1939 жылдың 1 қыркүйегінде фашистік Германия Польшаға шабуыл жасады. Кейін Англия жəне Франция бұл мемлекетке қарсы соғыс жариялаған соң, екінші дүниежүзілік соғыс басталды. Оған әлемнің 72 мемлекеті қатысып, 62 миллион адам ажал құшты. Ал 1941 жылдың 22 маусымында Үшінші Рейх әскерлері Кеңес Одағына соғыс ашты. Тарих жылнамаларына Ұлы Отан соғысы деп жазылған соғысқа, кеңес әскері қатарына 1 миллион 200 мың ...
Толығырақ »ОҚО жаңалықтары
ҰОС АРДАГЕРІ: ҚАСЫМБЕК КЕНЖЕБЕКОВ
Ұлы Отан соғысы жылдары Арыс қаласынан 10503 жауынгер аттанды. Сұрапыл соғыс жылдары Арыс қаласынан Кеңес Одағының 6 батыры шыққан. Олар Нағи Ильясов, Бейсен Онтаев, Иван Журба, Берген Исаханов, Ережепбай Молдабаев, Садық Исмаилов. Зұлмат соғысқа қатысқан азаматтардың есімдері қала орталығындағы «Жеңіс» аллеясындағы ескерткішке қашап жазылған. Бүгінде қан майданнан елге оралған жауынгерлердің екеуі ғана арамызда. КЕНЖЕБЕКОВ ҚАСЫМБЕК Кенжебеков Қасымбек 1922 жылдың 4 ...
Толығырақ »ЖЫЛЫНА ҮШ ӨНІМ АЛАТЫН ШАРУА
Әділхан Маманов Кентау қаласына қарасты Жүйнек ауылдық округінің тұрғыны. Өз үй алдынан үй іргелік жылыжай салып, табиғи өнім алып отыр. Бұл іспен айналысып жатқанына 8 жылдай болған. Бүгінде отбасылық кәсіпке айналған жылыжайдан жылына үш өнім алады. Дәл қәзір ағымдағы жылдың ақпан айында отырғызған қызанақ алдағы мамыр айында өнім береді. Кемі 10 тонна жиналатын қызанақты көрші қалаларға тасымалдайды. Тамыз айында қияр ...
Толығырақ »ҰОС АРДАГЕРІ: ТӨРЕБАЕВ БАДАН
1945-1945 жылдары қан майданға біздің өңірден де жерлестеріміз аттанып, елге оралмағаны қаншама… Бүгінде елге оралғандарының өзі саусақпен санарлықтай қалған. Ұлы Отан соғысының ардагері Төребаев Бадан – 1926 жылы дүниеге келген. 1944 жылы 15 қазанда әскер қатарына шақырылды. 4 ай әскери дайындықтан өткен соң, Беларусь майданында жорық жолы басталып, ауыр шайқаста ерекше ерлігімен көзге түсті. Сондағы жанқиярлығы ескеріліп, «Ерлігі үшін» медалімен ...
Толығырақ »ТАМШЫДАЙ БОЛСА ДА КӨМЕГІМ ТИСЕ ЕКЕН
Апаттың айтып келмейтіні ақиқат. Сондықтан осы қиындықта біз, барша қазақстандықтар, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара» отырып, бірлікті ту еткен ел екенімізді дәлелдеуге тиіспіз. Тамшыдай болса да көмегім тисе екен деген арыстық, М. Әуезов мектебінің 4 «ә» сынып оқушысы Орынбасар Кәусәр тиын жинағыш аққуға жинаған ақшасын Мақтарал ауданында зардап шеккен тұрғындарға берді. Ел басына күн туған қысылтаяң шақта бірлігі ...
Толығырақ »БІЗ БІРГЕМІЗ, СӨГІЛМЕСІН ІРГЕМІЗ!
Биылғы жылы бүткіл әлемді дүрліктірген пандемия, қазақ елін де айналып өтпеді. Бұл індеттен арылудың жолында мемлекет басшысы тиісті сала мамандарына тапсырма беріп, алдын алу жұмыстарын жүйелі жүргізуде. Апат айтып келмейді. Жығылғанға жұдырық дегендей айдың -күннің аманында, Мақтааралдықтардың басына тағы да қиын сәт туды. Қазақ елінің бірлігі мен ынтымағының арқасында, бұл қиындықты да еңсереміз. Арыс қаласының жанашырлары мақтаралдықтарға азық-түлік, киім — ...
Толығырақ »15 МЫҢ ТЕҢГЕНІ АЛУ ЖОЛДАРЫ…
Мемлекет ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айлары үшін коммуналдық қызметтерге ақы төлейді. Барлық өтініштер мамыр айының соңына дейін https://t.me/SmartTurkistanBot арқылы қабылданады. Өтініш беру үшін аудан орталығымен ауылдық округ әкімшіліктеріне барудың қажеті жоқ, барлығы үйде отырып телефон арқылы жасалынады. Төлемді кімдер алады? 1, 2, 3 топ мүгедектері; • мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар; • көпбалалы отбасылар; • Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, Ұлы Отан ...
Толығырақ »БІЗ БІРГЕМІЗ, СӨГІЛМЕСІН ІРГЕМІЗ!
Бүгін Түркістан облыстық, аудандық, қалалық мәслихат депутаттарының ұйымдастыруымен Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты гуманитарлық көмек керуені жолға шықты. Аталған кереуен ішінде Арыс қалалық мәслихат депутаттары мен мәслихат аппараты ұжымының атынан көрпе-төсек, 2500 тоннадай азық-түлік пен бақша өнімдері бар. Алдағы кезеңде Мемлекет басшысы тікелей бақылауда ұстап, тұтас Қазақ елі жұмыла көмектесіп жатқан бұл мекен қысқа уақытта қалпына келіп, жаңарған, ...
Толығырақ »ҰОС АРДАГЕРІ: ЕВСЮКОВ МИХАИЛ ВАСИЛЬЕВИЧ
Соғыстың соңғы солдаты сайрамдық Ұлы Отан Соғысының ардагері — Евсюков Михаил Васильевич. 1927 жылғы қарашаның 21-інде туылған, Белгород облысы, Ровенск ауданы Мартынцы селосының тумасы. Әскери білімі, мамандығы: Түркістан әскери округі офицерлер құрамын жетілдірудің біріккен курсын тәмамдаған, жалпыәскери командир. Әскери шені: полковник. 1944 жылғы желтоқсанның 5-інде Белгород облысы, Ровенск аудандық әскери комиссариатынан әскерге шақырылды.1944 жылғы желтоқсаннан бастап Воронеж әскери округі, 11-інші ...
Толығырақ »ТҮЛКІБАС АУДАНЫ МАҚТААРАЛДЫҚТАРМЕН БІРГЕ
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында орын алған су тасқынын естіген түлкібастықтар қиын сәтті бастарынан өткеріп жатқан бауырларымызға қол ұшын созды. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Бүгін игі істің бастамасы ретінде 6 тоннаға жуық бірінші қажеттіліктегі азық-түлікті 2 газель жүк көлігімен Мақтаарал ауданына жолдады. Аудан кәсіпкерлері мен депутаттары және ерікті тұрғындар тарапынан жиналған бұл көмек, ...
Толығырақ »«ЖЕҢІС ЕСІМДЕРІ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
МАЩЕНКО АЛЕКСАНДРА ВЛАДИМИРОВНА, 1924 жылы 9-мамырда Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысының ардагері. Ол 1942 жылы әскер қатарына шақыртылды. 1942-1945 жылы Курск қаласынан Германияға дейін жетіп сол қалада соғысты аяқтаған. 1-ші әскери санитарлық поездте – медбике болған. Әскери шені — сержант. Беларусь, Киев, Польша, Украина, Данецк фронтында болған. Курск қаласынан ...
Толығырақ »ҰОС АРДАГЕРІ: ӘБІШОВ ХАЛНИЯЗ
Соғыстың соңғы солдаты сайрамдық Ұлы Отан соғысының ардагері Әбішов Халнияз — 1923 жылғы қаңтардың 15-інде Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданындағы Қарабұлақ ауылында дүниеге келді. Әскерге шақырылғанға дейін Ә.Науаи атындағы ұжымшарда жұмыс істеді. 1942 жылғы шілденің 12-сінде Сайрам аудандық әскери комиссариатынан әскерге шақырылып, 1942 жылғы шілдеден қыркүйекке дейін 312-ші атқыштар полкында, 1942 жылғы қыркүйектен 1944 жылғы қаңтарға дейін 364-ші атқыштар полкында ...
Толығырақ »ҰОС АРДАГЕРІ: АСАТОВ АРТЫҚ
Соғыстың соңғы солдаты сайрамдық Ұлы Отан соғысының ардагері Асатов Артық — 1926 жылғы мамырдың 5-інде дүниеге келген, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданының Ақсукент ауылының тумасы. Әскери шені: қатардағы жауынгер. Жауынгерлік жолы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам аудандық әскери комиссариатынан 1944 жылғы қазан айында әскерге шақырылып, 195-ші атқыштар полкінің құрамында майданға қатысқан. 1945 жылы Шығыс майданында Жапонияға қарсы ұрысқа қатысты. 1945-1950 жылдар ...
Толығырақ »ҰОС АРДАГЕРІ: АНАРТАЕВ АХМАДЖАН
ҰОС ардагері Анартаев Ахмаджан — 1926 жылғы қарашаның 10-ында Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданындағы Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. Әскерге шақырылғанға дейін «Жұмысшы» ұжымшарында жұмыс істеді. 1944 жылғы мамырдың 5-інде Сайрам аудандық әскери комиссариатынан әскерге шақырылып, 64-інші атқыштар полкында қызметтен өтті. Әскери шені: қатардағы жауынгер. Польшаны азат ету жолындағы шайқастарға, Германиядағы ұрыстарға қатысты. Жарақаттанбаған. 1949 жылғы сәуірдің 10-ында әскерден қайтты. ІІ дәрежелі ...
Толығырақ »ҰОС АРДАГЕРІ: ШАЙХУДДИНОВ МУКАРАМ
ҰОС ардагері: Шайхуддинов Мукарам 1924 жылғы ақпанның 10-ында Башқұрт КСР-і Болтачев ауданының Оразаев ауылында дүниеге келген. Қарулы Күштер қатарына шақырылғанға дейін МТС-те тракторшы, жүргізуші болып істеді. 1942 жылғы қыркүйекте Болтачев аудандық әскери комиссариатынан әскерге шақырылып, 1942 жылғы қазаннан 1943 жылғы ақпанға дейін 1-ші Алкино кіші командирлер даярлау бөлімінде оқыды. Оқуын тәмәмдағаннан кейін 17-ші гвардиялық полкқа, 1944 жылы 12-ші гвардиялық атқыштар ...
Толығырақ »МАҚТААРАЛ: АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ЕЛГЕ ҮНДЕУ ЖАРИЯЛАДЫ
Бүгін Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайға байланысты Түркістан облыстық және Мақтаарал, Жетісай аудандарының ардагерлер кеңесі үндеу жариялады. Бұл үндеу облыс халқына, кәсіпкерлерге, қоғамдық ұйымдар мен еріктілерге де арналған. Атакент кентінде өткен жиынға Түркістан облыстық «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Кенжехан Төлебаев, Мақтаарал ауданының құрметті азаматы, ғалым Ибадулла Үмбетаев қатысып, жиналғандарға үндеудің негізгі мақсаты ...
Толығырақ »«ҚАМҚОРЛЫҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖАСАЛДЫ
Қайырымдылық – адам баласы бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адами қасиеттердің қадірлісі қайырымдылық болса, ал, оны жасау, қамқорлыққа зәру жандардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске қолынан келгенше көмектесіп, үлесін қосу – адамның адаматтық парызы. Әрине, қамқорлық жасау, өзіңде барды өзгемен бөлісу, мұқтаж, көңілі жарым жандарға қол ұшын беру жомарттықтың белгісі және ондай іс тек жомарт ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: БАРЛЫҚ ҚАЖЕТТІ ТЕХНИКАЛАР МАҚТААРАЛҒА ЖҰМЫЛДЫРЫЛУДА
Таяуда Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты, Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен халықты қауіпсіз аймақтарға эвакуациялау жұмыстарына 30 автобус жұмылдырылды. Атап айтқанда, Мақтаарал ауданынан – 5, Жетісай ауданынан – 5, Сарыағаш ауданынан – 7, Келес ауданынан – 3, Шардара ауданынан – 10 автобус. Қазіргі уақытта, Мақтарал ауданының орталығы Мырзакент елді мекенінде 13 автобус дайын тұр. Қажеттілік ...
Толығырақ »ОТЫРАР МАҚТААРАЛМЕН БІРГЕ
Мақтаарал ауданындағы орын алған төтенше жағдайға байланысты зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету мақсатында Отырар ауданынан гуманитарлық көмек жолға шықты. Бұл туралы Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Мақтаралдықтардың басына түскен нәубетке бей — жай қарай алмаған отырарлықтар қажетті азық — түліктерді, күріш, шекер, макарон, пісте май, ұн, тұз, картоп, пияз, сәбіз және киім — кешек пен ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА СУ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕДІ
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында тасқын су деңгейі едәуір төмендей бастады. Бұл туралы онлайн брифингте облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мәлімдеді. Жалпы 6128 тұрғыны бар 5 елдімекенді су басқан болатын. Олар: Жеңіс, Жаңатұрмыс, Фирдоуси, Өргебас және Достық ауылдары. Қазіргі таңда бұл ауылдарда су басу қаупі төмендеген. Атап айтқанда, 5 мамыр күнгі дерек бойынша Жеңіс елдімекенінде су деңгейі 2 см-ге төмендеген. Жаңатұрмыс ...
Толығырақ »40 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛЕ ЖАТЫР
Мақтааралдағы су тасқыны күллі қазаққа ауыр тиді. Жанашырлықпен хабарласып, елдің жағдайы жасалса, қауіпсіздігі сақталса деген тілектер айтылып жатыр. Штаб құрылған күннен бастап «Nur Otan» партиясының өкілдері мен «Жас Отан» жастар қанатының жастары Мырзашөлге шұғыл аттанып, қызмет етіп жатыр. Ал бүгін «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің бастамасымен Мақаарал ауданына бірнеше жүк көлігіне тиелген 40 тоннадан астам гуманитарлық көмек ...
Толығырақ »ДЕПУТАТТАР 30 ТОННА АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӨНЕЛТТІ
Түркістан облыстық мәслихатының және барлық аудандық, қалалық мәслихаттардың депутаттары «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданының тұрғындарына 7 бірдей жүк көлігіне тиелген гуманитарлық көмек жөнелтті. Бұл қайырымдылық шарасын ұйымдастыруға Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиевтің өзі ұйытқы болғанын айта кету керек. Аталған керуенді шығарып салу шарасына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы қатысып, осындай ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: СУ ТАСҚЫНЫНАН КЕЛГЕН ШЫҒЫН ТОЛЫҚ ӨТЕЛЕДІ
Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты құрылған арнайы комиссия тасқыннан келген шығын көлемін есептеуде. Билік басшылары тасқын су орын алған ауылдардың халқымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов тасқын су астында қалған ауылдардың тұрғындарымен жүздесті. Қауіпсіз аумаққа көшірілген халыққа Үкімет тарапынан нақты көмек көрсетілетінін атап көрсетті. Түркістан облысындағы тасқынға байланысты құрылған мемлекеттік комиссияға топан судан келген ...
Толығырақ »САРЫАҒАШТЫҚТАР МАҚТААРАЛДЫҚТАРҒА КӨМЕК ЖІБЕРДІ
Тасқын судан зардап шеккен Мақтаарал ауданына сарыағаштықтар да алғашқылардың бірі боп жалпы құны 1 млн 735 мың теңгенің гуманитарлық көмегін көрсетті, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Оның ішінде азық-түлік, ет, су, күріш, ұн, картоп, пияз, май, қанттан бөлек, көрпе-төсек, гигиеналық заттар, балаларға қажетті канцелярлық тауарлар да бар. Аталған заттар Сарыағаш ауданына бекітіліп берілген 5 мектепте ...
Толығырақ »ШӨКЕЕВ ҮКІМЕТ САҒАТЫНДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ
Түркістан облысының басшысы Үкімет сағатында Мақтааралға қатысты баяндама жасап, төтенше жағдай бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. «Алдын ала жинақталған мәліметтер бойынша көлемі 7639 гектар егістік жерді су басқан. Сонымен қатар, мал шығыны нақтылануда. Қазіргі таңда, осы жоғарыда аталған шығындарды есептеп жатырмыз. Нақты шығын көлемі нақтыланып болған соң, қосымша баяндалатын болады», деді ...
Толығырақ »