Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түлкібас (страница 2)

Түлкібас

МЕРУЕРТ ИГЕНБАЙ -РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

Балалар шығармашылық орталығы қосымша білім беру мектебінің оқушысы Игенбай Меруерт Шымкент қаласында өткен Республикалық “Атадан-мұра” өнер байқауына “Аспапта ойнау” номинациясы бойынша қатысып бас жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ Тараз қаласында өткен “Атадан мұра” Республикалық байқауда Алматыда өткен “Turen FEST” Халықаралық байқауда 1 орын игері атанды.Үміткерлердің өнерін бағалау кезінде төрешілер орындаушылық шеберлігіне, шығарманың күрделілігіне, сахна мәдениетімен ұлттық киіміне баса назар аударды. Осылайша ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАСТА ШАХМАТТАН ЖАРЫС ӨТТІ

Шахмат ойыны — адамның ой-өрісін кеңейтетін, ойды қажет ететін елімізде енді дамып келе жатқан спорттың бір түрі. Бұл ойын түрі адамды сабырлы болуға үйретеді. Түлкібас ауданында да шахматқа құмарлар көптеп саналады. Осындай жарыс түрлері жастарымызды салауатты өмір салтына қарай бұрылуына септігін тигізері сөзсіз. Осыған орай апта басында аудандық «Жас талап» спорт клубында Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай шахматтан ...

Толығырақ »

ФРИСТАЙЛ СПОРТ ТҮРІ АЛҒАШ РЕТ ТҮЛКІБАСТА

«Атабұлақ» спорттық туристік жанынан жазғы спорттық трамплин құрылысы ағымдағы жылдың мамыр айында басталған болатын. Еркін стильдегі спорт түрінің трамплині республика бойынша 6 облыста ғана бар. Аудандар арасында алғаш рет Түлкібаста Пістелі елді-мекенінде салынып жатыр. -Жалпы, бұл спорт түрімен аудан жастары әлі таныс емес. Өйткені, біздің түскей өңірде қар жату мерзімі қысқа болғандықтан бұл спорт түрімен шұғылданатындар қатары да, қызығатындар қатары ...

Толығырақ »

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ МЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін Түлкібас ауданы әкімдігінің мәжіліс залында 2023 жылы 15-17 шілде күндері Астана қаласында өткен белбеу күресінен әлем чемпионатында топ жарған, 75 келі салмақ жәрежесі бойынша әлем чемпионы атанған жерлесіміз Ақтөре Сұлтанбекұлына құрмет көрсетілді. Ақтөре Сұлтанбекұлы Түлкібас ауданы, Қарағашты ауылында 2002 жылы 9 наурызда дүниеге келген. Қазіргі таңда Шымкент қаласында Орталық Азиялық Инновациялық университетінің 3 курс студенті. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. ...

Толығырақ »

БИ ПАДИШАСЫ ШАРАНЫҢ ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Түлкібас ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі «Балалар өнер мектебінің» би үйірмесінің оқытушылары қазақ би өнерінің негізін салушы Шара Жиенқұлованың 110 жылдығына орай орталық саябақта «Би падишасы- Шара Жиенқұлова» атты мерекелік шара өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты оқушыларға би падишасы Шара Жиенқұлованың қазақ мәдениетіне қосқан орасан зор еңбегімен таныстыру, танымын кеңейту, білімдерін жетілдіру болды. Халық әртісі, қазақ би өнерінің негізін салушы Шара ...

Толығырақ »

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Отбасы – қай заманда болсын мықты мемлекеттің негізі болып есептеледі. Түлкібас ауданындағы үлгілі отбасыларды анықтау мақсатында ұйымдастырылған «Мерейлі отбасы-2023» ұлттық байқауы бүгін өз мәресіне жетті. Салтанатты іс-шара аудандық мәдениет үйінде өтті. Биылғы ұлттық конкурсқа ауданымыздың барлық округ, кенттерден бас-аяғы 15 жанұя іріктеліп алынды. Осымен оныншы жыл қатарынан ұйымдастырылған байқаудың жеңімпазы арнайы құрылған комиссияның шешімі арқылы анықталды. Нәтижесінде, ұлттық байқаудың жеңімпазы ...

Толығырақ »

БАЛАЛАР ТАНЫМЫ МОЛ САЯХАТ ЖАСАДЫ

«Жаз қызығы-көңілді демалыс» атты жазғы демалыс уақытындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-не қарасты Түлкібас аудандық бөлімі, бөлім басшысы Нұрлыбек Тоғысбайұлының бастауымен ұжым болып және 15 үйірме оқушыларымен Түркістан қаласына экскурсиялық саяхат ұйымдастырылды. Экскурсиялық саяхаттың мақсаты: — Түркістан қаласына экскурсиялық танымдық саяхат, қалада орналасқан тарихи және мәдени ескерткіштермен танысу; — оқушыларға Қ.А.Ясауидің ілімі ұсынылатын ізгілікті ойлары туралы білім ...

Толығырақ »

КІТАП ОҚЫСАМ ЖАНЫМ НҰРЛАНАДЫ

Шамурат Нұрбеков «кітаппен дос» болғанды құп көретін азамат. Ол Түлкібас аудандық орталық кітапхананың тұрақты оқырманы. Бала күнінен әдеби кітаптарды тауысып оқитын бозбала бүгінде кітап толы бөлмелерден жанына дауа, серік іздейтінін жасырмайды. Бойында ақындық өнері де табылатын сегіз қырлы бір сырлы азамат Келтемашат ауылының тұрғыны. 13-14 жасынан бастап поэзияны сүйіп оқып, тырнақалды туындыларын жарыққа шығарды. Ұстаздарының зор қошеметінің арқасында қысқа-қысқа өлеңдер ...

Толығырақ »

ӨНЕРЛІ ӨРЕНДЕР ТОП ЖАРДЫ

Өткен аптада Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасының ұйымдастыруымен облыстың 5 жылдығына әрі 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай “Балтаңдай” балалар өнер фестивалі өтті. Өнер байқауы үш бағытта облысымыздың барлық аудан, қалаларынан іріктеліп, алынған жас талант иелері өнерлерін көрсетіп, бақ сынады. Фестиваль аясындағы “Менің туған жерім” атты суретшілер байқауында ауданымыздың намысын қорғап қатысқан өнерлі қызымыз Жұмабек Адина бас ...

Толығырақ »

ҒАЛЫМ МЕН ӘКІМ

Маусымның жаймашуақ күнінде Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Жақсылықұлы Қазақ әдебиеті ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан ғалым Мекемтас Мырзахметұлына арнайы барып, сәлем берді. Бар саналы ғұмырын ғылымға арнап, ұлы ақын Абай ілімін, Бауыржантану мен Мұхиттартану ғылымын қалыптастыру және дамытуда өзіндік үлес қосқан, ел мен жер атауларын терең зерттеп, көне атауларын қайта жаңғырту жолында еңбек еткен Мекемтас Мырзахметұлы ағамыз ел мақтанышы. Аядай ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАСТЫҚТАР ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІНДЕ ЖҮЛДЕЛІ ЕКІНІШІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

Түркістан облысының құрылуына 5 жыл толуына және «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне» арналған Түркістан облысының мемлекеттік қызметшілері арасында өткізілген спартакиада өз мәресіне жетті. Спартакиадаға Түркістан облысы әкімінің аппараты, облыстық басқармалар, аудан, қала әкімдіктері (мәслихат аппараттарымен бірге) мен аумақтық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері қатысып шағын футбол, волейбол, үстел теннисі, жүзу, тоғызқұмалақ, бильярд, қазақ күресі спорт түрлерінен жалпы 43 команда бақ ...

Толығырақ »

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАДЫ

Мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамның әрбір мүшесінің қолдауы мен қорғауына алынуы тиіс жандар. Олардың көңілі мен пейілі өзгелер үшін алғы орындарда тұруы тиіс. Ондай бүлдіршіндерді қуантудың өзі бөлек бақыт деп білеміз. Осындай масатта «Медеу» мүгедектер қоғамы қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сарыбаева Күләш Көктеубайқызы үлкен мерекелік іс-шара өткізді. Аталмыш жиын Түлкібас ауданының орталығында орналасқан ең таңдаулы мейрамханалардың бірі «Ақ сұңқарда» өтті. Оған мейрамхана ...

Толығырақ »

СӘБИДІҢ БӘРІ БАҚЫТТЫ БОЛУ ҮШІН ЖАРАЛҒАН

Бала — адам өмірінің жалғасы, артында із қалдыратын ұрпағы. Ата-ана үшін бөбегінің шат күлкісі мен баянды болашағынан қымбат дүние жоқ. Осы орайда, бүгін Түлкібас ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен аудандық мәдениет үйінде «Сәбидің бәрі бақытты болу үшін жаралған» атты тақырыпта 1-маусым балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шара өтті. Аталған шараға Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов арнайы қатысып бақытты өмірдің ұйытқысы болып ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАСТЫҚТАР КӨРЕРМЕНДЕРГЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРДІ ТАНЫСТЫРДЫ

Бүгін «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестиваль аясында Түлкібас ауданының Түркістандағы мәдениет күндері өз мәресіне жетті. Мерекелік шараны «Салт дәстүр – сан ғасырлық саф мұра» атты ән, жыр мен ұлттық салт-дәстүрлер көрінісі қорытындылады. Этноауылда киелі шаһарға келген туристерге түлкібастық өнерпаздар бесікке салу, құда түсу, қыз ұзату, беташар, тұсау кесу сынды әдет-ғұрпымызды таныстырды. Шараның алғашқы күні «Visit Turkistan» орталығы алаңында аудан өнерпаздарының ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАСТЫҚТАР ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ

Бүгін өңіріміздің қасиетті бас шаһарында Түлкібас ауданының мәдени күндері «Өнерлі өлке» атты түрлі жанрдағы гала концертімен бастау алды. Облысымыздың бас қаласының көзайымына айналған «Керуен сарайы» кешенінде өтіп жатқан мәдени шараға Қазақстан Республикасы эстрадасының жарық жұлдыздары, Түлкібас ауданының төл перзенттері Сәкен Қалымов, Индира Расылхан, Жазира Аралбаева, Мамадияр Таукиев бастаған аудан өнерпаздары ән шырқап, концерт көркін аша түссе, Түлкібас ауданының Мақталы халық ...

Толығырақ »

ЖАБАҒЫЛЫ ЖҰРТШЫЛЫҒЫ ТАУ ТҰЛҒАСЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Түлкібастық текті жұрт қашанда ұлы тұлғаларын құрметтеп, қадіріне жете білген. Оларды маңдайымызға біткен жарық жұлдызымыз деп біліп, келешек ұрпағына танытуға асыққан. Қасиетті мекен Тұрар мен Бауыржанды, Мекемтас пен Мархабатты тудыртып өзінің топырағының бағалылығын дәлелдегендей. Бұл жерден ақын да, батыр мен ғалымда, әнші мен күйші де, биші мен термеші де шыққан. Осыншама өнер мен кие тұнған тұлғаларды тудыртқан елдің қасиеттілігіне таңданбауға ...

Толығырақ »

ӘУЕЗДІ ӘН МЕН САЗДЫ КҮЙ СЫЙЛАДЫ

Жақында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық аспаптар оркестрі Шақпақ баба ауылына арнайы табан тіреп, керемет кешпен көңілдерін тербетіп қайтқан болатын. Мұндай қайталанбас кештің өтуіне арқау болған оркестрдің бас қобызшысы Ботагөз Анарова. Ботагөз Анарова Шақпақ баба ауылының тумасы. Негізгі мақсаты ауылдың күйбең тіршілігінен қажыған ағайын, ауылдастарына қонақ болып, әуезді ән мен сазды күй сыйлап, тірі музыкамен бақыт сыйлау еді. Тарихи тамыры 1934 ...

Толығырақ »

ТАБИҒАТҚА ҚАМҚОРЛЫҚ ТАНЫТУ — ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА

Тал ек, гүл ек – туған жеріңді түлет! Дала төсін өзінің құшағына айқара қымтап жатқан қыстың ызғарлы ақ көрпесі ысырылып, өз кезегін көк көйлек киген ару көктемге беретін уақыты да келіп жетті. Көптен бері сіресіп тоң болып жатқан өңірлерге жан бітті. Жылға-жылғаларда көктемнің алғашқы хабаршылары – бәйшешектер бой көтеріп, салтанат құрды. Жылы аймақтан сүйінші сұрап Нәуірзек құс ұшып келіп, өзінің ...

Толығырақ »

ҚҰТТЫ МЕКЕН — ШҰБАЙҚЫЗЫЛ ШОҚЫСЫ

Сәуірдің соңы мен мамырдың басында Шұбайқызылға аңсары ауып тұратын жұрттың қатары қалыңдайды. Жыл сайын ерекше түрге бөленетін Шұбайқызыл шоқысы теңдесі жоқ Алатау мен Қаратаудың қауышқан жерінде орналасқан. Осы арада айта кетелік, ғасыр бойы «Красная горка», кейіннен «Қызыл төбешік» деп аталып келген жерге қаламгер Мархабат Байғұттың бастамасымен «Шұбайқызыл шоқысы» атауы қайта берілген болатын. 1977 жылдан бері бұл жер мемлекеттің қарауындағы аймақ ...

Толығырақ »

МӘДЕНИЕТ ҮЙІ – ӨНЕР МЕН ЕҢБЕКТІҢ ҮЛГІСІ

Қай кезеңде, қай елде болмасын мәдениет пен өнер –халықтың рухани болмысының айнасы, бағдарлы болашағының бастауы. Рухани бай дүниенің өлшемі мен өресі де осы мәдениет пен өнер шоқтығында жатыр. Өркениетке қол созған еліміз үшін экономикалық өсіммен қатар елдің рухани бай құндылықтарын да дамыту мәселесі қолға алынып келеді. Өнер мен мәдениет егіз ұғым екені белгілі. Бір-бірінсіз жетімсіреп тұратындай. Мәдениеттің мәйегі өнер арқылы ...

Толығырақ »

РУХАНИ ҚАЛАДА «АЛАШТЫҢ АРДАҚТЫСЫ» АТТЫ КЕШ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін тарихтағы бірталай «ақтаң­дақтардың» беті ашылып, бүған дейін айтылмай келген, айтылса да мардымсыз сөз етілген көптеген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлерінің есімдері қайта жаңғыртылып, олар туралы кеңінен жазыла бастады. Міне, сондай тұлғалардың бірі – Нәзір Төреқұлов. Біз жаңа мыңжылдыққа қадам бастық, алайда, біздің бүгінгіміз бен болашағымыздың тамыры тарих еншісіне енген ХХ ғасырда қалды. Бүгінгі таңда ерлік пен ...

Толығырақ »

В ПАРКАХ ГОРОДА ПРОВОДИТСЯ УБОРКА ТЕРРИТОРИИ

На всей территории города Шымкент продолжается весенняя уборка. Кроме того, по поручению акима города Мурата Айтенова в мегаполисе усилена работа и по санитарной очистке, пишет со ссылкой на городское управление энергетики и коммунального хозяйства информационное агентство «didarbek.kz». С наступлением весеннего сезона на всех улицах города и во дворах многоэтажных домов, в парках и скверах проводится уборка. Помимо этого, промываются остановки ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАСТА ЖАҢА ЕМХАНА БОЙ КӨТЕРЕДІ

Түлкібас ауданы Састөбе кентінде биыл жаңа емхана құрылысы бастау алмақ. Күніне жетпіс адамға дейін қабылдауға қауқарлы емхана құрылысына облыстық бюджет есебінен 404 млн теңге қаржы қарастырылған, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Сондай-ақ, орталық аурухананың перзентхана, неврология және гинекология бөлімдерінің ғимараттары күрделі жөндеуден өтіп, жаңа асхана құрылысы іске аспақ. Өткен жылдан өтпелі болып күрделі жөндеуден ...

Толығырақ »

ТАУДАЙ ТАЛАП ТАНЫТҚАН ТҮЛКІБАС ТАҢҒАЛДЫРУЫН ТОҚТАТПАДЫ

Қызанақтан басталған сапарымыз қызыл алмадан бірақ шықты. Арасында көптеген кәсіпкердің қып-қызыл еңбегін көріп, тәнті болдық. Мәселен, 2013 жылдан бері қарқынды бау өсірумен айналысып келе жатқан Шақпақ ауыл округіндегі «Кентау» серіктестігінде 200-ге жуық адам жұмыс істейді екен. Олар алманың Голден Делишес пен Рояль Гала секілді сорттарын өсіреді. Тағы бір түлкібастық кәсіпкер – Азаттық ауылының тұрғыны Икрамов Аброржан 505 мың теңге мемлекеттік ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАСТА СПАРТАКИАДА ӨТКІЗІЛДІ

Түлкібас ауданы Т. Рысқұлов ауылындағы орталық стадионда Кәсіби спорт күні мерекесіне орай аудандық спорт мекемелері арасында спартакиада өткізілді. Аталған жарыс спорттың 6 түрі бойынша өтті: Асық ату, кіші футбол, арқан тарту, жүгіру (100, 200, 400, 800), ұзындыққа секіру және кермеге тартылу. Жарыс Аудандық №1 БЖСМ, №2 БЖСМ, №3 БЖСМ, Жас талап спорт клубы, Білім бөлімі, Ұлттық спорт түрлері спорт мекемелері ...

Толығырақ »