Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары (страница 15)

Ауыл жаңалықтары

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНА 9 АЙДА 192,1 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

Түркістан қаласы әкімінің мәлімдеуінше, 2021 жылы өнеркәсіп саласы бойынша өнім көлемі 14,8 млрд.теңге көрсеткішке ие болса, биыл 9 айдағы нәтиже 15,4 млрд.теңгеге жетті, яғни өткен жылғы көрсеткіштен 3,8% артқан. — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында халықтың әл-ауқатын арттыру — алдымызда тұрған аса маңызды міндет екенін айтты. Президент тапсырмасы қазіргі таңда киелі шаһарымызда жүйелі іске асып, өз нәтижесін беруде. Биыл ...

Толығырақ »

БАШҚҰРСТАНДЫҚ ПРОФЕССОР ТҮРКІСТАНДА КӨЗ КЛИНИКАСЫН АШПАҚ

Түркістанға арнайы сапармен келген Уфа қаласында орналасқан «OPTIMED» лазерлік көруді қалпына келтіру орталығының профессоры Булат Азнабаев облыстың инвестициялық әлеуетімен танысты. Жоғары дәрежелі офтальмохирург-дәрігерге облыстық инвестиция және экспорт басқармасы басшысының орынбасары Қанат Шонбасов пен «Turkistan invest» агентігінің өкілдері облыс орталығындағы арнайы экономикалық және индустриалдық аймақ территориясын көрсетті. Кездесу барысында сала мамандары инвесторларға берілетін жеңілдіктермен таныстырды. Көз дәрігері Булат Маратұлының айтуынша, бүгінде ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының төрағалығымен Түркістан қаласы сауда орындарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізілді. Облыс әкімінің орынбасары дүкен сөрелерінде бар тауарлар ассортиментімен мұқият танысты. Ең бастысы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бақылауға алынды. Мониторинг барысында бірқатар дүкендерде сүт және тауық өнімдеріне бағаның шамалы өсуі тіркелді. Бұл мониторингке облыстық басқармалар, департаменттер және қала әкімдігі қатысты. ...

Толығырақ »

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Түркістандағы құрылысы жүріп жатқан нысандар өз уақытында ел игілігіне берілуі тиіс. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан қаласындағы бірқатар құрылыс нысанын аралап, жұмыс барысын көрді. Жай-күйін бағдарлады. Кейбір мердігерлерге сын-ескертпесін айтса, жауапты басшыларға әрбір жобаға мұқият болуды тапсырды. Өңір басшысы Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығынан кәріз тазарту құрылғысына дейінгі магистралдық кәріз коллекторының құрылыс алаңында болды. Құрылыста ерекше технология пайдалануда. Заманауи орталықтың құрылыс ...

Толығырақ »

«КҮЛТӨБЕ ҚАЛАШЫҒЫ» АТТЫ АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ПАРКТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

Күлтөбе қалашығы – Түркістанның бастауы. Түркістан қаласында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи — мәдени қорық-мұражайының маңызды объектісі — «Күлтөбе қалашығы» заманауи археологиялық паркін құру жұмыстары жүріп жатыр. Ашық аспан астындағы мұражайдың жалпы аумағы 27 га құрайды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс барысымен танысып, жауапты басшылармен кездесті. Құрылыстың сапасына басты назар аударуды тапсырды. Қалашықтың барлық жағынан Ясауи кесенесі көрінеді. Қазір мұнда ...

Толығырақ »

«Ұлттың жан жарасы – Желтоқсан» атты кеңейтілген кітап көрмесі өтті

17 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Демократиялық жаңару күні. Ел үшін еткен ерлік уақыт өткен сайын жаңара, жаңғыра түспек. Сын сағатта қара басының қамынан ел мақсатын алдыға шығара білген жандар туралы жазылған еңбектің жастарға берер өнегесі қашанда мол. Желтоқсан құрбандарын еске алу мақсатында Түркістан қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Ұлттың жан жарасы – Желтоқсан» атты кеңейтілген кітап көрмесі көпшілік ...

Толығырақ »

Түркістанда «Тірегі сен Тәуелсіздік төрінің» атты патриоттық сағаты өтті

Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 31 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен өтіп келеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше, айтулы күн деп білеміз. Себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҮЙ КЕЗЕГІНДЕ ТҰРҒАН ОТБАСЫЛАРҒА БАСПАНА КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

Түркістан қаласында биыл баспана кезегінде тұрған 700-ге жуық отбасына әлеуметтік баспана беріледі. Шаһардың жаңа ауданында бой көтерген 9 қабатты бес тұрғын үйге 5 мыңға жуық адам көшіп келеді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды 20 отбасына пәтер кілтін тапсырып, қуаныштарымен бөлісті. – Тәуелсіздіктің арқасында мемлекетіміз тұрақты даму жолында. Рухани астанамыз Түркістан қаласы облыс орталығы ретінде ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА «ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕЛДІГІМНІҢ ЕРЛІГІ» ШАРАСЫ ӨТТІ

Бүгін Түркістан қаласындағы «Ұлы дала елі» орталығында 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні қарсаңында «Тәуелсіздік – елдігімнің ерлігі» атты шара өтті. Шараны ашып берген Түркістан қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Шайқықызы алдымен Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында асқан биік белестеріне тоқталды. Жиынға қатысқан оқушылар да өз өнерін ортаға салды. Соның ішінде ұлтарақтай отаны үшін жанын қиған ерлеріміздің тәуелсіздік жолындағы ерліктері өте ...

Толығырақ »

«МЕНІҢ ЕЛІМ» ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Бүгін Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімі және Желтоқсан оқиғасы ардагерлері «Азаттық рухы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ақжайық» музыка мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 31 жылдығына орай «Менің елім» атты патриоттық әндер байқауы өтті. Байқауға қаламыздағы мектептерден 10-16 жас аралығындағы оқушылар қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Байқаудың ашылуында сөз алған Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы ұстаздар мен оқушыларды ...

Толығырақ »

Түркістанда «Тәуелсіздік-тұғырым!» атты мерекелік шара өтті

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен бүгін Түркістан облысы білім басқармасы мен кәсіподақтың бастауыш ұйымдары өкілдерінің қатысуымен Ел Тәуелсіздігінің — 31 жылдығына орай «Тәуелсіздік-тұғырым!» атты мерекелік шара өтті. Облыстық білім басқармасы мен кәсіподақтың бастауыш ұйымдары өкілдерінің қатысуымен өткен бұл салтанатты шарада өңірдегі білім саласында еселі еңбек еткен бірқатар педагогтар «Қазақстандық салалық ...

Толығырақ »

Түркістан қаласында әлеуметтік дүкендер жұмыс істейді

Түркістан қаласы аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін 14 сауда нүктелері (павильондар) жұмыс істеуде. Павильондағы бағалар супермаркет және базардағы нарық бағасынан 15-17 пайыз арзан. Яғни, тұтынушылардың қалтасына қонымды. Сондай-ақ, наубайханалардан жеткізілетін нан бағасына сауда үстемесі қосылмайды. Павильондар Түркістан қаласы аумағын толық қамту мақсатында орналастырылды. Бұл дегеніміз – жергілікті халықтың азық-түлік тауарларын кедергісіз алуына қосымша ыңғайлылық туғызады. Сонымен ...

Толығырақ »

Түркістанға инвестиция тарту тиімді

Негізгі капиталға тартылған инвестиция 192054,6 млн. теңгені құрап,  2021 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 1,0 есеге кеміп отыр. Оған себеп шағын орта бизнес саласында салынып жатқан жекеменшік құрылыс нысандарының қаржы мәселесіне байланысты тежеуілдеуінде екендігі анықталуды. Оның ішінде, республикалық бюджет есебінен 63122,8 млн. теңге, жергілікті бюджет есебінен 59311,7 млн. теңге, меншікті қаражат есебінен 58217,3 млн. теңге,  банк кредиттері есебінен 8457,3 млн.теңге, басқада ...

Толығырақ »

Түркістанда жасалған қолөнер бұйымдарына туристердің қызығушылығы жоғары

Ұлттық қолөнерді жанына серік еткен түркістандық Жанболат Тасболатұлы ер-тұрман жасаудың хас шебері. Жас кезінен қол өнерге бейім болып өскен бозбала, есей келе ағаш өңдеу ісін меңгереді. Әкесінен алған тәлімінің арқасында ат әбзелдерін жасап, ұлттық құндылықтарды дамыту ісіне көңіл бөлген. «Нағыз шебер, өнерлі һәм дарынды жандардың қолынан келеді» – демекші Жанболаттың жасаған бұйымдарына бүгінде сұраныс көп.  Тіпті Қырғызстан, Өзбекстан, Италия, Түркия, ...

Толығырақ »

СУ КЕШЕНІНДЕ ҮШ ЖҮЗГЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫН СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНУДА

Облыс орталығы Түркістан қаласындағы су спортының дамуында ерекше орын алған – «Орталық су кешенінде» жыл басынан бері түрлі шаралар ұйымдастырылған. Кешен директоры Ғалымжан Батырханұлының мәлімдемесіне сәйкес, қазірде орталықта үш жүзге жуық тұрғын жүзумен айналысуда. Шаршаған денеге энергия, қажыған ағзаға иммунитет сыйлайтын спорт түрін серік еткен мекеменің жас спортшылары байрақты бәсекелерде бой көрсетіп келеді. Атап айтқанда, жүзуден «Е. Тәңірбергеновты еске алуға ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА «БАЛ ТАҢДАЙ»  БАЛАЛАР ӨНЕР ФЕСТИВАЛІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ГАЛА-КОНЦЕРТІ ӨТТІ

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Түркістандағы «Farab» ғылыми-әмбебап кітапханасының концерт залында «Бал таңдай» облыстық балалар өнер фестивалінің қорытынды гала-концерті өтті. Салтанатты шараны Түркістан облысы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темірханұлы ашып беріп, құттықтау сөз сөйледі. Қорытынды кеште «Балауса» үлгілі би ансамблінің «Өнерге қанат қаққандар» атты би кеші ұйымдастырылды. Сонымен бірге байқау жеңімпаздары және өңірімізге танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Биылғы «Балалар жылына» ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ АРТУДА

Түркістан қаласында қоғамдық көліктерде өткен жылдың сәуір айынан бастап электронды билеттеу жүйесі енгізілген болатын. «AlemPay» ЖШС тарапынан қоғамдық көліктердегі төлем жүйесі 91 қоғамдық көлікке орнатылды. Жыл басынан бері тасымалданған жолаушылардың 50 пайызы (3,5 миллион рет) электронды төлем жүйесін қолданған. Жол жүру ақысын төлеудің электрондық жүйесіне көшу – жолаушылар тасымалы қызметін жақсартуға, жолаушылар ағынын дәл анықтауға мүмкіндік береді. Жалпы Түркістан қаласында ...

Толығырақ »

Түркістанда «АQ Orda Ziatkerlik» мектебінің екі жылдық мерейтойы аталып өтті

Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістан қаласында «АQ Orda Ziatkerlik» мектебінің екі жылдық мерейтойы аталып өтілді. Іс-шараға Түркістан Облысының Білім Басқармасының Дінислам Болатханұлы және қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова арнайы қатысты. Оразкүл Шайхықызы мектеп ұжымын айтулы күнмен құттықтап, педагогтардың еңбегіне шығармашылық табыстар тіледі! Шара аясында мектеп оқушылары патриоттық ән айтып, мың бұрала би билеп өнер көрсетті. Сондай-ақ, оқушылардың қол ...

Толығырақ »

САЗЫ СЫРЛЫ МАЗМҰНДЫ КЕШ: ІЛИЯ ЖАҚАНОВ ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ

Бүгін Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістан қаласындағы “Ақжайық” музыка мектебінде Ілия Жақановтың шығармашылық кеші өтті. Шарада қала әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев композиторды шығармашылық кешімен құттықтап, қала әкімінің ізгі тілегін жеткізді. «Қазақтың ұлы даласын ән мен күйге бөлеген Біржан сал, Ақан сері, Құрманғазы, Ықылас, кешегі Шәмші мен Нұрғиса сияқты өнер дүлділдерінің қасиетті жолын үзбей жалғастырып келе жатқан қазақтың айтулы саз зергері Илья ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА МҰХТАР ШАХАНОВТЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН «ӘЛЕМ ТАНЫҒАН АҚЫН» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

Бүгін ел Тәуелсіздігі күні қарсаңында Түркістандағы «Farab» кітапханасында Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек ері Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Әлем таныған ақын» атты шығармашылық кеші өтті. Кеш барысында Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Әлем таныған ақын» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Салтанатты жиында облыс әкімі Дархан Сатыбалды ақынды мерейтоймен құттықтап, елге сіңірген еңбегін жоғары бағалады. – Сізді 80 жасқа толған ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПАЛАУ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Тәуелсіздік күніне орай Түркістан қаласындағы экобазарда палау фестивалі өтті. Онда әр бірінде 50 келіден 10 қазан палау дайындалып, халыққа тегін таратылды. Палау басқан аспаздар өзара мықтыны анықтады. Экобазар басшылығы ұйымдастырған іс шараға өзге де кәсіпкерлер қолдау көрсеткен. Ал аспаздар ішінде шет елден келгендері де болды. Сайыс қорытындысында түркістандықтар бірінші орынды жеңіп алып, 500 келі күріш пен 20 литр күнбағыс майына ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ ТАРТЫМДЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ҰСЫНЫЛДЫ

«Инвестициялық жобалардың презентациясы» питч-сессиясына Түркістан қаласына жақын жердегі 7 «өсу нүктесі» шығарылды. Инвестициялар көлемі бойынша жобалар шағын және орта бизнес аудиториясына бағытталған. Яғни, бір учаскені дамытуға бірнеше инвестор қатысады. Іс-шара өңірдегі кәсіпкерлік белсенділікті арттыру мақсатында өткізілді. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы алғы сөзінде: «Туризм – өңір үшін басым бағыттардың бірі. Мемлекет инфрақұрылымды дамыту, несие ұсыну құралдары көмегімен, сондай-ақ өңірді ...

Толығырақ »

Түркістан: «Көп қырлы талант» тақырыбында көрме өтті

Түркістан қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы, филолог-ғалым, академик Зейнолла Қабдоловтың туғанына – 95 жыл толуына орай «Көп қырлы талант» атты көрме әңгіме №136 жалпы орта білім беретін мектебінің 7 «и» сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Көрме әңгіме барысында оқырмандарға З.Қабдоловтың өмірі мен шығармашылық жолы туралы ақпарат беріліп, сөз өнерінде әдебиет теориясы, көркем шығарма психологиясының және жазушы ...

Толығырақ »

Түркістан: «Тәуелсіздік – тірегім» атты танымдық сағаты өтті

16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. Осыған орай Түркістан қаласындағы Ыбырай Алтынсарин балалар кітапханасында «Тәуелсіздік – тірегім» атты танымдық сағаты өтті. Танымдық сағатта Жамал Омарова атындағы №1 саз мектебінің оқушылары Алдиярбек Әмірхан «Отаным», Өмірзақ Қайрат «Желтоқсан алаңы», Алдиярбек Мейірхан «Батырлар ұраны» атты патриоттық әндерді орындады. №136 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары «Желтоқсан ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ӘБДІСАЛАН НҰРМАХАНОВ АТЫНДАҒЫ СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІКТЕРІ

Қазақтың даңқты боксшысы, кезінде бокстан ұлттық құраманың бас бапкері болған жерлесіміз Әбдісалан Нұрмахановты спорт сүйер қауым жақсы біледі. Атланта олимпиада ойындарында қазақстандық боксшыларды басқарып, бес медаль жеңіп алғаны тарихтан белгілі. Әбдісалан Нұрмахановты «Қазақтың қара нары» деп атайды. Бүгінде киелі Түркістанда талантты жас саңлақтардың ордасына айналған Түркістан облыстық Ә.Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі қазір жетістіктерімен өңірімізде ...

Толығырақ »