Шымкент қаласында Еңбек мобильдігі орталығының ұйымдастыруымен пробация қызметі есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылған және алимент берешегі бар тұлғаларға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Мақсаты – борышкерлер мен арнайы есепте тұрған азаматтарды нәтижелі, әрі тұрақты жұмыс орындарымен қамтып, жұмыс берушілерге қажетті маман таңдауға жағдай жасау. Іс-шараға Шымкент қаласының Әділет департаменті тарапынан борышкерлерді және Полиция департаменті, Шымкент қаласы және ...
Толығырақ »Годовые архивы: 2024
ШЫМКЕНТ: АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫ – БІРІНШІ ОРЫНДА!
Шымкентте ана мен бала денсаулығын нығайту және өлім-жітімді азайту мақсатында кешенді істер жүзеге асырылып отыр. 2023 жылы босандыру және базалық қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 151 бірлік жабдық сатып алынып, босану ұйымдарының көмек көрсету деңгейі көтерілді. Нәтижесінде қалалық №2 аурухананың перзентхана бөлімшесі мен қалалық перзентхана перинаталдық көмектің 3-деңгейіне ауыстырылды. Сондай-ақ Шымкент қалалық №3 аурухананың перзентхана бөлімшесі 2-деңгейге ауыстырылды. Бұл қала перзентханаларының ...
Толығырақ »ШАҺАРДА ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛҒАН
Шымкент қаласында бүгінде жол-құрылыс жұмыстары қарқын алған. Шымкент автокөлік көбеюі жағынан елімізде көш бастап тұрғандықтан, соңғы жылдары жол құрылысына басымдық берілді. 2023 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қала аумағындағы жақсы және қанағатттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 71,2 пайызға жетті. Бүгінде қалада кептелісті азайтып, көліктерге қолайлы жағдай жасау бағытында бірқатар ірі маңызды жобалар іске асуда. Атап айтқанда, Д.Қонаев даңғылы мен Т.Рысқұлов көшесінің қиылысындағы ...
Толығырақ »Шымкентте Жаңа Шек арнасына су жіберілді
Шымкент қаласындағы Жаңа шек су арнасына БМК каналы арқылы секундына 200 литр су көлемі жіберілді. Су Сайрам, Аймауытов көшелерімен және Тәуке хан даңғылындағы ирригациялық жүйелер арқылы өтіп, Қазыбек би, Тоқаев көшелері бойымен Ордабасы алаңындағы Қошқар ата өзеніне құяды. Жалпы каналдың сыйымдылығы 1000 л/с. Бүгінге дейін су арнасы жауын кезінде қауіптің алдын алу мақсатында ғана пайдаланылған. Өйткені канал айналасында егінді жер ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Төлеби ауданында Жастар орталығының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2023 жылдың тамыз айында басталған құрылыс жұмыстары биылғы жылдың тамыз айында аяқталады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда еңселі ғимараттың ішкі әрлеу, қабырғасын қаптау, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме – «Construction Group SAMRUK» ЖШС. Ескі ғимараттың еденінен бастап шатырына дейін, толық жаңалануда. Орталық екі қабаттан тұрады. Сонымен қатар мәжіліс зал, концерт зал, ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: КЕЗЕКТІ ОН ТОҒЫЗЫНШЫ СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ
Бүгін Түркістан қалалық мәслихатының кезекті он тоғызыншы сессиясы болып өтті. Жиынды қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы ашып, жүргізіп отырды. Сессия отырысына қала әкімінің орынбасарлары Мекенхан Қозыханұлы, Талғат Байжанұлы және қалалық мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары қатысты. Жиын барысында сессияның күн тәртібіндегі 4 мәселе қаралып, бекіттілді. 2023 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы туралы; Түркістан қаласында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің халыққа медициналық ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ ҰЛАН САРБАЗДАРЫНА БІЛІМ ГРАНТТАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ
18 маусымда Шымкентте ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің саптық алаңында белгіленген қызмет мерзімін өтеген 1-2023 шақырылым сарбаздарын запасқа шығаруға арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара барысында мерзімді қызмет сарбаздарына тегін негізде жоғарғы оқу орнына оқуға түсу туралы сертификаттар табысталды. Айта кету керек, Шымкент жедел бригадасының 400-ге жуық әскери қызметшісі бағалы сертификаттар алуға үміткер болды. Тек 27-сі ғана жоғары оқу ...
Толығырақ »ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ЖАҢА ГҮЛЗАР АШЫЛДЫ
Еңбекші ауданындағы Жібек жолы — Сайрам көшелері қиылысында тағы бір жаңа гүлзар ашылып, пайдалануға берілді. Жаңа әлеуметтік нысан кәсіпкерлер тарапынан іске асырылып отыр. Аумағы 1,1 гектар гүлзарда тұрғындарға барлық қолайлы жағдай жасалған. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа гүлзардың ашылуына қатысып, тұрғындармен кездесті. Ауданда 2022 жылы «Қазақстан-Түркия достығы» саябағы тұрғындар игілігіне берілген еді. Биыл тағы бір жаңа гүлзар тұрғындарға қуаныш сыйлады. ...
Толығырақ »КӨКСӘЙЕК ХАЛҚЫ «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА БІЛІМ АЛУДА
2023 жылы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Қарызсыз қоғам» жобасының тиімді тұстарын атап өтіп, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында оны жүзеге асыруды тапсырды. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «АМАNАТ» партиясымен бірлесіп, «Қарызсыз қоғам» білім беру жобасының ауқымын кеңейтетін Жол картасын және қалаларда ашылатын жобалық кеңселердің жұмысы туралы Ережені дайындады. 2024 жылдың басынан бері ...
Толығырақ »ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕНІҢ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында атқарушы жүйе жұмысын мейлінше жариялы түрде жүргізуді тапсырған болатын. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» ұғымына сай барлық деңгейдегі билік өкілдері әлеуметпен етене болуға қадам жасауда. Әсіресе, өңірдегі тұрғындардың талап-тілегі мен ұсыныс, пікіріне құлақ асу үрдісі қалыптасуда. Таулы аймақта орналасқанымен Төлеби ауданындағы соңғы жылдардағы ең өзекті ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ ҚОЛӨНЕРІ ЖАНДАНА ТҮСТІ
Түркістан қаласында қолөнер бұйымдарын жасау ертеден келе жатқан үрдіс. Бұл істі одан әрі жандандыру мақсатында тұрақты түрде қолөнершілер көрмелері, сайыстар, іс-шаралар ұйымдастырылуда. Өңірдің қолөнер шеберлері республикалық және халықаралық көрмелерге белсене қатысып келеді. Атап айтсақ, 2023 жылдың 6-10 ақпан күндері аралығында қолөнер саласына зерттеу жұмыстары жүргізілді. Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Бірлестік мүшелерінен құралған қолөнер шеберлерінің деллегациясы Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласы мен ...
Толығырақ »ДАРХАН САТЫБАЛДЫ «ДОСТЫҚ ҮЙІНІҢ» ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫНДА БОЛДЫ
Түркістандағы Достық үйі биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Жаңа нысанның құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес салынып жатқан 4 қабатты ғимараттың құрылысы қызу жүргізіліп жатыр. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыс орталығында бой көтеріп жатқан Достық үйінің құрылыс жұмыстарын аралап көрді. Нысанның кірпіші қаланып, сыртқы инженерлік желілері толық жүргізілген. Облыс әкімі құрылыс сапасына басты назар ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА 5 ҚАБАТТЫ 20 ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында 5 қабатты 20 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Облыс орталығындағы құрылыс алаңдарын аралаған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мердігерлермен кездесіп, бірқатар тапсырма берді. Сын-ескертпелер айтты. Түркістандық кәсіпкерлерді қолдап, қажетті құрылыс материалдары мен есіктерді жергілікті шеберлерден сатып алуды ескертті. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасына ерекше назар аудара отырып, құрылыс қарқынын арттыруды тапсырды. Тұтас қалашыққа айналатын 20 көпқабатты тұрғын ...
Толығырақ »ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ
UEFA талаптарына байланысты 2024 жылдан бастап еліміздегі барлық стадионның астында жылу болуы керек. Ел стадиондарына деген талаптың күшеюіне орай UEFA-ның халықаралық талаптарына сай «Turkestan-Arena» стадионында жылыту және су бұру жүйелері орнатылды. Сондай-ақ алаң толық ауыстырылып, табиғи көгал төселді. Жаңарған стадионда Қазақстан футбол федерациясы инспекциялау жұмыстары жақын күндері жүргізеді. Облыс орталығындағы құрылыс алаңдарын аралаған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды стадиондағы жаңарту ...
Толығырақ »Белсенді азаматтарды жұмылдыруға басымдық беру қажет
Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Бекітілген күн тәртібіне сәйкес, қалалық Полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Мұратов – құқықбұзушылықтың алдын алу және қоқыстар бойынша салынған айыппұлдар, қалалық Білім бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова — оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру, қалалық Төтенше жағдай басқармасының басшысы Асқар Сейсенов — шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары туралы, қала әкімі аппаратының басшысы Талғат ...
Толығырақ »ҚАЛА ӘКІМІНЕ АУДАН ӘКІМІНЕН ҚИЯНАТ
(Әл-Фараби ауданынан арнайы фоторепортаж) Күні кеше «ЖАЛАҒА ЖҮЙРІК БОЛҒАНША, ЖҰМЫСҚА ЖҮЙРІК БОЛСАЙШЫ, РАШИД-ӘКІМ!» деген жазбаларымызда Рашид Мыңбаевтың «іскерлігі мен ісмерлігін» паш ететін Қазыбек би көшесі бойындағы тұрғын үйлердің аулаларындағы қалыптасқан жағдайдан қалың көпшілікті хабардар еттік. Бүгінгі сапарымыз мегаполис орталығындағы ірі көшелердің бірі – Тәукехан даңғылынан бастап, Бекет-батыр көшесіне дейін созылды. Сөйтсек, ондағы жағдай кешегі Қазыбек би көшесіндегі жағдайдан бес бетер ...
Толығырақ »Шымкент республикалық «Жас Ұлан» мектебі өзінің мерейтойын атап өтті
Биыл Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахимов атындағы Шымкент Республикалық «Жас ұлан» мектебінің құрылғанына 40 жыл толады. Осы күнге орай үшінші мегаполистің «Астана» алаңында мектептің 198 түлегі үшін жалпы орта білім туралы аттестаттарды тапсыру салтанатты рәсімі өтті. Бір сапта жас ұландықтармен бірге біздің кең еліміздің түкпір-түкпірінен арнайы келген алдыңғы түлектердің барлық ұрпақтары бас қосты. Іс-шараға құрметті қонақтар ретінде Қорғаныс министрінің кеңесшісі ...
Толығырақ »РЕСПУБЛИКАЛЫҚ “ЖАС ҰЛАН” МЕКТЕБІНЕ 40 ЖЫЛ
Шымкент Республикалық «Жас Ұлан» мектебі 40 жыл бойы Отанның үздік ұлдарын тәрбиелеп келеді. Бұл туралы Шымкент республикалық «Жас Ұлан» мектебі өзінің мерейтойын атап өту барысында оқу орнының бастығы полковник Пернехан Орынбеков атап өтті. Жыл сайын бұл түлектер Қорғаныс министрлігінің, ҰҚК, ТЖМ және ҚР ІІМ жоғары оқу орындарының курсанттары атануда. — Мен барлық түлектерге бейбіт аспан мен жақсы қызмет тілеймін. Бүгін ...
Толығырақ »Шымкенттіктер автокөлікті сатып алу-сату шартын МХҚКО-да тіркей алады
Бұған дейін көлік құралдарын қайта тіркеу үшін автокөлікті сатып алу-сатудың нотариалды куәландырылған шарты қажет болатын. Енді мамандандырылған ХҚКО қызметкері электрондық құжатты жүйеде қалыптастыра алады, ал сатушы мен сатып алушы eGov mobile қосымшасының көмегімен QR – код сканерлеу арқылы құжатқа қол қоя алатын болады, «Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Айта кету керек, бұл қызмет ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ 214 ТҰРҒЫН ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ ИЕЛЕНДІ
Шымкент қаласында 400 АЕК-ке дейінгі қайтарымсыз грант бойынша комиссия отырысы жұмысын аяқтады. Алғашқы лекте Шымкент қаласының Еңбек мобильдігі орталығына 1 162 адам өтінім беріп,бизнес-идеяларын ұсынған. 4-11 маусым аралығында үміткерлер комиссия алдында жобаларын қорғап, нәтижесінде 214 адамға қайтарымсыз грант мақұлданды. Әлеуметтік осал топ азаматтарының бизнес-жобасын жүзеге асыру мақсатында берілетін қайтарымсыз қаражат алуға өтінімдер электронды форматта қабылданды. Бұл қолдауға еңбекке қабілетті мүгедектігі ...
Толығырақ »ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ: «ЖАЛҒАН САНДАРМЕН ЕМЕС, ШЫНАЙЫ ЭКОНОМИКАМЕН ӨМІР СҮРЕЙІК»
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте мегаполистің қаңтар – мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму барысы, салалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар пысықталды. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Есқараев даму көрсеткіштерін баяндап, бұл кезеңде оң динамика қалыптасқанын жеткізді. Инвестиция көлемі 17,4 пайызға артып, 203,6 млрд теңгені құрады. Оның ішінде мемлекеттік инвестиция көлемі 29,5 млрд. теңге болса, жеке ...
Толығырақ »ҚАЛА ӘКІМІ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ КҮН ТӘРТІБІНДЕ БІРІНШІ МӘСЕЛЕ БОЛЫП ҚАЛУЫ ТИІС
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысын өткізді. Отырысқа құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, аудан әкімдері және басқарма басшылары қатысты. Шымкент қаласы ПД бастығының орынбасары А.Бейсенбаев нашақорлық, суицид, ұрлық және интернет алаяқтық қылмыстарын алдын алу бойынша атқарылып жатқан кешенді шараларды баяндады. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтарды анықтау, ...
Толығырақ »ЖАЛАҒА ЖҮЙРІК БОЛҒАНША, ЖҰМЫСҚА ЖҮЙРІК БОЛСАЙШЫ, РАШИД-ӘКІМ!
Рашид Мыңбаевтың ұйымдастырған көптеген фейктері біздің сындарымызға: «Дәлел қайда?» деген соң, көпшілік назарына шығарғымыз келмеген осы айғақтарды жариялауымызға тура кеп отыр. Оның үстіне, редакциямызға біраздан бері аудан тұрғындары хабарласып, бұл әкімнің өз тікелей функционалдық міндеттеріне деген енжарлығына наразылығын білдіріп жүргенін ескердік. Сонымен, көпшіліктің сұранысымен қала орталығындағы Қазыбек би көшесіне портал тілшісі ат басын бұрды. Сондағы көргендеріміз мынау болды: тозығы жетіп, ...
Толығырақ »Шымкент: кәсіпкерлерге тағам қауіпсіздігі туралы түсіндірілді
Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында Сауда және қызмет көрсету салалық кеңесінің отырысы өтті.Жиынға Палата басшылары, Шымкент қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшылары, аудандық басқармалардың мамандары, дін өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты. Кеңес отырысында көпшілік тамақтану орындарындағы қауіпсіздік туралы түсіндірілді. «Қоғамдық орындарда, көпшілік тамақтану нүктелеріндегі азық-түлік қауіпсіздігінің сақталуы – аса маңызды. Жуырда әлеуметтік желіде картоп қытырлағы өнімінің санитарлық талаптар сақталмай әзірленіп жатқаны туралы жазба ...
Толығырақ »ТАҒАЙЫНДАУ!
Аудан әкімінің Өкімімен Махашбаев Бағдат Талғатұлы Созақ ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, Созақ ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің жаңа басшысы Бағдат Талғатұлының қызметіне табыс тіледі. Жүктелген тапсырмаларға немқұрайлы қарамай, ауданды кешенді дамытуға бағытталған жұмыстарды өз ...
Толығырақ »