Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Архив меток: Rr (страница 94)

Архив меток: Rr

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

Түркістан облысы Кентау қаласында сауда үйінің кассирі коронавирус жұқтырды деп жалған ақпарат таратқан егде жастағы әйел кешірім сұрады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. 23.04.2020 жылы Кентау қалалық полиция бөліміне белгісіз азаматшаның азық-түлік сататын сауда үйінің кассирінен індет табылғандығын айтып таратқан аудиожазбасы бойынша хабарлама келіп түскен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 274-бабы «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша СДТТБТ-ға ...

Толығырақ »

АКЦИЯ ҚАЗЫҒҰРТТА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

«Nur Otan» партиясының «BIZ BIRGEMIZ» акциясы Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе ауылының жастары тарапынан айырқша қолдауға ие болуда. Бойдағы күш жігерді елінің еңесесін көтеруге жұмсауға асыққан жастар, ұйыған ұйымшылдық танытып, мұқтаж отбасыларға көмек көрсетіп, ел жұртқа үлгі болатындай іс атқаруда. Аталған акция аясында, Алтынтөбе ауыл округі Қаржан елдімекені жастарынан бастау алған қайырымдылық жасау эстафетасы, бүгін Алтынтөбе ауыл округінің орталығында жалғасын тапты. Алтынтөбе ...

Толығырақ »

ҚОЙ ҰРЛАП САТҚАН БАҚТАШЫ АНЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысы полицейлері қой ұрлап, сатқан бақташыны анықтады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «DIDARBEK.kz». Қазығұрт АПБ-не жергілікті тұрғын арызданды. Ол өз арызында мал жайылымға 500-ден астам қойын тексеруге барғанында, 1 бас қой мен қозысы жоқ болып шыққанын жеткізді. Оқиға орнына жеткен полицейлер қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Куәгерлерден жауап алу барысында, бұл қылмысқа жәбірленушінің малын сеніп тапсырған бақташысының ...

Толығырақ »

ЕНДІ ҚЫЗУДЫ ЖЫЛДАМ ӘРІ НАҚТЫ ӨЛШЕУГЕ БОЛАДЫ

Бүгін жергілікті кәсіпкер, “Астана Строй-Проект” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Аташов Данияр Серікбайұлы Мақтаарал ауданына 4 дистанциялық термометрді сыйға тартты. Дистанциялық термометр — азаматтардың дене қызуын жылдам әрі нақты өлшеуге арналған әмбебап құралдардың бірі. Аталмыш термометрлер денеге тигізілмейді және оның денсаулыққа еш зияны жоқ. Аудан әкімі Бақыт Асанов пен аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков құралдарды жеткізіп берген кәсіпкердің ұлына алғыстарын білдіріп, ...

Толығырақ »

ӘКІМІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДІ АРАЛАУДА

Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков Жамбыл, Мыңбұлақ ауылдық округіне жұмыс сапармен барды. Бірінші кезекте Жамбыл ауылдық округінің орталығындағы жеке кәсіпкер Нұржан Тынысбаевтың 5 гектар жерінің 3 гектарына жүргізіліп жатқан жылыжайдың құрылысымен танысты. Сонымен қатар жеке кәсіпкер Тынысбаев Бақыттың 0,5 гектар жылыжайға егілген қызанақ алқабын көрді. Сондай-ақ, Жамбыл ауылына шыға берістегі кіші суқоймада болып, осы суқойма арқылы елді мекендерді ағын сумен ...

Толығырақ »

68 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

Төлеби ауданында 68 шақырым жол жөндеуден өтеді, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі. Түркістан облысы Төлеби ауданында өткен жылы жергілікті бюджет есебінен 28,838 шақырымды құрайтын 27 көшеге ағымдағы жол жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.   Ал биылғы жылы 42 көше жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл бағытта республикалық, облыстық және аудандық бюджеттерден қаржы қаралып, жалпы ...

Толығырақ »

ТІЛСІЗ ЖАУДАН ҚОРҒАНА БІЛ

Құрметті Арыс қаласының тұрғындары мен қонақтары, Сіздерге Арыс ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігін» сақтауларыңызды ескертеді! Тілсіз жаудың басым көпшілігі тұрғын үйлерде орыналып жатыр. Отқа ұқыпсыз қарау, үлкендердің маскүйде темекі шегуі, балалардың отпен ойнауы, газ баллондардың ақауы, тұрмыстық электораспаптарының қараусыз қалуы, міне осының барлығы оттың шығуына себеп болып, арты қайғылы жағдайға әкеліп соғады. Өрт – тілсіз жаудың бірі болып ...

Толығырақ »

БІРЕГЕЙ ТАБИҒИ КЕШЕН

Түркістан облысы аумағындағы Сырдария – Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі бірегей табиғи кешенді, археологиялық және тарихи-мәдени ескерткіштерді, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін сақтау мақсатында ұйымдастырылды. Парк аумағы Тау, Құм — шөлейт, ландшафтық кешендерден тұрады. Парктің флорасы шамамен 955 өсімдік түрі бар,олардың 40 түрі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген. Саябақтың фаунасы 382-ге жуық құстар мен ...

Толығырақ »

РУХАНИЯТ: ҚҰМШЫҚ АТА МЕШІТІ

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен оңтустік-шығысқа қарай 1 шақырым қашықтықта орналасқан “Әулие Құмшық ата қылуеті “ XII ғ. тән ескерткіш болып табылады.Зерттеулер Құмшық ата мешітінде сопылардың уағыздары мен діни рәсімдері өтетін орын болғандығын растайды. Құмшық ата мешіті — енсіз ұзын дәліздің бүйірінде орналасқан шахтасы бар жер асты 2-Камералы құрылыс. Балшықтан күйдірілген кірпіштен, шаршы пішінді етіп салынған. Алыстан шаршы пішіндес бөлмежайдың жан ...

Толығырақ »

ОТЫЗҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫНДЫ АЛДАҒАН

Түркістан облысы полицейлері жұмысқа орналастырамын деп, 30-ға тарта тұрғынды алдаған алаяқ әйелді ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Мақтаарал АПБ-не бірнеше жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушілердің бірін жақсы таныс емес әйел сеніміне кіріп, кез келген мектепке жұмысқа орналастырып беремін деп алдаған. Алаяққа сенген тұрғын ұлы мен күйеубаласын жұмысқа тұрғызу үшін әйелге 1.5 миллион теңгеге жуық ақшасын беріп, ...

Толығырақ »

РУХАНИЯТ: ХАНТАҒЫ

Хантағы ауылы орныққан өзен арнасының күншығыс жақ жыра беті сонау ерте кезден-ақ «Ханның тағы» деп аталып келеді. Кейінгілер айтылу ыңғайына қарай «Хантағы» деп кеткен. Кентау қаласынан басталатын соқпақ Хантағы кордонына дейін 12 шақырымды, ал кордоннан ханның тағына дейінгі арақашықтығы 800 метрді құраса, Хантағына шығу жолы – 320 метр. Хантағы орналасқан аймақ теңіз деңгейінен 646 метр биіктікте орналасқан. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ...

Толығырақ »

ОБЛЫСТА ҮШ АЗАМАТ ІНДЕТТЕН АЙЫҚТЫ

Түркістан облысы бойынша 28 сәуір күні Арыс қаласының үш азаматы коронавирус инфекциясынан айығып, үйлеріне оралды,  деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. 1968 жылғы азамат 4 сәуір күні КВИ диагнозы, қосалқы диагнозы жедел пневмония, артериальді гипертензиямен ауруханаға түскен. Алынған емнен кейін жағдайының жақсаруына және 2 рет ПТР зерттеуі теріс нәтижесіне байланысты науқас үйіне шығарылды. Арыс қаласының ...

Толығырақ »

СУДЫҢ ҚАУПІ — САҚТЫҚТА СЕЙІЛЕДІ

Жазғы демалыстар жақындап келеді. Балалардың көбі демалыс, сауықтыру лагерінде демалады, туристік жорыққа қатысады, спортпен шұғылданады, суға шомылады. Бірақ сумен ойнау қауіпті. Жүзе білмеу, суда болу ережесінің тәртібін сақтамау, желігу қайғылы жағдайға ұшыратуы мүмкін.Сондықтан су айдындарында жүзу ережелерін, қауіпсіздік жөнінде қайта ескерткен артық болмайды. АТА-АНАЛАРҒА ЖӘНЕ МҰҒАЛІМДЕРГЕ! Егерде суға демалуға балалармен келсеңіздер, олар туралы ұмытпаңыздар. Жүзе білмейтін балаларға белден асатын суға ...

Толығырақ »

ОРЫНДЫ ІСКЕ, ПАЙДАЛЫ ҚАТАҢДЫҚҚА ЕШКІМ ӨКПЕЛЕМЕЙДІ

Әлемді жайлаған жаман кеселдің беті әлі қайта қойған жоқ. Өңірлердегі қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайларға байланысты карантиндік шаралар қатаңдатылып, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар ұйымдастырылуда. Мемлекет тарапынан есепті әрекеттер жасалу арқасында кесел таралуы бақылауда болып, емделіп жазылып шыққандар саны жеті жүзден асып, қаламызда індетке шалдыққандар саны 17 азамат болса, соның бүгінгі таңда 6 азаматымыз емделіп, отбасыларына оралды. Еліміз бойынша емделіп, сауығып ...

Толығырақ »

ОТЫРАРДА 50 ОТБАСЫҒА КӨМЕК БЕРІЛДІ

Елімізде Елбасы тапсырмасымен қолға алынған «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз!» акциясының шарапатын көрген отырарлықтардың саны артуда. Бүгін акция аясында «Арыстанбаб» қоғамдық қорының қолдауымен аудандағы 50 отбасы бір айға жетерлік азық — түлікпен қамтамасыз етілдідеп жазады,  аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Айта кету керек, коронавирусқа қарсы күрес барысында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көмектесу мақсатында қолға алынған акция аудан ...

Толығырақ »

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫН КЕДЕРГІСІЗ ЖҮРГІЗУ АЛГОРИТМІ

Түркістан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы хабарлайды ! Карантин режимінде көктемгі дала жұмыстарын кедергісіз жүргізу алгоритмі. 1.Түркістан облысы аумағында жүру: АШТӨ-рі тұрғылықты жері бойынша аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің тізіміне, өзінің аты-жөнін ЖСН және автокөлік нөмірін енгізеді. Аудандағы ауыл шаруашылығы бөлімі жинақталған тізімді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жолдайды. Басқарма рұқсат қағазын әзірлейді. Рұқсат қағазға (пропуск) аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің мөрімен расталып, тиісті ...

Толығырақ »

10 МЫҢНАН АСТАМ ОТБАСЫҒА КӨМЕК БЕРІЛДІ

Елімізде Елбасы тапсырмасымен қолға алынған «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз!» акциясы Түркістан облысында жоғары деңгейде жүзеге асырылуда. Бүгін, 27 сәуірде облыс бойынша «Біз біргеміз!» акциясы аясында азық-түлік алған отбасылар саны 10 мыңнан асты. Оның ішінде Жетісай ауданында 1450, Сарыағаш ауданында 910 және Кентау қаласында 740 отбасыға көмек жеткен. Игі бастаманы «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы және аудан, қалалардағы филиалдары ...

Толығырақ »

БІЗ БІРГЕМІЗ! БІЗ ҮЙДЕМІЗ!

Ардақты ағайын, құрметті жерлестер! Қазіргі таңда, әлемді алаңдатып отырған «COVID-19» індеттің ілмегіне ілінбеудің жалғыз жолы – санитарлық талаптарды сақтай отырып, үйден шықпау. Сонда ғана аталған індеттің таралуын тежеуге мүмкіндік болады. Өздеріңізге мәлім, коронавирус инфекциясын таратпау мақсатында облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен жаппай карантин жарияланды. Өңірдегі ахуалға байланысты карантин режимі күшейтілді. Мамандардың айтуынша, аймақтарда енгізілген карантин мен қабылданған шаралар індеттің ...

Толығырақ »

ДАУРЫҒУҒА НЕГІЗ ЖОҚ

Аграрлы аймақ болып табылатын Жетісай ауданы үшін көктемнің бел ортасы нағыз қарбаласқан шақ. Ақпан айының аяғына егілетін ерте пісетін орамжапырақтар бүгінде таңда пісіп алды көршілес мемлекеттерге жөнелтіліп үлгерді. Әлеуметтік желіде қырыққабаттарды блок бекеттерден өткізе алмай жатырмыз ешкім алмай жатыр деген ақпараттар да тарап үлгерді. Қазір жер емген диқандардың бұл мәселесі шешіліп, өнімдері саудаға шығарыла бастады, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі ...

Толығырақ »

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ АУЫЗАШАР БЕРДІ

Бүгінде елімізде орын алып жатқан жағдайға байланысты төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Осы орайда тұрғындардың қауіпсіздігін барынша сақтау мақсатында түрлі шаралар қабылданып, тұрғындарға санитарлық нормаларды қатаң сақтауға кеңестер беріліп, үйден шықпау басты талапқа айналды. Тұрғындардың үй-жайларында қалулары арқылы өзінің және жақындарының өмірін сақтап қалуға мүмкіндігі жоғары. Себебі, лезде таралатын вирустың алдын алу мақсатында аудандар арасында блок-бекеттер қойылды. Блок-бекеттерде күн-түн демей, дәрігерлер, ...

Толығырақ »

СПОРТШЫЛАР ЖАТТЫҒУЫН ТОҚТАТПАЙДЫ

Еліміздегі төтенше жағдай жарияланған күннен бастап жұмыстарын қашықтықтан жүргізіп жүрген мекемелердің бірі Шардара аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі. Карантин режимінде білікті бапкерлер шәкірттерін қашықтықтан үйретіп, жаттығу жұмыстарын жүргізуде, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Г.Қалмырзақызының материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Шардаралық жас спортшылар елімізде болып жатқан төтенше жағдай кезеңінде өз күш жігерлерін үй жағдайында пысықтап, дерт дендемеуі үшін өздерін оқшаулауға кіріскен. ...

Толығырақ »

ТӨРТ БІРДЕЙ ДОҒАЛАҚТЫ ҚОЛДЫ ЕТКЕН

Түркістан облысының полицейлері көлік доңғалағын ұрлаған жас күдіктіні қолға түсірді, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Түркістан облысына қарасты Арыс қаласының тұрғыны аудандық полиция бөліміне ауласында тұрған көлігінің жаңа төрт бірдей доңғалағының ұрланғанын айтып, арыз жазады. Жәбірленушіге келтірілген залал көлемі 150000 теңгені құрайды. Арыстық полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «ұрлық» бойынша тіркеуге алып, тергеп-тексеру әрекеттерін бастап ...

Толығырақ »

ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚЫРАҒЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ

Түркістан облысы полицейлері кезекті есірткі сатушыны ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Төлеби АПБ-нің кезекші бөліміне ер азамат арызданып, Ленгір қаласы тұрғындарының бірі есірткі заттарын таратумен айналысатынын хабарлады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 297-бабының «есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату» бойынша СДТТБТ-не тіркелді. Төлеби АПБ-нің ...

Толығырақ »

25 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛМАҚ

Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен өткен аппарат мәжілісінде «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» шеңберінде іске асырылатын жобалар туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева баяндады. «Жұмыспен қамтудың 2020 — 2021 жылдарға арналған жол картасына» сәйкес өңірде жаңа ғимараттар бой көтеріп, әлеуметтік-мәдениет нысандары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ғимараттарында жөндеу жұмыстары жүзеге асырылмақ, деп жазады облыс әкімінің баспасөз ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ АШЫЛАДЫ

Түркістан аз ғана уақыттың ішінде жасыл желекке оранып, таза әрі жасыл қалаға айналып келеді. Қалада көптеген демалыс орындары пайда болып, көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мамыр айының 15-не Түркістан қаласында бірнеше нысанның құрылысы аяқталмақ, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Осы және өзге де маңызды мәселелер облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен өткен апталық лездеме отырысында ...

Толығырақ »