Бүгін Түркістан сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті тоғызыншы сессиясы өтті. Сессия жұмысына облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, жаңадан сайланған депутаттарға сәттілік тіледі, деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. – Бүгін әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси ахуалға әсер ететін шешімдер қабылданды. Қазіргі таңда өздеріңіз көріп отырғандай, Президентіміздің бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Сол бойынша қоғамды жұмылдырылып отырмыз. ...
Толығырақ »Облыс жаңалықтары
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚАЛАНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ МЕН ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ ЖҰМЫСТАРЫН ТЕКСЕРДІ
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кезекті рет қоғамдық көлікпен облыс орталығындағы жұмыстарды бақылады. Жаңа қала аумағынан «Бекзат» шағынауданына дейінгі аумақты аралап шығып, «Белсенді демалыс» саябағындағы жұмыстарды қадағалаған өңір басшысы мердігерге жұмысты сапалы әрі уақтылы атқаруды тапсырды, деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Қаласы Әкімдігінің фейсбук парақшасына сілтеме жасап. Бұл саябақ туристік орталыққа айналуы тиіс. «Prime Residence» тұрғын үй кешені құрылысымен танысты. ...
Толығырақ »АҚБИІКТЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Aудан әкімі Нұржан Ізтілеуовтың халық алдындағы есептік кездесуі Ақбиік ауылдық округінде жалғасын тапты, деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түлкібас Ауданы Әкімдігінің фейсбук парақшасына сілтеме жасап. Бұл жерде тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салып, аудан әкімі және салаға жауапты басшылар тарапынан оның шешу жолдары талқыланды. Мәселен, көп жылдан бері орталықтан Құлан және Сарытөр ауылының бағытындағы жалпы ұзындығы 18,2 шақырымды құрайтын КХ-70 облыстық ...
Толығырақ »ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ЖАСТАР ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ
Қоғамда қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында еліміз бойынша өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» акциясының «Таза өлке» апталығы аясында Қазығұрт ауданы Тұрбат ауыл округінде орналасқан «Ысмайыл ата» және «Ысқақ ата» сәулет кешендерінде тазалық жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімі баспасөз қызметінің фейсбук парақшасына сілтеме жасап. Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шараға ауданның белсенді жастары, еріктілер мен ауыл ...
Толығырақ »АУДАН ӘКІМІ ХАЛЫҚТЫ ТОЛҒАНДЫРҒАН СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРДІ
Аудан шекарасында орналасқан Киелітас ауылдық округінің құрамында 4 елді мекен бар. Халқының басым бөлігі ауыл шаруашылық саласын жетік меңгерген округте кәсіпкерлік саласы жақсы дамыған, деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Төлеби Ауданы Әкімдігінің фейсбук парақшасына сілтеме жасап. Аудан әкімі сауданы кәсіп етіп, төрт түлікті өсіріп, баптап, таңнан кешке дейін бау-бақша егіп күнелтетін еңбекқор халықтың тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында кездесу өткізді. Кездесуде аудан басшысы ...
Толығырақ »КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Aудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратовтің төрағалығымен аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімдігінің фейсбук парақшасына сілтеме жасап. Жиынға ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділ Ысхах, комиссия мүшелері, әйелдер кеңесінің төрайымы, іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы, аналар кеңесінің төрайымы, аудандық полиция бөлімінің әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылыққа қарсы күрес инспекторы, Әлеуметтік ...
Толығырақ »ПОЛИЦИЯ МЕН ОҚУШЫЛАР ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ЖАДНАМА ТАРАТЫП, ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН САҚТАУҒА ШАҚЫРДЫ
Жетісай ауданының полициясы №9 IT-мектеп-лицейдің бастауыш сынып оқушылар арасында «Жолда жүру ережесін сақтау» тақырыбында ашық сабақ өткізді, деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Облысы Полиция Департаментінің фейсбук парақшасына сілтеме жасап. Шара барысында, дполиция қызметкерлері Н.Ағмасов пен Қ.Тұрмаханбетов оқушыларға көшені кесіп өту үшін арнайы белгіленген жерлермен жүруді және бағдаршамның түстерін, қызметін толықтай түсіндірді. Сонымен қатар, тәртіп сақшылар оқушыларды маңызды жол белгілерімен таныстырды. ...
Толығырақ »СОЗАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ АТҚАРЫЛАР ЖҰМЫСТАР АШЫҚ АЙТЫЛДЫ
Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Созақ ауылдық округінде болып, белгілінген кестеге сай тұрғындармен кездесті. Онда алдымен биылғы жылы аудан көлемінде атқарылар жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ ауылдық округтегі бірқатар мәселелерді де қамтып өтті. — Бүгін қасиетті ораза айтының алғашқы күнінде сіздермен кездесіп отырмыз. Алдарыңызға келіп, кездесудегі мақсатымыз өзекті мәселелерді бірге талқылап, шешу жолдарын қарастыру. Бұған дейін айтылған ұсыныстарыңыз назарға ...
Толығырақ »ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ
Аудан әкімі Арман Абдуллаев Көктерек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады. Кездесу барысында аудан басшысы алдымен қараша айындағы кездесуде көтерілген мәселелер бойынша тоқталып, атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. – Әкімнің міндеті – халықпен кездесу, ауылдың жағдайын білу. Өзінің құзыреті аясында мәселелерді шешу үшін шаралар қабылдау. Барлық жұмыстар кезең — кезеңімен, маңыздылығына байланысты жүзеге асады. Айта кетсем, алдыңғы ...
Толығырақ »ЖАСЫЛ ЕКПЕЛЕР ШАРБАҚПЕН ҚОРШАЛЫП, АҒАШТАР РЕТКЕ КЕЛТІРІЛУДЕ
Арыста «Таза өлке» апталығы қарқынды жүргізіліп жатыр. Оның ішінде, қала сәулетін бұзатын, иесіз қалған ескі ғимараттарды сүруден бастап, арық-атыздар мен каналдарды тазалау, жасыл екпе егу, оны күтіп ұстау секілді ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мәселен, Арыс-Шымкент тас жолы бойына егілген жасыл екпені шарбақпен қоршау барысы. Бұл жұмыстарды «Жасыл Арыс» КММ-нің мамандары асқан ыждахатпен істеуде. Ағаштарды тиісті өлшеммен біркелкі етіп қырқудан бастап, оның ...
Толығырақ »ОТЫРАРЛЫҚТАР ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ
Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы бастау алған болатын. Экологиялық шараны әр апта сайын белгілі бір тақырып аясында өткізу жоспарланған. Бүгін отырарлықтар республикалық акцияға өз үлестерін қосып, «Таза өлке» апталығы аясында аудан орталығындағы көшелердің бойында тазалық жұмыстарын жүргізді. Шара барысында «Жібек Жолы» даңғылының бойындағы арамшөптер оталып, арнайы техникалармен күл-қоқыстар шығарылды. Көше бойындағы, саябақтардағы орындықтар сырланып, ағаш-талдардың түптері әктелді. Жалпыхалықтық шараға 300-ге ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨПҚАБАТТЫ АРЕНДАЛЫҚ ҮЙЛЕР САЛУ ЖӘНЕ САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ
Түркістан облысында тұрғындарды баспанамен қамту бағытында жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Өткен жылы 900 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға беріліп, 3 мыңға жуық отбасы жаңа пәтерге ие болды. Сонымен қатар 55 тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс әкімі Дархан Сатыбалдының жіті қадағалауына алынған. Бүгін облыс әкімдігінде арендалық тұрғын үй салу бағытындағы мәселелер талқыланды. Оған жауапты басқарма ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА «TURKISTAR» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Бүгін Түркістанда «TurkiSTAR» балалар мен жасөспірімдерге арасындағы ән жанры бойынша облыстық өнер фестивалі өтті. Байқауды облыстық мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Ержан Исатаев ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. – Бүгінгі байқау мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бағдарламасы аясында жеке кәсіпкерлер тарапынан ұйымдастырылған үйірмелер арасында өткізіліп отыр. Дарынды балаларға қолдау көрсетуге, өскелең өрендеріміздің шеберлігін шыңдап, өнерге ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған аталмыш фестиваль халық ...
Толығырақ »КЕМЕРБАСТАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ ТӨРТ БІРДЕЙ ІШКІ ЖОЛДАРЫ АҒЫМДАҒЫ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ
Биыл «Ауыл Ел-бесігі» бағдарламасының шапағатын Кемербастау ауылдық округінің тұрғындары көретін болады. Былай дейтініміз бағдарлама аясында биыл соңғы жылдары аудан әкімінің халық алдындағы есептік жиындарында кемербастаулықтар тарапынан жиі көтеріліп келген Елтай ауылы, Кенжетаев, Жәрімбетов ауылы, Ақментай баба және Кемербастау ауылы, Қ.Лес, Т.Балтабаев көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бұл туралы бүгін аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов аталған ауылдық округі тұрғындарының алдындағы есептік ...
Толығырақ »«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Қоғамда қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында еліміз бойынша өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» акциясына қазығұрттықтар да өз үлестерін қосып, белсенділік танытуда. Атаулы акция аясында аудан бойынша 18633 түп түрлі көшеттер отырғызылып, мекемелер мен қоғамдық орталарға гүлдер отырғызылды. Сондай-ақ, аудандағы кәсіпорындар, мекемелер өз аулаларында ауқымды сенбіліктер ұйымдастырып, тазалық және көктемгі жұмыстарды атқарды. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына аудан тұрғындары, белсенді ...
Толығырақ »АУДАН ӘКІМІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
«Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 20 қарашадағы №399 Жарлығын іске асыру аясында Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың биылғы жылы алғашқы кездесуі Бірінші Мамыр ауылдық округінде өтті. Бірінші Мамыр мәдениет үйінде ұйымдастырылған жиында аудан әкімі ауылдық округ халқын Ораза айтымен құттықтап, халықты толғандыратын әлеуметтік ...
Толығырақ »АЗАТ ОРАЛБАЕВ: “АУЫЛДЫҢ КЕЛБЕТІ ӘКІМІНІҢ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІНІН КӨРСЕТІП ТҰРАДЫ”
Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев жұмыс сапарымен Төрткүл елді мекеніне барып, тоғыз жолдың торабындағы ауылдың тазалығын, абаттандырылуын бақылап көрді. Ауылды кіре берістен жаяу аралаған аудан басшысы бірінші кезекте жол бойының тазалығына назар аударды. Ауыл әкіміне жол жиегіне бей-берекет қоқыс тастағандар болса, оларды анықтап, заң аясында шара көруді тапсырды. Сондай-ақ қоршауларды, электр бағаналарын, бардюрлерді сырлау, ағаштарды ақтау, бұтау, тозығы жеткен кейбір ...
Толығырақ »700-ДЕН АСТАМ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫНЫ АНЫҚТАДЫ
Полиция қоршаған орта тазалығына нұқсан келтірген 700-ден астам құқық бұзушыны анықтады Түркістан облысының полицейлері қоршаған ортаның абаттандыру қағидаларын бұзу, ортақ пайдаланатын орындарды ластау, жасыл екпелерді жою және бүлдіру заң бұзушылықтарының алдын алу мақсатында жүйелі жұмыс жасап келеді. Мәселен полицейлермен осы бағытта атқарылған жұмыстың 2 тәулігінде 739 құқық бұзушылық анықталып, әкімшілік жауапкершілік қаралды. Атап айтсақ, тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз ...
Толығырақ »ЭНЗООТИЯЛЫҚ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы аумағындағы ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кенелерге қарсы жануарларды, үй-жайларды және өзге де аумақтарды жәндіктер мен басқа да буынаяқтылардан қорғау және жою бойынша бірқатар іс-шаралар тізбегі жоспарланған. Энзоотиялық іс-шараларды атқаруға 1878 маман жұмылдырылды. Іс-шараны атқаруға қажетті 17 дана сәйкестендірілген ДУК автокөлігі, 19 дана мотопомпа жұмылдырылып отыр. Осы орайда Ветеринариялық Қызмет Түркістан Облысы мекемесінің басшысы Бақытжан Бегманов кенелерге қарсы көктемгі ...
Толығырақ »«ТАЗА ӨЛКЕ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АРЫСТА КАНАЛДАР МЕХАНИКАЛЫҚ ТАЗАЛАУДАН ӨТІП ЖАТЫР
Қала әкімі Гульжан Курманбекова ағын су тапшылығын болдырмау мақсатында жауапты сала мамандарына механикалық тазалауға жататын ішкі шаруашылық каналдарды зерделеп, тиісті деңгейде жұмыс жүргізуді тапсырған болатын. Бүгінде, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының бірінші аптасында Арыста жалпы ұзындығы 29 шақырымды құрайтын 4 каналға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде. Мақсат – мол өнім алуға үмітті диқандарға вегетациялық кезеңді жүйелі іске асыруға мүмкіндік туғызу арқылы суармалы ...
Толығырақ »БИЛІК ПЕН ҚОҒАМ АРАСЫНДА ТҰРАҚТЫ ДИАЛОГ ОРНАТУ – БҮГІНГІ КҮННІҢ БАСТЫ ТАЛАБЫ
«Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, аудан әкімі Арман Абдуллаевтың кезекті кездесуі Тегісшіл ауылдық округінде өтті. Осыған дейінгі кездесуде көтерілген мәселелердің орындалуы, 2023 жылы атқарылған шаруалар туралы халық алдында баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. «Тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау – жергілікті биліктің басты міндеті. Ең алдымен атқарылған жұмыстарлы саралап, жоспарларды нақтылайтын боламыз. Айта кетсем, алдыңғы кездесулерде ...
Толығырақ »ХАЛЫҚТЫҢ БАСПАНАҒА МҰҚТАЖДЫҚ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ ДАРХАН САТЫБАЛДЫНЫҢ ЖІТІ БАҚЫЛАУЫНДА
Түркістан облысы бойынша 68 мыңнан астам азамат үй кезегіне тіркелген. Олардың заңдылығын анықтау барысында талап бұзған 5 мыңнан астамы тіркеуден шығарылды. Бүгінде баспанаға мұқтаж 63 мыңңнан астам азамат кезекте тұр. Бұл еліміздегі ең үлкен көрсеткіш. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша осы және өзге де маңызды мәселелер Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиналысында талқыланды. Баспана мәселесін шешу облыс басшысының ...
Толығырақ »«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ЕГІЛГЕН ГҮЛДЕР САНЫ 200 МЫҢҒА ЖЕТЕДІ
Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында ауқымды шара жалғасуда. Аталған шараға тұрғындар, мемлкеттік мекемелер мен кәсіпкерлік ұйымдар, белсенділер мен еріктілер қатысты. Акция аясында бекітілген аумақтарда тазалық және ағаш көшеттерін егу жұмыстары жүргізіліп, ағаштар әктелініп, аяқ жолдар қоқыстан тазартылды. Саябақтар және скверлер, балалар және спорт алаңшалары ретке келтірілді. Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «Адал адам ...
Толығырақ »АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕРІ БАСТАЛДЫ
Бүгін аудан әкімі Нұржан Ізтілеуовтың аудан тұрғындарының алдындағы есептік кездесуі ауданымыздың шығыс қақпасында орналасқан Шақпақ ауылдық округінен басталды. Басқосуда аудан әкімі өткен жылы аудан және округ кесіндісінде атқарылған жұмыстарды және алдағы уақытқа жоспарланған жобаларды баяндап, тұрғындардың өтініш-ұсыныстарын тыңдады. Тұрғындар тарапынан қыс мезгілінде күре жолды қардан тазалау, интернет, электр жарығы, газ қысымының аздығы, халықаралық жол бойынан өткел істеу сынды мәселелермен жүгініп, ...
Толығырақ »АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗДІ
Аудан әкімі Исмаилов Азизхан Әзімханұлы С.Рақымов, Жігерген және Қақпақ ауыл округтеріне арнайы барып, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын, «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында жергілікті тұрғындар тарапынан мәдени және спорттық үйірмелер ашу, ауыз су, жер мәселесі, көше жарықтары мен электр бағаналарын ауыстыру, денсаулыө сақтау және білім беру ...
Толығырақ »