Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары (страница 40)

Ауыл жаңалықтары

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды алу мүмкіндіктері

Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметін» дамыту аясында іске қосылған жобалардың бірі «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі болып табылады. www.elicense.kz порталы арқылы өтінішті тиісті органдар қабылдайды және өңдейді. «Сайрам ауданының Ақсукент ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде www.elicense.kz порталы арқылы Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылығы министрінің 2020 жылғы қазанның 1-індегі № 301 бұйрығына сәйкес, «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», Елді мекендер шегінде объектілер салу ...

Толығырақ »

Түркістанда Ұлы Абай шығармашылығы тағылымды іс-шаралармен өрнектелді

Түркістан қаласындағы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Абайды оқы, орында!» тақырыбында кешенді іс-шаралар өтті. Алдымен дінтанушы, ғалым Зікірия Жандарбек пен мәдениет қайраткері Ұлжан Мұстафаева бастаған қонақтар мен кітапхана қызметкерлері Оқушылар сарайы алдындағы Абай ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Осылайша таңертеңнен бастау алған шара ары қарай кітапханада жалғасты. Мұнда Zoom арқылы облысқа қарасты аудандық, қалалық кітапханалардың қатысуымен тікелей байланыс жүргізілді. ...

Толығырақ »

Түркістан: музейде Абай шығармашылығы дәріптелді

Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығының ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына бағытталған қоғамдық маңызы бар біршама ауқымды шаралар өтті. Абай Құнанбаев — ұлы ақын, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Мақсаты– қазақтың ұлы ақыны А. Құнанбаев туралы тереңірек меңгеру, өмір жолы мен шығармашылығын таныту, адамгершілікке тәрбиелеу, Абай ақынның даналығын, рухани асыл ...

Толығырақ »

КЕЗДЕСУДЕ КЕЛЕСІ МЕЖЕЛЕР БЕЛГІЛЕНДІ

Алдын ала бекітілген кестеге сәйкес, бүгін Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков «Сауран» секторының тұрғындарымен кезекті кездесуін өткізді. «Сауран» тұрғын алабындағы жыл басынан бері өткен екі кездесу барысында тұрғындар тарапынан 88 мәселе көтерілген болатын. Олардың 82-сі бүгінде толық шешімін тапты, 3 мәселе бойынша жұмыстар басталды, ал 3 мәселенің заңдылығы түсіндірілді. Биыл І-мөлтек ауданда абаттандыру қарқынды жүрді. Оның ішінде спорт алаңшаларын салу, ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАНЫҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІНЕ ҚАТЫСТЫ

Балалар жылына орай Түркістан қаласында жаратылыстану-математикалық циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиада өтті, деп хабарлайды Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпаратық агенттігі. Жалпы, президенттік олимпиаданың арқасында оқушыларымыз өз әлеуетін ашып, білім гранттары түріндегі қомақты қолдауға ие болып жатыр. Балалардың олимпиадаға қатысу көрсеткіші өсіп келеді. Олар математика, биология, химия және физика пәндері бойынша білімдерін сарапқа салды. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

«Отбасы күні» мерекесіне орай бүгін Түркістан қаласында ақ жаулықты аналардың қатысуымен алқалы жиын өтті, деп хабарлайды «didarbek.kz» ақпаратық агенттігі. Қазіргі уақытта қоғамдағы ана мен әйелдің рөлі өте жоғары. Қоғамдағы бірлік, адамдар арасындағы сыйластық, ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілікті арттыруда аналардың ақыл-кеңесіне жүгіну абзал іс. Әйелдер біздің қоғамның дамуына баға жетпес үлес қосады. Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша республикалық Аналар кеңесі ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп атады. Осы ретте Мемлекет басшысы балаларға ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді. Президентіміз бұл жылды тек ұрандап немесе мереке түрінде ғана емес, балаларды қорғау мақсатында денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты іс-шаралар жасау керектігін тапсырды. Осы орайда, «Балалар жылына» орай Түркістан қаласындағы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен оның алдын ...

Толығырақ »

ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаев 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» мақалын назарға жеткізіп, өсіп келе жатқан ұрпақтың сапалы білім алу қажеттілігін атап өтті. Сапалы білім алудың педагог тарапынан оқытуымен қатар құрастырушы бөліктері ретінде ол жастардың дұрыс бағыттағы жүріс-тұрысы, алдағы буынның тәрбиелік мәні бар өмірлік тәжірибемен бөлісу, олардың арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу болып табылады. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: БІРЛІКТЕ 600 ОРЫНДЫ МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Әбдісаттарұлы Тұрашбеков «Бірлік» тұрғындарымен бүгін кезекті кездесуін өткізіп, атқарылған жұмыстарды баяндады Түркістандағы «Бірлік» тұрғын үй алабында қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің наурыз және маусым айларында тұрғындармен өткізген кездесуі барысында 77 мәселе көтерілді. Қазіргі таңда оның 58-і орындалса, 14-і бойынша жұмыстар басталды, қалған 5 тапсырманың заңдылығы түсіндірілді. Сектор аумағында 16 шақырымды құрайтын 26 көшеге тас төселді. 3,3 шақырымды ...

Толығырақ »

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР-БАСТЫ НАЗАРДА

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің секторларда тұрғындармен өткізген кездесулері барысында жаяу жүргіншілерге арналған жол мәселесі көп қозғалған болатын. Кей жолдарға асфальт төсеу инфрақұрылым жүйелері толық жүргізіліп болған соң жүзеге асатынын түсіндірген шаһар басшысы бүгінде әлеуметтік маңызы бар нысандарға (мектеп, балабақша) жаяу жүргіншілерге арналған жол салу мәселесін шешуге кірісті. Биыл “Шауғар” секторы аумағында 20 шқ. құрайтын 31 көшеге тас төселді. Сонымен ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ШАУҒАРДА ШАРУА ШАШ ЕТЕКТЕН

Түркістан қаласының «Шауғар» тұрғын алабында атқарылар шаруа көп. Әйтсе де, барлық мәселе кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің наурыз және маусым айларында сектор тұрғындарымен кездесуі барысында 51 мәселеле көтерілген болатын. Олардың 37-сі бүгінде толық шешімін тапты, 10 мәселе бойынша жұмыстар басталып, қазіргі таңда атқарылуда, ал 4 тапсырманың заңдылығы түсіндірілді. Шауғар секторында 22 аялдама орнатылды. 20,5 шақырымды құрайтын ...

Толығырақ »

ҰЛТ САУЛЫҒЫ -ЗОР БАЙЛЫҚ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында медицина саласындағы өзекті мәселелерді назардан тыс қалдырған жоқ. Сондай-ақ Президент медициналық оқу орындары жанынан ауруханалар мен емханалар ашылатынын мәлімдеді. Бұл бастаманың медицина факультеті студенттерінің тәжірибе алмасуында және олардың маман ретінде қалыптасуында маңызы зор. Дені сау ұлт – мықты мемлекеттің іргетасы. Жолдаудағы үшінші бағыт – ел болашағы үшін стратегиялық инвестиция. Әсіресе, алдағы үш жылда резидентураға ...

Толығырақ »

ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН ЗАМАНАУИ ЖЕЛІГЕ АУЫСТЫРУ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Түркістан қаласының негізгі орталық көшелерінде орналасқан электр желілерін кабельдік желіге ауыстыру бойынша 4 нысанның құрылысы жүргізілуде. Атап айтқанда, бірінші нысан С.Қожанов пен Байбұрт көшелері аралығындағы құрылыс толық аяқталып, 10 кВ-ты 10,3 шақырым және 0,4 кВ-ты 11, 6 шақырым желі жүргізілді. Қазірде абоненттер жарықпен толық қамтылған. Екінші, Б. Саттарханов даңғылы мен Кенесары көшесі бойынша , 10 кВ-ты 8, 4 шақырым, сонымен ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ТҰҚЫМБАҚТАРДАҒЫ КӨШЕТТЕР САНЫ 50 МЛН-ҒА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

Ормандарды сақтау және кеңейту бағытында Кешенді жоспарға сәйкес 5 жылда 110 мың гектар жерге 170 миллионнан аса ағаш көшеттерін егу жоспарланған. Жоспар сәйкес, 2021 жылы 14 619,4 га жерге 18,707 млн. ағаш көшеттері отырығызылса, 2022 жылы 16 940 га жерге 22 млн. ағаш-көшеттерін отырғызу жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылуда. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда Түркістан қаласының ...

Толығырақ »

Сайрамда жылыжайлар көбеюде

Сайрамдық шаруалар жылыжайда бақша өнімдерін егуде сарығаштық диқандардан кем түспейді. Биыл аудан аумағындағы жылыжайдың көлемі 60 гектарға жеткен. Бұл көрсеткіш жылдың соңына дейін артады дейді ауыл шаруашылығы саласының мамандары. Ынтымақ ауылындағы жылыжай иесі Селимхан Валиевтің пайымдауынша «аралар он адамның жұмысын атқарады. Бұл жаңашылдық бір жылда екі -үш рет өнім алуға мүмкіндік береді»- дейді кәсіпкер. Жылыжайда бірінші айналымында қиярдың «Меренга» сорты ...

Толығырақ »

САЙРАМ: ӘЙТЕКЕ БИ ЕЛДІ МЕКЕНІНІҢ ЖАҢАҚҰРЫЛЫС АУМАҚТАРЫНА ГАЗ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ КЕСТЕГЕ СӘЙКЕС ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Сайрам ауданы Қарасу ауылдық округіне қарасты Әйтеке би елді мекеніндегі Жаңақұрылыс аумағында орналасқан 76,0 және 36,0 гектарды жеке тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық желілерді салу жұмыстарының ішінде газ тарту жұмыстары жүргізілуде. Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков жергілікті тұрғындар мен мердігер мекеменің өкілдерімен кездесіп, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Жаңақұрылыс аумағындағы ...

Толығырақ »

САЙРАМ: АҚСУКЕНТ АУМАҒЫНДА «AQSU» МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Ағымдағы жылы Сайрам ауданының орталығындағы Ұлы дала көшесінде орналасқан «AQSU» медициналық орталығы ашылды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Екі қабатты ғимаратта жобаның қуаттылығы бойынша күніне 60 науқас қабылдай алады. Тұрғындарға күндізгі уақытта медициналық қызмет көрсетеді. Кәсіпкер Индира Көпбаева өз есебінен 40 млн. теңге қаржы жұмсаған. Қажетті көлік, медициналық бұйымдар мен жиһаздарды сатып алған. Бүгінгі ...

Толығырақ »

ЖАСӨСПІРІМ ҰЛ БАЛАЛАРМЕН ӨТКЕН КЕЗДЕСУДЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаев 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» мақалын назарға жеткізіп, өсіп келе жатқан ұрпақтың сапалы білім алу қажеттілігін атап өтті. Сапалы білім алудың педагог тарапынан оқытуымен қатар, құрастырушы бөліктері ретінде ол жастардың дұрыс бағыттағы жүріс-тұрысы, алдағы буынның тәрбиелік мәні бар өмірлік тәжірибемен бөлісу, олардың арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу болып табылады. ...

Толығырақ »

ТАЗАЛЫҚ – БАРШАҒА МІНДЕТ

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков тиісті басшылармен бірге Ақсукент ауылдық округінің әкімшілігінен бастап, Жібек жолы даңғылы бойымен өтіп, Абылай хан алаңына дейін жаяу жүріп аралады, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бірінші кезекте ауылдағы санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстарына назар аударып, Ақсукент ауылдық округінің әкімі А.Бөрібеков және аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар ...

Толығырақ »

САЙРАМ: «АУЫЛ — ЕЛ ТІРЕГІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТЫНДЫРЫМДЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібековтің бастамасымен Қарасу ауылдық округінде «Ауыл – Ел тірегі» жобасы аясында онкүндік іс-шара өтуде. Барлық жоспарланған іс-шаралар мерзімінде орындалуда. Ауылдың және халықтың игілігі үшін өтіп жатқан іс-шараларға ауылдың төбе билері мен белсенді азаматтары атсалысуда, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Ауылдық округінің әкімі Дамир Сыдыковтың ұйымдастыруымен және жергілікті халықтың қолдауымен бірқатар ...

Толығырақ »

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ ЖАСАЛДЫ

Ұлы Отан соғысы кезінде қаншама боздақтар елге оралмады. Майдан даласында қаза болғандар қаншама, хабар-ошарсыз кеткендер әлі де бар. “Әттең, аталарым тірі болғанда ғой”. Бұл қаншама жанұядағы балалардың арманы еді, жалғыз мен ғана емес. Қаншама отбасы қу соғыстың кесірінен ошағынан от маздап жанбай сөніп қалды… Қаншама отбасында батысқа телміріп, үмітін үзбей ана-әжелеріміз зарығып көз жұмды… Қаншама балалар әкесіз жетім қалды, десеңізші… ...

Толығырақ »

БІРТҰТАС ҰЛТ — БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ

Ақсукент ауылындағы Сайрам оқу-өндірістік комбинатының ұжымымен Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы насихатталды. Насихаттау жұмысына аудандық мәслихат депутаты, Ақсукент бастауыш партиясының төрағасы Сәкен Сұлтанов, «Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалы басшысы Базарбай Айтбаев, «AMANAT» партиясының Сайрам аудандық филиалының сектор меңгерушісі Бейбіт Биназаров қатысты. Базарбай Мамадиярұлы өз сөзінде: Жолдаудағы басты назар елдің экономикалық жағдайын арттыруға бағытталған. Мемлекет ...

Толығырақ »

САЙРАМ: ҚАРАМҰРТТАҒЫ ОНКҮНДІК ІС-ШАРАЛАР

Сайрам ауданының Қарамұрт ауылдық округінде «Ауыл – Ел тірегі» жобасы аясында онкүндік іс-шаралар жоспарға сәйкес өтіп жатыр. Осы орайда ауылдық округтің әкімі Мамуржан Нажиев жергілікті тұрғындарды қатыстыра отырып, тиісті бөлімдермен бірге мардымды жұмыстарды атқарып келеді. Атап айтқанда, — Қарамұрт ауылдық округінің тұрғындарымен кезекті кездесу өткізіліп, онкүндік барысында қолға алынған жұмыстардың барысы таныстырылды; — №6 жалпы орта мектебінің ұжымымен кездесу өткізіліп, ...

Толығырақ »

ДЕННІҢ САУЛЫҒЫ – ЖАННЫҢ БАЙЛЫҒЫ!

«AMANAT» партиясының «Мәдени мұра» жобасы аясында, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Ақсукент-2 ауылының Спорт мектебінде, «Денсаулық – зор байлық» тақырыбында асық ату, ләңгі тебу және қол күресінен жастар мен жасөспірімдер арасында турнир болып өтті. Аталмыш турнир Сайрам аудандық Жастар Ресурстық Орталығымен бірге ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. Турнирге спорт мектебінің оқушылары мен колледж студенттері қатысып, өзара бақ сынады. Шеберлік пен дәлдікті, ...

Толығырақ »

МАҚСАТ — ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІН ТӨМЕНДЕТУ

Қазақстанның қарқынды дамып, ең озық отыз елдің қатарына қосылуының тағы бір алғышарты – жұмыссыздықпен күрес. Бүгінде бұл өзекті мәселенің оң шешімін табуы үшін мемлекетте түрлі бағдарламалар қабылданған. Соның бірі – «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2021- 2025 жылдарға арналған» Ұлттық жобасы. Аталған жоба кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға, кәсіпкерлердің өсуін жеделдетуге, жаңа нишаларды қалыптастыруға, сонымен қоса бәсекелестікті дамытуға бағытталып отыр. ...

Толығырақ »