Жоғары және орта арнаулы оқу орындарын бітірген жас мамандарға жұмысқа орналасуға мүмкіндік ашу, жұмыссыз жүрген жастарға бос жұмыс орындарын ұсыну арқылы сұраныстарын қамту мақсатында бүгін Түркістан қаласындағы «FARAB» ғылыми-әмбебап кітапханасында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Жастар рухы» жастар қанаты облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен, облыстық мансап орталығымен, облыстық жастар ресурстық орталығымен бірлесе бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырып, ...
Толығырақ »Ауыл жаңалықтары
ТҮРКІСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ ЛОГИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ
Бүгін Түркістан Халықаралық әуежайына арнайы жүк ұшағы келіп қонды. Алғашқы рейсін орындаған жүк ұшағы «Alpha Sky» ЖШС-на тиесілі. 30 тоннаға дейін жүк тасуға қауқарлы әуекомпанияның 3 жүк ұшағы бар. Бүгінде компания Гонконг, БАӘ, Қытай, Түркия мен Еуропа елдері бағытында ұшуды жоспарлап отыр. Айта керейік, бұған дейін облыс орталығындағы әуежайға «Ыстамбұл-Түркістан» бағытындағы «Turkish Cargo» әуекомпаниясының ұшақтары да жұмысын бастаған болатын. Олар ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДАҒЫ «ДОСТЫҚ ҮЙІ» МЕН «ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТІҢ» ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Түркістанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Достық үйі» ғимаратының құрылысы жүруде. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Жаңа қала» аумағын жаяу аралап, аталған ғимараттың құрылыс жұмыстарын көрді. Нысанның кірпіші қаланып, сыртқы инженерлік желілері толық жүргізілген. Құрылысы аяқталып келеді. Облыс әкімі нысанның сапасы мен сәні үйлесім тауып, уақтылы берілуі керек екенін айтты. Мердігерге нақты тапсырмалар берді. Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығындағы жаңа ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ҚАТЫСТЫ
Бүгін Түркістанда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды тазалық шарасы өтті. Қоршаған ортаны қорғауға үндейтін «Қала тазалығы – перзенттік парызым» экологиялық акциясы қаланың 10 аумағында ұйымдастырылды. Атап айтсақ, Қ.А.Ясауи кесенесі мен «Ханшайым плаза» кешені, Күлтөбе қалашығы аумақтарында, «Жеңіс» саябағы мен «Отырар» мөлтек ауданындағы 36, 37, 38, 39, 40 көпқабатты тұрғын үй аулаларында, сондай-ақ Әлқожа ата, Алшын, Дастанов, Нахипов, Әйтеке би, ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРЕТІН НЫСАНДАР САЛЫНАДЫ
Түркістан облысында, әсіресе, облыс орталығында бой көтеріп жатқан нысандардың сәулеті қала кейіпіне сай болуы тиіс. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында айтылды. Жиын барысында облыстағы сәулеттік жобалар жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, әкімшілік-іскерлік орталығындағы тұрғын үй кешендері мен коммерциялық нысандардың қасбеті, аулаларды абаттандыру, көше бойына салынатын саябақ дизайны қаралды. «Қолөнершілер орталығы» мен «Күлтебе қалашығы» жобасы пысықталып, ұсыныстар айтылды. ...
Толығырақ »ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНДА «ЖАСТАРҒА ЖҰМЫС» ЖОБАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ЖӘРМЕҢКЕ ӨТТІ
Бүгін жастарды жұмыспен қамту мақсатта «AMANAT» партиясы Төлеби аудандық филиалы және аудандық Мансап орталығы бірлесіп аудан жастарына еңбек жәрмеңкесін ұйымдастырды. Жәрмекңкеде «AMANAT» партиясының өкілі «Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2023 жылы «Аманат» партиясы еңбек және халықты қорғау министрлігімен бірге жастарды нәтижелі жұмыспен қамтығу бағытталған «Жастарға жұмыс» жобасын іске асыру бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіткенін, аталған жоба шеңберінде еліміздің барлық жастарына ...
Толығырақ »ӘРБІР ӨТІНІШ НЕГІЗІНДЕ ТИІСТІ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАНАДЫ
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында атқарушы жүйе жұмысын мейлінше жариялы түрде жүргізуді тапсырған болатын. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» ұғымына сай барлық деңгейдегі билік өкілдері әлеуметпен етене болуға қадам жасауда. Әсіресе, өңірдегі тұрғындардың талап-тілегі мен ұсыныс, пікіріне құлақ асу үрдісі қалыптасуда. Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев аудан тұрғындары үшін кезекті ...
Толығырақ »Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырма бірінші сессиясы өтті
Бүгін Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырма бірінші сессиясы өтті. Жиынды қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы ашып, жүргізіп отырды. Сессия отырысына қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков , қала әкімінің орынбасарлары Талғат Байжанұлы, Мекенхан Қозыханұлы және қалалық мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары қатысты. Жиын барысында күн тәртібіндегі 2 мәселе қаралды. 1. Түркістан қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №12/50-VIIІ «2024-2026 жылдарға арналған ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ІРІ СҮТ ФЕРМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2021 жылдың 12 қазанында Үкімет «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын бекіту туралы қаулы қабылдады. Аталмыш жобаның басты мақсаты – тұрғын үй құрылысын дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында жағдайды жақсарту, оңтайлы көлік байланысын қамтамасыз ету, көліктік-транзиттік әлеуетті арттыру, сондай-ақ халықтың базалық қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру. Жобаның ...
Толығырақ »«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАННЫҢ ОРТАЛЫҚ БАЗАРЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
Түркістанның күре тамыры – орталық базар. Таңның атысымен таласа келген саудагерлер мұнда қас қарайғанша отырады. Барлығына ортақ мүдде – отбасының ризық-несібесін табу. Жалпы базарда 1580 жеке кәсіпкер бар. Базардан азық-түліктің барлық түрлері, киім-кешек, тұрмыстық техника сияқты жанға қажеттінің бәрі табылады. Базардың тазалығы да басты орында болуы керек. Қала әкімдігі тарапынан сауда орындарының тазалығына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, тиісті ескертулер жолданған. Нәтижесінде ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА 200 АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТИТЫН ЗАУЫТТЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ
Бүгін Түркістандағы «Turan» арнайы экономикалық аймағында жаңа зауыттың іргетасын қалау рәсімі өтті. Оған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, жаңа жобаны жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарға сәттілік тіледі. – Өндіріс орындарын ашу, жұмыс орындарын көбейту – негізгі бағытымыз. Түркістан облысында осы салаға назар аударылып, тиісті жұмыс жүруде. Инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп, маңызды келісімдер жасалып жатыр. Бүгін іргетасы қаланған зауыт та өңірдің ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫН КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА
Түркістан қаласында орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған абоненттер саны – 16 336, бұл қала тұрғындарының 36,5%-ын құрайды. Аталған көрсеткішті жыл қорытындысымен 55,8%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Осыған сай, бүгінде 17 жоба әзірленіп, 11 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар 4 нысан құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсынылды. Олар: «Шавгар» ықшам ауданы Ортақ тұрғын алабына сарқынды су желісін салу (3-кезек); «Баянауыл» ...
Толығырақ »ТӨЛЕБИ: КЕЗЕКТЕН ТЫС ОН ТӨРТІНШІ СЕССИЯ ӨТТІ
Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында VIII шақырылымның аудандық мәслихаттың кезектен тыс он төртінші сессиясы өтті. Сессия отырысына аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров төрағалық етіп, аудан әкімі Төлеген Телғараев, аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары, қала, ауыл округ әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты. Мәжіліс күн тәртібінде екі мәселе қаралып, аудандық мәслихаттың әлеуметтік желідегі парақшасына тікелей эфирде трансля́цияланды. Төлеби ауданы халқын ...
Толығырақ »ТӨЛЕБИЛІК ТҰРҒЫНДАР ҮЙІРГЕЛІК ЖЕРІНЕ ЖЕМІС-ЖИДЕК ЕГУДЕ
Төлеби ауданы Тасарық ауылдық округіне қарасты Оңтүстік елді мекенінің тұрғыны жеке кәсіпкер Ахылбеков Құдабек Жамбылұлы 0,50 га үй іргелік жеріне танқурайдың «Атлант» түрін еккен. Өңірдің топырақтық-климаттық жағдайы бүлдірген мен таңқурай секілді түрлі жеміс-жидектерді өсіру үшін өте қолайлы болғандықтан, елді мекен тұрғындары үй іргелік жерлеріне көкөніс, жеміс-жидек егуде. Таңқурайдың «Атлант» түрінің ерекшелігі: жемістері ірі әрі жоғары сортты өнім береді. Салмағы бес ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДАҒЫ «КҮЛТӨБЕ ҚАЛАШЫҒЫ» АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ПАРКІН САЛУДА ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ҚОЛДАНЫЛАДЫ
Түркістанда «Күлтөбе қалашығы» ашық аспан астындағы заманауи археологиялық паркін құру жұмыстары жалғасуда. Бұған дейін жобаның алғашқы кезеңі аяқталған болатын. Бұл қалашық «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайына иесілі. Барлық жұмыс ЮНЕСКО талаптарына сай жүргізілуде. Аталған жобаның екінші кезеңін жүзеге асыру бойынша Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды сәулет, туризм, мәдениет саласына жауапты басшылар мен осы жобаға қызығушылық танытып отырған шетелдік компания өкілдерімен ...
Толығырақ »«Тазалық табалдырықтан басталады»
Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің Сауран, Яссы секторларында өткен тұрғындармен кезекті кездесуінде тазалық мәселесі өзекті болды. Жиынға қатысқан қала тұрғындары шаһардың жайнап-гүлденуіне ризашылығын білдіріп, алғыс айтумен қатар әрбір қала тұрғыны қоқыс қалдықтарын арнайы орындарға тастап, қаламызға жанашырлық таныту керектігін айтты. Сонымен қатар, әкіммен кездесуге тұрғындар инфрақұрылым, ойын алаңшалары, атаулы әлеуметтік көмек, жер телімі, тұрғын-үй кезегі және тағы да басқа жеке ...
Толығырақ »КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСІП, ИНВЕСТ ЖОБАЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ауыл шаруашылығы экономиканың жаңа қозғаушы күшіне айналады. Алдағы жылдарда ауыл-аймақты өркендетуге басымдық береміз. Біз ауылдық жерді жұмыспен жаппай қамту үшін жағдай жасаймыз, ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдаймыз. Тұрғындарға жер қолжетімді болады. Ол үшін ірі жер иелерінен пайдаланылмайтын жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жандандырамыз» деп Үкіметке жаңа міндеттер жүктегені белгілі. Осы орайда, Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА «СЕРПІН» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТІП ЖАТЫР
Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-да «Серпін-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Еліміздің солтүстік өңірлеріндегі оқу орындарының өкілдері облыс жастарына жан-жақты мәлімет беруде. «Серпін — 2050» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты – халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру. «Серпін — 2050» мемлекеттік бағдарламасымен грант негізінде оқуға түскен ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА БИЫЛ ЕКІ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» АШЫЛАДЫ
Түркістан облысында биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 29 білім ұясы халық игілігі үшін қолданысқа беріледі деп жоспарланған. Оның екеуі Түркістан қаласында бой көтеріп жатыр. Құрылыс жұмыстарының барысы тұрақты бақылауда. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров Түркістан қаласында салынып жатқан мектептердің құрылыс алаңдарында болып, атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады. Құрылыс басында мердігерлермен кездесіп, бірқатар тапсырма міндеттеді. Кедергілер орын алған жағдайда, дер ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: ӘУЕЖАЙ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ, ӘУЕ ЖҮК ТАСЫМАЛЫН ІЛГЕРІЛЕТУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды Түркістандағы халықаралық әуежайды дамытудың жаңа жобаларын дайындауды тапсырды. Облыс орталығына қатынайтын бағыттарды көбейтіп, туризммен үйлестіруді міндеттеді. Әуежайдың логистикалық әлеуетін де арттырып, жүк тасымалын ұлғайту маңыздылығына тоқталды. Әуе жүк тасымалын ілгерілету – экспортты ұлғайтуға сеп. Әкім төрағалығымен өткен жиналыста Түркістандағы халықаралық әуежайды дамыту, әлеуетін көтеру жолдары талқыланды. Онда әуежайды дамыту, табысы мен жолаушылар ағынын арттыруға бағытталған ...
Толығырақ »БАРЛЫҚ ӨТІНІШТЕР ЗАҢ АЯСЫНДА ЗЕРДЕЛЕНЕДІ
Түркістан қаласы, “Отырар” тұрғын алабында әкіммен кездесуге келген тұрғындардың басым бөлігі Жаңа қала аумағындағы көпқабатты үйлердің сапасын, ойын алаңшалары бойынша мәселе көтерді. Бұл бағытта қала әкімінің ұйымдастыруымен соңғы 2 жылда бірқатар жұмыстар атқарылды. Арнайы штаб құрылып, жұмысшы топтар жасақталды. Нәтижесінде 89 көпқабатты үй зерделеніп, 37 ақаулық акті түзілді. Әкімдік тарапынан 13 мердігерге хат жолданып, кемшіліктер қалпына келтірілді. Ал, 4 мердігер ...
Толығырақ »ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАЛА ӘКІМІНЕ ЖҮГІНДІ
Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков “Отырар”, “Шауғар” тұрғын алаптарындағы кездесуден кейін азаматтарды жеке қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдау барысында тұрғын үй кезегі, жұмыспен қамту, үйіргелік жер кезегі, әлеуметтік көмек, денсаулық сақтау мәселелері көтерілді. Кей сұрақтар бойынша тұрғындарға заң талаптары түсіндірілді. Қабылдауға кірген 13 азаматтың өтініштері бойынша сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді. Келесі кезекте әрбір сұрақ-өтініш бойынша заң шеңберінде жұмыстар ...
Толығырақ »ҰСЫНЫСТАР НАЗАРҒА АЛЫНЫП, МӘСЕЛЕНІҢ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде жергілікті атқарушы билік халықты толғандырған мәселемен етене танысып, бұл бағытта жұмыс жүргізуі қажет. Билік бұқараға барынша жақын болып, алдына келген әрбір тұрғынның мәселесін тыңдап, заң аясында шешім табуы бағытында еңбек етуде. Сөзіміздің дәлелі, аудан әкімі Төлеген Телғараев орынбасарларымен бірге аптаның бір күні бекітілген кестеге сай жеке қабылдау өткізеді. ...
Толығырақ »СЕНАТОР ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысына сапар аясында ҚР Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі қалалық мәслихат депутаттарымен кездесу өткізді. Кездесуге Түркістан қаласы әкімі Нұрбол Тұрашбеков, Түркістан қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев және қалалық мәслихат депутаттары қатысты. Өз сөзінде Сенатор Мемлекет басшысы белгілеп берген бастамаларға кеңінен тоқталып өтті. Сондай-ақ жиын барысында өңірдегі жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы жан-жақты талқылап өз пікірлерімен бөлісті. Түркістан қаласында адами әлеуетті дамыту, ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК 100% ЖАҢАРДЫ
Түркістан қаласында 2021 жылдан бастап 3 жылда қоғамдық көліктер 100%-ға жаңартылды. Оның ішінде 2024 жылы 40 автобуспен толықты. Шаһарда 2020 жылы 21 бағытта 220 шағын автобустар қызмет көрсететін. Қазіргі уақытта 22 қоғамдық көлік бағыты бар. Бағыттарда 300-ге жуық жүргізуші қызмет атқарып, тұрақты жұмыспен қамтылған. Жолаушылар 2 тасымалдаушы мекемеге тиесілі, сыйымдылығы жоғары автобустармен тасымалданады. Олардың бірі «Жолаушы» ЖШС қала тұрғындарына сапа ...
Толығырақ »