Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2018 » Июль (страница 3)

Месячные архивы: Июль 2018

«САМҒАУ-2018» КИНОФЕСТИВАЛІНІҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан облысының «Жастар ресурстық орталығы» өңіріміздегі жас режиссерларға қолдау көрсету мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде «САМҒАУ-2018» қысқаметражды бейнефильмдер байқауын ұйымдастырып келеді. Байқауға аймақтың кез-келген 14 пен 29 жас арлығындағы тұрғыны еркін тақырыпта 5 минуттан — 15 минут аралығында бейнефильм түсіріп, қатыса алады. Биылғы байқау Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналды. Байқауға қатысу үшін 40-тан астам фильм ұсынылып, оның ішінен 20 ...

Толығырақ »

ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ЖАҢА ӘКІМІ

Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі болып Исамидин Қантөреев қызметіне кірісті. Бүгін Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс 34-сессиясында Қаратау ауданының әкімі тағайындалды. Сессия отырысында депутаттар Қаратау ауданының әкімі лауазымына Қантөреев Исамидин Мұхитдинұлының тағайындалуына келісім берді. Исамидин Мұхитдинұлы 1984 жылы туылған. Білімі – жоғары заңгер, экономист. Қызмет жолын 2005 жылы ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі «Өндірістік және жедел кәсіпорын» ЖШС-де экономист болудан бастаған. 2008-2009 жылдары ҚР Мемлекеттік ...

Толығырақ »

Түркістан қаласында тұрғын үйлер Яссауи кесенесінің биіктігінен аспайтын болады

Бұл туралы облыс әкімі Ж.Түймебаев Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани-мәдени орталығы ретінде дамыту бойынша өткен жиында айтты, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Басқосуда сөз бастаған аймақ басшысы 1500 жылдан астам тарихы бар Түркістанның өткенінен аз-кем сыр шертті. Қазақ хандығының астанасы болған бұл мекен бүкіл түркі әлемінің де  рухани-мәдени астанасы бола білгенін жеткізді. Сонымен қатар, аталған тарихи шаһарды Елбасының ...

Толығырақ »

ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТЫ ОТЫРАР АУДАНЫН АРАЛАДЫ

Отырар ауданына барған мәжіліс депутаты Елбасымыздың сындарлы саясатына қолдау білдіріп, орталықтарға ғана емес, шалғай ауылдардың да дамуына үлесін қосып жүрген азаматтарға шынайы алғысын білдірді. Отырарлық тұрғындары жаңалықтарының бірі — аудан орталығында салынып жатқан көпқабатты қызметтік үйлер, тұңғыш рет газ құбырларын тарту жұмыстары болатын. Ауданға білікті мамандарды тарту, сыртта жүрген тәжірибелі де, жас мамандарды шақыру мақсатында тұрғын үймен қамтамасыз ету басты ...

Толығырақ »

Түркістандық әнші Наркенже Серікбаева Молдава Республикасындағы халықаралық байқауға қатысуда

Молдава Республикасының Гагаузия автономиясында «Аймақ даусы-2018» («Bucak sesleri-2018»)Халықаралық этникалық -эстрадалық ән байқауы өтуде. Биыл алтынша рет шымылдығын түрген ән додасына Қазақстан және Украина елдері тұңғыш рет қатысты. Екі кезеңнен тұратын байқаудың бірінші шартында әр әнші өз тілінде ән шырқаса, екінші сынақ – өзге тілде достық әндерін орындау. Осы орайда, Қазақстан Республикасының атынан қатысқан Түркістан облысының дәстүрлі әншісі Наркенже Серікбаева Мұқағали ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҮЗДІК ОҚУШЫЛАР ӨЛКЕ ТАРИХЫМЕН ТАНЫСЫП ЖҮР

Түркістан облыстық  білім басқармасының ұйымдастыруымен  «Рухани жаңғыру»  бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мектеп оқушылары үшін «Туған жерге тағзым» керуен-шеруі бастау алған-ды. Маусымның 25-нен басталған шараның мақсаты — жас өскіннің туған жердің табиғатын аралап, киелі мекендерін көріп, өздеріне рухани азық алу болатын. Қатарынан екінші жыл өткізіліп келе жатқан шерудің мақсат-мұраты орындалғандай. Облыс бойынша қамтылуға тиіс көп балалы отбасынан шыққан 500 оқушының жартысынан ...

Толығырақ »

Биыл проактивті қызметтер саны артады

Биыл жыл соңына дейін 12 өмірлік жағдай бойынша 19 мемлекеттік қызмет SMS арқылы ұсынылып, проактивті қызметтер саны арта түседі.  Бұл туралы бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов мәлімдеді. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы проблемалық мәселелерді көтерді. Халықаралық сарапшылардың қатысуымен өткен «Қазақстанда «Электрондық үкімет» пен мемлекеттік қызметтердің дамуы» атты дөңгелек үстел барысында А. Оспанов цифрландыру аясында ...

Толығырақ »

ТӨЛЕБИДЕ ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

Төлеби ауданында электр жүйелерін жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. 2018 жылға арналған инвестициялық бағдарламаның аясында 75,61 шақырым желілерді жаңартып, темір-бетонды бағанаға алмастыру және 6 жаңа трансформаторды орнату жоспарланған, деп жазады Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Бүгінде аталған ауданда ұзындығы – 31,2  шақырым желі жаңартылып, темір-бетонды бағаналарға алмастырылған. Сонымен қатар,  төрт трансформатор құрылғысы жаңартылды. Бұл жұмыстар Төлеби ауданды əкімдігімен «Оңтүстік Жарық Транзит» ...

Толығырақ »

КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ МЕН МІНДЕТІ

Шымкент қаласындағы Александр Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында бастауыш кәсіптік одақ ұйымдарының қажеттілігі, олардың беделін арттыру, кәсіподақтардың мақсаты мен міндеттерін кітапхана қызметкерлері арасында талқылау мақсатында жиын өтті. Жиынға Түркістан облысы өңірлік кәсіподақтар орталығының директор орынбасары Қапбар Есенов, облыстық салалық мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрағасы Бастарбек Пірімбетов, облыстық жасөспірімдер кітапханасы және Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының қызметкерлері, ...

Толығырақ »

ЕЛБАСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МЕН ХАЛҚЫНА АЛҒЫСЫН БІЛДІРДІ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевқа алғыс хатын жолдады, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Түркістан облысының елордаға жасаған ерекше сыйы ел Президентінің айрықша көңілінен шығып, Астананы көркейтуге қосқан үлесі үшін Түркістан облысының әкімі мен өңір тұрғындарына шынайы ризашылығын білдірген. Таяуда Астананың 20 жылдығына орай, бірқатар облыстардың атсалысуымен елордада ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БЮДЖЕТТІК КІРІСІ ОЙДАҒЫДАЙ

2018 жылғы 1-ші жартыжылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысының мемлекеттік бюджеттің кірістер жоспары 104,5 пайызға орындалған. 4 млрд. теңге қаржы артық түсіп, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда түсімдер 8,3 млрд. теңгеге өскен. Бүгін бұл туралы селекторлық режимде өткен ҚР Үкімет отырысында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мәлімдеді. Аймақ басшысы өңір бюджетінің шығыстар бөлігі 99,9 пайызға атқарылып, 296,3 млрд. теңгенің игерілгенін жеткізді. «2018 ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАҢАДАН ҚҰРЫЛҒАН ТӨРТ АУДАННЫҢ ШЕКАРАСЫ БЕКІТІЛДІ

Бүгінгі алтыншы шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс  жиырма жетінші сессиясында Түркістан облысының таяуда бөлініп, қайта құрылған Жетісай, Мақтаарал,  Келес,  Сарыағаш  аудандарының шекаралары бекітілді. Сессия жұмысына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Елбасымыздың қолдауымен екі ауданның бөлінуі халқы тығыз орналасқан аумақ үшін маңызды екеніне тоқталды. Бұдан бөлек, аймақ басшысы облыс орталығы — Түркістан қаласына көшу бойынша қызу жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтып, қыркүйек ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ ЖАҢА БАСШЫ

ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Тілегенов Әлібек Балықбайұлы Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды. Бүгін ротация тәртібімен тағайындалған жаңа лауазым  иесін облыс әкімі Ж.Түймебаев қабылдап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Ә.Тілегенов 1961 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын «Ауыл шаруашылығы экономика және ұйымдастыру», ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Ұлттық Жоғары мектебін «Мемлекеттік басқару» біліктілігі бойынша, Қызылорда ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА 8 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Мақтаарал ауданында жаңа оқу жылында 8 білім ұясы ел игілігіне берілетін болады.  Бұдан бөлек биыл  8 мектептің іргетасы қаланбақ. Сондай-ақ,  ауданда 5 модулді медициналық тректің құрылысы аяқталуға жақын. Бұл туралы аудан әкімдігінде өткен жиында өңір басшысы Жамантай Бейсенбаев мәлім етті,-деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметі. Жиын барысында аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Сансызбай Сейдалиев баяндама жасады. Оның ...

Толығырақ »

«Бала шақтан болашаққа – ана тілімен» атты облыстық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен мектепке дейінгі мекемелердің бүлдіршіндері арасында «Бала шақтан болашаққа – ана тілімен» атты облыстық байқау өтті. Байқаудың мақсаты-мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және жас бүлдіршіндерді ынталандыру, сондай-ақ еліміздегі әрбір отбасын, қоғамымыздың әрбір мүшесін қазақ тілінің мерейлі мәртебесін қамтамасыз етуге, жан-жақты оқып үйренуге және қолдануға, қазақстандық патриотизм ұғымын терең түсіне отырып, ұлттық тілімізді рухани қуат, ...

Толығырақ »

ОТЫРАР АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Отыар аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңестің күн тәртібінде Қарғалы, Қоғам, Талапты ауыл округтері әкімдерінің өткен алты ай ішіндегі атқарылған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері тыңдалды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша қоғамдық кеңес мүшелері алдында Қарғалы ауыл округінің әкімі Есенбай Шынтереков есептік баяндамасын жасады. Ол өз сөзінде ауыл округіндегі егін көлемі мен мал санының артқанын айта келе, алдағы шешімін ...

Толығырақ »

«ЖАСЫЛ ЕЛ» – ЖАСТАР ТІРЕГІ!

Шымкент қалалық ішкі саясат бөліміне қарасты Убелтаев азалбек басқаратын Жастар ресурстық орталығы жұмыс жасайды. Бұл жастар орталығы қаланың барлық саласына қолғабыс жасап, шырайлы қаланы түлетуде тындбай еңбек етуде. Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері белсенді жастардың басын қосып, Шымкент қаласында құрылған «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-і және «Жасыл қала» ЖШС-і арқылы қаламыздағы Бадам өзені бойы, Д.Қонаев даңғылы және Бауыржан Момышұлы, Төлеген Айбергенов, Желтоқсан көшелерінде ...

Толығырақ »

ШАЯНДА АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА 20 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бәйдібек ауданында Астананың 20 жылдық мерекесіне орай, 20 отбасыға  20 тұрғын үйдің  кілті тапсырылды. Сонымен қатар, аудан орталығы Шаян ауылында 55 гектар жер телімінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының лентасы қиылды.  Салтанатты шарада аудан әкімі Б.Танагөзов тұрғындардың қуанышымен бөлісті. Бұл игі істер Мемлекет басшысының сарабдал саясаты мен облыс әкімдігінің жүйелі жұмысының арқасында атқарылғаны айтылды. 20 тұрғын үйдің бірін иеленген жалғыз басты қарт ана ...

Толығырақ »

ТҮЙМЕБАЕВ ӨҢІРГЕ КЕЛГЕН МӘЖІЛІСІ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары Фахриддин Қаратаев пен Омаров Сапарханды қабылдады, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметі. Кездесуде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен Президенттің 5 әлеуметтік бастамасының орындалуы сөз болды. Аймақ басшысы түрлі мемлекеттік бағдарламалардың облыста өз деңгейінде жүзеге асырылып отырғанын жеткізіп,  2018 жыл күнгей жұртшылығы үшін өзгерістерге толы тарихи жыл ...

Толығырақ »

АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫС БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Наталья Жұмаділдаева Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Шымкент қаласындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында облыстық Ассамблея жанындағы құрылымдардың жетекшілерімен, этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен және өңір тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында айтылған басымдықтардың облысымызда іске асырылу барысы, Елбасының Бес әлеуметтік бастамасы шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.   (Ә.Ә.) ...

Толығырақ »

Түркістан облысының жігіттері топ жарды

Үстіміздегі жылдың  4-8 шілде аралығында Астана қаласында өткен дәстүрлі «Азия жаңғырығы» халықаралық фестивалінде Түркістан облысы «Оңтүстік-Цирк» мекемесінің  «Эксклюзив» тобы алтын медальді қанжығасына байлады. Астананың туған күніне орай жыл сайын елордада өтетін цирк өнерінің додасына биыл Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, Вьетнам, Ресей, Беларусь, Франция, Канада, Никарагуа, Эфиопия және Венгрия сынды 13 мемлекеттің 60-тан аса  цирк майталмандары қатысып, бақ сынады. Қиынынан қиысқан ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ «CHALLENGE. СЕНІҢ ЖАҢА ҚЫРЫҢ!» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасына қолдау білдіру мақсатында, шырайлы қаламызда «Challenge. Сенің жаңа қырың!» республикалық спорттық акциясы өткізілді. Акцияға қала тұрғындары, студенттер, оқушылар, БАҚ өкілдерімен қатар, қаламыздың танымал үздік спортшылары Мұxтарxан Ділдәбеков, Біржан Жақыпов, Ерсұлтан Мұзаппаров, Роза Абитовалар қатысып, қатысушыларға қолдау білдірді.  Акцияда жалпы 1000-ға жуық адам белсенділік танытып, жаттығулар жасады. Ісшараның басты мақсаты – қала тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау ...

Толығырақ »

«Shymkent Temir» компаниясы алғашқы болып жұмысшыларының жалақысын көтерді

«Shymkent Temir» ЖШС — Шымкент мегаполис атанған соң жұмысшыларының жалақысын көтерген қаладағы алғашқы кəсіпорын. Бүгін Шымкенттің əкімі Ғабидолла Əбдірахымов кəсіпорынды аралады. Ол мекеменің бірінші жетекшісі Руслан Омаровқа жұмысшыларының жалақысын көтеру бастамасы үшін алғыс айтты. Қазіргі таңда зауытта 500-ден астам адам жұмыс істейді. Олардың 80% — жергілікті тұрғындар. Бірінші қыркүйектен бастап олар бұрынғы жалақыдан 30% көп алатын болады. «Shymkent Temir» ЖШС ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҚҰТТЫҚТАЙДЫ!

Құрметті Шымкент тұрғындары мен қала қонақтары! Сіздерді еліміздің мақтанышы – Астана қаласының 20 жылдығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Тарих үшін жиырма жыл қас-қағым ғана сәт. Ал, ғаламат өзгерістер өлшемімен салыстырсақ, бұл аз уақыт емес. Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық шешімі мен ерен еңбегінің нәтижесінде бүгінде Астана әлем таныған әсем қалаға айналды. Мемлекет басшысының астананы көшіру туралы батыл қадамы ...

Толығырақ »

Сайрам ауданында ерекше мерекелік шара өтті

Астана күніне орай барлық аудан-қалаларда мерекелік шара өткізілді. Түркістан облысының Сайрам ауданына бұл мереке ерекше өтті деуге болады. Сайрам ауданының орталығындағы мәдениет үйінде «Мир через духовность» қоғамдық қорының еріктілер белсенділерінің, аудан тұрғындарының, аудан әкімі Бақтияр Мамаевтың, аудандық мәслихаттың хатшысы Жансерік Мұсаханұлының, аппарат қызметкерлерінің қатысуымен гала концерт ұйымдастырылды. Өз кезегінде аудан әкімі қонақтарды, аудан тұрғындарын Астана күнімен құттықтап, адам баласына жақсылық жасап, көптің ...

Толығырақ »