Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы (страница 112)

Қала тынысы

Жолдауды Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы ерекше ықыласпен қабылдады

2019 жылдың 2 кыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған » Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын жолдады. Жолдауды Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы ерекше ықыласпен қабылдап, ұжым арасында талқылады. Кітапхана қызметкерлері Жолдаумен толық танысып өзара талқылап, Президентіміздің бұл жолдауын Еліміздің өсіп-өркендеуіне нық сенімді қадам екенін атап айтты. Мемлекет басшысы елімізде болып жатқан барлық ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

«Бірге түзетейік!» байқауы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасына сәйкес, «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ «Бірге түзетейік!» байқауын жариялайды. Байқау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 шілдедегі № 401 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының үшінші кезеңі аясында «Қазақстан Республикасында тілдік ахуалды талдау және оған мониторинг жүргізу» жобасын іске ...

Толығырақ »

Мемлекет Басшысының Жолдауы бизнестің қарқынды дамуына үлкен бастама болары анық

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы бизнестің қарқынды дамуына үлкен бастамалық ете тұра, шағын, әсіресе микробизнес елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріндегі рөлінің маңыздылығын көрсетті. Шымкент қаласында шағын және микробизнес жоғары дамуда. 2018 жылмен салыстырғанда биыл шағын және орта бизнес саны 58 мыңнан 66,4 мыңға дейін өскен, яғни ол 14 пайызды құрайды. Республика бойынша Шымкент қаласы жеңіл өнеркәсіп (25,6%), фармацевтикалық өнім (40,6%), ...

Толығырақ »

Жолдаудың бағыттары орындалады

Бүгін Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Е. Жұмаханбетов Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау ауданы Полиция басқармаларының жеке құрамымен кездесті. Кездесу барысында Департамент бастығы полиция қызметкерлерін Мемлекет басшысының Жолдауындағы барлық тармақтармен таныстырды. Бұл туралы  Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне  сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Е.Жұмаханбетов айтып өткендей, Жолдауда халықпен тиімді ...

Толығырақ »

ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ

Бүгін Шымкент қаласы активінің отырысына ҚР Президент аппаратының мемлекеттік инспекторы Берік Батаев қатысты, деп жазады «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі А.Молдиярқызының жазбасына сілтеме жасаған «didarbek.kz» . Жиында Шымкент қаласының əкімі Е.Айтаханов ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында ең əуелі халық пен билік арасындағы байланыстың маңызды екеніне тоқталды. — Мемлекет басшысы азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ «ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

Шымкентте «Жолда қабылдау» акциясы өтуде, деп жазады «Шымкент келбеті» газетіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі. 2019 жылғы 3 қыркүйекте сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін Шымкент қаласының Полиция департаменті басшылығымен Қаратау ауданы Сайрам елді мекенінде адам көп шоғырланған орындарда «Жолда қабылдау» акциясы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – халықтың ыңғайлығы үшін туындаған сұрақтарына 3-5 минутта жауабын беру, көмектесу, кеңес беру. Акцияда әкімшілік практика, көші-қон, ...

Толығырақ »

Бахадыр НАРЫМБЕТОВ, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филалы төрағасының бірінші орынбасары: ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСАМЫЗ

– Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жолдауы үлкен стратегиялық маңызға ие. Президент елімізді реформалаудың жаңа кезеңінде түрлі қиындықтардың алдын-алу мақсатында, оның жолдарын іздеп, үлкен бағыт-бағдар беріп отыр. Бұл Жолдаудың бұрынғы Жолдаулармен өзара сабақтастығы мен үйлесімдігі бар екендігі жақсы байқалады.Оның ішінде әлеуметтік саланы әрі қарай дамыту, халықтың әл-ауқатын жақсарту негізгі мәселе болып отыр. Бұл жерде «Nur Otan» партиясына да үлкен жауапкершілік жүктелуде. Жолдауда ...

Толығырақ »

Мұратәлі Қалмұратов, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары: ШЫМКЕНТТІК АССАМБЛЕЯ МҮШЕЛЕРІ ЖОЛДАУДЫҢ ЖҮГІН КӨТЕРУГЕ ӘЗІР

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері алдағы кезеңдегі ел дамуының негізгі бағыттарын айқындаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы алғашқы Жолдауын зер сала тыңдап, үлкен қызығушылық танытты. Қоғамдық келісім – Жолдауда жарияланғандай бүкіл қоғамның бірлескен еңбегінің нәтижесі. Біз осы саладағы жұмыстарды жалғастырамыз. Саяси құжатта айтылғандай біздің ұстанымымыз: Ел бірлігі ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНАН АЗИЯ ЕЛДЕРІ ЖАЗУШЫЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫНА АРНАЙЫ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚАТЫСУДА

Елордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Азия елдері қаламгерлерінің тұңғыш форумы жұмысын бастады. Жиынға 44 мемлекеттен әлемге беделді халықаралық сыйлықтардың жүлдегерлері, Жазушылар одағы мен ассоциацияларының төрағалары қатысуда. Шетелдік қаламгерлермен кездесуде қазақстандық жазушылар әлемдік әдеби үрдістерге қатысты біраз мәселелерді талқыламақ. Бұл туралы  «Шымкент келбеті» газетіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Сондай-ақ бұл форум Азия аймағында орналасқан елдер арасындағы әдеби-мәдени байланыстарды ...

Толығырақ »

Жолдау барысында мәдениет қызметкерлерін қолдау шаралары да атап өтілді

Жолдау барысында мәдениет қызметкерлерін қолдау шаралары да атап өтілді.Бұл туралы Шымкентте Мемлекет басшысы Қасым-жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында айқындалған міндеттерді талқылауға арналған актив жиынында айтылды, деп жазады «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі А.Молдиярқызының материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz». Сонымен қатар Жолдауда квазимемлекеттік сектордың қайтарымын арттыру қажеттігі айтылды. Бүгінгі таңда қалада 155 квазимемлекеттік сектор субъектілері ...

Толығырақ »

Азаматтардан келіп түскен әр өтініш қатаң бақылауға алынып, заң аясында нақты шешімін табуы керек

Шымкентте Мемлекет басшысы Қасым-жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында айқындалған міндеттерді талқылауға арналған актив жиынында Жолдаудағы бірінші бағыт бойынша Шымкент қаласы әкімдігіне азаматтардан келіп түскен әр өтініш және жеке қабылдауға келген әр тұрғынның мәселесі қатаң бақылауға алынып, заң аясында нақты шешімін табуы керек екенін айтты. Сондай-ақ, қалада заңның шеңберінен шықпайтын және азаматтардың тыныштығын ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ҚАЛА АКТИВІНІҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТУДЕ

Шымкентте Мемлекет басшысы Қасым-жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында айқындалған міндеттерді талқылауға арналған актив жиыны өтуде, деп жазады «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі А.Молдиярқызының материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz». Қала әкімінің төрағалығымен өтіп жатқан шараға әкімдік қызметкерлері, басқарма басшылары, аудан әкімдері, мәслихат депутаттары, ардагерлер, зиялы қауым және қоғамдық ұйым мен БАҚ өкілдері қатысуда. Жиынды қала ...

Толығырақ »

Шымкенттіктер Жолдаудағы бастамаларды зейін қойып тыңдады

Бүгін еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты Жолдауын Шымкент қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында, қала әкімінің орынбасарлары, сондай-ақ басқарма басшылары, әкімдік қызметкерлері, мәслихат депутаттары мен зиялы қауым өкілдері жергілікті белсенді тұрғындармен бірлесе отырып тыңдады. Бұл туралы  aptanews.kz сайтына сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Сондай-ақ мұнда бюждет саласының қызметкерлері, ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР 2 АДАМДЫ ТІЛСІЗ ЖАУДАН ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ

Шымкентте өрт сөндірушілер 2 адамды тілсіз жаудан құтқарып қалды, деп хабарлайды  «Шымкент келбеті» газетіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі. Шымкентте көпқабатты үйден өрт шығып, бір пәтердегі тұрмыстық заттар жанған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер15 адамды эвакуациялады. Шымкент қалалық төтенше жаңдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт бүгін таңғы 8.30 шамасында орын алған. «2 қыркүйек күні таңғы сағат 8:47-де Молдағұлова көшесіндегі көпқабатты ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚ ТІЛІ – ЕЛ ТҰТАСТЫҒЫНЫҢ ТҰҒЫРЫ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған алғашқы Жолдауының басымдықтарымен үлкен қызығушылықпен танысып шықтым. Онда Президент халықтың көкейінде жүрген барлық маңызды мәселелерді қозғағанын аңғардым. Жолдауда Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасала беретіндігін айтып, қазақ тілінің рөлі күшейту жайына ерекше назар аударды. «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕГІ 65 МЕШІТТЕ 4 МЫҢ 554 БАЛА ТӘЛІМ АЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрт бағыт бойынша жұмыстарының бірі һәм бірегейі – діни сауат ашу. Осы бағыт бойынша Шымкент қаласы өкілдігі жазғы маусымда (маусым, шілде, тамыз) атқарылған жұмыстарын қорытындылады. Шымкент қаласының өкіл имамы Бақтыбай қажы Қыдырбайұлының жетекшілігімен 65 мешітте діни сауат ашу курстары талапқа сай жүргізіліп, онда жалпы саны 4554 тәлімгер діни һәм имандылық бағытта ілім алды. Оның 3284-і ер ...

Толығырақ »

«Конституция — кемелдік кепілі» құқықтық сағаты өтті

30 тамыз — Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай еліміздің барлық аймақтарында мәдени-көпшлік шаралар ұйымдастырылды. Сондай тағылымы мол шараның бірі Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының ұйытқы болуымен өткізілді. Әлемдегі кез келген тәуелсіздік мемлекеттің ғасырлар бойы өз құнын жоғалтпай, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан заңдар жинағы болады. Осындай Ата Заң Қазақстан Республикасында да ел тәуелсіздігімен бірге қабылданды. Ата Заң — аса беделді ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: СТАНДАРТТАУ, САПА МЕНЕДЖМЕНТІ САЛАСЫ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТУДЕ

Шымкентте техникалық реттеу, метрология және сапа менеджементі саласында қызметкерлерді дайындау, біліктілігін арттыру бойынша 3 күндік семинар басталды, деп жазады «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі Т.Қасымовтың материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz». «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» ұйымдастырған оқыту семинарында Шымкент қаласының және Түркістан облысының 100 маманы дәріс тыңдайды. Семинар, негізінен, ҚР 2015-2019 жылдарға арналған Индустриалық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде техникалық реттеу ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТЕ 100 МАМАН БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДА

Шымкент қаласында жергілікті кәсіпкерлердің біліктілігін артыруға арналған семинар басталды. Үш күн бойына 100 кәсіпкер өзекті тақырыптарды қамтитын дәріс-сабағын алады. Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М.Жорабайдың  материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. Семинар 3 мен 5 ші қыркүйек аралығында өтеді. 2015 жылдан бастау алған іс-шара биылғы жылы да бизнес өкілдерінің басын қосты. Бұл жолы мамандар техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері ...

Толығырақ »

Шымкентте субұрқақты қайта жөндеуге 49 млн. теңге бөлінді

Шымкентте 10 жылдан бері жұмыс істемей тұрған субұрқақты қайта құру жұмысы басталды. А. Байтұрсынов көшесіндегі субұрқақ пен гүлзарды қайта жаңғырту үшін қала бюджетінен 49 млн. теңге қаражат қаралыпты. Мердігерлер құрылысты желтоқсан айында аяқтауы тиіс. Бұл туралы облыстық «Отырар» телеарнасының тілшісі Н.Күдерұлының  материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. Аптап ыстықта демалушылардың көңілін құлазытып, салқын лебін шашпай істен шығып, жұмыс істемей тұрған ескі ...

Толығырақ »

«Рухани жаңғыру және білімді ұрпақ» атты Ашық есік күні жалғасуда

1 қыркүйек – Білім күніне орай ұйымдастырылған «Рухани жаңғыру және білімді ұрпақ» атты Ашық есік күні бүгін де өз жалғасын табуда. Іс-шараға қаладағы № 63 негізгі орта мектебінің 2, 4 сынып оқушылары қатысты. Келушілер үшін кітапхана бойынша экскурсиялар, кітапхананың қызмет көрсету бөлімдерінің жұмысымен таныстырылымдар және оқырмандар үшін безендірілген кітап пен сурет көрмелеріне шолу ұйымдастырылды. Ақпараттық-библиографиялық бөлімде балаларға арналған «Көк тудың ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТІҢ БАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ БІРЫҢҒАЙ АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ

«Парасаттылық» сөзі адалдық, әділдік, әдептілік, жауапкершілік, ар-намыс сияқты көптеген адами қасиеттерді қамтиды. Осы құндылықтарды қоғамда насихаттау сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті білім басқармасымен, жоғары оқу орындарымен, колледждермен, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептермен бірлесіп бірыңғай адалдық сағатын өткізді. Іс-шарада студенттер мен оқушыларға парасаттылықтың негізгі қағидалары жеткізіліп, қоғамда ...

Толығырақ »

БІЛІМДІ ҰРПАҚ — КЕМЕЛ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ

Күні кеше «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ » атты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. ҚР Президенті аталған Жолдауында көптеген мәселелерді қамтып, әлеуметтік салада ең алдымен білім беру сапасын жақсарту керек екендігін атап өтті. Өз сөзінде Қасым-Жомарт Кемелұлы біздің елімізде еңбек ресурстарының балансын есепке алудың тиімді әдістемесі әлі күнгедейін әзірленбегенін, сонымен қатар мамандар даярлаудың ...

Толығырақ »

Орынбай РАХМАНБЕРДИЕВ, мемлекет және қоғам қайраткері: ӨЗ ӘЛЕУЕТІМІЗДІ ТАНЫТАТЫН СӘТ ҚАЗІР

– Президент Тоқаев өз Жолдауында 5 басымдықты атап, елімізді реформалаудың жаңа кезеңіне қадам басқанымызды айтып өтті. Ендігі кезекте осы маңызды міндеттерді сапалы орындауымыз керек. «Мен ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім артамын. Қазақстан – ортақ шаңырағымыз! Мен бәріңізді мерейлі мекенімізді өркендетуге үлес қосуға шақырамын! Сындарлы қоғамдық диалог – татулық пен тұрақтылық негізі» деді ғой. Міне, бүгінде бізге керегі ...

Толығырақ »

Мархабат БАЙҒҰТ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері: ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛ АШЫП ОТЫР

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты Жолдауы мәдениет, руханият саласы өкілдеріне ерекше жігер беріп отыр. Қайсы елдің, қайсы халықтың болмасын тарихы мен тамырын танытатын басты құндылығы – тілі, мәдениеті, әдебиеті, рухани қазынасы екендігі даусыз. Осы орайда Жолдаудағы «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі ...

Толығырақ »