Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Тұлға (страница 3)

Тұлға

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша әзірленген жол картасындағы негізгі көрсеткіштердің орындалуына бақылау жасау мақсатында Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасовпен бірге Нұрсат м/а және Шаяхметов көшесінің жол құрылысымен таныстық. Шымкентте биыл 182 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Соның ...

Толығырақ »

ЕЛІМ ДЕП ЖҮРГЕН АЗАМАТ

Ер азамат ежелден елдің тірегі, қорғаны болған. Қаншама жылдар өтсе де, қазақ халқының басынан өткен небір зұлмат, ауыр кезеңдер ұмытылмақ емес. Қиын сәттерде елді, жерді сақтап қалған сол ер-азаматтар емес пе? Бүгінгі бейбіт заманда да халық алдымен елім деген ер азаматтарға сенім артады. Аллаға шүкір, еліміздің өсіп-өркендеуіне өзіндік үлесін қосып жүрген азаматтар жеткілікті. Қазақта «Жеріне қарай елі, еліне қарай ері ...

Толығырақ »

ЕРІ – ЕЛІМЕН, ЕЛІ – ЕРІМЕН МАҚТАНСЫН!

Ең әуелі адам – адамгершілігімен және өзінің парасатының биіктігімен көрікті. Біз бүгін өзіміздің мақтанышымыз, жерлесіміз, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі – Әшірбаев Байкен Әшірбайұлын тілімізге тиек еткелі отырмыз. Бүкіл адамзаттың ұстазы, атақты ойшыл Аристотель: «Ақиқатында, ең басты мәселе, ең биік игілік, қасиетті құндылық – қайырымдылық. Ал, қайырымдылық пен адамгершілік – егіз, бірінсіз бірінің бар болуы, оның ...

Толығырақ »

«ЖЕТІ ТҰҒЫРДЫ» ТҮГЕНДЕУ – ЖАҢА БУЫНҒА АМАНАТ

Жуырда өткен Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын ұсынғаны белгілі. Бұл әлемдік тәртіптің даму үрдістерін терең талдауға негізделген іргелі еңбек. Бұл – Елбасы осыған дейін жариялаған «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы», «Рухани жаңғыру» мақалалары мен «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының заңды логикалық жалғасы. Жеті – ...

Толығырақ »

ЖЕТІ ТҰҒЫР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА БАҒЫТТАЙДЫ

Ертеде адамдар ұзақ жолға сапар шегер сәтте, жолынан адаспау үшін жұлдыздарды бағыттаушы сызба ретінде қолданған екен.Сол сияқты Елдіктің жеті тұғырын –еліміздің даму жолына бағыттайтын жеті қарақшы жұлдызы іспеттес, жол нұсқаушы сызба деуге келеді. Ел болып ес жиғалы рухани болмысымызбен мәдениетіміз жарыса дамып, қәзіргі сағат санап ілгерілеп жатқан әлемдік даму толқынымен ұштасып келеміз. Бұл ең алдымен еңбекқор халқымызбен, елін сүйген Елбасымыздың ...

Толығырақ »

БАСТЫ МІНДЕТ – ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ

Өздеріңізге белгілі 2019 жылғы 21 тамызда «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы – партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұ­мысын жүйелі жаңғырту про­­цесі басталды. Елбасының бастамасымен «праймериз» өте жоғары деңгейде өткізілді. Халықтың талап-тілектері мен ұсыныстары ескеріле отырып, партияның бес жылдық қалалық сайлауалды бағдарламасы дайындалды. Тұрғындардың қолдауымен ...

Толығырақ »

САНАУЛЫ АЗАМАТТАРДЫҢ БІРІ!

Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Danabek Isabekov кестеге сәйкес тұрғындарға кезекті онлайн-қабылдауын өткізді. Әлеуметтік желі арқылы қабылдауда тұрғындардың қойған сауалдары мен көтерген мәселелеріне нақты жауабын да бергенін көз көрді. Ең көп көтерілген мәселе — азық-түлік және айлық баспана үшін төлей алмай жатқаны жеткізілді. Қабылдаудан соң бірден іске көшіп, тұрғындардың мекен-жайына жете бардық. “Айтылған сөз — атылған ...

Толығырақ »

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ ЖАСТАРМЕН БІРГЕ

Бүгінде қоғамның қозғаушы күшіне айналған жастардың жанашыры, жақсылықтың бастамашысы «Nur Otan» партиясының жанынан құрылған Жастар кеңесінің мүшесі, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Талғат Балтабаев нәтижелі жұмыс атқарып келеді. Жастардың әлеуетінің артуы, қарымының қарыштауына белсене атсалысып, біршама істердің ұйытқысы болып жүрген халық қалаулысы «Nur Otan» партиясының жанынан құрылған Жастар кеңесінде «NurOtan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру туралы «Өзгерістер жолы: баршаға лайықты өмір!» ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫНДАРМЕН БАЙЛАНЫС ОРНАТҚАН ДЕПУТАТ

Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, “Nur Otan” партиясы фракциясының мүшесі Талғат Балтабаев қоғамдық диалогқа әрдайым дайын. Ол оны сөзбен талай рет айтып жүргені белгілі. Нақты іспен де көрсетіп «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде де бірнеше рет азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Енді өз округіндегі тұрғындар үшін әркез іздегенде табылу үшін өзінің қоғамдық қабылдау бөлмесін ашты. Халықтың үніне ...

Толығырақ »

Халық қалаулысы Қайнарбұлақ елді мекеніндегі өзекті мәселенің шешілуіне ықпал етті

Шымкент қаласы мәслихат депутаты Талғат Балтабаев Қайнарбұлақ елді мекеніндегі өзекті мәселенің шешілуіне ықпал етіп, көкейтесті мәселесін арқалап талай есіктің табанын тоздырған тұрғындардың алғысына ие болды. Атап айтсақ, Шымкент қаласы №83 жалпы орта білім беретін мекемесі мектеп қабырғасы қаланған 2008 жылдан бастап жекеменшік су сорғы станциясынан (водокачка) су тартып қолданып келген. Алайда ол судың қуаты тек сыртқы крандарда ғана қолданылып, мектептің ...

Толығырақ »

NUR OTAN ПАРТИЯСЫНАН САЙЛАНҒАН ДЕПУТАТТАР БЕЛСЕНДІ

Солардың арасында Байкен Әшірбаев жайында айтайын. Байкен Әшірбайұлы – Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, белгілі кәсіпкер. Мемлекет не береді деп емес елге не беремін деген қағиданы ұстанған азамат. Азаматқа деген елдің қошеметі де ерекше. Әр сайлаушысының айтқан арыз-арманын арнайы уақыт бөліп тыңдап, жазып алып, ол мәселе шешілгенше тыным көрмейтін қалалық мәслихаттағы Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Байкен Әшірбайұлының биік азаматтық болмысы, ...

Толығырақ »

“ӨЗГЕРІСТЕР ЖОЛЫ: ӘР АЗАМАТҚА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР” АТТЫ БЕС ЖЫЛДЫҚ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫНДАҒЫ ЖОЛ КАРТАСЫНА ЕНГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ОРЫНДАЛУДА

Халық қалаулылары жайлы әңгімеміздің бүгінгі кейіпкері – Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Байкен Әшірбаев. Байкен-бауырымыз Отан үшін, ел үшін жанқиярлықпен еңбек етіп жүрген азаматтардың бірі және бірегейі. Оның тындырымды істерін көріп, сайлаушылар депутатты емес, депутат сайлаушысын іздегеніне куә болдық. Еңбекші ауданының тұрғындары сөзімді растар. Әр тұрғынды байыппен тыңдап, пайымды жауабын беретін халық қалаулысы мәслихат сессияларында да ...

Толығырақ »

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ОҢ ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ БАСТАУЫ!

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына еліміздің одан әрі әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын айқындаған Жолдау жолдады. Халқымыздың игілігіне бағытталған басты құжат – оң өзгерістердің бастауы екенін айқындап тұрғандай. Мемлекет басшысы халықтың әлеуметтік ахуалын жақсартып, өмір сапасын арттыратын бірнеше басымдықты атап өтті. Жолдауда әлеуметтік саладағы көптеген күрделі мәселелерге ерекше назар аударылды. Оның ішінде, ҚР Кәсіподақтар Федерациясы ...

Толығырақ »

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

«Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясындағы «Мектепке жол» республикалық акциясы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы шеңберінде «30 игі іс» қайырымдылық марафоны айдарымен өткізілуде. Жаңа оқу жылына дайындық уақытында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларын қолдап, көмек көрсету мақсатында өткізілген «Мектепке жол» акциясы «Низамхан» орта мектебінде жалғасты. Аталған шараға «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Мұратәлі ...

Толығырақ »

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ 🖊 Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» акциясы биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы шеңберінде «30 игі іс» қайырымдылық марафоны айдарымен өткізілуде. 📌 Аталған акцияның мақсаты — жаңа оқу жылына дайындық уақытында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты ...

Толығырақ »

ЕҢБЕККЕР ҚҰҚЫҒЫ — МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ

08.07.2021 күні Арыс-Шымкент бағытының ПЧ-53 жол шаруашылығының 120-ға жуық қызметкері ай сайынғы жалақы мөлшерін 100%-ға арттыру туралы талаптармен наразылық білдірген болатын. Өз талаптарын жариялағаннан кейін, жарты сағаттан кейін олар бөлініп, егер 10 күн ішінде олардың талаптары орындалмаса, қайтадан наразылыққа шығатынын мәлімдеген. Компания басшылығымен жолыққан жұмысшылар бұдан бөлек, басшылар алдында бірқатар талаптарды қойған. Жұмысшылардың талабы «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар ...

Толығырақ »

ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ РӘСІМДЕУГЕ БОЛАДЫ

Зейнетақы төлемдерін Egov.kz арқылы онлайн режимінде рәсімдеуге болады 2020 жылы індеттің басталуына байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы зейнетақы төлемдерін рәсімдеу тәртібін жеңілдетті. Жасына байланысты зейнетақы тағайындауға өтінішті Egov.kz портал арқылы онлайн беруге болатынын ескертеміз. Egov.kz арқылы зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін төменде нұсқаулық көрсетілген: — Egov.kz порталда ЭЦҚ көмегімен авторизациядан өтіңіз. — «Сервистер» бөлімінде «Электрондық өтініштер» санатынан «Қызметке онлайн тапсырыс ...

Толығырақ »

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті мәжіліснің депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Берік Айдарбекұлы Бекжанов Шымкент қаласының Ардагерлер кеңесінің төрағасы Рысбай Исамудин Наштайұлымен канвассинг кездесу өткізді. Исамудин Наштайұлы Оңтүстік өңірінің дамуына көп үлес қосқан адам. Қазіргі күні де үлкен жұмыс атқарып келеді. Кездесу барысында Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында жасалып жатқан жұмыстар жайы талқыланды. Кездесуде Исамудин Наштайұлы қазіргі таңдағы күрделі ...

Толығырақ »

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ БЕЛГІЛІ КӘСІПКЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті мәжіліснің депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Берік Айдарбекұлы Бекжанов Түркістан облысының, Сайрам, Сарыағаш, Ордабасы аудандарының Құрметті азаматы Әбілқасым Үсіпбайұлы Досболовпен канвассинг кездесу өткізді. Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы жайында сөз қозғалды. Кездесуде Әбілқасым Үсіпбайұлы ауыл шаруашылығына қатысты шешімін таппай келген бірқатар мәселелерді ортаға салды. Оның айтуынша, қымбатшылыққа ұрынған халық ет алуды ...

Толығырақ »

«DOMBYRA PARTY» ӨТТІ

« » жастары және «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінің ұйымдастыруымен, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына және «Ұлттық домбыра» күніне орай «Dombyra party» өткізілді. Іс-шараның мақсаты – ұлттық музыканы, ұмытыла бастаған игі дәстүрлерді қайтадан сәнге айналдыру және қазақтың төл аспабын насихаттап, ұлттық өнерді паш ету. «Dombyra party» іс-шарасында «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінің саябағында кәсіпқой күйшілер өнер көрсетті. Осылайша, салт-дәстүрімізді және ата-баба мұрасын қайта ...

Толығырақ »

АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес отырысының кездесуі өтті. Кеңес отырысында «Жастарды қолдау, тұлғалық даму және бос уақытты тиімді өткізу» бойынша және «Жас отбасыларды қолдау және жастарға қолжетімді баспана» беру бойынша ұсыным жинақталды. Аталмыш мемлекеттік бағдарламалар аясында Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері  жөніндегі басқарма басшысы Қыпшақбаев Нұрлан Бейсенұлы және Шымкент қаласының ...

Толығырақ »

БАУЫРЖАН ІЛІМШЕҰЛЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ҚҰРАМЫНА САЙЛАНДЫ

Бүгін Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Жиында Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов Шымкент қаласы қоғамдық кеңесі құрамына жаңадан сайланған 7 азаматқа кеңес мүшесінің мәртебесін куәландыратын жеке куәлік пен төсбелгі табыстады. Шымкент қаласы қоғамдық кеңесі құрамына жаңадан сайланған азаматтардың қатарында «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Ілімшеұлы Әлтеев те бар. Қоғамдық кеңес — мемлекет қабылдайтын шешімдердің ...

Толығырақ »

«JASTAR — OTANGA!» ЖОЛ КАРТАСЫ БЕКІТІЛДІ!

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен қалалық партия филиалы Саяси кеңесі Бюросының кезекті отырысы өтті. Мәжілістің күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын Шымкент қаласында іске асыру бойынша әзірленген Жол картасының тиімді жүзеге асырылуы мен «Jas Otan» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының «Жастар – Отанға!» сайлауалды бағдарламасының Жол картасын ...

Толығырақ »

ЖҰЛДЫЗЫ ЖОҒАРЫ ЖҰМАБЕК-ЖЫР

Жүрек пен ақыл Жетпісінші жылдардың екінші жартысы мен сексенінші жылдардың басында өз тұстастарынан дарынымен дараланып, рухани орта мен әдебиет сүйер әлеуметке кең танылған жас ақындардың бірі – Жұмабек Мұқанов (1955-2017) болатын. Шалғайдағы Шардарадан шыққан шайыр бала бесігінен уызына жарыған, ата көрген, әке көрген, солар арқылы халық ауыз әдебиетіне қанып өскен қаламгер боп қалыптасыпты. Қазақстанның әр түкпіріндегі аға буын қаламгерлер шығармаларынан ...

Толығырақ »

ЕҢБЕК МҰРАТҚА ЖЕТКІЗЕР

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР! ҚҰРМЕТТІ ЕҢБЕКСҮЙЕР ӘЛЕУМЕТ! Сіздерді «28 сәуір – Дүниежүзілік еңбек күнімен» құттықтаймын. Дана халқымыз еңбекке аса үлкен мән беріп, «Еңбек – адамның екінші анасы», «Еңбек мұратқа жеткізер», «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады», – деп еңбектенудің адамдарға қажетті нағыз байлық екенін көрсеткен. Сіздер жанқияр еңбектеріңізбен келер ұрпаққа тәлімгерлік дәстүрді табыстап, ұрпақтар сабақтастығын сақтап келесіздер. Республикамыздың дамып, өркендеуіне кәсіподақтар қатарында сіздер де ...

Толығырақ »