Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ (страница 420)

Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ

«KAZAKH INVEST» ӨКІЛДІГІ – ШЫМКЕНТТЕ!

Оңтүстік Қазақстан облысында елге шетелдік инвестициялар тарту және осы бағыттағы жұмысты ұйымдастыру мақсатында “KAZAKH INVEST” Ұлттық компаниясы” АҚ өңірлік өкілдігінің жұмыс істей бастағанына бір жылға жуықтады. Өткен жылдың маусымында Шымкент шаһарында ашылған өкілдік Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан шетелдік компаниялардың басшыларымен, сондай-ақ аймақта өндірісін бастауға ниетті әлеуетті инвесторларға қажетті қолдау көрсету мақсатында бірқатар кездесулер өткізді. Қазіргі таңда да бірқатар шетел компанияларымен ...

Толығырақ »

ОҚО-ДА «ТЕАТР КӨКТЕМІ-2018» ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Ағымдағы жылдың 18-20 сәуір аралығында облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында сахна саңлағы, режиссер, актер Х.Шаженовтың 110 жылдығы және ҚР Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Райымбек Сейтметовтің 80 жылдығына арналған «Театр көктемі – 2018» облыстық театр фестивалі өтті. Аталған фестивальге Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Өнертану» факультетінің деканы, Өнертану ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ИНВЕСТОРЛАРДЫ ШАҚЫРАДЫ!

Еліміздің Оңтүстігінде орналасқан шуақты шаһар Шымкентіміз инвесторлар үшін ең тиімді қала десек, қателесе қоймаймыз. Өйткені, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына инвестиция құйған кәсіпкерлер еш ұтылмайтыны айдан анық белгілі болып тұр. Неге дейсіздер ғой? Бұның онан астам себебі бар: Үшінші мегаполис атанып келе жатқан Шымкенттің бүгінгі таңда бір миллионға жуық тұрғыны бар. Шымкент орталығы болып табылатын Оңтүстік Қазақстан облысында 3 миллион тұрғын тұрады. ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕГІ «АШЫҚ АСПАН» – АДАМЗАТҚА ҒАШЫҚ АСПАН!

Биыл Шымкентте Наурыз мейрамын атап өту бағдарламасы ерекше іс-шарамен есте қалды. Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған «Ashyq Aspan»халықаралық әуе шарлары фестиваліне Қазақстан, Ресей, Украина, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан және т.б. елдердің үздік әуеде бағыттаушы мамандары жиналды. Қалалық әкімдіктің ұйытқы болуымен өткен алғашқы іс-шара елімізде бұрын-соңды ұйымдастырылмаған. Әуе шарлары фестивалінің бастамасы ретінде есте қалған мұндай халықаралық жарқын іс-шара әлемнің АҚШ, Түркия, Ұлыбритания мен ...

Толығырақ »

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРА

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен іске асқан «Зорлық-зомбылықсыз Оңтүстік» акциясы аясында Мақтарал ауданының бірқатар білім ұяларында мектеп қабырғасындағы балаларға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмай, халықаралық және ұлттық заңнама негіздері туралы ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргзілді. Тұрғындардың күнделікті тұрмысында зорлық-зомбылық оқиғаларын болдырмау және оның алдын алу негізінде Б.Момышұлы атындағы мектеп- гимназиясында өткен жиынға аудан әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков, аудандық білім бөлімінің басшысы ...

Толығырақ »

АҚҚОЙЛЫҒА АҚ САПАР

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Оңтүстік Қазақстан облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Ордабасы ауданына табан тіреген «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» облыстық өнер фестивалі Аққойлы мешіт-мұражайында оның терең тарихымен танысумен жалғасты. Халқымыздың салт-дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігінен кеңінен сыр шертетін мұражайдың кейінгі ұрпаққа берері көп. Әрбір көнеден қалған ...

Толығырақ »

ШАБАНДОЗДАРҒА ДА ШАПАЛАҚ ҰРЫП ҚАЙТТЫҚ 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Оңтүстік Қазақстан облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Ордабасы ауданына табан тіреген «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» облыстық өнер фестивалі аудандық орталық ипподромда жалғасты.  Онда елге есімі белгілі шабандоз ақсақал Салыбек Сағынбекұлын еске алуға арналған аударыспақ, көкпар сынды ұлттық ат спорт ...

Толығырақ »

ОРДАБАСЫДА ФЕСТИВАЛЬДІҢ ОТЫ ЖАНДЫ

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Оңтүстік Қазақстан облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» облыстық өнер фестивалі Ордабасы ауданында жалғасын тапты. Фестиваль үш бидің басын қосқан Ордабасы тауындағы «Бірлік» монументіндегі салтанатты шарадан бастау алды.   ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ордабасы – ел жүрегі, ...

Толығырақ »

Түркістанда «Жауқазын» қалалық өнер фестивалі өткізілді

Мемлекет басшысының «Болашақ бағдар: Ррухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру, Астана қаласының 20 жылдығына орай мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «ЖАУҚАЗЫН» қалалық өнер фестивалі мен қылқалам шеберлерінің көрмесі дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келеді. ҚР «Мәдениет қайраткері»,Түркістан қалалық мәдениет үйінің директоры Шәмет Лиза Төлегенқызының басшылығымен ұйымдастырлыған фестивальге қала мен ауылдардан келген өнерпаздарымыз өнерлерін ортаға салып, өз мәресіне жетіп, талантты ...

Толығырақ »

БИЫЛ ОҢТҮСТІКТЕН СОЛТҮСТІККЕ 665 ОТБАСЫНЫ КӨШІРУ ЖОСПАРЛАНҒАН

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласы мен Сайрам ауданында ішкі көші-қон және қоныстандыру мәселесіне байланысты жәрмеңке өткізілді. Онда өзге өңірлерден келген делегаттар бос жұмыс орындарын ұсынып, оңтүстікқазақстандықтарды еліміздің солтүстік аймақтарына қоныс аударуға шақырды. Ондағы мақсат – Елбасының тапсырмасына сәйкес еліміздегі ішкі көші-қон процестерін реттеу және еңбек ресурстарының теңгерімділігін арттыру, халықты біркелкі жайғастыру, еңбек күші мол аймақтан, еңбек күші жетіспейтін ...

Толығырақ »

ОҚО-ДА 130 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖЕР ТЕЛІМІНЕ СӘЙКЕСТЕНДІРУ ҚҰЖАТЫ БЕРІЛГЕН

Оңтүстік Қазақстан облысында Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті тарапынан 2016-2017 жылдары жалпы 300 мыңға тарта қызмет көрсетілсе, оның ішінде 195 374-і мемлекеттік қызмет түрі. Жер теліміне сәйкестендіру құжатын дайындау бойынша — 126008, ал жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық төлқұжат дайындауда 56 мыңға жуық қызмет көрсетілген. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жер кадастры және жылжымайтын ...

Толығырақ »

ЖЕРҰЙЫҚ ІЗДЕСЕҢ, ШЫМКЕНТКЕ КЕЛ! – 03

Жалпы, Оңтүстік туризмі Шымкенттен басталады. Қала Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы болғандықтан, аумақтың түкпір-түкпіріне апаратын барлық туристік бағыттар шаһардан бастау алады. Қалада мамандандырылған 20 арнайы фирмалар мен мекемелер туристік қызмет көрсетумен айналысады. Туристік бағыттар тарихи орындар мен экзотикалық аудандарға барып, аң-құс, балық аулау, тау туризмі және мәдени-архитектуралық ескерткіштерді таныстыру секілді салаларды қамтиды. Шымкентке жақын аймақта орналасқан, табиғаты ғажайып Ақмешіт, Біркөлік ...

Толығырақ »

ЖЕРҰЙЫҚ ІЗДЕСЕҢ, ШЫМКЕНТКЕ КЕЛ! – 02

  Шымкентте Қазақстандағы ең үлкен әрі теңдесі жоқ дендросаябақ бар. 1979 жылы іргесі қаланған саябақта бүгінде 600-ге жуық өсімдік түрі өседі және шағын көлінде аққу, қаздар жүзіп жүреді. Туристерді бұдан кейін зообақ күтеді. Онда мыңдаған аң-құс тіршілік етеді. Қала аумағында саяхат жасап жүрген меймандар бір сәтке жаңа «Жайлаукөл» демалыс саябағына аялдай алады. Осында орналасқан Орталық Азиядағы ең биік «Altyn eye» ...

Толығырақ »

ЖЕРҰЙЫҚ ІЗДЕСЕҢ, ШЫМКЕНТКЕ КЕЛ! – 01

Туризм әлемдік экономиканың ажырамас бөлігіне айналғаны қашан. Дүниежүзілік туристік ұйымның мәліметіне сүйенсек, қазіргі әлемдік туризм өнеркәсібінен түскен табыс мұнай экспорты мен мұнай өнімдері және автокөлік табысынан кейінгі 3-орында тұр екен. Бұл саланы дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын көптеп ашып, ұлттық табысын молайтып отырған елдер көп. Осы орайда елімізде, оның ішінде Оңтүстікте де қарқынды дамып отыр деп айта алмаймыз. Десек те, ...

Толығырақ »

ДЕНДРОСАЯБАҚ ТУРИСТЕРДІ ШАҚЫРАДЫ!

Дендросаябақта 4-5 жылдан бері тоқтап тұрған жылқымен серуендеу қызметі өз жұмысын қайта бастады. Әзірге мұнда 3 жылқы бар. Алдағы уақытта Қамбар ата төлінің саны тағы бірнеше есеге артады деп күтілуде. Көктем келіп, күн жылынғалы дендросаябақта адам қарасы көбейе түсті. Таза ауамен тыныстауға, той алдындағы қыдыруға, аққуларды көруге, велосипед тебуге, жаттығу жасауға онсыз да осында келетін жұрт енді атпен серуендеуге арнайы ...

Толығырақ »

ОҚО МЕН ҚЫЗЫЛ ТЕҢІЗ ПРОВИНЦИЯСЫ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСТІ

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Т.Сәрсембаев Египеттің Қызыл теңіз провинциясының губернаторы Ахмед Абдалламен, Оңтүстік Синай провинциясының губернаторы Халед Фодамен және  Мысыр Араб Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Хайсам  Ибраһим мырзалармен кездесті. Әңгіме барысында тараптар Қазақстан-Египет арасындағы қарым-қатынастың қарқынды әрі көп қырлы бағытта дамып отырғандығын атап өтті. Осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі дамыту мақсатында және достастық пен бауырластық байланысты ...

Толығырақ »

ОҚО-ДА БАҚШАЛЫҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ ӨНІМІ ЖИНАЛУДА

Оңтүстік Қазақстан облысында алғашқы көктемгі егістік өнімі жиналуда. Көктемгі дала жұмыстарына ерте қамданатын Сарыағаш пен Мақтарал ауданының шаруалары ерте егілген қырыққабат өнімдерін жинай бастады. Бүгінде Мақтаарал ауданының Атамекен ауылдық округінің диқандары алғаш өнім берген қырыққабат дақылының 20 тоннасын Атырау қаласына жіберсе, сарыағаштық шаруалар бұл өнімнің 15 тоннадан астамын жинап, Алматы қаласы мен Солтүстік аймақтарға жөнелтуде. Ақпанның басында егіліп, бүгінде өнімін беріп ...

Толығырақ »

Шымкентте білім ұйымдарының халықаралық көрмесі өтті

Шымкентте «Bilim Álemi / Education World — 2018» халықаралық көрмесі өтуде. Алғаш рет ұйымдастырылған іс-шараға 30-дан астам халықаралық және қазақстандық жоғарғы оқу орындары мен агенттіктер қатысып отыр.  Олар мектеп түлектеріне мамандық пен оқу орнын таңдауда, екінші жоғарғы білім алу мүмкіндіктері мен кәсіби деңгейді көтеру туралы кеңес берді. Білім және ғылым министрлігі және облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған көрмеге аймақ басшысы Ж.Түймебаев бастаған зиялы қауым ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ – ТУРИЗМ АСТАНАСЫ?!

Несі бар, туризм астанасына айналатындай шырайлы Шымқаламыздың толық мүмкіндігі жетерлік. Осындағы әлеуметтік нысандар мен демалыс орындары, қасиетті орындар мен киелі мекендер, әулиелі жерлер мен көненің көзіндей болып қалған тарихи құнды жәдігерлер – миллиондаған саяхатшылардың назарын күншуақта орын тепкен үшінші мегаполиске еріксіз аударуда. Шымкент қалалық кәсіпкерлік бөлімінің туризм секторы Шымшаһарымызда туризмді дамытуға арналған көптеген игі шараларды ұйымдастыруы да жайдан жай емес шығар. «Шымкентте туризмді дамыту үшін ...

Толығырақ »

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ «INVEST DAY» ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ

«ОҢТҮСТІК» Аймақтық Инвестициялық Орталығы және Geneva Business School халықаралық мектебі бірлесе отырып, Шымкент қаласында «Invest Day» шеберлік сағатын өткізді,-деп жазады «ОҢТҮСТІК» АИО баспасөз қызметі. Шара барысында өсу мен даму үшін инвестициялық мүмкіндіктер ашқысы келетін ірі кәсіпорын иелері мен басшыларына инвестицияларды тарту процесі, инвестициялық қажеттілікті есептеу, инвесторлардың жобаларға қойылатын талаптары сияқты өзекті тақырыптар кеңінен түсіндірілді. Шеберлік сағатының негізгі спикерлері  ОҚО-дағы бизнесті ...

Толығырақ »

«ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ 100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық бірыңғай күні аясында облысымызда «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын талқылуға арналған жиын өтті.  «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында өткен басқосуға облыстық ассамблея кеңесінің мүшелері, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, ассамблея жанындағы Қоғамдық келісім кеңесі мен «Достық» клубтарының мүшелері қатысты.  Іс-шарада Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Үсен Асқаров «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы ...

Толығырақ »

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ СЕБЕПТЕРІН АЗАЙТУ

Ы.Тұрсынзада, А.Бердалин, Ә.Көмекбаев және А.Тастеміров өткізген брифинг барысында Республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшесі Оңтүстік өңіріне жасаған екікүндік сапарындағы ойларымен бөлісті. Департамент басшысы Әли Амантайұлы облысымызда құрылған арнайы мониторингтік тобының жұмысына тоқталып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасы туралы сөз қозғаса, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ОҚО бойынша департамент басшысының орынбасары Айдар Нұрманұлы облысымызда сыбайлас ...

Толығырақ »

МАРАПАТ… МЕКТЕП… МӘРТЕБЕ…

Шымкент қалалық Тілдерді оқыту орталығының орта мектеп оқушылары арасында өткізген «Ана тілі және отбасы» байқауы мәресіне жетті. Байқаудың қазылар алқасы өз күшін сынаған 25 мектеп арасынан «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды» шығарып, оларға арнайы алғыс хат пен бағалы сыйлықтарды табыс етті. Байқау қорытындысы бойынша Зоя Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі Бас бәйгені қанжығасына байласа, бірінші орынды №20-мектептің үлесіне тиді. Ал, екінші орынды ...

Толығырақ »

ТӨЛЕБИДІҢ ТИЯНАҚТЫ ТІРЛІКТЕРІ

Өткен жыл қорытындысы мен алда атқарылатын жұмыстар туралы Орталық коммуникациялар қызметіне келіп, журналистер алдында толық мәлімет беру кезегі Төлеби ауданына да жетті. Аудан әкімі Бұхарбай Парманов жарты сағат ішінде алдындағы қағаздарына көзінің қиығын да салмастан, аудан тіршілігінен жан-жақты хабардар етті. Газдандыру, ауызсу, туризм, білім, экономика, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, тағысын-тағы. «Аудандағы жалпы ауыл шаруашылық саласының өнім көлемі өткен жылы ...

Толығырақ »

ЗАҢСЫЗ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНА ҚАРСЫ РЕЙД

Облыс әкімі Ж.Түймебаевтың өңірдегі заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою тапсырмасына сәйкес, Отырар ауданында арнайы рейдтік шаралар ұйымдастырылды. Жұмысшы топқа облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, ОҚО мемлекеттік кірістер департаментінің, облыстық көліктік бақылау инспекциясының мамандары мен аудандық кірістер басқармасы, жер қатынастары бөлімінің қызметкерлері және облыстық жергілікті полиция қызметі тарапынан арнайы 2 экипаж қатысты. Арнайы шараның нәтижесінде анықталған заңсыз жолаушылар тасымалымен ...

Толығырақ »