Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2024 (страница 74)

Годовые архивы: 2024

ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚЫЛМЫССЫЗ АУЫЛ ҚАТАРЫНЫҢ КӨБЕЮІНЕ ҮЛЕС ҚОСУДА

Қазығұрт ауданында жыл басынан бері бірде-бір қылмыс орын алмаған және отбасы саласындағы зорлық-зомбылық бойынша шақыртулар түспеген ауыл бар. Ол Шарбұлақ ауылы. Аталған ауылда «Ізгілікке бет бұрған ауыл» тақырыбында жиын өтті. Оған Түркістан облысы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бастығы А. Тастанбеков, аудан әкімі А.Исмаилов, полиция бастығы А.Серикбаев пен ақсақалдар кеңесінің төрағасы А. Омар, сондай-ақ жергілікті тұрғындар қатысты, деп жазады Түркістан ...

Толығырақ »

60 ЖАСТАҒЫ ӘЛЕМ ЖӘНЕ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ ЖАС ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ ТӘЛІМГЕРЛІК САБАҚ ӨТТІ

Құрметті азамат, ішкі істер саласының қылмысты іздестіру бөлімінде абыройлы қызмет етіп, бүгінде зейнетке шыққан ардагер Сапар Оразбекұлы Жетісай ауданының жас мамандарымен кездесті, деп жазады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Кездесу барысында ардагер полицей қиындығы мол қызметтің қыр-сырын жас мамандарға түсіндіріп, көп жылдық тәжірибесімен бөлісті. Әрбір қызметкерден темірдей тәртіп пен кәсіби біліктілікті талап ететін бұл қызмет ...

Толығырақ »

Н.ІЗТІЛЕУОВ: Қылмыс орын алғаннан кейін емес, соны болдырмауға барынша жұмыс жасауымыз керек!

Өткен жылдың тиісті кезеңінде Түлкібас ауданы бойынша барлық қылмыстар 49 болса, биылғы жылдың тиісті кезеңінде бұл көрсеткіш профилактикалық рейдтік жұмыстардың нәтижесінде 4-ке кіміп, 45 қылмыстық істі құрап отыр. Оның ішінде ұрлықтар 4-ке кеміген. Өткен жылы тиісті кезеңінде 17 ұрлық қылмысы тіркелсе, биыл 13 қылмыс тіркеліп отыр. Өкінішке орай, тиісінше интернет алаяқтық бойынша қылмыс саны өсіп отыр. Бұл жайында бүгінгі аудан ...

Толығырақ »

ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ ЖҰДЫРЫҚТАЙ ЖҰМЫЛЫП КҮРЕСУГЕ ШАҚЫРДЫ

Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі аудандық ведомствоаралық штаб мәжілісі өтті. Мәжіліске аудан әкімі аппаратының басшысы Жорабек Жолдасбеков төрағалық етіп, күн тәртібімен таныстырды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ермек Ғани Бақытұлы аудан аумағында есірткі заттарын алып кіру жолдарын анықтау ...

Толығырақ »

КЕНТАУДА «БҰЗУШЫЛЫҚҚА ТОҚТАМ» АТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

Кентау қаласы әкімдігінің мәжіліс залында облыс прокуратурасымен «Бұзушылыққа тоқтам» жобасы аясында жиналыс өткізілді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Іс-шараға Кентау қаласы әкімінің орынбасары А.Байболова, Түркістан облысы прокуратурасының Басқарма прокуроры Р.Айдарбеков және Кентау қаласы прокурорының орынбасары А.Әлі және мекеме қызметкерлері қатысты. Р.Айдарбеков ағымдағы жылдың өткен кезеңінде қылмыстылықтың жай-күйіне жүргізілген талдау нәтижелерін баяндап, арнайы бейнероликтер көрсетті. ...

Толығырақ »

АЙБЫНДЫ ЖАСТАР ЕЛ ҚОРҒАНЫ

Тәуелсіз елімізге тірек болу, оның шекарасы мен тыныштығын кірпік қақпай күзету елжанды әрбір азаматтың қастерлі де қасиетті борышы. Сондықтан әр азамат Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен өтеуге асығып, әскер қатарында болуды қалайды. Осыған орай бүгін ауданымызда жастарға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге баулу, айбынды қазақ әскерін жастарға үлгі ету мақсатында әскерге аттанғалы тұрған отырарлық жас сарбаздарды салтанатты жағдайда шығарып салу ...

Толығырақ »

Полицейлердің жазғы киім нысанына көшу мен қызметке дайындығы тексерілді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов, қызметкерлердің мезгілге сай нысанды киім-кешегінің болуын, қызметтік автокөліктің техникалық жай-күйін, жеке құрамның қызмет атқаруға дайындығын жеке өзі тексеріп шықты, деп жазады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Полицейлердің жазғы нысандағы киім үлгісіне өтуін, сыртқы келбетін тексерген генерал, қызметкерлердің жұмыс уақыты мен заңға сәйкес берілген міндеттерді орындауы қадағалауда екенін жеткізді. ...

Толығырақ »

ЕРЛІ ЗАЙЫПТЫЛАР ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫНА АЛҒЫС АЙТТЫ

Түркістандық полиция қызметкерлері жоғалған сөмкенің ішіндегі ақша мен документ толығымен дүкенінің ішінен тауып, егелеріне қайтарып берді, деп жазады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Түркістан қалалық полиция басқармасына Алматы облысынан келген ерлі-зайыптылар арызданды. Ер адамның айтуынша, қыдырып келген жұбайлар алдымен базардан сауда жасап, қонақ үйге орналасқан. Осы кезде әйелі көп заттың арасынан сөмкесінің жоқ екенін байқайды. ...

Толығырақ »

Түркістан облысына ҚР ІІМ-нен арнайы тексеруші топ қызметтік іссапармен барды

Түркістан облысындағы «Цифрлы Қазақстан», «Цифрлы полицей» мен «Полицияның сервистік модельге көшуі» негізінде жүргізіліп жатқан цифрландыру бағытындағы жұмыстарды бақылау мақсатында, ҚР ІІМ мен басқа да мемлекеттік органдардың арнайы тексеруші тобы (Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҰҚК, Бас прокуратура, Қаржы министрлігі және т.б) ІІМ-нің орынбасары Сәкен Сәрсеновтың басшылығымен өңірге іссапармен барды, деп жазады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ...

Толығырақ »

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ

Төлеби ауданы әкімі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі Төлеген Телғараев төрағалық етіп, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, аудан прокуроры Оразәлі Әбдіраманов, аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Зиятаев қатысты, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Мәжілістің күн тәртібін комиссия төрағасы, аудан әкімі Төлеген Телғараев таныстырып, ...

Толығырақ »

ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімдігі жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Комиссия мәжілісіне аудан әкімі Төлеген Телғараев төрағалық етіп, күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын – алу, оның ішінде ауыр қылмыстардың профилактикасы туралы аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші ...

Толығырақ »

ӨҢІРЛІК КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес төрағасы Нұралы Әбішев Созақ ауданының кәсіпкерлерімен кездесті. Алқалы жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы, Түркістан облысы прокурорының орынбасары Саян Келдібеков, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Орынбасар Кабиштаев, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Превенция басқарма басшысының орынбасары Сәбит Әсілбек, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры ...

Толығырақ »

ПРОБАЦИЯ БОЙЫНША МАҚТААРАЛ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ-КЕҢЕСШІ ОРГАН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша Мақтаарал ауданы әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші орган отырысы өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлованың төрағалығымен өткен жиынға аудандық прокуратураның прокуроры Серік Усеев, ...

Толығырақ »

КЕЛЕС: КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСІ БОЙЫНША КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариевтің төрағалығымен «Келес ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия» отырысы өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Өңір аумағындағы жалпы орта білім беретін мектептердегі кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасына бағытталған жұмыстар туралы өткен комиссия отырысына аудандық полиция бөлімі,аудандық кәмелетке толмағандардың ісі және ...

Толығырақ »

ОТАНДЫ ҚОРҒАУ – ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ МІНДЕТІ

Сауран ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының басшысы Бахытжан Полатовтың төрағалығымен жиналыс болып өтті. Жиынға ауылдық округ әкімдері мен осы салаға жауапты мамандары қатысты, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Күн тәртібінде мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы Бахытжан Полатов баяндап өтті. Онда 2024 жылғы көктемгі мерзімге әскерге шақыру бойынша зерделеу және іріктеу жұмыстары ...

Толығырақ »

АРЫСТА ЖАС САРБАЗДАРДЫҢ ТАҒЫ БІР ЛЕГІ ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ

Арыста қаласында мерзімді әскери қызметке шақырылған жас сарбаздардың кезекті легін салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті, деп жазады қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Отан қорғаушылар құрметіне орайластырылған салтанатты рәсім Жастар Ресурстық орталығы ғимараты алдында өтті. Салтанатты шараға Арыс қаласы әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов, қалалық біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы подполковник Ерлан Біләлов, қалалық ардагерлер ұйымының ...

Толығырақ »

Даңқты жауынгерлердің ерліктерін бүгінгі ұрпақ естеліктер арқылы танып келеді 

Кешегі арамызда жүрген жандардың өнегелі жолын, даңқты жауынгерлердің кескілескен ұрыстағы ерліктері мен еңбек майданындағы тыл ардагерлерінің еңбектерін бүгінгі ұрпақ естеліктер арқылы танып келеді. 9 мамыр — Ұлы Жеңіс күніне орай, аудан әкімі Арман Қарсыбаев, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Тоқсанбай Бердібеков, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы, подполковник Ербол Жұманов және ардагерлер мен тұрғындар орталық саябақтағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналып ...

Толығырақ »

Шекарашы сарбаздар мен Отан қорғаушыларды құттықтады

Ер есімі – ел есінде сақталады. Кешегі арамызда жүрген жандардың өнегелі жолын, даңқты жауынгерлердің кескілескен ұрыстағы ерліктері мен еңбек майданындағы тыл ардагерлерінің еңбектерін бүгінгі ұрпақ естеліктер арқылы танып келеді. Сынаптай сырғыған уақыт алға жылжып, отырарлықтар Ұлы Отан соғысындағы жауынгерлерді жыл салып қайта еске алды. Ынталы елді мекенінде орналасқан «Жеңіс» саябағында соғыс ардагерлерінің ұрпақтары бас қосып, тағзымтақтаға гүл шоқтарын қойды. Аудан ...

Толығырақ »

СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҒИМАРАТЫ БЕЛГІЛЕНГЕН МЕРЗІМДЕ ТАПСЫРЫЛУЫ ТИІС

Спорт кешенін салу —  Мемлекет басшысының өңірде заманауи спорт инфрақұрылымын құру жөніндегі тікелей тапсырмасы. Ос ыорайда, Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев Көксәйек елді мекеніндегі спорт кешенінің құрылысымен танысып, атқарылып жатқан жұмыс сапасын бақылады. Спорт кешенінің құны – 836 млн теңге, аяқталу мерзімі 2024 жылдың желтоқсан айы. Мердігер мекеме – «Корпорация Алем Құрылыс» ЖШС. Көксәйек елді мекеніндегі спорт кешенінің құрылысын аяқтауға ...

Толығырақ »

«ДАҢҚ» МЕМОРИАЛЫНЫҢ АЛДЫНДАҒЫ МӘҢГІЛІК АЛАУҒА ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ

Aудан орталығындағы «Даңқ» мемориалында Жеңіс мерекесіне арналған шара өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 9 Мамыр Ұлы Жеңістің 79 жылдығына орай соғыс жылдарында ерлік көрсеткен жауынгерлердің құрметіне бір минуттық үнсіздік жарияланып, мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды. Шараға жиналған қонақтарға «Жеңіс» лентасы таратылып, Ұлы Отан соғысында құрбан болған жауынгерлер мен бейбіт кезеңде дүниеден өткен ...

Толығырақ »

ЕРЛІК ЕЛГЕ — МҰРА, ҰРПАҚҚА-ҮЛГІ

Aудан орталығындағы Жеңіс саябағында «7- мамыр Отан қорғаушылар күні» және «9-мамыр Ұлы Жеңістің 79 жылдығы» мерекелеріне орай, «Ерлік елге-мұра, ұрпаққа -үлгі» атты мерекелік іс-шара өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мерекелік іс-шараға жиналғандар мәңгілік алауға гүл қойып, майдангерлер рухына құрмет көрсетті. Алдымен майдан даласында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді еске алып бір минуттық үнсіздік ...

Толығырақ »

АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ

Биыл Жеңістің 79-ші көктемі. Сол жеңісті жақындатып, бейбіт күн үшін күрескен ардагерлерді құрметтеу ұрпақ парызы. Осыған орай, арыстықтар сұрапыл соғыста қаза тапқан жауынгерлер мен азаттықтың ақ таңында өмірден өткен майдангерлерді еске алып, рухына тағзым етті. Ал Жеңіс күніне арналған салтанатты шара «Жеңіс скверінде» ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ең алдымен қала әкімі ...

Толығырақ »

ОТАНҒА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК – ЕҢ КҮШТІ ҚАРУЫМЫЗ БОЛУЫ КЕРЕК

Ер есімі – ел есінде сақталады. Кешегі арамызда жүрген жандардың өнегелі жолын, даңқты жауынгерлердің кескілескен ұрыстағы ерліктері мен еңбек майданындағы тыл ардагерлерінің еңбектерін бүгінгі ұрпақ естеліктер арқылы танып келеді. Сынаптай сырғыған уақыт алға жылжып, отырарлықтар Ұлы Отан соғысындағы жауынгерлерді жыл салып қайта еске алды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ынталы елді мекенінде орналасқан ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ЖЕҢІС КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

Түркістан қаласындағы «Жеңіс» саябағында Жеңістің 79 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Оған облыс әкімі Дархан Сатыбалды, соғыс және тыл ардагерлері, әскерилер, жастар және қала тұрғындары қатысты, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Саябақтағы мемориалдық кешені тақырыпқа сай безендіріліп, келушілерге Отан қорғаушылар мен Жеңіс күніне арналған көрме ұсынылды. Арнайы әскери оркестр сүймелдеуінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ...

Толығырақ »

АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ!

Қасіретті Ұлы Отан соғысы жылдардағы қиын шақтардың азабын көрген ардагерлерге құрмет көрсету азаматтық парыз, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов, аудандық мәслихаттың төрағасы Хамит Байысбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәтбай Қасымбек бастаған топ 9 мамыр Ұлы Жеңіс күні мерекесі қарсаңында соғыс ардагері Мұратәлі Төлепбергеновтың үйіне арнайы ат басын бұрып, ...

Толығырақ »