Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2018 » Апрель (страница 2)

Месячные архивы: Апрель 2018

ШАҒАЛАЛЫ ШАРДАРАДА ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» облыстық өнер фестивалі Шардара қаласында өтті. Шара «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Ұзын ата кесенесіне зиярат жасап, тарихымен танысудан бастау алды. XIV-XV ғасырларға тән тарихи нысан Қазақстанның киелі жерлері тізіміне енгені белгілі. «Діни ілімді жалғастырушы, елге ізгілік пен адалдықтың нұрын себуші ұстаздық, әулиелік қасиетімен аңызға айналған Ұзын ...

Толығырақ »

КӨНЕ БОЛСА ДА, ЖАҢАРЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН ОТЫРАР -5

Мұнан соң тілшілер «Жанға шипа» медициналық орталығын аралады. Отырарлық кәсіпкер Құтымхан Төлемісовтің иелігіндегі «Жанға шипа» медициналық орталығы дәріхана, стомотологиялық кабинет, кардиограмма, УЗИ, ФГДС және рентген аппараттарымен жабдықталып, халыққа сапалы қызметтерін ұсынып отыр. Онда 15 адам жұмыспен қатылған. Бұған дейін Шымкент немесе Түркістан қаласына сабылатын науқастар енді өз ауылымызда да емделе беруге мүмкіндік туды деп қуанып отыр. Әсіресе, қызмет құнының қалтаға ...

Толығырақ »

КӨНЕ БОЛСА ДА, ЖАҢАРЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН ОТЫРАР-4

Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданында мемлекеттік бағдарлама аясында қолдау тауып, жұмысын дөңгелетіп отырған кәсіпкерлік нысанның бірі – «Ағысай» тігін шеберханасы. Шеберхана иесі Ержан Құлтаев «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 7 миллион теңге несие алып, «Ағысай» тігін шеберханасының жұмысын бастаған. Бүгінгі таңда шеберханада 4 адам жұмыс істейді. Отырар ауданында 26 мектепке дейінгі мекеме бар болса, одан басқа ...

Толығырақ »

КӨНЕ БОЛСА ДА, ЖАҢАРЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН ОТЫРАР -3

Тілшілер тобы Отырар ауданы, Шәуілдір ауыл округіндегі Арыс өзені жағалауын абаттандыру жұмыстарымен танысты. Арыс өзенінің жағалауын қайта құру жұмыстары 2017 жылы басталып, 2018 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Аудан әкімі Ерлан Айтаханов бұл жұмыстар негізінен Арыс өзенінің бұзылып бара жатқан арнасын тоқтатып, жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқандығын тілге тиек етті. Отырар ауданы аграрлы аудан болғанымен мұндағы топырақтың сорлануы, ...

Толығырақ »

КӨНЕ БОЛСА ДА, ЖАҢАРЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН ОТЫРАР -1

Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданына баспасөз туры ұйымдастырылды. БАҚ өкілдері алдымен аудан орталығында бой көтеріп жатқан жалпы сметалық құны 359,6 миллион теңгені құрайтын спорт кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Заманауи үлгіде салынып жатқан кешенде дзюдо, самбо, Қазақ күресінің кілемдері мен волейбол, футбол, баскетбол алаңдары болады. БАҚ өкілдері Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында құрылыс жұмыстары ...

Толығырақ »

АРНАЙЫ ТОП ЖҰМЫСЫ ТОП ТҮЛКІБАС АУДАНЫНА БАРДЫ

Заңсыз жолаушылар тасымалдау тыйылмай түр. Әсіресе, көліктен түскен жолаушыға жармасатын жүргізушілер бұл іске әбден машықтанып алған. Ертерек әрекетке көшпесең алдыңды орап кетеді. Тәуліктің кез-келген сағатында қатынас үзілмейтін жер — қала аралық заңсыз автотұрақ. Бұл тақырып көптен бері көпшіліктің талқысында жүр. Осы орайда, облыс әкімі Ж.Түймебаевтың өңірдегі заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою тапсырмасына байланысты арнайы жұмысшы топ Түлкібас ауданына барды. Жұмыс ...

Толығырақ »

Ақ дидарлы әжелер

Түркістанда Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында отбасы тәрбиесіндегі әженің ықпалы мен немере тәрбиелеудегі тәжірибені насихаттау, ата-салтымыздың асыл мұрадай қазынасын, әдеп-ғұрпын, салт-дәстүрін ұрпақтың бойына ұлағат ету мақсатында ұйымдастырылған «Ақ дидарлы  әжелер» байқауы өз мәресіне жетті. Байқауында сөз алған Түркістан қалалық мәдениет үйінің директоры, ҚР «Мәдениет қайраткері» Шәмет Лиза Төлегенқызы және ҚР «Білім беру ісінің үздігі», ҚР «Білім беру ісінің ...

Толығырақ »

ТАРИХИ ТЕЛЕХИКАЯ ТҮСІРІЛМЕК

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс», — деп атап көрсеткен болатын.   Осы мақсатта облыс ...

Толығырақ »

ТІРКЕУСІЗ ТҰРУ ТОҚТАСЫН!

24 сәуірде «Қауіпсіз аула» және «Көрші назары» жобалары аясында Шымкентте «Тіркеу» жедел профилактикалық іс-шарасы бастау алады. Полиция қызметкерлері тіркелмей тұрып жатқан азаматтарды анықтайды. Сондықтан құжаттарыңызды тексеріп, тұрғылықты мекенжайларыңыз бойынша тіркеліп үлгеріңіздер. Қолға алған осы жедел профилактикалық іс-шара 28 сәуірге дейін созылатынын естеріңізге саламыз. PS. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінен: 492-бап. Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру ...

Толығырақ »

Тұлпардағы тұрғын үй пайдалануға берілді

Тұлпар шағынауданында бой көтерген «Тұлпар» тұрғын үй кешені «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынды. Жобаны «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ және «Ақмойнақ ССО» ЖШС құрылыс компаниясы «Коммерциялық тұрғын үй» шеңберінде іске асырып отыр. Үшінші санаттағы көп қабатты үйдің 1 бөлмелі пәтері — 39, 2 бөлмелі пәтері — 54, 3 бөлмелісінің аумағы — 68 шаршы метр. Әр шаршы метрдің бағасы — ...

Толығырақ »

Шымкентте қызғалдақтар байқауы қорытындыланды

Шымқаланың символына айналған қызғалдақ биыл да тұрғындарға естен кетпес мереке сыйлады. Қаладағы гүлзарларда қыр гүлінің бір миллион 300 мың данасы егілді. Олардың басым көпшілігі голландық сұрыптағы сары, қызыл, көк, қызғылт және күлгін түсті қызғалдақтар. Сонымен қатар қызғалдақтар ұлттық ою-өрнектер, қаланың логотипі мен геометриялық кескін пішінінде гүлдеп тұр. Осыған орай қаламызға сән беріп тұрған қаланың символы іспеттес қызғалдақ гүліне арнап арнайы ...

Толығырақ »

ҚАЗЫҒҰРТТАҒЫ НҰРЛЫ ЖОЛ…

Оңтүстік Қазақстан облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық Мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өңіріміздің аудан, қалаларында өтіп жатқан «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» облыстық өнер фестивалі Қазығұрт ауданында жалғасты. Фестиваль қонақтары мен қазылар алқасын Шымкент – Ташкент күрежолының бойындағы Қазығұрт жотасында «Қазығұртым» әнімен қарсы алған өнерпаздар аңызға айналған киелі жердің қадір-қасиетін өлеңмен айшықтаса, аудандық мәдениет және тілдерді ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАС… ҚЫЗҒАЛДАҚ… ФЕСТИВАЛЬ!..

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында «Ақсу-Жабағылы алауы, Шұбайқызыл жалауы» республикалық Қызғалдақ фестивалі өз алауын жақты. Қызғалдақтың төріне айналған қасиетті Түркібасы жері бүкіл республика өкілдерін, қала берсе шетелдік қонақтарын құшақ жая қарсы алды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында өткізіліп отырған іс-шара жастарды табиғатты аялап қорғауға шақыру арқылы жаңа қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге белсене атсалысу мақсатында өткізіліп ...

Толығырақ »

Шымкент қаласының әкімі Жанат Тәжиеваның жаңа қызметіне сәттілік тіледі

Қалада жұлдызы жарқыраған Жанат республика деңгейінде жаңадан жанатын болды! Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қызметін босатып кеткен Жанат Арысбекқызы Тәжиева енді республикалық мекемеге басшылық жасамақ. Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев жаңа қызметке орналасқан Жанат Тәжиеваға алғысын білдіріп, қызметіне сәттілік тіледі. Бүгіннен бастап Жанат Тәжиева ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Оңтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаментін басқарады. Өзінің ...

Толығырақ »

ФЕСТИВАЛЬДІҢ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ

Қасиетті Ордабасы жерінде өткен фестиваль соңынан қазылар алқасының мүшелері «Ордабасы оттары» газеті редакциясының ақпарат орталығында БАҚ өкілдерін баспасөз мәслихатына шақырды. Ордабасылық өнер иелеріне оң баға беріп шыққан қазылар, бір-екі толықтырулармен бөлісті. Бір күн бойы өткен фестивальдің барысын төмендегі сілтемелер арқылы тағы бір шолып шығуға мүмкіндіктеріңіз бар: «ОРДАБАСЫДА ФЕСТИВАЛЬДІҢ ОТЫ ЖАНДЫ»: 1. https://www.facebook.com/assandi/posts/1948675008475835 2. https://www.facebook.com/assandi/posts/1948678471808822 3. https://www.facebook.com/assandi/posts/1948683895141613 4. https://www.facebook.com/assandi/posts/1948686645141338 5. https://www.facebook.com/assandi/posts/1948689481807721 6. https://www.facebook.com/assandi/posts/1948692221807447 7. https://www.facebook.com/assandi/posts/1948695071807162 8. https://www.facebook.com/assandi/posts/1948698561806813 «АҚҚОЙЛЫҒА АҚ ...

Толығырақ »

ТУРИЗМ КЛАСТЕРІ ДАМИ ТҮСЕДІ

Шымкентте туризм кластерін дамыту жайы талқыланды. Өткен жылдың өткен 10 айында Шымкент қаласына ел аумағынан, сондай-ақ, шет елдерден 18 мыңнан астам адам демалуға келіпті. Мамандар өз кезегінде, бұл көрсеткіш әлі де болса өз межесінен төмен екендігін айтады. Яғни, Шымкент қаласы әлі күнге туристік бағытты жандандыруда  тиісті рөлге ие бола алмай келеді. «Шымкент» қонақ үйінің мәжіліс залында «Қазақстан – 2050» Жалпыұлттық ...

Толығырақ »

ҚЫТАЙ ИНВЕСТОРЫНЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ

«Tие Жиан» «CRCC» компаниясы «Шымкент Сити» жобасына қызығушылық танытты. «Шымкент Сити» жаңа іскерлік және тұрғын үй кешені мен қала ішіндегі жүк тасымалдау саласына ҚХР «Tие Жиан» (China Railway Construction Corporation Limited Representative Office in Kazakhstan) компаниясы қызығушылық танытуда. Шымкент қаласы әкімдігінде өткен кездесуде ҚХР «Tие Жиан» компаниясының Қазақстандағы өкілі Ся Цзямин осылай деп мәлімдеді. Екі жақты кездесу барысында қытайлық инвестор Шымкент қаласы әкімдігінің фронт-офис орталығында инвесторларға қызмет көрсетудегі ыңғайлы жағдай жасалғандығын атап ...

Толығырақ »

ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШІРІЛДІ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласында орналасқан №7 халыққа қызмет көрсету орталығы көлемі 450 шаршы метрді құрайтын заманауи  фронт-офисте жұмыс істей бастады. Бөлімнің жаңа, әрі ыңғайлы нысанға көшірілгеніне, әсіресе,  Әл-Фараби ауданының тұрғындары дән риза. Кең ғимаратта мемлекеттік қызметтерді тиімді және сапалы көрсету үшін барлық жағдай қарастырылған. Мұнда 20 жұмыс орны бар. Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін «Connection Point» өз-өзіне қызмет ...

Толығырақ »

КЕШЕ – «КӨНЕ», ЕРТЕҢ – ЖАҢА!..

Шымкенттің ескі қалашығы жаңару дəуіріне қадам баспақ. Қалалық әкімдік көне қалашықтың орнын сақтап қалуды ғана емес, қайта жаңартуды көздейді. Бұл туралы Шымкенттің бас сәулетшісі Нұрлан Архабаев мәлімдеді. Шаһар әкімдігінің көне қалашыққа қатысты жасаған арнайы жоспары бар. Жуырда қала әкімі бастаған топ Шымкенттің ескі бөлігін аралап шықты. – Жұмысшы топ Цитадельде болдық, Қошқар ата өзені бойымен Жангелдин көшесіне дейін жүріп шықтық, ...

Толығырақ »

ИНВЕСТОРЛАР ШЫМКЕНТТІҢ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУЫНА МҮДДЕЛІ

Шымкенттегі «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үйінде қала әкімдігінің ұйымдастыруымен «Шымкент – Қазақстандағы үшінші мегаполис» атты инвестициялық кездесу өтті. Кездесуде шаһардың инвестициялық мүмкіндіктері сөз болып, үшінші қаланың 2020 жылдарға арналған даму тұжырымдамасындағы заманауи жобалар таныстырылды. Бір қуанарлығы, Елбасы Н.Назарбаев Шымкентке келген сайын қаланың шырайланып келе жатқанын, көркем көрінісін әрқашан назарынан тыс қалдырмайтындығын үнемі айтып келеді. Елбасы тапсырмасына орай Шымкент болашақта өзгеше бағытпен дамып, қала ...

Толығырақ »

Ж.ТҮЙМЕБАЕВ БАСТАҒАН ДЕЛЕГАТТАР ҚАЗАҚСТАН-КОРЕЯ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев 19-20 сәуір күндері Оңтүстік Кореяда өткен Қазақстан-Корея инвестициялық форумына қатысты. Форумда қос елдің бизнес қауымдастықтары өзара іскерлік байланысты дамыту, сауда-экономикалық байланысты нығайту мәселелерін талқылады. Форум барысында аймақ басшысы Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық әлеуетін таныстырып, инвестициялық жобаларды табысты жүзеге асыру үшін құрылған мүмкіндіктерді атап өтті. Сонымен қатар әрбір жобаны жеке өз тарапынан қолдауға дайын екендігін жеткізді. ...

Толығырақ »

КӨНЕ ҚАЛАНЫҢ ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ – 02

Біз барғанда, төбенің басында он шақты адам қызу жұмыс үстінде екен. Мұнда Ә.Марғұлан атындағы археология институтының және М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ғылыми қызметкерлері 1 қыркүйектен бері қазба жұмысын жүргізіп жатыр. Бірі топырақ бетін жәймендеп аршып жатса, енді бірі қазылған топырақты арбамен әрірек апарып, төгіп жатыр. Ал әнебір жерде шағын үстел, орындыққа жайғасқан бір үлкен кісі қағаз бетіне бірнәрсе түсіріп отыр. Екінші ...

Толығырақ »

КӨНЕ ҚАЛАНЫҢ ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ – 01

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының шыққанына жарты жылдан асса, осы алты айдың ішінде елімізде ауқымды жобалар қолға алынып, жүзеге асуда. Көптеген тың бастамалар, ұлағатты істер Оңтүстіктен бастау алатыны белгілі. Облыс орталығы Шымкент қаласының күніне орай шаһарда күн сайын маңызды жиындар, қызықты шаралар өтуде. Солардың бірі, бірегей археологиялық нысан «Шымкент» көне қалашығында қарқын алған қазба жұмыстары. Біз сол ...

Толығырақ »

«KAZAKH INVEST» ӨКІЛДІГІ – ШЫМКЕНТТЕ!

Оңтүстік Қазақстан облысында елге шетелдік инвестициялар тарту және осы бағыттағы жұмысты ұйымдастыру мақсатында “KAZAKH INVEST” Ұлттық компаниясы” АҚ өңірлік өкілдігінің жұмыс істей бастағанына бір жылға жуықтады. Өткен жылдың маусымында Шымкент шаһарында ашылған өкілдік Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан шетелдік компаниялардың басшыларымен, сондай-ақ аймақта өндірісін бастауға ниетті әлеуетті инвесторларға қажетті қолдау көрсету мақсатында бірқатар кездесулер өткізді. Қазіргі таңда да бірқатар шетел компанияларымен ...

Толығырақ »

ОҚО-ДА «ТЕАТР КӨКТЕМІ-2018» ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Ағымдағы жылдың 18-20 сәуір аралығында облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында сахна саңлағы, режиссер, актер Х.Шаженовтың 110 жылдығы және ҚР Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Райымбек Сейтметовтің 80 жылдығына арналған «Театр көктемі – 2018» облыстық театр фестивалі өтті. Аталған фестивальге Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Өнертану» факультетінің деканы, Өнертану ...

Толығырақ »