласын дамытуға оң қадамдар жасалуда. Бүгін «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде жаңа мамандарды қабылдау бойынша іріктеудің екінші кезеңі өтті. Өнерпаздардың арасынан вокалдық, классикалық, дәстүрлі оркестр жасақталып, би ұжымы іріктелді. Мамандарды Қазақстанның үздік өнер иелерінен құралған кәсіби комиссия бағалады. Бүгінгі күнге 40-тан астам үміткер өз өтінішін білдіріп, соның 21-і өтті. Ал бұған дейін 33 өнерпаз іріктеліп, жалпы 54 маман ...

Толығырақ »