Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Әліповтің төрағалығымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша кезекті мәжіліс өтті. Жиынға ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары және Сайрам аудандық орталық ауруханасы өкілдері қатысты. Басқосу барысында Сайрам аудандық орталық ауруханасы өкілі «Сайрам аудандық орталық ауруханасына» қарасты ауылдық округтерде МӘМС Д, Е санаттары бойынша тіркелген тұлғалардың тізіміне тоқталды. Бұдан бөлек, тиісті бөлімдер тарапынан бұл бағытта ...
Толығырақ »Годовые архивы: 2024
ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ ТЕМІРЖОЛ КӨПІРІ КЕҢЕЙТІЛЕДІ
Сайрам ауданындағы облыстық маңызы бар «Шымкент-Ақсу» бағытындағы автомобиль жолдың 14 шақырымындағы жерүсті теміржол өткелін қайта құрудан өткізу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен жобалаушы мекеме «Sunkar Building-A» ЖШС тарапынан жер үсті теміржол өткелін қайта құруға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын іске асыру 2025-2026 жылдарға жоспарланып отыр. Айта кетейік, биыл Түркістан облысында автомобиль жолдарының құрылыс-жөндеу ...
Толығырақ »ТИІСТІ МЕКЕМЕЛЕРМЕН КҮЗГІ-ҚЫСҚЫ КЕЗЕҢГЕ ДАЙЫНДЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Сайрам аудандық Төтенше жағдайлар басқармасы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Түркістан облыстық филиалы, Оңтүстік жолдары МКК, Сайрам аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мекемелерінің өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында күзгі-қысқы кезеңге дайындық шаралары және өзара әрекет ету алгоритмі пысықталды.
Толығырақ »САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТИІМДІ ШЕШІЛУІН ТАПСЫРДЫ
Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов Қайнарбұлақ ауылдық округінің тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Кездесу барысында Қасымбек датқа ауылының Жаңақұрылыс аумағындағы 205 га жер телімін инфрақұрылым жүйелерімен қамту бойынша жүргізілген құрылыс жұмыстарын бақылады. Бұдан бөлек, ауылдық округ әкімі Есбол Дүйсебаев пен жауапты тұлғалармен бірге газ құбырын тарту, жол салу жұмыстары туралы тұрғындар үшін түйткілді мәселені талқылады. Қазіргі таңда аталған аумаққа ауыз су ...
Толығырақ »САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ БАСШЫСЫ ҚАЙНАРБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитовтің келесі кезектегі аралауы Қайнарбұлақ ауыл округі, Сарыарық ауылы, Х.Әдебеков атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебі ғимаратында жалғасты. Аралау аясында 1958 жылы негізі қаланған білім нысанының қазіргі уақытта қордаланған жағдайларына қанықты. Аталмыш оқу ордасында бүгінде 2 ауысыммен оқитын 60-тан аса оқушы 22 мұғалімнен білім алады. Сондай-ақ, оқушылардың білім нәрімен сусындауына жайлы жағдай жасау мақсатында мектеп ғимаратында ...
Толығырақ »САЙРАМ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІ ҚҰТАРЫС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ
Сайрам ауданынгың әкімі Арман Сәбитовтің тұрғындармен кезекті есептік кездесуі Құтарыс ауылдық округінде өтті. Тұрғындармен кездесуде алдымен Құтарыс ауылдық округі әкімі Мырзахан Керімбековпен және жауапты тұлғалармен дәрігерлік амбулатория ғимаратының құрылыс жұмыстарын талқылады. Медициналық нысанның құрылыс жұмыстары «AK-KAZ-SAPA» ЖШС техникалық қадағалауындағы «Строительная компания EMAAR» ЖШС мердігер мекемесі тарапынан жүргізілуде. Жалпы алаңы 0,3 га салынып жатқан дәрігерлік амбулаторияның жөндеу жұмыстары 2024 жылдың желтоқсан ...
Толығырақ »АРМАН СӘБИТОВ: «АУЫЗ СУҒА БЕРЕШЕГІ БАР АЗАМАТТАРМЕН ЖҰМЫС ҚАРҚЫНЫН КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ»
Сайрам ауданы әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, бөлім басшылары, бірқатар мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты. Күн тәртібінде Сайрам ауданының ауыз су саласы бойынша мәселелер қаралды. Бұл тақырыпқа қатысты «Сайрам Тазалық» ЖШС мекемесінің басшысы Қадырбек Бегалиев баяндама жасап, аталмыш мекеменің атқарылған жұмыстары мен өзекті мәселелеріне тоқталды. Мәжіліс барысында аудан әкімі ...
Толығырақ »САЙРАМ: ҚҰТАРЫС ЖӘНЕ ҚАЙНАРБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНЕ ҚАРАСТЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНА БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ
Бүгін «АМАNАТ» партиясы Сайрам аудандық филиалы, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Акмалжан Исаковтың бастамасымен, ПБК мүшесі Серік Ибадуллаев, Сайрам аудандық мәслихатының депутаттары, фракция мүшелері Бегжан Алимжанов, Ержан Асқаров, Ганишер Раймкулов және Құтарыс БПҰ төрағасы Жұмабай Мамеков, Құтарыс және Қайнарбұлақ ауылдық округтеріне қарасты құрылыс нысандар мен жол (асфальт) төсеу жұмыстарының сапасына және мемлекеттен бөлінген қаржыны мақсатты жұмсалып жатқаны туралы бақылау жүргізді. Бірінші ...
Толығырақ »«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ»: АЗАМАТТАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ СЕМИНАРЫ АҚСУКЕНТ АУЫЛЫНДА ҚАРҚЫН АЛДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың қаржылық сауатын арттырудың маңызын тілге тиек етіп, биылдан бастап «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Бүгінде көптеген азаматтардың қаржыны қалай басқару керектігін, «несие» алу барысындағы сауаттылық жөнінде нақты біле бермейді. Соның салдарынан адамдардың банк пен микроқаржы ұйымдарына берешектері көп. Сондықтан, «AMANAT» партиясы «Halyk Bank» бастамасымен жүзеге асыратын «Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы аясында ...
Толығырақ »САЙРАМ: ҚАРАСУЛЫҚ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУДЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ, БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БІРҚАТАР МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
«Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығын орындау шеңберінде Сайрам ауданы әкімі Арман Сәбитов Қарасу ауылының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Кездесу барысында Қарасу ауыл округі, Ақбастау ауылында салынып жатқан дәрігерлік амбулаторияның құрылыс алаңына барды. Аралау барысында аудан басшысы жауапты тұлғалармен бірге медеицина мекемесінің жағдайын жіті саралады. Мердігер мекеме өкілдерімен тілдесіп, құрылыс жұмыстарының сапалы ...
Толығырақ »САЙРАМ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАЛАП ТІЛЕКТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ
Партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінің бекітілген жоспарына сәйкес «AMANAТ» партиясы Сайрам аудандық филиалында аудан тұрғындарының арыз-шағымдары бойынша қоғамдық қабылдау өтті. Аудан әкімінің орынбасары Алипов Мадияр Бақтыбекұлы мен «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалы Атқарушы хатшысы Сыздықов Қуаныш аудан тұрғындарының өтініш-тілектерін тыңдап, шешілу жолдарын ұсынды. Қабылдауда аудан тұрғындары тарапынан атаулы әлеуметтік көмек алу, әлеуметтік төлемдер, мүгедектікке шығу, кредитті төлей алмау және т.б. мәселелері ...
Толығырақ »ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАУ БАРЫСЫНДА ШЕШІМІН ТАБУДА
«AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан әкімінің орынбасары Оразалиев Мадияр Мұхтарұлының жеке қабылдауы болып өтті. Қабылдауға «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалы Атқарушы хатшысы Сыздықов Қуаныш қатысты. Бірінші өтініш иесі Акрамов Батирбек ІІ топтағы мүгедекті бар, қайтарымсыз грант алу арқылы кәсіп ашып, екі қолға бір күрек болып бос отырмасам деген ниетін жеткізді. Қайтарымсыз грант алуға қандай құжатты талап ...
Толығырақ »Тұтынушы тауарды қайтарғанда ақшасын қалай ала алады?
Сайрам ауданының тұрғындарының назарына тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша ақпараттарды ұсынамыз. Дүкеннен тауар алған адам тұтынушы болып есептеледі. Ал тұтынушының өз құқықтары барын бірі білсе, бірі білмейді. Сондықтан тұтынушы өзіне ұнамай қалған немесе сапасы нашар тауарды, оған төлеген ақшасын қалай қайтара алатынына тоқталайық. Тауарды қайтарған немесе айырбастаған уақытта ең маңызды екі нәрсе бар: тауарлық немесе фискалды түбіртектің болуы; тауарды сатып алған ...
Толығырақ »«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ АЯСЫНДА СЕРТИФИКАТТАР ТАПСЫРЫЛДЫ
Бүгін, «Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы аясында, қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында, Сайрам ауданы, Қарабұлақ және Арыс ауылдық округтерінің тұрғындары оқу семинарын үздік аяқтағаны үшін, 378 адамға салтанатты түрде сертификаттар тапсырылды. «АМАNАТ» партиясы Сайрам аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қуаныш Сыздықов, Сайрам аудандық мәслихатының депутаты Дастан Анартаев, «ҚАРАБҰЛАҚ» бастауыш партия ұйымы төрағасының орынбасары, партия ардагері, білім саласының ардагері Абдинаби Абдирашидов, Қарабұлақ ауылдық округі ...
Толығырақ »СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТТІ
Түркістан облысы Қазығұрт ауданында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті өкілі Тұңғышбаев Ерұлан Икрамұлы және Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Иматов Қанат Абдурахманұлының қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша кеңес өткізілді. Ерұлан Икрамұлы өз баяндамасында Қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері туралы Заңда қамтылған ...
Толығырақ »75-МЕКТЕП АЛҒА ЖЫЛЖЫП ЖҮР ЕПТЕП…
Жолымыз түсіп, 20 жылдан астам уақыттан бері талай үздікті даярлап келген қаламыздың үздік оқу орындарының біріне ат басын бұрып, сыр-сұхбатқа мекеме басшысын шақырдық. Мектеп директоры Ақтолқын Ділдабекқызы білім саласының қыр-сырын бізге паш етіп, оқу орнының тіршілігі туралы айтып берді. Сол әңгімемізді назарларыңызға ұсынайық!.. © Әсет Әссанди
Толығырақ »Түлкібас: аудан әкімі тұрғындармен кезекті қабылдауын өткізді
Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов аудан тұрғындарына кезекті жеке қабылдауын өткізді. Бұл жолы жеке өтініштерімен жүгінген тұрғындардың дені жер қатынастары мәселесі яғни, жер құжаттарын заңдастыру, ауыз су сапасын жақсарту, тұрғын-үй, инватакси, әлеуметтік сала және Полиция қызметіне қатысты мәселесімен жүгініп, аудан әкімі және жауапты мекеме басшылығы тарапынан нақты жауаптарын алды. Нұржан Жақсылықұлы Шақпақ ауылдық округіне қарасты 44 түтіні бар РЗД-144 елді ...
Толығырақ »САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ БАСШЫСЫ ЖҮКТЕЛГЕН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУІН ТАПСЫРДЫ
Кезекті аппараттық мәжіліс Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен тағы да жалғасын тапты. Күн тәртібінде екі мәселе талқыланды. Алдымен аудан әкімінің орынбаасары Убайдуллаев Шухратулла Аззатуллаұлы Отбасының цифрлық картасында Д және Е санатындағы отбасылардың деректерін өзектендіру мәселесі туралы бойынша баяндады. Бұл деңгейлердегі отбасыларға және ОЦК ақпараттық жүйенің мәліметтерін өзектендіру бойынша облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тажібаевпен алгоритм бекітіліп, бүгінде тиісті жұмыстар жүргізіліп ...
Толығырақ »АРМАН СӘБИТОВ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ
Тұрғындарды толғандырып жүрген өзекті мәселелердің шешімін табу мақсатында Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитовтің азаматтарды жеке қабылдауы өтті. Әр аптаның сәрсенбісінде өтетін жеке қабылдау барысында азаматтардың қордаланған мәселелері қозғалды. Қабылдау барысында тұрғындардың бірі үйінің маңында орналасқан мазаратты қоршау туралы өтінішін білдірді. Аудан әкімі аталған мәселе бойынша аудандық жер қатынастары бөлімі тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізілетінін айтты. Тағы бір тұрғын атаулы әлеуметтік көмек ...
Толығырақ »«ЛУДОМАНИЯ-ҚОҒАМ ДЕРТІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ТРЕНИНГ ӨТТІ
Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Сарапхана ауыл округіне қарасты “Ы.Алтынсарин” және “М.Өтемісұлы” ЖОББМ-нің жастар мен жасөспірімдеріне «Лудомания-қоғам дерті» тақырыбында семинар тренинг болып өтті. Лудомания – адам өмірінде негативті тұрғыдан басым рөл ойнайтын, әлеуметтік, кәсіби, материалдық тұрғыдан және отбасылық құндылықтардың төмендеуіне әкелетін патологиялық ойын құмарлығы. Азарт адамдарды тек материалдық шығынға ұшыратқан жоқ, сондай-ақ рухани тұрғыда да ...
Толығырақ »“Жасөспірім” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде
Қазығұрт ауданы аумағында, ағымдағы жылдың қыркүйек айының 17-19 күндері аралығында “Жасөспірім” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс- шараның басты мақсаты, кәмелетке толмағандар арасындағы және кәмелетке толмағандарға қатысты жасалатын құқық бұзушылар мен қылмыстың алдын алу, заңды өкілдердің ілесіп жүруінсіз түнгі уақытта үй-жайлардан тыс болатын, тыныштықты бұзатын, ұсақ бұзақылық жасайтын кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тартатын адамдарды анықтау болып табылады. ...
Толығырақ »Түркістан қаласы тұрғындарының назарына!
Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары! Түркістан қалалық балалар ауруханасында 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап 0-18 жас аралығындағы балаларға медидициналық көмектің сапасын және қолжетімділігін жақсарту мақсатында балалар ауруханасы базасынан «Консультативтік-диагностикалық орталық» ашылғанын хабарлаймыз. Түркістан қалалық балалар ауруханасы «Клиникалық-диагностикалық орталығында» травматолог-ортопед, хирург, нейрохирург, отоларинголог, невропатолог, пульмонолог, гастроэнтеролог, кардиолог, педиатр, нефролог, неонаталог, реабилитолог, аллерголог, жалпы 12 бейінді мамандық бойынша дәрігерлер консультациялық қабылдау ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: «TURAN» АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛЫП ЖАТЫР
Түркістан өңірінде жаңа зауыттар ашу, кәсіпорындар салу жұмыстарына басымдық берілген. Осы бағытта жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Бұл ретте инвесторлар мен кәсіпкерлерге арнайы инфрақұрылыммен қамтылған аймақтар қажет. Сондықтан Түркістан қаласы маңында «Turan» арнайы экономикалық аймағы құрылып, инженерлік инфрақұрылыммен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аталған аймаққа барып, жай-күйімен танысты. – «Turan» арнайы экономикалық аймағына үлкен ...
Толығырақ »Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалды
Алдын ала бекітілген кестеге сәйкес, бүгін Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдау барысында әлеуметтік көмек, тұрғын үй, жұмысқа орналасу, кәріз жүйесінің құрылысы жөнінде мәселелер көтеріліп, туристерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыру бойынша ұсыныстар айтылды. Отырар мөлтек ауданындағы көпқабатты үйлердің айналасын көгалдандыру жайын қозғаған тұрғынға күзгі ағаш егу науқаны қазан айында басталатыны, сол кезде ...
Толығырақ »БІР ЖЫЛДА “1310” БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ 15400-ДЕН АСА ҚОҢЫРАУ ҚАБЫЛДАҒАН
Түркістанда тәулік бойы 1310 Бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді. Байланыс орталығы тұрғындардың өтінішін қабылдап, коммуналдық, әлеуметтік және туристік бағыттарды қамти отырып, қаладағы 6 сектордың жұмыс сапасын қадағалауды қамтамасыз етеді. Орталыққа келіп түскен барлық өтініштер өңделіп, мәселені шешу үшін жауапты мекемелерге жолданады. Мамандар қоңырау қабылдау барысында өтініш берушіге қатысты барлық ақпараттарды арнайы жүйеге енгізеді. Қазіргі таңда орталықта 10 оператор, 7 инспектор ...
Толығырақ »