Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 21.02.2020

Тарихи-мәдени мұралар: Пышақшы төбе қалажұрты

Пышақшы төбе қалажұрты. I-XII ғғ. (археол.). Қоғам ауылының оңтүстік-батысында, 1 км жерде орналасқан. Географиялық коорди-наттары 42Т 442718 UTM 4740913. 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялықэкспедициясы (А. Н. Бернштам) зерттеген, 1949 жылы төменгі (батыс) алаңның шығыс шетінің ортасында қазба жүргізілді. 6—10 ғғ. жататын 3 қабат аршылды. 1969 — 70 жылдары Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (К. А. Ақышев) зерттеп, кішігірім шурф салынды. ...

Толығырақ »

ЕРЛІК ЕСКІРМЕЙДІ

Ерлік ескірмейді. Қазығұрт ауданындағы Шарбұлақ орта мектебінде жеңістің 75 жылдығына арналған шара ұйымдастырылды. «Ешкім де ешқашан ұмытылмайды» деген тақырыпта өткен жиында соғыс ардагері марқұм Боранбай Смайыловтың ерлігі дәріптелді, деп жазады деп жазады  «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі Г.Қалмырзақызының материалына сілтеме жасаған didarbek.kz. Боранбай батыр қан майданға Алматы қалдасынан аттанады. 1941 100 атқыштар бригадасының жауынгері соғыс алаңында ерен ерлігімен көзе түсті. Соғыс басталғаннан, соңына дейін ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: СОТҚА БАРЫП ТАТУЛАСҚАНДАР КӨП

Соңғы уақытта өңірдегі соттарда араздасқан істі татуласу арқылы шешіп жатқандардың саны артқан. Статистикаға сүйенсек, өткен жылы облыста 1516 азаматтық іс сотқа жетіп тұрып ымыра арқылы шешілген. Сондай-ақ, даулы мәселелерді медициялық жолмен шешу мәселесі қылмыстық істерде де кең қолданыла бастағаны байқалады. Соның нәтижесінде соңғы кездері өңірде сотталғандардың саны едәуір азайыпты. Мәселен, 2018 жылы облыста 2093 адам бас бостандығынан айырылған болса, былтыр ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: СУДЬЯЛАР АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫДЫ

Абай Құнанбайұлы тек ұлы ойшыл, ақын, сазгер ғана емес өз заманының мықты бітімгері болған. Егер оның шығармашылығын талдап қарайтын болсақ, Абай өлеңдерінде жұртты ауызбіршілікке, татулыққа үндейді. Осылай деген Түркістан облыстық сотының ұжымы Түркістанда «Ұлы халықтың – Ұлы Абайы» тақырыбында арнайы кездесу ұйымдастырды, деп жазады  «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасына сілтеме жасаған didarbek.kz. Шараға түрлі соттардың төрағалары мен ғалымдар, судьялар мен жастар қатысты. Кездесу кезінде ...

Толығырақ »

ҚАЗЫҒҰРТТА «КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ ШЕБЕРІ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласын жүзеге асыру аясында Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет сарайында Ұлы ақын, ағартушы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлыны 175 жылдық мерейтойына арналған «Көркемсөз оқу шебері» аудандық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: Қазақтың бас ақыны, ұлы дана ойшыл, сазгер ...

Толығырақ »

«БІЗ — ЖЕҢІСТІҢ МҰРАГЕРІМІЗ!» АТТЫ ЕСКЕ АЛУ ЭСТАФЕТАСЫ ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

Бүгін Ленгір қаласының орталық алаңында Жеңістің 75 жылдығына орай «Біз — Жеңістің мұрагеріміз!» атты тағзым эстафетасы жалғасты деп жазады Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Еске алуға жиналғандар орталық саябақта орналасқан Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған «Мәңгілік алау» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Салтанатты жиында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысының орынбасары, полковник Алкешев Ниязтай, ...

Толығырақ »

Арыста əскери патриоттық клубтар арасындағы жарыс өз мәресіне жетті

Бүгін Арыс қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен қалалық мəдениет үйінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл, Кеңес əскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына байланысты ұйымдастырылған «ЖАС САРБАЗ -2020» Арыс қаласы орналасқан əскери патриоттық клубтар арасындағы жарыстың финалы болды, деп жазады Арыс қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Финалға шыққан 5 команда: Ə.Жангельдин, В.Комарова. С.Қожанов, Жиделі жəне Макаренко орта мектерінің əскери ...

Толығырақ »

ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалы жанындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық Кеңестің» кезекті отырысы өтті. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2019 жылдың 21 тамызында өткен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында «Сенім, Диалог, Болашаққа нық қадам — «Nur Otan» партиясының 7 ...

Толығырақ »

ТӨЛЕБИДЕ МАҒЫНАЛЫ ДА МӘНДІ СЕМИНАР ӨТТІ

Төлеби ауданы, Тастұмсық ауылдық округінде «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» атты әжелер семинары болып өтті. Өнегелі игі шара аудандық әжелер алқасының төрайымы Гүлбибі Ешенқұлованың бастауымен Түлкібас кентінде өтіп еді. Енді Тастұмсық ауылдық округінде жалғасын тапты. Тағылымы мол іс-шараны ауылдық әжелер алқасының төрайымы Бибан Жұмағұлова және оның мүшесі Сапаркүл Дулатова ұйымдастырды. Семинар «Ұмай әже» әжелер алқасының жұмысымен таныстырудан басталды. Семинарға ауыл ...

Толығырақ »

АБАЙ МҰРАСЫН НАСИХАТТАҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында ұлы Абайды әлемге насихаттап, Абай мұрасына жаңаша қарау керектігін айтқан еді. Осыған орай, А.Гайдар атындағы жалпы орта мектебінде математика, физика және информатика апталығында «Ғылым таппай мақтанба» тақырыбында конференция өтті. Жорабек Ұлбосын «Қазір білім мен ғылымның заманы, Хакім Абайдың ХХІ ғасырдан айтқан өсиеттерін біз ескеруіміз керек. Абай мұраларынан біздің аларымыз ...

Толығырақ »

ТӨЛЕБИ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫН ӨТКІЗДІ

Бүгін Төлеби  аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының төрағасы, аудан әкімі Тұрашбеков Нұрбол Әбдісаттарұлы қабылдауға алдын-ала жазылған азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдауда бірнеше мәселе қаралды.Оның ішінде атаулы әлеуметтік көмектің биылғы жаңа форматы, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы 530000 теңгелік қайтарымсыз гранты, Келтемашат ауылдық округіне қарасты көшелерді газбен және көшелеріне тас төсеу мәселесі, Састөбе поселкесіндегі христинадар моласына арналған жер көлемін ұлғайту, ...

Толығырақ »

ҰЛЫ АҚЫН АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ САСТӨБЕ КЕНТІНДЕ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

Жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласының жарыө көргені белгілі. Қасым-Жомарт Кемелұлы алғаш айналымға түсіп отырған «парасатты патриотизм» ұғымының басты шартын да осы мақаласында көрсетті. Оны «Біз енді ұлтты Абайша сүюді үйренуіміз керек. Ұлы ақын ұлтын қатты сынаса да, тек бір ғана ойды-қазағын, халқын төрге жетелеуді мақсат тұтты» — деген болатын. Осы орайда, бүгін Түлкібас ауданында ...

Толығырақ »

КЕЛЕСТЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТТАН КЕЛЕСТЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ

«Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы, Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы, Облыстық ұлттық спорт түрлерінен балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің және облыстық «Көкпар» федерациясының ұйымдастыруымен жаңа құрылған Келес ауданында алғаш рет «Ұлы Жеңістің 75 жылдық» мерекесіне арналған 2003-2005 жылғы туылған жасөспірім балғын шабандоздар арасында Көкпардан облыстық чемпионат өтті. Чемпионатта Келес, Жетісай, Сайрам, Ордабасы, Шардара, Сарыағаш және Түлкібас аудандарының командалары бақ ...

Толығырақ »

ЖЕТІСАЙ: ЕРІКТІ ЖАСТАР ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтауды қолдауда. Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаевтың бастамасы негізінде елді мекендердің тазалық жұмыстарының жандануы үшін барлық шараларды жүргізу міндеттелген. Осыған орай Жетісай аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен қаладағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының еріктілері қаланың тазалығына атсалысты. Қаладағы қатты тұрмыстық қалдықтар жиі ...

Толығырақ »

Түркістанда «Yassawi SmartTech» хакатоны өтеді

Түркістан – ғасырлар бойы түркі әлемінің саяси және рухани өмірінің орталығы болған киелі қала. Заманауи Түркістан — бұл экономикалық, әлеуметтік және ұлттық аспектілері көп жағдайда ақпараттық-технологиялық дамуға байланысты, болашаққа қадам жасап, жылдам дамып келе жатқан облыс орталығы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру және ақпараттық саясатының басым бағыттарының бірі цифрландыру болып табылады. Дәл сол себепті Х. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік ...

Толығырақ »

ЕЛ ТІРЕГІ – ЕРІКТІ ЖАСТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 2020 жыл – Волонтер жылы деп жариялаған болатын. Осыған орай Сарыағаш аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ерікті жастарға арналған семинар тренинг өтті. Әлсізге қолұшын созу, жасы үлкен адамға көмектесу, жетім-жесірге қамқор болу – дұрыс қағидаларды ұстанатын кез келген қоғамның ажырамас бөлігі. Ел Президенті қазақтың асар дәстүрі волонтерлықпен үндесетінін, сол себепті ағымдағы жылы қайырымдылық жасауды заманға сай ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1,1 МИЛЛИОН ТҰРҒЫН ГАЗБЕН ҚАМТЫЛҒАН

Түркістан облысында өткен жылдың қорытындысы бойынша 1,1 млн. халық, жалпы өңір тұрғындардың 56,7%-ы табиғи газбен қамтылды. 2020 жылы 25 нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Биыл облыс бойынша 21 нысанның құрылысы аяқталып, 154 мың тұрғын табиғи газбен қамтылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Энергетика жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Игорь Алексеев мәлімдеді, деп жазады Түркістан облысы әкімінің ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАУДА

ҚР Экологиялық кодексінің талаптарын орындау мақсатында өткен жылы Түркістан облысында жалпы 147 тексеру жұмыстары жүргізілді, оның ішінде: жоспардан тыс – 109 тексеру; профилактикалық бақылау және қадағалауды жүргізу тізіміне сәйкес – 37 тексеру жүргізілді. Жалпы Түркістан облысы бойынша экологиялық ахуал жіті қадағаланып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Экология департаментінің басшысы Имангелді Түймебаев мәлімдеді, деп жазады Түркістан облысы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА 2020 ЖЫЛЫ ЖАҢА МӨЛТЕК АУДАН ПАЙДА БОЛАДЫ

2020 жылдың соңына дейін «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Түркістан қаласында 25 тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz хабарлайды. «Түркістан» ӘКК басшылығы мен құрылыс компаниялар өкілдерінің қатысуымен өткен жиында «Сырдария» және «Арман» тұрғын үй кешендерінің құрылысын аяқтау мәселелері талқыланды. Келіссөз барысында құрылыс салушылардың үй құрылысын аяқтау үшін қаржының жетіспеушілік ...

Толығырақ »

ӘДІЛ ІСТІҢ — АРТЫ ИГІ ЕКЕНІН ҰМЫТПАУ КЕРЕК

Бүгін Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаментінің бас маманы Төлегенқызы Гүлмира облыстық Әділет департаменті ұйымдастырған көшпелі семинарда баяндама жасады, деп жазады департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Семинарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің өкілі Г.Мұсабекова, Әділет департаменті басшысының орынбасары Е.Жеңісбеков, Кентау ауданаралық Әділет басқармасының, Халыққа қызмет көрсету орталығының Кентау қалалық филиалының басшылығы мен мамандары, ...

Толығырақ »

«АБАЙ» ОПЕРАСЫ САХНАЛАНДЫ

Облыстық опера және балет театрында Латиф Хамиди мен Ахмет Жұбановтың «Абай» операсы сахналанды, деп жазады  «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі П.Ортайдың материалына сілтеме жасаған didarbek.kz. Ауқымы кең спектакль ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойының құрметіне арналып отыр. Операда Абайдың өмір сүрген заманы мен ондағы қоғамдық көрініс, әлеуметтің тұрмысы, бай мен кедейдің арасындағы таптық бөлініс шебер сомдалады. Сонымен қатар, шығармада жақсылық пен зұлымдық, яғни, ...

Толығырақ »

Полицейлер алаяқтық жолмен бірнеше тұрғынның ақшасын жымқырған күдіктіні құрықтады

Келес аудандық полиция бөліміне бірнеше жергілікті тұрғындар арызданып келеді. Олар өз арыздарында жұмысқа орналастырып беремін деп уәде берген ер азаматқа сенім білдіріп, сұраған ақшасын күмәнсіз қолма-қол тапсырғандарын жазады. Осылайша полицейлер арыздарды СДТБТ-ға тіркеуге алып, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша іс қозғайды. Қылмыстық іспен Келес аудандық полиция бөлімінің тәжірибелі қызметкерлері айналысады. Жәбірленушілерге 2 миллионнан астам шығын келген. Күдікті көп ұзамай ...

Толығырақ »

Арыс ауданында тәртіп сақшылары бір центнер балықты заңсыз аулаған браконьерді құрықтады

Арыс ауданының табиғатты қорғау полицейлері «Охотзоопром» қызметкерлерімен бірлесіп, рейдтік іс-шаралар барысында Көксарай су қоймасында заңсыз балық аулаған браконьерді ұстады. Бүл туралы Түркістан облыстық Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz хабарлайды. Полиция қызметкерлерінің анықтауынша, Қызылорда қаласының тұрғыны резеңке қайық пен «Қытай торы» арқылы заңсыз балық аулаумен айналысқан. Күдіктіден 90 келіден астам балық, қайық және балық аулау құралдары тәркіленді. Аталған жайт ҚР ...

Толығырақ »

ОТЫРАРДА БІРЛЕСКЕН МӘЖІЛІС ӨТТІ

«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық Кеңесі мен партиялық бақылау комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігіне қарасты аумақтық органдар, Қазығұрт аудандық полиция бөлімі мен ауданның төтенше жағдайлар бөлімі басшыларының есептері тыңдалды, деп жазады «Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалына сілтеме жасаған didarbek.kz. Ауылды жерлердегі халықтың негізгі күн көрісі мал шаруашылығы ...

Толығырақ »

«ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ АБАЙ» КӨРМЕСІ

Биыл еліміз бойынша Абай Құнанбайұлының 175 жылдық және Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы кеңінен аталып өтуде.  Аталған шаралардың жоғары маз­мұндық деңгейде өткізілуі елдігімізді, егемендігімізді айшықтайтыны анық. Осы орайда, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» қызметкерлері ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын негізге ала отырып «Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты» ...

Толығырақ »