Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2018 » Июль (страница 4)

Месячные архивы: Июль 2018

Отырарда туған Нұрсұлтан 20 жасқа толды

Бүгін Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай Түркістан облысы, Отырар ауданының жастары «Туған күніңмен, Астана!»  мерекелік кешін ұйымдастырды. Шараның мақсаты- Тәуелсіздік жылдарының асқақ абыройы мен жарқын болашағын айқындайтын, ел іргесінің берік, шаңырағының биік екенін көрсететін айбыны мығым Елордасы Астананың мерейлі мерекесін ардақтап, бірге тойлау. Еркін форматта өткізілген басқосуға аудан басшысы Айтаханов Ерлан Қуанышұлы арнайы қатысып, барша отырарлықтар мен жастарды ...

Толығырақ »

Туған күніңмен, Астана!

Астана қаласыныңң 20 жылдығынна орай еліміздің барлық өңірлерінде мерекелік іс-шаралар өтуде. Елорда күнінің айшықты аталып өтуі Шымкент жұртшылығы үшін де өте маңызды. 5-шілде күні Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен қаламыздың Орталық саябағында мерекелік іс-шара болып өтті. Мерекелік іс-шарада алғаш болып сөз алған аудан әкімі Б.Қалжанов жиналған қауымды Астанымыздың төл мерекесімен құттықтап, тәуелсіздігіміздің ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Елімізде Президенттің бес әлеуметтік бастамасы аясындағы «7-20-25» мемлекеттік бағдарлама іске аса бастады. Қазірдің өзінде Алматы, Астана, Ақтау, Өскемен және Орал қалаларында жеті адамға ипотека рәсімделді. Түркістан облысының тұрғындары да үй алуға өтінім бере берсе болады. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Түркістан облыстық филиалының директоры Ануар Ботанбеков мәлімдеді. Филиал директоры артықшылықтары көп бағдарлама өте оңай механизммен жұмыс істейтінін айтты. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАННЫҢ ТӨРІНДЕ МӘРТЕБЕСІ АСҚАҚТАҒАН АСТАНА!

Түркістан облысының орталығы – Түркістан қаласында Астананың 20 жылдық мерекесіне арналған гала-концерт өтті. Есімхан алаңында өткен концертке мыңдаған көрермен қатысты. Салтанатты шарада Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев көпшілікті мерекемен құттықтады. Думанды салтанат барысында өңір басшысы қоғамның түрлі салаларында жемісті еңбек етіп жүрген бір топ азаматқа «Астанаға – 20 жыл» мерекелік медалын салтанатты түрде тапсырды. Олардың арасында спорт, өнер, БАҚ және ...

Толығырақ »

ЖАСӨСПІРІМДЕР ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Ақмола облысы Бурабай демалыс аймағында өткен «Burabay Sammer Fest» I жасөспірім таланттардың халықаралық фестиваліне қатысқан Түркістан облысының бүлдіршіндері елге оралды. «Вокалдық өнер» (дәстүрлі ән, академиялық ән, эстрадалық ән), «Инструменталдық орындаушылық» (дәстүрлі өнер, классикалық өнер, эстрадалық өнер), «Хореографиялық өнер» (халықтық би, классикалық би), сондай-ақ «Көркемдік оқу» номинациялары бойынша өткен фестивальде Түркістан облысынан 9 жанр бойынша ...

Толығырақ »

Шардара ауданына баспасөз туры ұйымдастырылды

Түркістан облысы, Шардара ауданына баспасөз туры ұйымдастырылды. Алдымен, аудан әкімі Болатбек Қыстауов БАҚ өкілдеріне «Иіржарагро» ЖШС-не қарасты егістік алқаптың жұмысымен таныстырды. Аталған егістік алқапта 300 гектар жерге заманауи үлгідегі инновациялық тамшылатып суару әдісімен шит егілген.Адам күшін толықтай техникамен алмастыратын бұл әдістің ерекшелігі – шаруалар мол өнімге қол жеткізеді. БАҚ өкілдері ат басын бұрған келесі нысан – жаңадан салынып жатқан №18 ...

Толығырақ »

ШУАҚТЫ КҮНІ ШАҒАЛАЛЫ ШАРДАРАДА

Шардара ауданындағы ауыз толтырып айтатын шаруаның бірі туризмді дамыту бойынша келелі жұмыстар қолға алынуда. Шардара ауданы – жағажай туризмін дамытуға қолайлы аймақ. Шардара су қоймасы жағалауындағы туризм саласын дамыту бойынша бүгінгі таңда орман қоры жерінен елді мекен санатына ауыстырылған 255 гектар жер учаскесіне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар құрылысына жобалық сметалық құжаттама әзірленуде. Құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталмақ. Шағалалы өңірде биыл желкенді қайық спорты ...

Толығырақ »

Кентауда Астананың 20 жылдығынана орай төрт нысан ашылды

Түркістан облысының Кентау қаласында «Астананың 20 жылдығына — 20 нысан» акциясы шеңберінде төрт нысан ашылды. Мерейлі  мереке қарсаңында  кеншілер қаласында жаңа жүзу бассейнінің лентасы қиылды. Енді шаһардағы жергілікті тұрғындар мен балғындар су спортымен айналысу үшін алысқа сабылмайтын болды. Ғимараттың аумағы 1300 шаршы метрді құрайды. Ұзындығы  50 метрлік бассейн 8 жолақтан тұрады. Жүзу алаңына  бір мезетте 86 адамның түсуіне мүмкіндік бар. ...

Толығырақ »

Шардара ауруханасы елімізде теңдесі жоқ «Триаж» жүйесіне қосылды

Шардара аудандық ауруханасы елімізде теңдесі жоқ «Триаж» жүйесіне қосылды. Аурухананың негізгі ғимаратына қосымша (3H) «Триаж» жүйесіне арнайы бағытталған ғимарат салынып, заманауи техникалық жабдықтармен толық қамтамасыз етілді. Аурухананың бас дәрігері Жанар Оспанованың айтуынша, жөндеу-жаңару жұмыстары ауруханасының жеке қорынан (ақылы қызмет есебінен) және демеушілер есебінен қаржыланды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы ...

Толығырақ »

Шымкентте жаңа 30 автобустың таныстырылымы өтті

Шымкентте 3 әлеуметтік маңызды бағытта жүретін 30 автобустың таныстырылымы өтті. Іс-шараға қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов бастаған депутаттар, әкімдік қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты. — Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие болды. Уақыт өткен сайын шаһарда қоғамдық көліктердің қызметіне қойылар талап пен міндет салмағы арта түсуде. 2017 жылдың соңына қарай қала әкімдігінің басқарушы құрамы бір ай көлемінде қызмет орнына қоғамдық ...

Толығырақ »

КӨНЕ САЙРАМ ТАНЫМАСТАЙ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев барысында Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Сайрам ауданына жұмыс сапарымен барып, Манкент ауылындағы «Нұрым Групп» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Бұл серіктестік 10 000 ірі қара малға арналған бордақылау алағы мен құрама жем цехын, мал сою алаңын іске қосып отыр. Ары қарай, облыс басшысы Ақсу ауылында орналасқан «Gas Standart System» ЖШС-нің сұйық газ сақтайтын және сататын ...

Толығырақ »

ӘЙГІЛІ ТЕМУРИДТЕР МУЗЕЙІНІҢ КӨРМЕСІНЕ КЕЛІҢІЗ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі және Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының Темуридтер тарихы мемлекеттік музейінің ұйымдастыруымен «Тимуридтер тарихы музейінің жауһарлары» тақырыбындағы фото-кітап көрмесінің салтанатты түрде ашылуы өтті. Аталған көрме — Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында, сонымен қатар Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылуда. «Темуридтер тарихы» Мемлекеттік музейі Өзбекстан Республикасының Тұңғыш Президенті Ислам Каримовтың бастамасымен 1996 жылы Әмір Темірдің 660 жылдығына орай құрылған. 1000-ға ...

Толығырақ »

Сапаны мақсат тұтқан мекеме -3

Жоғары технологиялы өнім өндіретін «KARLSKRONA LC AB» ЖШС-і тек Шымкент қаласында ғана емес, еліміздегі іргелі өндіріс орындарының көшбасында тұр. Отандық нарықты өз өнімдерімен қамтамасыз етіп келе жатқанына 15 жыл болды. Өңірімздегі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында ашылған өнідріс орны. Елімізде бұрын соңды өндірілмеген қажетті бөлшектер шығаратындықтан өнімдеріне деген сұраныс өте жоғары. Кәсіпорын бекіту-реттегіш арматура мен сорғылар өндіреді. Жылдық қуаттылығы 6 000-нан ...

Толығырақ »

Сапаны мақсат тұтқан мекеме -2

Медет Тұрғынбаев, Шымкент қаласы, KARLSKRONA компаниясының маркетинг бөлімінің менеджері:  «Біз ең алдымен сапаны бақылауда ұстаймыз, кепілдік береміз. Өндірген өніміміздің ұзақ уақытқа шыдас беретіні де содан. Барынша мүмкіндікті пайдаланып ең жоғарғы сапалы өнім жасап шығарамыз. Әлемдік масштабты  қамтитын жоспарларымыз көп. Ары қарай даму үшін ізденіс үстіндеміз. Болаттан жасалған кейбір қосымша бөлшектерді Германиядан алдырамыз. Инвестиция көлемі 4,2 млрд теңге. Алдағы уақытта екі ...

Толығырақ »

АСТАНАДА МӘРТЕБЕЛЕРІ АСҚАҚТАП…

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, «Актив лайф» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 28-30 маусым аралығында Астана қаласында өткен «Бүгіннің баласы – болашақтың данасы» атты жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бірінші республикалық шығармашылық байқауына қатысқан Түркістан облысының балалары елге оралды. Шараға 14 облыстан 400-ге жуық өнерпаз қатысқан. Дүбірлі додада көркемсөз өнерінен Айгүл Ержігітова бас жүлдені жеңіп қайтты.       Ербол Садыр ...

Толығырақ »

Төлебиде Астананың 20 жылдығы аталып өтті

Биыл Астана қаласының 20 жыл толуына орай  Түркістан облысы, Төлеби ауданында жыл басынан жоспарға сәйкес түрлі деңгейдегі шаралар ұйымдастырылуда. Бүгін аудандық мәдениет үйінде «Асқақтай бер — Астана!» атты салтанатты кеш өтті. Мерекеге орай, тематикалық кітап көрмесі, астана құрдастарының қатысуымен флешмоб ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шараның шымылдығын аудан әкімі Бауыржан Омарбеков құттықтау сөзімен ашып, аудан тұрғынарын меерейлі мерекемен құттықтады. Мереке барысында, 20 адамға ...

Толығырақ »

ЖАҢА МАМАНДАРҒА ДИПЛОМ ТАБЫС ЕТІЛДІ

Шымкент қаласында қаладағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің үздік бітіруші түлектеріне салтанатты түрде диплом табыстау рәсімі өтті.  Мерекелік жиынға Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов, түрлі сала басшылары, ата-аналары мен БАҚ өкілдері қатысты. Кеште Астана қаласына — 20 жыл, М.Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетіне — 75 жыл толуына орай, университетті үздік бітірген 444 түлекке диплом салтанатты түрде тапсырылды. — Сіздерге ...

Толығырақ »

ҚАЗЫҒҰРТҚА ҚАРАСАҢ, ТАҢ ҚАЛАСЫҢ! -3

Аймақ басшысы Қызылқия ауылдық округіндегі дәнді-дақыл мен жеміс-жидек өндірумен айналысатын «Аманкелді» ЖШС-не барды. Серіктестік бүгінде 2322 гектар жерді баптап, пайдаға асырып отыр. Мұнда 250 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Қожалық 2005 жылы арнайы тұқым шаруашылығы мәртебесіне ие болған. Шаруашылықтың жұмысымен таныстырған кәсіпкер тамшылатып суару әдісінің арқасында шығын азайып, өнім көлемі артқанын айтады. Мәселен, алма, шабдалы, шие, алхоры, өрік, алмұрт, жүзім өнімдерінен ...

Толығырақ »

Шымкенттің әкімі «ҚазТехникас» ЖШС жұмысымен танысты

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Тассай» индустриялды аймағында орналасқан «ҚазТехникас» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Мұндағы өндіріс орнында жарықтандыруға арналған диодты көше және кеңсе шамдары дайындалады. Айта кетейік, бұл — еліміздің Оңтүстік аймағында  диодты жарық шамдарын шығаруды қолға алған алғашқы кәсіпорын. Қуаттылығы жылына 18 мың дана көше, 36 мың кеңсе шамын шығаруға жетеді. Жоба құны 500 млн. теңгені құрайды. Қажетті қаражат көзі кәсіпорынның ...

Толығырақ »

ҚАЗЫҒҰРТҚА ҚАРАСАҢ, ТАҢ ҚАЛАСЫҢ! — 2

  Түркістан облысы, Қазығұрт ауданындағы сапары барысында  астық ору науқанымен танысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев  ары қарай мал бордақылаумен және ет өнімдерін өндіретін «Қарқын – 2030» ЖШС-нің жұмысымен танысты. 2009 жылы құрылған серіктестіктің меншігінде 250 гектар жер бар. 800 бас мал бордақылауға шақталған нысанда бүгінде 400 бас ірі қара байлануда. Цехта тәулігіне 5 тонна 12 түрлі шұжық өндіріледі. Дайын өнім елімізден ...

Толығырақ »

ҚАЗЫҒҰРТҚА ҚАРАСАҢ, ТАҢ ҚАЛАСЫҢ! -1

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев бүгін Қазығұрт ауданындағы астық ору науқанымен танысты.  Аймақ басшысы дәнді-дақыл егумен айналысатын «Айқожа» өндірістік кооперативінің жұмысымен танысу барысында астықты төкпей-шашпай жинап алу басты міндет болып тұрғанын атап өтті. «Биылғы жылы жалпы облыста 233 мың гектардан астам жерге масақты дақылдар егілген. Оның 191 мың гектары бидай болса, 42,5 мың гектары арпа. Бүгінде облыста осы алқаптардан 26,5 мың ...

Толығырақ »

Шымкент қаласының әкімдігінде салтанатты жиын өтті

Бүгін Шымкент қаласының әкімдігінде Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті. Ісшараға қала активі, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, құқық қорғау органының өкілдері, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, жалпы 400-ден аса адам қатысты. Жиылғандар алдында сөз алған қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов баршаны аяулы да асқақ қаланың дүбірлі мерекесі – Астананың 20 жылдық мерейтойымен құттықтады. Үшінші мегаполис атанған Шымкенттің ...

Толығырақ »

ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР: ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТАҒЫ БІР ОРЫНБАСАРЫ

Мегаполистегі тағайындаулар басталып кетті. Алғашқылардың қатарында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, қала әкімі аппаратының басшысы және Абай ауданының әкімі лауазымдары. Шымкент қаласының әкімінің тағы бір орынбасары тағайындалды. Бұл лауазымға Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың өкімімен қала әкімінің орынбасары болып Ергешбек Нұрсадық орналасты. ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Ергешбек Нұрсадық Еркешбекұлы тағайындалды. Нұрсадық Ергешбекұлы еңбек жолын 1993 жылы «Дамет» ...

Толығырақ »

ДАНАТ ДЕГЕНІНЕ ЖЕТТІ

Шымкентке жиі-жиі келіп-кетіп тұратын  Жумин Данат Есболұлы ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне  тағайындалды. Данат Есболұлы Ресей, Украина және АҚШ елдерінде саяси коммуникация саласында тәжірибеден өткен. БҰҰ жанындағы жас көшбасшылардың дүниежүзілік саммитінде Қазақстанды таныстырды. Жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. Маркетинг, жарнама, PR және IT саласындағы бірнеше табысты бизнестің негізін қалады. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі–хатшылықтың басшысы қызметін атқарған. ...

Толығырақ »

ТАҒЫ БІР ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Мегаполистегі тағайындаулар басталып кетті. Алғашқылардың қатарында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, қала әкімі аппаратының басшысы және Абай ауданының әкімі лауазымдары. ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Құрманбекова Гүлжан Мамытқызы тағайындалды. Гүлжан Мамытқызы еңбек жолын Шәуілдір жолаушылар көлігі мекемесінің кассирі, Қызылқұм аудандық қаржы бөлімінің кіріс есебінің инспекторы қызметтерінен бастаған. Одан кейін Шымкент қаласы әкімшілігінің қаржы бөлімінің инспекторы, бас экономисті, ОҚО білім департаментінде бас маман, Шымкент ...

Толығырақ »