Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2018 » Май

Месячные архивы: Май 2018

Рухани жаңғыру аясындағы ғылыми-практикалық семинар

Шымкент қаласындағы №89 «Шамшырақ» бөбекжай-балабақшасында Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласы аясында «ӨРЛЕУ» БАҰО»-ның ұйымдастыруымен республикалық ғылыми-практикалық семинар өтті. Жалпы, семинарда ұлттық дәстүрді ұлықтап, жаңа технологиялармен ұштастырып, оқу-тәрбие жұмысын түрлі әдістермен жүргізу жолдары айшықталды. Сонымен қатар, ата-аналарға кеңес беру жұмыстарын көрсетіп және «Отаным-тағдырым» тақырыбында қойылған тарихи-музыкалық бағдарламаны семинар қонақтары ерекше ықыласпен тамашалады. «Рухани жаңғыру» – мемлекеттік барлық салаларының ...

Толығырақ »

БЕРІК БЕКЖАНОВТЫҢ БРИФИНГІ

Оңтүстік Қазақстан облысында 221752 адам – 2161 бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшесі. Бүгінгі таңда 2 миллионнан астам мүшесі бар 18 салалық кәсіпқой одақтар біріккен Қазақстанның кәсіподақтар Федерациясы республикада ең саны көп ұйым болып саналады. 1 маусымнан қыркүйек айына дейін ОҚО кәсіподағының оқыту орталығында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында бірінші бағыт бойынша екі жүзге жуық ...

Толығырақ »

Мақтаралдың еңбекқор диқандары

Мақтарал ауданының еңбекқор диқандары қауын-қарбызбен қатар көкөніс өнімдерін де Ресей елінің нарығына шығара бастады. Қазіргі таңда ауданда ерте егілген 350 гектар көкөніс дақылдары пісіп жетіліп, егістік алқаптарында терім жұмыстары қыза түскен. Бүгінде шаруалар болгар бұрышы мен баклажан өнімінің 60 тоннадан астамын Ресейге жөнелткен. Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті. Ең бастысы – егістіктен алынған өнім дер кезінде ...

Толығырақ »

НОВАЯ РОДСТВЕННИЦА АБЛЯЗОВА?

Итак, шымкентская блогерша Ардак Ашим решением Абайского суда отпущена на свободу. Но поскольку медики признали ее психически невменяемой, суд принял постановление об амбулаторном наблюдении на дому. Но давайте попробуем реально разобраться, как могут сложиться дальнейшие планы нашей героини в ближайшей перспективе? После судебного процесса с участием судмедэкспертов и врачей психдиспансера ее сторонники, адвокат и родные согласились что она, действительно, психически ...

Толығырақ »

ОТАНЫМ – ӨЗ ҮЙІМ, ОТБАСЫМ – МЕРЕЙІМ!

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі, облыстық Отбасы, балалар және жастар ісі жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы облыстық Шәмші Қалдаяқов атындағы филармонияда «Мерейлі отбасы – 2018» ұлттық конкурстың жеңімпаздарын марапаттау бойынша салтанатты іс-шара өткізілді. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр, «Нұр Отан»партиясы ОҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық этномәдени орталықтарының өкілдері, облыстық зиялы қауымдары, облыс ардагерлері ...

Толығырақ »

«Деструктивті діни ағымдардың алдын алу» тақырыбындағы кездесу

Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастытуымен «Достық» шағынауданында орналасқан №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі және Шымкент қалалық №3 емхана қызметкерлерімен «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесуге Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің теолог маманы Н.Күндебаев, №4 МӨСБ бастығының м.у.а Ж.Аманкулов, Шымкент қалалық №3 емхана басшысының орынбасары А.Тасбулатова және аудан әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты. Кездесу мақсаты іс-шараға қатысушыларға дәстүрімізді дәріптеп, ...

Толығырақ »

Сенің жаңа қырың!

Шымкент қаласында республикалық «Чаллендж! Сенің жаңа қырың!»  атты спорттық акциясы болып өтті. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Бірінші рет өткізіліп отырған бұл игі бастама Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей қолдауына ие болып, бүгін еліміздің барша өңірлерін қамтуда. Спорттық іс-шараға да атақты спорт саңлақтары мен студенттер, спорттық мектептер және қала тұрғындары қатысты. Олардың бұл бастамасы барша оңтүстікқазақстандықтарға өнеге — ...

Толығырақ »

КӘСІПКЕРДІҢ ҚОЛҰШЫ

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын іске асыру мақсатында Отырар ауданындағы Ақтөбе ауылында туған жерге деген тартулардың бірін жеке кәсіпкер Есбол Қамбаров жасады. Бұл – заманауи талапқа сай 240 орындық Әуесбек Қамбаров атындағы спорт кешені елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейлі жылы аясында және қасиетті Рамазан айында пайдалануға берілді.     Спорттық нысанның салтанатты ашылуына ...

Толығырақ »

ОТЫРАР ТАЛАНТТАРЫ ТАУСЫЛАР ЕМЕС

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және Астана қаласының 20 жылдығына орай Отырар ауданында «Отырар таланттары – 2018» VII халық өнер фестивалі өтті. Бұл фестивальде ауданның 15 ауыл округінен 15 жанр бойынша өнерлері мен туындыларын ортаға салуға 200-ге жуық іріктеліп шыққан өнерпаз қатысты.   Фестивальдің мәні мен маңыздылығына тоқталған аудан әкімі Ерлан Айтаханов өнерпаздарға сәттілік тіледі. ...

Толығырақ »

КҮШ АТАСЫН ТАНЫМАСА ДА…

Оңтүстік Қазақстан облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Ордабасы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекеніндегі Қажымұқан атындағы орталық стадионда Қажымұқан Мұңайтпасұлының 147 жылдығына арналған қазақ күресінен дәстүрлі халықаралық турнир бастау алды.    Қазақ халқының маңдайына біткен орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбын ардақтап өткізген бұл дода қызықты әрі тартысты өтті. Батыр бабаларының ...

Толығырақ »

Қалалық “Айгөлек” балалар шығармашылық байқауы өтті

Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен мүмкіншіліктеріне сәйкес рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясына жалпы адамзаттық құндылықтарға, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға, әдебиет пен өнерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында қалалық “Айгөлек” балалар шығармашылық байқауын өткізу жыл сайын үрдіске айналып отыр. «Айгөлек» балалар шығармашылық байқауына мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі мекемелер арасында мамыр айының 17-22 аралығында іріктеу кезеңі ...

Толығырақ »

СИҚЫРЛЫ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ

Отырар ауданындағы Шәмші Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында мектеп түлектерінің құрметіне соңғы қоңырау соғылды.  Жиынға Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов, зиялы қауым өкілдері қатысты. Бұл шара Отырар жерінен түлеп ұшқан Ләззат Жабатаеваның демеушілігімен салынған «Достық» аллеясының лентасын қиып, салтанатты ашылуымен басталды. Аллея «Қазақ вальсінің королі атанған» Ұлы сазгер Шәмші Қалдаяқов пен ұлағатты ұстаз Келдебек Жабатайұлы достығының құрметіне бой көтерді. Салтанатты шарада сөз ...

Толығырақ »

ТҮЛЕКТЕР «БІРЛІК» МОНУМЕНТІНДЕ БАС ҚОСТЫ

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында үш жүздің басын қосқан Ордабасыда алғаш рет «Туған жерге тағзым!» атты мектеп бітірушілердің салтанатты жиыны өтті. Аталған шара түркі тілдес үш елдің, яғни Қазақстан, Өзбекстан және Қырғыз Республикасының Президенттері басшыларының бас қосқандарына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Салтанатты шараға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев, ...

Толығырақ »

ОТЫРАР ЖЕРІНДЕ «КЕЙКІ МЕРГЕН» АТТЫ ТАРИХИ ТЕЛЕХИКАЯ ТҮСІРІЛУДЕ

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының тапсырысымен «Projects House» компаниясы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің белсенді ұйымдастырушысы, батыр, құралайды көзге атқан Кейкі батыр жайында Мұрат Бидосовтың режиссерлігімен «Кейкі Мерген» атты тарихи телехикая түсіру жұмысын бастады. Ұлы қазақ даласындағы азаттық үшін күреске шыққан батырлардың тарихымыздағы орындарын ұрпақ санасында жаңғырту, туған жерінің бүтіндігін армандаған батырларды ел тарихының белестерінде ...

Толығырақ »

ОТЫРАРДА «ОТЫРАР ТАЛАНТТАРЫ-2018» VII ХАЛЫҚ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттау және Астана қаласының 20 жылдығы аясында Отырар аудандық Мәдениет сарайында «Отырар таланттары -2018» VІІ халық өнер фестивалі өтуде. Фестивальде отырарлық таланттар 15 жанр бойынша өнерлерін ортаға салуда. Алғашқы іріктеу кезеңіне 500-ден аса өнерпаз қатысса, ақтық кезеңде 200-ге жуық өнерпаз бақ сынауда. Ауданның дәстүрге айналған төл шарасынан қаншама ...

Толығырақ »

ОБЛЫС ӘКІМІ КИНОРЕЖИССЕР СЕРГЕЙ ДВОРЦЕВОЙМЕН КЕЗДЕСТІ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Канн кинофестивалінде «Үздік әйел рөлі» номинациясының жеңімпазы атанған қазақстандық актриса Самал Еслямова түскен «Айка» фильмінің режиссері Сергей Дворцевоймен кездесті. Өңір басшысы жерлестерінің атынан еліміздің кинематография саласын дамытуға үлесін қосып жүрген және оның әлемдік деңгейде танымал болуына қосқан үлесі үшін кинорежиссер Сергей Дворцевойға шынайы алғысын білдіріп, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттады. Сондай-ақ, Қазақстан мен ...

Толығырақ »

САРЫАҒАШТА ШИПАЖАЙ САНЫ КӨБЕЙЕТІН БОЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Сарыағаш ауданындағы сапары кезінде әуелі Көктерек кентіндегі шипажайлар аумағында орналасқан «Асем-Ай» минералды сусын өндіретін зауыттың жұмысымен танысты. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі  хабарлады. Қазіргі таңда кәсіпорын сағатына 20 мың дана өнім өндіреді. 8 гектар аумақта орналасқан зауытта бүгінде 80-ге жуық адам жұмыс істейді. Ауданның өндірістік қуаты мен туристік әлеуетін таныстырған аймақ басшысы Қайрат ...

Толығырақ »

ЖАҢА ЖҰЛДЫЗДАРДЫҢ ЖАРҚЫЛЫ немесе МИЛЛИОН КІМГЕ БҰЙЫРДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысында арада 23 жыл өткенде «Мырзашөл жұлдыздары» атты жас әншілердің өнер байқауы өз мәресіне жетті. Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында қолға алынған облыстық өнер байқауы Астана қаласының 20 жылдығы мен Мақтарал ауданының 90 жылдық мерейтойына орай өткізіліп отыр. Шараға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, ақын-сазгер Исарил Сапарбай, Қазақстанның эстрада жұлдызы Жұбаныш Жексенұлы мен аудан әкімі ...

Толығырақ »

МАҚТАРАЛДА МАҚТАНАРЛЫҚ МӘСЕЛЕ МОЛ

Мақталы елдің – мақтаулы елдің мерейін асыратын ауқымды істердің бірі қайта жаңғырып, қалың бұқараға қайтарылды. Ол – 1993 жылы сол кездегі аудан басшысы Ибадулла Үмбетаевтың бастамасымен тұсауы кесіліп, 1995 жылға дейін көптің қуанышына айналған «Мырзашөл жұлдыздары» ән байқауы. Байқау араға 23 жыл салып қайта жаңғырып отыр. 1993 жылы бастау алған байқау ел ішінде танылмай жүрген көптеген таланттарды жарыққа шығарды.  Алғашқы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі «Түркістан археологиялық экспедициясы» жобасы аясында Түркістан қаласындағы Бабайқорған ауылдық округінің Мерген төбе жерінде археологиялық қазба жұмыстарын бастады. Аталған қазба орны Түркістан қаласынан солтүстік-батысқа қарай 33 км-дей жерде, Жаңақорған өзенінің жағалауында орналасқан. Бүгін аталған орынға «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов арнайы барып, жасалған жұмыстармен танысты. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында киелі жерлердің Қазақстан ...

Толығырақ »

ӘЛЕУЕТІ АРТҚАН САЯЛЫ САРЫАҒАШ

Елбасы міндеттеген тапсырмалар мен мемлекеттік бағдарламалардың  ауданда жүзеге асырылу барысымен танысу мақсатында іс-сапармен келген аймақ басшысы ең алдымен Азаттық елді мекеніндегі «Қанат» шаруа қожалығының жұмысын аралап көрді. Қожалықтың жұмысымен таныстырған серіктестік иесі Марат Мырзахметов бүгінде мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаудың нәтижесінде кәсібін дөңгелетіп отырғанын айтады. Оның айтуынша, өткен жылы 1 гектар жылыжайдан 75 тонна қызанақ, 3,5 гектар жерден 125 тонна ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚСТАН – ӨЗБЕКСТАН БИЗНЕС-ФОРУМЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында өткен Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумында 62 млн. АҚШ долларынан астам сомадағы 8 құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Атап айтқанда, ОҚО әкімдігі өзбекстандық «Alliance textile» кәсіпорнымен Оңтүстіктегі тоқыма өнеркәсібіне инвестиция салу бойынша, ал «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағындағы тоқыма кәсіпорындарын оңалту үшін «Оңтүстік» АЭА-ғы  көрші елдің «Казтехинпекс» ЖШС-мен, сонымен бірге медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіруге ...

Толығырақ »

ҚАЛАМЫЗДЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Бүгін Шымкент қаласының әкімдігінде дәстүрлі «Таза қала» акциясының ұйымдастырылуы бойынша баспасөз жиыны болып өтті. Шымкент қаласындағы жеке тұрғын үйлер орналасқан көшелер мен көпқабатты үйлердің ауласын көріктендіру, көгалдандыру, санитарлық жағдайын ретке келтіру, сондай-ақ, абаттандыру жұмыстарына жеке және серіктестік меншіктерінің мүшелері мен тұрғындарды қала тазалығына кеңінен тарту мақсатында дәстүрлі «Таза қала» акциясы 6-рет ұйымдастырылуда. Шымкент қаласының әкімдігі мен «ОҚО Азаматтық Альянсы» қауымдастығы қаланың ...

Толығырақ »

ОҢТҮСТІКТЕ ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ЖАЛПЫ ОБЛЫСТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Оңтүстік Қазақстанда демалыс күндері жалпы облыстық сенбілік өтті. Оған 45 мыңнан астам адам қатысты. Тазалық шарасы барысында 22 мың гектар аумақ тазартылып, 54  мыңға жуық ағаш әктелді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Облыс аумағында өткен сенбілік серпінді өтті. Ерікті жастар мен елді мекен тұрғындары және мемлекеттік органның қызметкерлері бұл күні аулалар мен демалыс орындарын және көше бойларын қоқыстан тазартып, ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚСТАН – ӨЗБЕКСТАН БИЗНЕС-ФОРУМЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы RIXOS KHADISHA SHYMKENT қонақ үйінің мәжіліс залында іскерлік қарым-қатынасты дамыту мақсатында Қазақстан – Өзбекстан бизнес-форумы өтті. Форум барысында тараптар бірлескен бизнес жобалар мен инвестициялық ұсыныстар жайында ынтымақтастықты дамытуды сөз етіп, экспорт пен импорт бойынша үшінші елдерге кіру жайын талқылады. Форум жұмысына екі елдің елшілері Ерік Өтембаев пен Саидикрам Ниязходжаев, ҚР инвестициялар және ...

Толығырақ »