Түркістан облысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы сәтті жүзеге асырылып келеді. 2023 жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 166 елді мекенде 352 жоба іске асырылып, 31,3 млрд. теңге игерілді. Нәтижесінде 297 жоба пайдалануға тапсырылды. Ал биыл 165 жоба іске асырылады. Бұл мақсатқа жалпы 25,3 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде, 107-сі – жаңа жобалар. Аталған жоба Түлкібас ауданының инфрақұрылымын жақсартуға ...
Толығырақ »Годовые архивы: 2024
Шымкентте БҚО-да су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан ұландықтарды салтанатты түрде күтіп алды
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы Шымкент жедел бригадасының Батыс Қазақстан облысына су тасқынына қарсы іс-шараларға көмек көрсету үшін жіберілген әскери қызметшілер тобы тұрақты орналасу пунктіне оралды. Естеріңізге сала кетейік, Шымкенттен 300-ден астам ұландық жиынтық құтқару жасағының құрамында үстіміздегі жылдың 13 сәуірінен бастап еліміздің батысында су тасқынының алдын алу бойынша тапсырмаларды орындаған болатын. Әскери қызметшілердің келуіне орай 6506 әскери бөлімінің саптық ...
Толығырақ »Шымкенттте МӘМС жүйесі бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жалғасуда
Шымкенттте МӘМС жүйесі бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жалғасуда. Қор филиалының өкілдері бұл жолы «МК-Ломбард» қызметкерлерімен кездесті. Қаржы мекемесінің ұжымына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында қол жетімді медициналық қызметтер мен жарна төлемдері туралы егжей-тегжейлі түсіндірілді. Кездесуде жүкті әйелдердің сақтандыру мәртебесіне байланысты сұрақтар жиі қойылды. Қор өкілдері атап өткендей, егер жүкті әйел жұмыс істемесе ол МӘМС жарналарын мемлекет төлейтін азаматтардың жеңілдікті санатына ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТТІ КӨТЕРЕТІН ЕРЕКШЕ НЫСАНДАР САЛЫНЫП ЖАТЫР
Түркістан облысында ғимараттар мен нысандар сәулетшілердің мақұлдауынан кейін ғана салынады. Басталған жұмыстың аяқсыз қалмауы қатаң қадағалауда тұр. Маңызды мәселені Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бақылауда ұстап отыр. Сәулеттік жобалар талқыланған мәжілісте жаңа жобалар таныстырылды. Аймақ басшысы жаңа нысандар мен инвестициялық жобалардың қаланың Бас жоспарына сәйкес жүзеге асуын қатаң бақылауды ескертті. Өңірде жұмысына салғырт қараған мердігерлермен тынымсыз жұмыс жүргізіліп жатыр. Мемлекеттен ...
Толығырақ »ҰЛАНДЫҚТАР 1 МАМЫР – ХАЛЫҚТАР БІРЛІГІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ САЙЫСҚА ТҮСТІ
Шымкенттегі Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде 1 мамыр халықтар бірлігі күні мерекесіне орай жауынгерлер арасында әртүрлі ұлттың өнері мен дәстүрлерін насихаттау бойынша сайыс өтті. Сайысқа өзбек, қырғыз, орыс, түрік ұлтының өкілдері қатысып, сәлемдесу, ұлт өнерін көрсету, салт-дәстүрін таныстырудан сайысқа түсті. Бәйгеде барын салған жауынгерлерімізге бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Утенов Арман Калмұратұлы бастаған әділқазы алқасы баға ...
Толығырақ »ГАБИТ СЫЗДЫКБЕКОВ: В ТРУДНЫЕ ДНИ НАШ НАРОД ПРОДЕМОНСТРИРОВАЛ СВОЮ СПЛОЧЁННОСТЬ
В преддверии Дня единства народа Казахстана в Доме Дружбы г. Шымкента состоялось заседание «круглого стола» на тему «Береке – бірлікте». В совещании приняли участие аким города, руководители этнокультурных объединений и председатели общественных структур при Ассамблее народа Казахстана, исполнительный секретарь филиала партии «AMANAT», директор Палаты предпринимателей и ряд предпринимателей, волонтеры и руководители организации «Ассамблея жастары». Говоря о важности праздника, аким Шымкента ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ «БЕРЕКЕ – БІРЛІКТЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Бүгін Шымкент қаласындағы Достық үйінде «Береке – бірлікте» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында ұйымдастырылған жиынға қала әкімі, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен ассамблея жанындағы қоғамдық құрылымдардың төрағалары, «AMANAT» партиясы филиалының атқарушы хатшысы, кәсіпкерлер палатасының директоры және бірқатар кәсіпкерлер мен волонтерлар және «Ассамблея жастары» ұйымының жетекшілері қатысты. Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені! 1-мамыр – ырыс пен ынтымақты, ...
Толығырақ »Шымкентте әскери техника жазғы кезеңге дайындалуда
Қару-жарақ пен әскери техниканы жазғы пайдалану кезеңіне ауыстыру жөніндегі жоспарлы іс-шаралары Шымкентте орналасқан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған құрамасында өтуде. Техниканы дайындау жұмыстары кезең-кезеңмен өткізіледі. Бірінші кезекте ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бұйрықтары негізінде мамандар техника санына сай жанар-жағармай материалдары мен материалдық құралдардың есебін жүргізді. Сондай-ақ, әскери қызметшілер жауынгерлік машиналардың әрбір паркінің аумағында тазарту ...
Толығырақ »Мәдениет тынысы: атаулы даталар кең көлемде атап өтіледі
Шымкент қаласы Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы қызметі саласындағы атқарылған нақты жұмыстар мен жетістіктер және алдағы жоспарлар туралы баспасөз конференциясын өткізді. 2024 жылы қала аумағында ауқымды 47 ресми, көпшілік, мәдени іс-шара өткізу жоспарланған. Ағымдағы жылдың І тоқсанында оның 10 ресми, мәдени көпшілік іс-шарасы өткізіліп, 15 730 көрерменді қамтыды. Басқармаға қарасты өнер мекемелерінде 1471 іс-шара өткізіліп, 782 389 келуші тартылған. ...
Толығырақ »ШӘКЕН АЙМАНОВТЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ ТАНЫМДЫҚ САҒАТ ӨТТІ
Биыл КСРО халық әртісі, театр және кино актері, режиссер Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл толып отыр. Мерейтойға орай Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми – әмбебап кітапхана мен Ж. Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының ұйымдастыруымен «Қазақ киносының саңлағы» атты танымдық сағат өтті. Қаламыздың бас кітапханасында өткен мәдени іс-шараға «Мәдениет және өнер» факультетінің студенттері мен мектеп оқушылары қатысты. ҚР мәдениет қайраткері, драматург ...
Толығырақ »Қарттарым — асыл қазынам
Шымкент қалалық мәдениет үйі «№10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де концерт қойды. Қариялар өздері үшін дайындалған тосынсыйға балаша қуанып, өнерпаздарға өз ризашылықтарын жаудырды. Өнер майталмандары дайындаған концерттік бағдарламаға 70 -ке жуық қария қатысты. Көктемнің шуақты күндерінің бірін көтеркі көңіл күйде өткізуді мақсат еткен өнер ұжымы дәстүрлі халық әндерін әуелете шырқады. Мәдениет майталмандары алда келе жатқан 1-мамыр бірлік күнімен құттықтап ...
Толығырақ »БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Бүгін Түркістан сарайында Шымкент қаласы білім басқармасының алқа мәжілісі өтті. Мәжіліске білім басқармасына қарасты мектеп, балабақшалар мен колледж басшылары және қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысты, деп жазады қалалық «Шымкент келбеті» басылымына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Жиында Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Нұргүл Ақылбекқызы Шәмшиеваның баяндамасы тыңдалып, білім беру ұйымдарындағы оқушылар мен студенттердің денсаулығы, білім алуы, қауіпсіздігі талқыланды. Басқарма ...
Толығырақ »«БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ МІНДЕТ!»
Облыстық білім басқармасының 23.04.2024 жылғы №25/2397 хаты негізінде Түркістан облысы білім басқармасының кәмелетке толмағандар арасында діни-экстремизм және терроризмнен алдын алу жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған жол картасындағы тапсырманы және Қазығұрт аудандық терроризмге қарсы комиссия жанындағы жұмыс тобының 24.04.2024 жылғы өткен хаттамалық тапсырманы орындау мақсатында бөлімге қарасты мектеп басшылары мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілерінің қатысуымен төмендегідей тақырыпта зум платформасында онлайн ...
Толығырақ »КҮРЕ ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ АРКАЛАРДЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Түлкібас ауданында «Ауыл – Ел бесігі» арнайы бағдарламасы аясында игілікті істер атқарылуда. Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов аудандық мәслихаттың төрағасы Хамит Байысбаев, жауапты бөлім басшылары және мамандармен бірге аудан орталығын теңдей екіге бөліп тұрған Тұрар Рысқұлов көшесіндегі тозығы жеткен аркаларды қайта жаңғырту мәселесін талқылады. Естеріңізде болса осыдан екі жыл бұрын аудан орталығындағы А2 республикалық маңызы бар жолдың шығыс қақпасы толық ...
Толығырақ »ТАТУЛЫҚ — ЫРЫС ҚАЗЫҒЫ!
Бүгін Түркістанда шаһардағы этнос өкілдері бас қосты. Алқалы жиынға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев пен қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов және этномәдени орталық басшылары қатысты. Игі шарада алғы сөз сөйлеген қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы барлық этнос өкілдерінің біртұтастық пен келісімде бір ортаны мекен етуі ел іргесінің беріктігіне ықпал ететінін жеткізді. Қалалық мәслихат ...
Толығырақ »ЕУРОПАЛЫҚ ҰСТАЗДАР ТҮРКІСТАНДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУДА
Түркістан облыстық білім беруді дамыту орталығының «Инновация және стратегиялық жоспарлау» кафедрасының ұйымдаструымен Түркістан облысының «Көшбасшы» өңірлік мектеп директорлары қауымдастығының «Мектепті басқару жүйесіндегі қоғамдастық байланыстың жаңа модельдері» тақырыбында конференция өтті. Өңірдегі білім саласының қызметкерлері қатысқан басқосуда Португалия және Испания елінен келген ұстаздар, Гранада университетінің профессорлары өз тәжірибелерімен бөлісті. Конференция мақсаты – білім беру ұйымдарын басқаруды ғылыми-әдістемелік тұрғыдан жетілдіру арқылы заманауи көшбасшының ...
Толығырақ »Білімді ұрпақ қалыптастыру жолындағы атқарған жұмыстар талқыланды
Түркістан қаласы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелерінің кезекті мәжілісі өтті. Жиналыста тәрбиелі, саналы, білімді ұрпақ қалыптастыру жолындағы комиссияның жоспарлы жұмыстары бойынша атқарған жұмыстары талқыланды. Сонымен бірге, халықаралык эксперт, БҰҰ (ООН) мүшесі Сағадат Сабитова қатысып, бала мен ана қатынасы бойынша баяндамасын жасады. Одан бөлек, жиында күн тәртібіндегі бірқатар мәселе қаралды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық ...
Толығырақ »Тәртіп – ерік-жігерді ақылға бағындырудан басталады
Тәртіп – ерік-жігерді ақылға бағындырудан басталып, күш-қайратты парасатпен басқаруға жетелейді. Өнегесі өрелі қоғамда ғана ұрпақтың келешегіне алаңдауға негіз қалмайды. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты өтеу – адамгершіліктің ісі» деп ғибраты мол сөз қалдырған. Жақсы мен жаманды, ақ пен қараны айыра білмейтін балаға дұрыс тәлім беру ата-ана мен ұстаздың борышы болса, оларға үлгі-өнеге көрсету – ...
Толығырақ »Әлеуметтік салада атқарылған жұмыстар барысы қаралды
Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде атқарылған жұмыстарды талдап, бөлім басшысы Эльмира Бейсенованың есебін тыңдады. Шаһар басшысының тапсырмасына сәйкес, бөлім тарапынан учаскелік комиссияның жұмысына, АӘК тағайындаудың шынайылығына мониторинг жүргізілді. Құжаттарды қайта зерделеу барысында 8 отбасына АӘК заңсыз тағайындалғаны анықталып, қаржыны қайтару бойынша хабарлама жолданған. Сонымен қатар, тұрақты жұмысқа жолданғандардың жұмыстан жалтару деректері орын алмауы үшін ...
Толығырақ »Шымкентте бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
Шымкент қаласында оқу орнын бітіруші курс студенттеріне арналған «ЖАС МАМАН -2024» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетінде Әл-Фараби және Тұран ауданы Мансап орталығының ұйымдастыруымен «Жас маман – 2024» бос орындар жәрмеңкесі өтті. Онда студенттер мен жұмыс берушілер бетпе-бет кездесуге мүмкіндік алды. Университетте өтіп жатқан осындай іс-шаралар бітіруші түлектердің тұрақты жұмысқа орналасуына оң ықпалын тигізетіні анық. Жәрмеңке ...
Толығырақ »ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯНЫ ҚОЛДАУ -ПАРЫЗЫМЫЗ!
Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Төлеби ауданы аумағында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, елді мекендерде санитарлық тазалықты қамту бағытында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы өтуде. “Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс” тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштік, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеуге арналған акция аясында бірқатар іс-шаралар жоспары жасалды. Акция өтетін әр аптаға ...
Толығырақ »ӨТІНІШТЕРГЕ ЗАҢ АЯСЫНДА ТОЛЫҚҚАНДЫ ЖАУАП БЕРДІ
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Халықпен кездесулер азаматтармен ашық диалог құруға, өңір тұрғындарының өзекті мәселелерін тыңдауға және жедел шешуге, сондай-ақ, Мемлекет басшысы белгілеген халық үніне құлақ асатын мемлекет саясатын іске асыруға мүмкіндік береді. Төлеби ауданы халқының күнделiктi тiршiлiгiнде шешiмiн таппай жүрген мәселелері кездеседі. Тұрғындарының түрлi мәселелеріне, олардың шешiлуiне мүмкiндiгiнше ықпал ету мақсатында Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев жеке қабылдау өткізді. Бір жарым сағаттан астам уақытқа созылған ...
Толығырақ »«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» ТАҚЫРЫБЫ АЯСЫНАДА АРДАГЕРЛЕРДІҢ ҮЙЛЕРІНЕ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталды. Мақсаты- халық арасында экологиялық мәдениетті арттыру, қоғамдық орындарда азаматтардың мүлікке ұқыпты қарауға шақыру. Осы орайда, Төлеби ауданы тұрғындарының қатысуымен аудан аумағында сенбілік жұмыстары жүргізілді. «Өнегелі ұрпақ» тақырыбы аясында қарттардың ауласы тазаланды. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқанының төртінші аптасы басталды. «Өнегелі ұрпақ» тақырыбына ие болған бұл аптада ардагерлердің аулалары ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 4 МЫҢНАН АСА КӨШЕТ ЕГІЛІП, 40 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқанының «Жасыл аймақ» апталығы аясында өткен жалпыаудандық сенбілікте аудан тұрғындары тұрғылықты мекенжайы бойынша көше бойларын тазалады. Тамаша табиғаты, саф таза ауасымен барша жанды баураған Төлеби ауданын көркейту, көгалдандыру, абаттандыру ісі жалғасын тауып, бүгін тағы да аудан жасыл желекпен толықтырылды. Аудан әкімі Төлеген Телғараев «Төлеби баба» саябағында көпшілікпен бірге көшет егіп, тұрғындарды ...
Толығырақ »ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНДРОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ ЖАСАЛАДЫ
Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының басшысы Жорабек Жолдасбековтың төрағалығымен аудан аумағын көгалдандыру мәселесі бойынша жиын өтті. Мәжілістің күн тәртібінде екі мәселе қаралып, ол бойынша Түркістан облысынан арнайы келген қонақтар баяндама жасады. Облыстың елді мекендерін көгалдандыру жұмыстарының барысы туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының бөлім басшысы Данияр Сейітов хабарлады. Елді мекендерді көгалдандырудың дендрологилық картасы мен ...
Толығырақ »