1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналып өткізілген салтанатты іс-шара үстінде ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалған сәтте, еш шіміркпей, қолын жүрек тұсына апармай, қақиып тұра берген мына екі бикештің бірі – КТК арнасының облысымыздағы меншікті тілшісі Марина Низовкина. Еліміздің Әнұраны орындалған сәттегі оның «қасқайып» тұрысы біраз сынға ұшырағаны бар. «Біз – Ресей Федерациясының азаматтарымыз», – деп Марина сол кезде жалтарған болатын.
Сол уақытта түрлі тәсілдерге бой ұрып, өз кінәсін мойындамаған М.Низовкина үстіміздегі жылы 7-мамырда Отан қорғаушы күнінің құрметіне Шымкенттің Орталық саябағында өткен салтанатты шарада өзінің Ресей Федерациясының азаматы екенін «ұмытты» ма, әлде басқа бір себептер болды ма – әйтеуір тұрысы мынау:
Заң сақтауға, Мемлекеттік рәмміздерімізді құрметтеуге болады екен ғой! Біздің сынымыздан қорытынды шығарып, «түзеліп» келе жатқан Маринаны көріп, кәдімгідей қуандық. Десек те, Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңісіміздің 72 жылдығына арналған көпшілік іс-шарада Ұлы Отан соғысына еш қатысы жоқ және еліміз бен ұлтымызға жат «георгий жолағын» омырауына тағып кепті:
Маринаның бұл «қылығына» таң қалмайтын болсақ, облысымыздағы ресми басылым «Южный Казахстан» газетінің қызметкері Алиса Масалеваға не жорық? Ұлы Дала еліне жат жолақты біздің өзіміздің көгілдір жолақпен тасалау әрекетін де жасауды ұмытпапты.
«Южный Казахстан» газетінің бас редакторы Марина Лимаренко бұған не айтар екен? Бұл не? Білместік пе, әлде жасырын «арам пиғыл» ма? Тосыннан туындаған сауалдардың жауабын жуық арада аламыз деп үміттенеміз.
Әсет Әссанди
Оқыңыздар! Спешите прочесть:
ТАЗАЛАУҒА ЖАТА МА, ЖАЗАЛАУҒА ЖАТА МА?