Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент (страница 40)

Шымкент

ШЫМКЕНТ: ЕКІ ЖЫЛДА 9000 ТҮП КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Көктем – күллі табиғаттың ұйқысынан оянып, жаңарып түлейтін, Жер ана бусанып, көк шығатын ерекше мезгіл. Тіршілік атаулыға жан бітіріп, жаңа өмірдің бастауы іспетті осы бір сәтті ерекше күтетін халық күннің көзі көрінісімен-ақ шаруашылық жұмыстарын бастап кетеді. Бірі жерін баптап, егін сепсе, енді бірі көшет егіп, тазалық жұмыстарына кіріседі. Шырайлы қаланы көгалдандыру, таза қалаға айналдыру – басты назарында. Туған қаланы және ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ 57 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Шымкент қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту” орталығында әлеуметтік салада атқарылған жұмыс бойынша арнайы баспасөз туры өтті. Халықтың әл-ауқатының жақсаруы — жұмыспен қамту мәселесіне тікелей байланысты. Бұл бағытта орталықта 2023 жылы 57 181 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Оның 30 500-ін «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында жұмыспен қамту көзделген. Сондай-ақ, 57 181 азаматтың 42 714-і тұрақты, ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ТУРИСТЕРДІ ТАРТУДА ЖАҢА БАСТАМАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНУДА

Шымкентте биыл екінші рет «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен ақпараттық-турлар ұйымдастырылады. Іс-шараға қазақстандық және шетелдік туризм индустриясының өкілдерін тарту жоспарланған. Инфотурлардың негізгі мақсаты – БАҚ өкілдері мен блогерлер, шет елдік қонақтардың көмегімен қаламызды кеңінен насихаттау. «Visit Shymkent» өкілдері мұндай турлар Шымкентке жаңа туристерді тарту, қаланың туристік имиджін арттыру, шетелдік туркомпаниялармен шарт жасасуға мүмкіндік беретінін айтады. Ал 2022 жылы өткен ...

Толығырақ »

ТІЛ ТҰҒЫРЫ ӘРҚАШАН БИІК

Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты әрбір құрылым Қазақстан Республикасы «Тіл туралы» Заңы талаптарының сақталуын бақылап, мемлекеттік тілді дамыту мақсатында түрлі іс-шараларды жүзеге асырып келеді. Шымкент қаласы аумағында сыртқы көрнекі жарнама мен кәсіпкерлік нысандардың маңдайшасындағы мәтіндерін заң талаптарына сәйкес ретке келтіру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жыл жоспарына сәйкес, түсіндіру жұмыстары Абай ауданының Темірлан тас жолы мен Жиделбайсын көшелерінде орналасқан кәсіпкерлік нысан иелерімен ...

Толығырақ »

МЕМОРАНДУМ МЕГАПОЛИС МЕДИЦИНАСЫН ДАМЫТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕДІ

ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының Шымкент қаласындағы күндері қортындыланды. ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен Орталық клиникалық ауруханасының 25 жетекші маманы 4 күн ішінде 157 науқасқа кеңес беріп, қала ауруханаларында 16 күрделі операцияға қатысты. Қорытынды жиында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының медицинадағы мүмкіндіктеріне тоқталды. — Шымкентте тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдік берілген көлемі шеңберінде 45 емхана халыққа қызмет ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: «ЛАДУШКИ» КОНДИТЕРЛІК ЦЕХЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек пен «Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы» басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов өңірдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі — «Ладушки» кондитерлік және аспаздық цехының ұжымымен кездесті. «Ладушки» — бұл Шымкент қаласында 2001 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан аспаздық-кондитерлік дүкендер мен кафетерийлер желісі. «Ладушки» ассортиментінде 1500 мыңнан астам түрлі кондитерлік және аспаздық ...

Толығырақ »

Шымкент медицинасының мүмкіндігі мол

ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Шымкентке арнайы келді. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков делегацияға мегаполис ауруханаларының мүмкіндігін таныстырды. Алексей Цой бастаған делегация қалалық №1 клиникалық аурухананы аралады. Аурухананың бас дәрігері Абылай Донбай аурухананың қабылдау бөлімі, консультациялық-диагностикалық бөлімше және операциялық блоктың жұмысымен таныстырды. ҚР ПІБ медициналық орталығының басшысы ...

Толығырақ »

ИНДУСТРИЯЛДЫ АЙМАҚТАРДА 22 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Осыдан бес жыл бұрын, яғни, 2018 жылы Шымкент халқының саны 1 млн адамға жеткен кезде, қалалық мәслихат пен белсенділер оған республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру керек деген ұсыныс айтқан еді. Көп ұзамай, Қазақстанда үшінші мегаполис, яғни, Шымкент қаласы облыстан бөлініп, республикалық қала мәртебесіне ие болды. Содан бері қаланы дамытуға 170 миллиард теңге қаржы бөлінген. Оған қоса 1,5 триллион теңгеден ...

Толығырақ »

АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ТІРКЕЛУІ 43 ПАЙЫЗҒА АЗАЙДЫ

Шымкент қаласы прокуратурасы жергілікті құқық қорғау мен уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесе «Алаяқтықтың заманауи түрлерінің алдын алу» жобасын іске асыруда. Шымкент қаласы Прокуратурасының Қылмыстық қудалау басқармасының басшысы Жандос Досанов баспасөз брифингінде жаңа пилоттық жобаның іске асу барысынан хабардар етті. Шаhарда алаяқтық қылмыстарымен күрес шараларының нәтижесінде жыл басынан бері қылмыстардың тіркелу көрсеткіші 43 % төмендеген. Оның ішінде интернет-алаяқтығы 73 %-ға азайды. Жыл ...

Толығырақ »

ЖАСТАРДЫҢ ЕРТЕҢІ БҮГІНГІ ОРТАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ

Шымкент қаласында жастар арасындағы девиантты мінез-құлықтың алдын алу мақсатында «Өмірім — болашағымның ертеңі» атты жиын өтті. Оған қаладағы барлық мектептен келген 7-11 сынып оқушылары қатысып, мамандардың кеңесін тыңдады. Жастар ресурстық орталығы бұған дейін де жастар арасындағы суицид, темекіге құмарлық, ойынқұмарлық пен нашақорлықтың алдын алу мақсатында түрлі кездесулер өткізіп келген. Бүгінгі жиында Шымкент қаласы Тұран аудандық полициясының майоры Раушан Кертаева, психолог, ...

Толығырақ »

БИЫЛ ЕКІ КАНАЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

Шымкент қаласы бойынша 34 канал бар. Оның ішінде 27 канал ауыл шаруашылығы мақсатында, 7-еуі қаланың ішіндегі ирригациялық мақсатта пайдаланылады. Өткен жылы егістік жерлерді суару каналдарының су өткізу қабілетін жақсартуда мемлекеттік-жекешелік əріптестік аясында жалпы ұзындығы 197 шақырымды құрайтын 24 каналға, атап айтқанда, «Мешіт», «Темір», «Қызыл су», «Чинат-2», «Бозарық», «Құрала»с, «Улух», «Улух-«2, «Чумчак», «Шымкент», «Янгибай», «Текесу», «Көкбұлақ», «Қызыл сеңгі»р, «Гүлдіреуін-1», «Гүлдіреуін-2», «Гүлдіреуін-3», ...

Толығырақ »

МЕГАПОЛИС МЕДИЦИНАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

Шымкентте денсаулық сақтау саласына ерекше назар аударылып отыр. Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Асылбеков биыл мегаполис медицинасын дамыту үшін ауруханаларды ауыр медициналық жабдықтармен қамтамасыз етіп, дәрігерлердің біліктілігін шыңдай түсеміз деген-ді. Ал, мұның барлығы қала тұрғындарын қолжетімді әрі сапалы медициналық қызметпен қамту мақсатында атқарылып отырған жұмыс. Айтылған сөздің іс-жүзінде орындалуы да көңілге сенім ұялатады. Оған 21-24 ақпан аралығында Шымкентте өткен ...

Толығырақ »

КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ БАСҚАРУ ТЕТІГІН ЖАҚСАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласында 2 236 көпқабатты тұрғын үй болса, оның ішінде 1 823 үйге жаңа басқару жүйесіне көшкен. Реформаны Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «EASY project» бағдарламасы арқылы іске асуда. Қазіргі таңда кондоминиум объектілерін басқару нысандарын таңдау бойынша жергілікті органдармен атқарылған жұмыстар туралы тиісті мәліметтер аталған бағдарламаға енгізілуде. Көпқабатты тұрғын үйлерді басқару жөніндегі тетігін жақсарту мақсатында заң жобасы әзірленіп ...

Толығырақ »

«ЦИФРЛЫҚ ЖОЛАЙРЫҚ: ҚАЗАҚСТАН ГАЗЕТТЕРІНІҢ БҮГІНІ МЕН ЕРТЕҢІ» КІТАБЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы кітапханада белгілі журналист Төлен Тілеубайдың «Цифрлық жолайрық: Қазақстан газеттерінің бүгіні мен ертеңі» атты жаңа кітабының таныстырылымы өтті. «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі және Әл-Фараби кітапханасының қолдауымен өткен басқосуға өңірдегі зиялы қауым өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен шәкірттері, оқырмандар, БАҚ өкілдері қатысты. 1000 тиражбен шыққан туынды журналистика, PR мамандықтары бойынша оқитын студенттерге, магистранттарға, докторанттарға, жоғары оқу ...

Толығырақ »

«ПИОНЕР» ҰН ӨНДІРУ КОМБИНАТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Шымкент қаласында 20 жылдан астам уақыт астық өндеумен айналысып келген кәсіпорындардың бірі «ПИОНЕР» ұн өндіру комбинатының қызметкерлеріне еңбек қауіпсіздігін сақтау, еңбек жағдайлары және еңбекті қорғауға байланысты семинар-тренинг өтті. «ПИОНЕР» компаниялар тобы-Қазақстандағы ірі көпсалалы бизнес құрылым. Шымкент қаласындағы филиалы «Pioneer Grain Products» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бүгінде 215 адам жұмыс жасайды. Диірмен зауытында жоғарғы, бірінші, екінші сортты ұндар өндіріледі. Комбинаттың жалпы өндірістік ...

Толығырақ »

Фармацевтикалық өнімдердің 35%-дан астамы Шымкентте өндіріледі

Фармацевтикалық өнімдердің 35 пайыздан астамы Шымкентте өндіріледі, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Шағын және орта кәсіпкерлік — кез-келген ел экономикасының негізгі күретамыры. Ел ішінде кәсіпкерлер көбейгенде, жұмыссыздар саны қысқарып, қазынаға түсетін салық көбейеді. Сонымен қатар, шел елдерден тауар әкелу азайып, керісінше, экспорт көлемі артады. Бұл өз кезегінде елдің экономикасының қарқында түрде дамуына зор ықпалын тигізеді. Былтырғы жылы Шымкенттің фармацевтикалық кәсіпорындары ...

Толығырақ »

КЕЗЕКТІ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ «ГАУҺАР» ТІГІН ФАБРИКАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ӨТТІ

Елімізде жеңіл өнеркәсіптің өрісін кеңейтіп, заманауи үлгідегі сапалы өнімдерін нарыққа шығарушы «Гауһар» тігін фабрикасының қызметкерлеріне «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Жарқынбек Құрманбек пен «Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы» басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов семинар тренинг өткізді. «Гауһар» тігін фабрикасы бүгінгі таңда өңіріміздегі тігін өндірісінен 20 жылдық тарихы бар алдыңғы қатардағы кәсіпорындарының бірі. Фабрикада 250 қыз-келіншек тұрақты жұмыспен ...

Толығырақ »

«БЕЛГІЛЕНГЕН МЕЖЕ» ЧЕЛЛЕНДЖІ — ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫ

Еліміздің оңтүстік өңірінде кәсіподақтар 1934 жылдан бері жұмыс жасайды. «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі осы кезең аралығында еңбеккерлердің құқықтары мен еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, лайықты еңбекақы мен әлеуметтік кепілдіктер алуын қамтамасыз ету мен кәсіподақтардың қоғамдағы рөлін нығайту жолында қызмет етіп келеді. Қазіргі уақытта орталық құрамында 56 мыңға жуық кәсіподақ мүшесі бар, 300-ден аса бастауыш ұйымын қамтыған 8 салалық кәсіподақ ...

Толығырақ »

«ШЫМКЕНТ РЕМ СЕРВИС» ЖШС-ГІ ҰЖЫМЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Шымкент Рем Сервис» жауапкершігі шектеулі серіктестігінің ұжымына еңбек қауіпсіздігін сақтау, еңбек жағдайлары және еңбекті қорғауға байланысты семинар-тренинг өткізілді. Семинарға «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек пен «Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы» басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов қатысты. Жиын барысында өндірістік жарақаттанудан, кәсіби аурушаңдықтан сақтану, өндіріс орнында тәуекелдерді азайту және қауіптерді жою үшін қауіпсіз жұмыс ортасын қамтамасыз ...

Толығырақ »

«Қауіпсіз еңбек жылында» ұжымдық шарттар саны арта түсуде

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының «2023 жыл — Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына байланысты, «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінде басқарманың басшысы Әбунасыр Шарифуллаұлы Жанбатыровтың басшылығымен қаңтар айында өткізілген жиналыста еңбек қатынастары туралы мәселелер қаралып, оның ішінде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі мен «Кәсіптік одақтар туралы» заңынан түсініктемелер беріліп, қызметкерлердің құқын қорғау мақсатында мекемеден бастауыш кәсіподақ ұйымын ашу қажеттілігі ...

Толығырақ »

Биыл Шымкентте 300-ге жуық жасқа жеңілдетілген несие беріледі

Жастарды жұмыспен қамту тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап қоғамның күн тәртібінен түспей келе жатқан өзекті мәселелердің бірі. Жалпы, жұмыссыз жүргендер жастардың қатарында орта арнаулы немесе жоғары оқу орындарын оқымаған, мамандығы жоқ жастар ғана емес, олардың арасында қос-қос дипломы барлар да аз болмай тұр. Осы бағытта Шымкент қаласында бірқатар жұмыстар қолға алынып отыр. Биыл қалада 261 жасқа кәсіп бастау үшін жеңілдетілген несие ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖАЙЛЫ «ЮНИКС» ЖШС-Ң ҰЖЫМЫНА ТҮСІНДІРІЛДІ

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек пен «Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы» басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов «ЮНИКС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымымен кездесті. Ауыз су шығаратын кәсіпорында 365 адам жұмыс істейді. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселесі жұмыс орнында физикалық, психикалық және әлеуметтік қауіпсіздік пен денсаулықтың барлық аспектілерін қозғайды. Кәсіпорындардағы жұмыс ортасында жұмысшылардың денсаулығына қауіп төндіретін ...

Толығырақ »

ЖАЙЛАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН КӨРМЕГЕ 1000-НАН АСА ҚҰС ҰЯСЫ ҚОЙЫЛДЫ

15 наурыз – Жайлау күні. Бұл күні шымкенттіктер табиғатқа қамқорлық көрсетіп, түрлі іс-шаралар ұйымдастырады. Мереке Шымкентте Арбат алаңында басталды. Демалыс алаңында Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы және қалалық білім басқармасының ұйымдастыруымен көрме ұйымдастырылды. Көрмеге шымкенттік оқушылар жасаған құс ұялары қойылды. Ұйымдастырушылар игі бастама ертең дендросаябақта жалғасады деп атап өтті. Талантты жас шеберлердің қолынан шыққан құс ұяларын ертең еріктілер тобы дендросаябаққа орналастырады. ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: МЕРЕКЕ ЭТНОАУЫЛДА ЖАЛҒАСТЫ

Бүгін шымкенттіктер көрісу күні мерекесін кеңінен атап өтіп жатыр. Таңертең Астана алаңынан бастау алған мереке Shymqala этноауылында жалғасын тапты. Игі шарада қалалық мәдениет мекемелерінің қызметкерлері мен білім басқармасының мамандары көрісу амалдарын жасап, қала тұрғындарына ынтымақ пен берекенің, татулық пен тағылымның көрінісін көрсетті. Бір жас қосуымен құттықтап, жақсы тілегін айтты. –Бүгін мәдениет қызметкерлері қаланың адам көп шоғырланатын орындарында көрісу мерекесін ұйымдастырып, ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: КӨРІСУ КҮНІ ҚАЛАНЫҢ КӨРІКТІ ЖЕРЛЕРІНДЕ ТОЙЛАНДЫ

14 наурыз – Көрісу күні мерекесі. Шымкентте мереке «Астана» алаңынан басталды. Онда қыстан шыққан жұртшылық бір-бірімен аман-саулық сұрасып, төс қағыстырды. Шымкентте амал мерекесі жалғасып жатыр. Ұмытылып кеткен бұл дәстүрді бүгінде қала жұртшылығы қайта жаңғыртып отыр. Қаланың айшықты жері Абай саябағында да Шымкент-Цирк, Абай атындағы қалалық орталық кітапхана, Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі мекемелері көрісіп, әннен шашу шашып, дәмнен ауыз ...

Толығырақ »